«Абай жолы» романдағы араб-парсы тілдерінен енген антропонимдер

Өзінің атын әлемге әйгілі еткен «Абай жолы» роман –эпопеясын жазуға М.Әуезов зор шығармашылық әзірлікпен келгені әртараптан-ақ көрінеді.

« Абай жолы» романының мақсаты ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ауылындағы тап қайшылығы мен тартысының жайы. Ескі рулық феодалдық засан көрінісін, үстем таппен езілуші таптың сан қилы қайшылық тартысын біз «Абай» романдарынан нағыз табиғи, шыншыл өмірдегідей қалпында оқып білдік.

«Абай» жолында жазықсыз өлім жазасына кесілген Қодардан бастап. «Абай жолы» романындағы тағы бір мәселе боранда жылқымен бірге үсіп өлгені суреттелген Алтыбай жылқышыға дейінгісінің барлығы ескі қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің жанды суреттері.

«Абай жолы» романынан біз ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының барлық өкілдерінің: байдың да, кедейдің де, молданың да, тілмаштың да өмірін танимыз.

Феодалдық заманның қатал өкілдері Құнанбайдың, Майбасардың, Тәкежанның, Әзімбайдың суық бейнелері көз алдымызға елестейді. Абайдың, Дәркембайдың, Базаралының, Ерболдың , Тоғжанның, Әйгерімнің әсерлі суреттері де бар. Осы «Абай жолында» тұлғалары жоталанып кесек шыққан бейнелер:Базаралы, Балағаздар да негізінде кедей ауылдың намысын жыртушы болып көрінеді . «Абай жолы» романынан небір ғажайып портреттер. Сан қилы мінездер табиғи көріністер елестейді.

Бізге белгілі Орта Азия және Қазақстан үшін араб тілі мен мәдениеті өте күшті әсер жасады. Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында белгілі бір топтарды араб-парсы тілдерінен кірген сөздер құрайды. Бұл құбылыс «Абай» романында да өз ізін қалдырған.

Романдағы Д і л д а, Ж а м а л, Зе й н е п, З ы л и қ а, П ә к и з ат, Ә б д і р а х м а н, Ә б у б ә к і р, И с а, А й ш а, Ә ш і м қ о ж а т.б. есімдер араб иран тілдерінің ауысқан антропонимдер болып табылады.

Ол өзі Д і л д а н ы ң ажарына қатты ырза боп сүйсініп келген./І.183/. Кішкене сары қыз Ж а м а л етегіне бидай басын толтырып келе жатқанына қарамай, өзгелерді мазақ қып күле бастады./ІІ.184/. О с п а н н ы ң бір ұл, бір қызы-З е й н е п /ІІ.35/. «Айт, шырқа» -деп З ы л и қ а сүйсініп сықылықтап күліп жіберді /І.324/. О с п а н н ы ң бір ұл, бір қызы Ә у б ә к і р мен П ә к и з а т /ІІ.304/.Ә б д і р а х м а н көп уақыт

елге келмеді. Қаладан ауру алып қалмаса деген күдік уайымды кәрі шешелер күдіктенетін /І.105/. И с а ашулы болатын. Қысқа ғана жауап қатты /ІІ.17/. А й ш а

самауырынды пеш жанына көтеріп қоя салды /ІІ.370/. Сүгірдің Ә к і м қ о ж а, Б а л қ о ж а, Н ұ р қ о ж а деген балаларымен өзі боптулағанда.Әуелі жігітектің жылқысын жиіп аламыз деп бір жасанды /І.35/. Осы әні біте бергенде, М ұ х а м е д ж а н жұрттың сұрағанын күтпестен, тамағын кенеп ап, М ұ қ а н ы ң

домбырасына қол созды /І.578/. Және қу бастан қуырдақтық ет алды дейтін, қансүлік Ә б д іл д а болатын /І.351/. М а х м ұ т деген ноғайдың бес баласының үшеуі отыр /ІІ.138/. Ал, Ә м і р болса сол балалардың ішіндегі әнші, өнерлісі /І.330/. Ауыз үйде қазанаспа жанында самауыр қойып жатқан Ж ұ м а ш ырсылдап күліп жатыр /ІІ.296/. Өздерін түртіп көшіріп жіберу керек-деді А х м е т ж а н /ІІ.192/. Ж ұ м а ғ ұ л шапқылап келіп, жігітек ішіндегі есіктерінің ар жағына сүңгіп-сүңгіп кетті /І.59./ К ә к і т а й д ы ң баласы –Ж ә л ел /ІІ.544/. Е с қ о ж а өз ауылындағы бар үлкендермен келіп, құданың үлкені Ж а ң а т а й ғ а жабысты /І.442/. Р а қ ы м ұялып, шешесін түрткілеп, «айтпа болды, қой» дегендей шешесіне оралып жүр/ІІ.174/. М а қ с ұ т өз үйінен білгенін баяндады /ІІ.565/. Д ә м е ж а н н ы ң немересі өткір, үлкен қара көзі, таңқы мұрын М ұ р а т өзі көп тыңдайтын әжесінің әдетінше сөйлейді /ІІ.565/. Сағал көз, сары жүзді, үлкен қауқа сақалды қартаң кісі- Ж ұ м а н болатын/ІІ.23/.

Араб-парсы тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің заңдылықтарына сәйкес әртүрлі, фонетикалық өзгерістерге ұшырайтынын білеміз. Сондықтан да М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы кездесетін кісі есімдері дәл араб тіліндегі есімдердей айтылып тұр дей алмаймыз. Бұл келтірілген есімдердің тек есімдері емес, керек десең буындары да түсіп қалып отыратын жағдайлары жиі кездеседі. Кісі есімдеріне байланысты фонетикалық құбылыстар, З.К.Дмитриевтің, Ә. Құрымжановтың, Е.Бекмұхамбетов т.б. Ғалымдардың еңбектерінде кеңінен талданған.

Біз төменде романдағы кездесетін есімдердің қайсы тілден немесе қайсы тұлғадан кіргендігіне тоқталып өтейік.

Д і л д а /ар. таза алтын, алтын ақша /.

Ж а м а л / ар. сұлулық, көркемдік/.

О с п а н / ар. ерлік, батылдық /. З ы л и қ а / ар. жақын, туыс, қарындас/. Әубәкір – Ә б у / ар.туған, әке, б ә к і р-тұңғыш, кіршіксіз таза.П ә к и з а т / ир. Таза, кіршіксіз, аппақ/. Ә б д і р а х м а н / ар. Әбдірах- құрметтілік, мейірімділіктің, рахым қылушының құлы /А й ш а / ар. Абубәкірдің қызы, Мұхаммедтің әйелінің есімі/. М ұ х а м м е д ә и а н / ар. мақталған, мадақталған / Ма х м ұ т / ар. мақталған, мақтауға тұрарлық / Ә м і р / ар. бастық, басқарушы/.

Ж ә л е л / ар. ұлы, атақты, құрметті / Р а қ ы м / ар. мейірімді, шапағатты/. М а қ с ұ т / ар. мақсат, талап/. М ұ р а т / ар. мақсат, тілек, ықылас/. Ж ұ м а ш / ар. қазына, қымбат бағалы зат/.А х м е т / ар. мақтаулы, мақтауға лайықты/. Ә б д і л д а /ар. құдайдың, Алланың құлы/. М а ғ р и п а / ар. білім, мәдениет, сауаттылық, яғни солардың иесі / О м а р / ар. өмірлі, ғұмырлы/.

М. Әезовтың « Абай жолы» эпопеясындағы араб-парсы тілдерінен кірген кісі есімдері бұл айтылғандармен шектелмейді. Бұдан басқа да толып жатқан есімдер бар.

Мысалы: А с а н, Ү с е н, М ы р з а, Қ а м а р т.б. толып жатқан есімдер. Бұл есімдердің қай-қайсысын алып қарасақ та тұлғасы мен дыбысталу жағынан

бірнеше формада өзгеріп қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына біншама жақындағаны, бейімделгені байқалады.

Семантикалық, морфологиялық өзгерістерден гөрі фонетикалық өзгеріске түсуі өте актив жиі байқалады. Мысалы: араб тіліндегі сұлулықты, көркемдікті, әдемілікті білдіретін Х а с е н есімін Т. Жанұзақов мынадай тұлғада өзгерісін келтірген.

Ү с е н // А с а н // Қ а с е н // Х а с е н// Х а с а н // Қ ұ с н и // Қ ұ с а й ы н //Қ о с ы н ар. // [ ІІ; 124 ].

Біздіңше бұндай өзгерістер араб-парсы тілінен енген басқа есімдерге характерлі деп ойлаймыз.