ЕжЕжелгі түркі халықтарының діни наным-сенімдері.елгі түркі халықтарының діни наным-сенімдері.

Байкалдан Балқанға дейінгі құс ұшса қанаты талатын ұлан ғайыр аймақта мекендеп, батыс пен шығысты жалғаған, бүгінде төрткүл дүниенің түпкі-түпкіріне тарап кеткен түркі тектес халықтардың түп атасы- ежелгі түріктердің рухани мәдениетінің аса бай екендігін және ортақтығын руна діни наным-сенім жүйесі де айқындайды.

Ежелгі сақтар, хұндар, үйсіндер, қаңлылар, көк түріктер, түркештер, ұйғырлар мен қарлұқтар бір дінді тұтынып, бір құдай – Тәңірге (Аспанға) құлшылық еткен. Тек ұйғырлар ғана аз уақыт ерте християндықтардың бір түрі – манихейлікке бет бұрды да, кейінірек қайтадан Тәңірге табынатын болды.

Тәңірлік нанымда көк аспан, жарық күн, ашық ай ең қасиетті құдірет саналған. Тәңірге табынушылар Аспан мен Күнді дүниенің бәрін жаратушы құдірет деп таныған, ал жоғары қызмет бабындағы кісі – мемлекетті билеген қағанға аспан қасиет берген, құдірет иесі ретінде құрметке бөлеген. Сондықтан да хұн билеушілері туралы: «жер мен аспаннан жаратылған, күн мен ай таққа отырғызған, ол хұндардың ұлы да құдіретті билеушісі (Тәңір-құт) деген «Хань әулеті кітабында» Үйсіндер өз көсемін Күнби («Күн билеушісі») деп атап, құдіреттік немесе көк аспандық мағына берген. Тасқа айналып бізге жеткен ежелгі түркі жазуының Орхон-Енисей ескерткіштерінде бұл туралы: «Жоғарыда-көк аспан, төменде- қара жер құрылып, ал олардың аралығында адамзат перзенттері пайда болғанда» деп жазылған. Немесе Білге қаған хақында: «Тәңірімнің маған мейірі ауып, жебеген соң жолым түсіп мен қаған болдым» — дейді «Күлтегін ескерткіштерінде». Бұл жазбалардан таққа отыру, билеуші мен халықтың әл-ауқаты Тәңірге деген сенімге негізделгенін, дін мен мемлекттік саясаттың қоян-қолтық қатар жүріп, ел мен халықты басқарудың ортақ құралы болғанын көреміз. Билеушілердің өздері ең алдымен Тәңірдің (Аспанның) қолдап демеуінің арқасында, содан соң ғана жеке бастарының алғыр қасиеттерінің нәтижесінде сәті түсіп таққа отырғандарын, қаған болып, халық басқарғандарын атайды. Біздің аталарымыз бен бабаларымыз Аспанды, Тәңірді сондықтан да бір деңгейде құдірет тұтқан, солармен бірге жер мен суды, тауларды да ерекше қадірлегендерді олардың атауларынан-ақ көрініп тұр.

Хұндар мен үйсіндер құдіретті заңғар таулар маңын, олардың Чиляншан – Тәңір таулары. Тянь-Шанның қытауша атауы Құдіретті таулар (Тәңір таулары). Бұл атау хұндардан қалаған, өйткені Тянь-Тәңірі деген сөз.

Аспан біздер, қазақ халқы үшін де қасиетті, Тәңірге (Құдайға) тең. Аспанның көгілдір түсі мен тазалығы жастақ пен көктем, молшылық, тәуелсіздік пен бостандық белгісі. Тәуелсіз де егеменді Қазақстан туының және басқа да мемлекеттік рәміздері түсінің аспан түстес көгілдір болуы кездейсоқ емес. Бұл ғасырлар түкпірінен жеткен, мыңдаған жылдар жасаған дәстүр.

Біздің арғы тегіміз, аталарымыз бен бабаларымыз өмірлерінің үлкен бөлігін ат үстінде, көз жеткісіз көгілдір аспан астында өткізген, алтын белгісі- жерге тек тұяғын ғана тіреген. Оларды төрт аяқты аңдар асырады, жүректері мен жандарында аспаннан, шетсіз-шексіз аспан әлемінен рухани қуат алды, кең дала көлемі жағынан аспанмен тең болды, көк жүзіне биікке аспанға ұмтылған заңғар тау шығдары да сай келеді.

Ежелгі малшылар қандай да бір құбылысқа атау бермес бұрын алдымен оның сыртқы пішініне, түсі мен бояуына, табиғатта алатын орнына көңіл бөлген. Көшпенділер айналасындағы және көз алдындағы бір де бір затты қағаберіс қалдырмаған.

Түркілер аспанды құдіретті күш ретінде қадірлеп, оған қызығы қарап, сүйіп қана қоймай, одан қауіптенген, сақтана да білген. Мұның себебі, Күннің жарық пен жылу беріп, сол арқылы жер бетіне өмір нұрын шашқандығында ғана емес, оның күн сайын көк-аспанның жүзімен жылжып, өзінің көші-қон үлгісі болғандығында еді. Түркілер табиғатта күннен қуатты ештеңе де жоқ екенін білді.

Уақыт та Күн қозғалысымен өлшенеді. Ал аспанда жүздеген ай жылдық күнтүзбелік негіз болды. Табиғатта болып жатқан өзгерістер аспан шырақтарының қозғалысымен анықталып, шаруашылық жұмыстары соларға қарап атқарылды.

Түркі халықтарында Көк-Аспан сөзімен Тәңірі-Құдай қашан да қатар қойылған. Бәрі де өз ретімен жасалды, қоғам мен табиғат, жақсы мен жаман, қажетті мен қажетсіз тек Тәңірі- Құдай арқылы ғана қарастырылады. Адамның өмірге келуі, оның парызы мен қасиеттілік Аспанның, Аспан Құдайы- Тәңірінің ісі деп түсіндірілді.Әр заттың өз мәні, құпия жұмбағы, өлшем көлемі болды. Бұл жағынан Тәңірлік пен Ислам арасында айырмашылықтан гөрі ұқсастықтар көп. Сондықтан да ҮІІІ ғасырдың ақыры мен ІХ ғасырдың басында Сырдария мен Жетісу жерлерінде ислам келгенде түркештер мен қарахан әулетінен шыққандар жаңа дінді жатсынған жоқ. Ал қарахан әулетінің бірлестіктері исламды мемлекеттік дін ретінде пайдалана бастады. Тарихи шындық осындай. Басқа халықтар бөтен дінді қашан қаншама қан төгілді.

Бәрі де салыстырмалы түрде танылатыны белгілі. Біз көшпелілер мен диқандар арасындағы айырмашылықты анықтау үшін осы әдіске жүгінейік. Көшпелілер бүкіл өмірін ат үстінде өткізді, өріске шыққан малының соңында жүрді, өмір бойы аспанға, табиғатқа қарап өсті, ауа райының өзгеретінін, жылдың келесі мезгілінің тууын бірінші болып байқап, көз алдындағы алып кеңістікті, аспан мен даланы ғана көрді. Сондықтанда Аспан-Тәңіріні Құдай тұтты. Және ғұмыр бойы бір құдайға сеніп, басқа құдайлар туралы ойланбаған да.

Көне түріктер дәуірінде «Тәңірі» сөзі бірнеше мағанада қолданылады. 1) аспан дүние бөлігі ретінде; 2) Құдай ретінде; 3) Құдайланған адам ретінде; 4) Әмір етуші әмірші. Осы политеистік мәнде Тәңірі аспанда, жерде, суда, тау мен жанурлар әлемінде де болса керек. Қазақтарда: «Құс тәңірі», «Жер тәңірі», «Аң тәңірі», Су тәңірі», «Құс тәңірі» деген ұғымдар сақталған. Барлық сөз тіркестерінде «тәңірі» сөзі «бұйырушы», «құдай», «билеуші» деген мағананы білдіреді.

Көне түріктердің түсінігі бойыншажердегі өмірмен байланысы бар көк аспанның негізгі атрибуттары бұлар күн мен ай болған. Енисейлік құлыптас ескерткіштерінде «көк аспандағы күн мен айды жоғалттым» деген сөздер жиі кездеседі. Орхон түріктері күнге қарап бағыт-бағдарды айқындаған.

Тәңіршілдік діни жүйесінде орын алған Бұл тәңірдің бейнесі көне түріктер мәдениетінде қаған билігінің символын және қағандық (ер) пен қатундық (әйел) бастауының бірлігі идеясын әгіленген құдай болды деп түсіндіреді зерттеушілер Ю.А.Зуев пен Г.Е.Агелеуовтер.

Ұмай ертедегі орталық және Орта Азияны мекендеген көшпелі түркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке молшылық құдайы болған. Бұл әйел құдай көне түрік қорымдарында (пантеонында) ғарыш құдайы Тәңіріден кейін екінші орын алған. Көне түріктердің ғұламасы Тоныкөкке арнап қойылған ескерткіште мынадай жолдар бар: Бізді дәйім жебеп жүрген Тәңірі ием, Ұмай анам мен жер-суым».

Көптеген түрік халықтары тілінде де «Ұмай» мен «ұма» сөзі мағаналас. Олар баланың орны, жатыр, құрсақ мағанасында қолданылады. «Ұмай» сөзінің төркіні алтайша емен (ана), сахаша бие деген мағананы береді.

Сонымен ежелгі түріктердің ұғымында Тәңірі аспандағы ер ролінде көрініп, Ұмай—жер-ана болып қабылданған. Көне түріктердің Ұмай анаға табынуы Күлтегін, Тоныкөк жырларында байқалады. Мұнда қағанның әкесі Тәңіріге, анасы Ұмай анаға теңестіріледі.

Көне түріктер ұғымында Отан сөзі қасиетті жер-су деп беріледі. Жер-су культіне байланысты түркілер таудың жартастың, өзен, көлдердің рухына сиынған.

Көне түрік жазба ескерткіштерінде адамға ажал жіберетін жер астындағы өлім құдайы Эрклиг жайлы айтылады. Ол әр бір адамның жанын алып, өмірін қысқартатын құдай бейнесі ретінде ұғынылады.

Өлген адамды жерлеу салты дами келе өлік туралы түсінікті дараландыра түсіп, аруақ ұғымын туғызады. Кез келген құбылыстың «иесі»,»онгоны» кейінен аруаққа айналады. Әрине адамның бәрә әруаққа айнала алмайды. Руға басшы. Қамқор болған адамдар ғана аруаққа айналады. Демек, аруақ деп жүргеніміз табиғаттағы жанды-жансыз нәрсенің иесі, яғни Тәңірінің өзі. Көктегі тәңірінің өзі, жер, су және Ұмай, олардың рухтарының барлығы аруақ болып табылады. Сонымен қатар адамдар Ұмай ықыласы ауғанға көктен кемпірқосақ арқылы түседі деп ойлаған. Кемпірқосақтың өзі Тәңірі мен Ұмайдың қосақталған көрінісі. Өйткені кемпір сөзі кам (шаман)- пір (ана) дегенді айғақтайды.

Адамдар мен құдіретті күштер арасында жүретін қоғамдағы ерекше әлуметтік топ шамандар болды. Шамандар көне түріктердіңқоғамдық өмірінде маңызды рол атқарған.

Шаман атауы көне түріктерге дейін белгілі болған. Бұған б.э.д. бірінші мыңжылдықтың аяғына қарай ғұндарда шамандар болды. Деп мәлімдейтін қытай деректерікуа бола алады, қытай тарихшылары шамандарды ву деп атаған. Қазіргі замандағы оқымыстылар бұл сөзді шаман деп нық сеніммен аударып жүр.

Сонымен, қорыта айтқанда, Көне түріктердің өзіндік дүниетанымы, діни наным-сенімдер мен бай салт-дәстүрлері болды және осынау мұқият әзірленген өзіндік бай дүниетанымын Қытай сияқты көрші елдердің идеологиясына қарсы қоя білді. Бұл бүгінгі жаһандану заманында, ежелгі түркілердің «Қара шаңырағында» отырған ұрпақтары-қазақ халқы үшін де тағылым алар тарихи құбылыс болып табылады.