Ойын психотерапиясы өзін-өзі тану

Ойын психотерапиясы – балаларға және ересекерге ойынды пайдалана отырып психотерапевтік әсер ету әдісі. Ойын – жағдаяттарды игеру, қоршаған ортаны зерттеу, дене, ақыл және әлем мүмкiндiктерін түсіну қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы мағынада, ойын сөзсіз когнитивті дамуын ынталандырады және қалыптастырады. Сондықтан да ойындар адамның өзін-өзі белсендіруге мүмкіндік беретін ортаны жасауға, тудыруға бағытталған. Ойын терапиясы адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтары әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады. Бұл мақсатқа эмпатиялық тыңдау, қабылданатын мінез-құлық шегін құру көмегімен жетеді. Ойын топта жылы достық қарым-қатынас құру тәсілі ретінде ғана емес, даму құралы ретінде де қолданылады. Мұндай ойындарда осы рөлдермен ассоциацияланатын идеялар, жағымды мінез-құлық және құндылықтар меңгеріледі. Ойын психотерапиясындағы бұл процесс тұлғада түрлі эмоция тудыратын, әртүрлі адамдардың рөлін ойнау барысында жалғасын табады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!