Нарықтық экономика жағдайындағы аймақтық саясат ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті және оны басқаруда жаңа әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету арқылы шешу талапқа сай екенін көрсетеді.

Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір ерекше орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай – ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік әдет құрыптары, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.

Осыған байланысты аймақты басқарудың негізгі мақсаты — шын мәніндегі нарықтық тетіктер мен әлеуметтік экономиканы қалыптастырып, неғұрлым тәуелсіз, сонымен бірге Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай келетін саясатты жүргізумен қатар, республиканың әлемдік шаруашылыққа кіруін және осының негізінде адамдарың өмірін жақсартуға қажетті жағдай туғызу көзделді. Аймақты басқарудың негізгі мақсаттары болып:

— макроэкономикалық тұрақгыққа жету және құнсыздануға қарсы күресу;

— меншік қатынастарын өзгертуді жеделдету;

— бәсекелес нарық ортасын және нарықтық инфрақұрылым құрау кәсіпкерлікті жандандыру;

— экономикада өндірістік құрылымдық өзгерістер жасау;

— халықтың табысы аз топтарына көңіл бөлетін әлеуметтік саясат жүргізу;

— шаруашылык міндеттерді шешуге мемлекеттің тікелей араласуын бәсендету, сонымен қатар болжамдау міндеттерін, есеп және бақылауды нығайту.

Жалпы қоғамдық өнімдерде өнеркәсіп салмағының жоғарылығына қарамастан, оның құрылымы ішкі базардың қажеттігіне сай емес. Машина жасау және химия өнеркәсібі салалары, жеңіл өнеркәсіп, денсаулық сақтау сияқты маңызды жүйелерін техникалық жабдықтауға қажетті қарқын мен көлемін қамтамасыз ете алмай келеді. Қазір республикадан сыртқа шығарылатын өнімнің көбі шикізаттың әр түрлі түрлері мен алғашқы салада өңделген шикізат есебіне тиіп отыр. Ал республикаға әкелінетін өнімнің көбі әлеуметтік- техникалық мәндегі дайын өнім мен халық тұтынатын тауарлар үлесіне келіп отыр.

Құрылымдық және инвестициялық саясатты нарық экономикасына сай жүзеге асыру халық шаруашылығында қалыптасқан құрылымды жетілдіріп, экономика мен экономикалық жүйені өзгертудің басты міндеттерінің бірі халық шаруашылығында қалыптасқан құрылымдықты жетілдіру болып табылады. Мәселен нарықтық тетікдермен қатар мемлекет өндірістің құрылымдық қайта құрылуын, жұмыссыздықтың, салалалық және аймақтық диспропорцияның жеңілдетілуін, ғылыми-техникалық прогрестің ынталандырылуын қамтамасыз ететін кәсіпорындарды қаржы көмегімен қолдаудың үйлесімді саясатын жүргізуді талап етеді. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасы үшін халық тұрмысын қаржымен қолдау перспективті сала ретінде өндіріс шығындарына жол бермеу үшін дағдарыстың даму кезеңінің өзінде-ақ жүргізілуге тиіс. Ол жеңілдікті несие беру, оның негізінде кәсіпорындардың бір бөлігінің бағытын өзгертуге қаржы бөлу түрінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы салалар мен өндірістерді ілгері дамытуға бағытталған басқа да шаралар жүзеге асырылды.

Халықтың әл-ауқатын, тұрмысын көтеру жолында көптеген экономикалық реформалар мен тәжірбиелер жүргізілді. Оларда алға қойылған негізігі мақсат саясат пен экономиканы адамның мұқтаждарына қарай түбегейлі түрде бет бұрғызу еді. Сол шаралардьің кейбір жетістіктері бола түрса да, экономикалық тиімділік едәуір төмендеді, өндіріс шығындары мен баға өсігі, қайшылықтар көбейе түсті.

Бұрынғы жүргізілген экономикалық реформалардың іске асырылмауының негізігі себебі бүкіл еңбекші халыққа өндірісті басқару құқығы толығымен берілмей, республикалардың егеменділігі сақталмай, толық шаруашылық есеп пен демократияның болмауынан еді.

КСРО бойынша 1957 жылы аймақтық басқарудың негізі қаланып, министрліктерден совнархозға көшкеннің өзінде орталықтан басқарудың кейбір тетіктері аймаққа беріліп, ал негізгілерін орталықтан басқару көзделгенді.

Аймақтық басқарудың аяғына дейін жүзеге асырылмауының салдарынан халық шаруашылық кешендерінің арасында көптеген қайшылықтар туып, инфляция мен дефицитті көбейтті. Алпыс төртінші жылдың аяғында өндірісті басқарудың бұрынғы жүйесіне қайтадан көшу кезінде министрліктер бұрынғы экономикалық тәсілдерін жоғалта бастап, экономиканы басқаруда әкімшілік-әміршілдік тәсіл қайта бой көрсетті. Өндіріс тиімділігі мен өнімді молайту жолында ұжымдық ынталандырудың болмауы себебінен шығын мен баға қатар өсіп, өндіріс өнімінің көлемі күрт төмендеді.

Қоғам демократиялық даму жолына түсіп, өзін-өзі қаржыландыру, тағы басқа әрекеттер жасалып жатса да қайта құру қарқынының бәсеңдеуінен экономика тұйыққа тіреліп отыр. Экономиканың негізгі заңдарын жүзеге асырмаудың салдарынан бұрынғы жетпіс жылдан астам социализм орнатқан, бұрын дүние жүзінің алдыңғы қатарлы дамыған елдерінің бірі болып келген Одақ ыдырап, барлық өндіріс салалары тоқтауға дейін барып, бүкіл бұрынғы Кеңес Одағы халқының сексен пайызынан астамы өмір сүру деңгейінен төмен жағдайда тіршілік етіп жатыр. Кезінде К. Маркс коммунизм кезінде де құнның бухгалтериясы ең басым болу керек деп ескерткен болатын. Бұл қағиданы естен шығарып алдық. Соңғы кезде бұл шетелдің белгілі экономистерінің де назарын аудара бастады.

Оңтүстік Қазақстан облыс тұрғындарының еңбек әлеуетін мейлінше толық пайдалануға, әлеуметтік ахуалы нашар топтарды қолдауға, кедейліктің әлеуметтік-демографиялық, экологиялық және инфрақұрылымдық факторларының теріс әсерін төмендетуге, халыктың денсаулық сақтау, білім беру, коммуналдық қызмет салалары, көлік инфрақұрылымы көрсететін қызмет түрлеріне қол жетушілігін жақсартуға әлеуметтік көмектің атаулы көрсетілуін жақсартуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыру жолымен облыс халқының өмір сүру деңгейін көтеру.