ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУ ҮЛГІСІ

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі экономикасы көтерілді. Экономиканы қалпына келтіру қажеттілігі капитал қорының көп бөлігін өнеркәсіпке жіберуді қажет етті. Бұл елдің өнеркәсіптік даму ырғағын жеделдетті. 1948 жылы Франция өнеркәсібінің саны соғысқа дейінгі деңгейден өтті. Ауыл шаруашылығы бұл деңгейден 1950 жылы өтті.

1950 жылы әлеуметтік жанжалдар өрши түсті. Жұмысшы қозғалыстары бірқатар мақсаттарын орындады. Ұжымдық келісім туралы заң қабылда-нып, еңбек ақы көбейтілді, кепілденген еңбекақы минимумы енгізілді. Шаруа-лар салық мөлшерін төмендетуді талап еткен болатын. 60 жылдары Франция жаппай қару шығаруды бастады, өздерінің ядролық- зымырандық бригадасын құрды.

1960 жылы жаңғырту ісінің үлкен жобалары болды.Нәтижесінде Франция жылдам ұшатын “Конкорд” аэробусын, “Ариан” зымыранын, жүйрік пойыздар жасауға кірісті. Сондай- ақ АҚШ пен Жапония деңгейінде ұшақ, ғарыштық және электронды есептеу техникалары, байланыс құралдары өнді-рісін дамытты. Францияда бұрынығы аз жерлі шаруашылықтардан тауарлы фермерлік өндірістер құрылды, кооперативтер қозғалысы күшейді, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына біршама көмек көрсетілді.

Ішкі жағдайы жақсы болмағандықтан, мемлекеттік шектеу бизнес пен еңбек қатынасына қысым жасады. Әлеуметтік салада құнсыздану, артта қалушылық байқалды.

1970 жылдары Франция Англияның жалпы нарыққа кіруіне ризалық білдірді. Әлеуметтік- экономикалық стратегия неолиберализмге, “нарықты қатынасты қалпына келтіруге” көшті.

1974-1981 ж.ж.  дүниежүзілік экономикалық және құрылымдық дағдарыс басталды, ғылыми- техникалық революцияның жаңа кезеңі дамыды, халық аралық бәсекелестік және жаңа әлеуметтілік мәселелер шиеленісе бастады.1920 жылдары ең аз еңбек ақыны көбейту әрекеті жүргізілді, сайлау құқығы 20 жастан 18 жасқа төмендетілді.

80 жылдары еңбекпен қамтамасыз ету артты,төлемдік қабілетке сәйкес жалақының ең аз мөлшерін арттыру.

Қазіргі кезде Франция ең күшті дамыған елдердің қатарында.Жылдық ішкі өнім өндірудің көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 4- ші орында.Жан- жақты дамыған көп салалы ауыл шаруашылығы халықтың 10%-ын жұмыспен қамта-масыз етуде. Еуропа аумағында бидай, ет, сүт, май, ірімшік өндірушілердің ал-дыңғы сапында келеді.Ұшақтар мен зымырандар жасау бағытында 1- ші орын-ға шыққан. Автомобиль жасау жөнінен 3- ші орында.

1981 жылы Франция Американың орта қашықтағы ядролық зымырандарын Батыс Еуропаға орналастыруына қолдау көрсетті.Францияның Батыс Еуропа елдерімен экономикалық қоғамдастық шеңберінде жүргізілді.Франция Қазақстан Республикасымен жақсы қарым- қатынас орнатқан.

Туpкия экономикасының өрлеуі

1945 жылы 11 маусымда Туркия Халық жиналысы “Жер реформасы жөнінде” заң қабылдады. Бұл заң шаруалар үшін жағымды жаңалық болмады. Шаруалар отбасы алған жердің құнын 20 жыл ішінде не мемлекетке, не жеке меншік иелеріне төлеуге тиіс болды.

1960-1990 жылдары Демократиялық партия үкіметі экономикалық саяса-тында жеке меншік кәсіпшіліктің шексіз дамуына ерік беріп, шетел капита-лының енуіне кедергі қоймады. Ел ішіндегі ұсақ және орта иеліктерге көпте-ген жеңілдіктер ашылып, мемлекеттік кәсіпорындардың дамуы қысқартыл-ды.

1951-1954 ж.ж. шетел капиталы барлық экономика салаларына енгізілді. Шетел инвесторлар Туркияның тапқан пайдасын еркін шығаруға ерік берді. 1950 жылы жеке меншік өндіріс өнімінің үлесі 42% болса, 1960 жылы 65%- дан асты. 1950-1960ж.ж. АҚШ Туркияға экономикалық несие ретінде 1 млрд доллар берді.

1960-1970 жылдары энергетика, тау-кен, түсті металл,химия,мұнай өңдеу, автомобиль жасау өндірістік салаларының даму негіздері қаланды.

Ұлттық өндіріс бұйымдарының бәсекелестік деңгейін көтеру үшін импорт саласын жұмсартып, шетел тауарлары мен капиталдардың еркін енуіне кедергі жасамай, Туркия бұйымдарының экспорттық деңгейін арттыруға тырысты.Туркия ақшасының айырбастаушылық деңгейін көтеру шаралары енгізілді.

Тұрғыт Озал ұлттық тарихтаөзгерістердің атасы” деп танылды. Туркия Республикасы экономикалық  көрсеткіштері бойынша дүние жүзінде          21-орынна 17- орынға көтерілді.

     1980-1990 жылдары әр түрлі өнеркәсіп салаларындағы өнім өндіру қарқы-ны 8-10 % көлемінде артты. Электр қуаты, темір руда, шойын, болат өнімдері 2 есе өсті.

Туркия мен Қазақстан арасында достық және туыстық қатынас орнаған. 2003 жылы Президент Н.Ә.Назарбаевың Туркияға арнайы ресми сапарында бірнеше құжаттарға қол қойылды.Олардың қатарында “Ынтымақтастық тура-лы бірлескен мәлемдеме”, “Ұзақ мерзімді сауда- экономикалық ынтымақтас-тық келісімі”, “Банктерді реттеу және қадағалау меморандумы”, “Кеден істе-ріндегі ынтымақтастық пен әкімшілік өзара көмек туралы келісім” және бас-қалар.

1992 жылдан бастап Туркия банктері Қазақстан үшін қор ашып, сол жылы ғана 200 млн доллар несие берді. 1997 жылы екі елдің арасындағы сауда ай-налымы 776 млн доллардан асты.

Құрылыс саласында Туркия компанияларының көмегі арқасында Қазақстанда көптеген ірі мейрамханалар, мемлекеттік кеңселер салынды.Туркістанда Халық аралық қазақ- түрік университеті,Алматыда С.Демирелі атындағы университет ашылды.Қазақстанда 26 қазақ-түрік лицейлері жұмыс істейді.

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ

Қазақстан Республикасында жүргізілген экономикалық реформа республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлі, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды.Нарықты экономикаға көшудің құқықтық негіздерін құру мақсатында Республика Парламентінде көптеген заңдар мен нормативтік акті-лер жасалды.Оның ішінде :”Қазақстандағы кәсіпкершілікті дамыту және ша-руашылықтағы қызмет бостандығы”, “Қазақстандағы шетел инвесторлары”, “Қазақстандағы банктер және банктік қызметтер”, т.б. заңдар кіреді.

Мемлекеттік монополия электрэнергетикасы, құрылыс, теміржолды пайдалану, қорғаныс қызметтерін қамтамасыз етуде, ғарышты зерттеу жұмыстары және магистральді құбыр жүйелерінде, коммуникацияда, байланыс жүйелерінде та-рады. Іскерлік белсенділіктің өсуі жаңа банктік құрылымның жасалуына әсер етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық әл- ауқатты жақсарт-пады. Өндірістік тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету қысқарылды.Кейбір жағ-дайларда халық сұранымымен қанағаттандыратын мемлекеттік өндіріс орында-рының тоқтатылуы сұраным секторлары бағасының күрт жоғарлауына әкеп соқты. 1991 жылы бағаны босатты. Осы жүргізілген шаралар нәтижесінде баға құнсыз-данды. Ел ішінде экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Тұтынушылық рынок мәселелерді барынша шиеленісті, азық-түлік, киім- кешек жетіспейді, алыпсатарлық пен әміршіл- әкімшіл аппараттың сатылғыштығы өсті.

1991 жылы ҚАЗАҚСТАН Республикасы өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады.

1993 жылы қараша айының 15- і күні Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта – теңге енгізілді.Қазақстан үшін өзіндік ұлттық валюта енгізу экономика үшін үлкен мәні болды.Қазақстан ұлттық валютаға өту республикада әлеуметтік- экономикалық реформа беталысын тәуелсіз және егеменді мемлекет ретінде жүргізуге мүмкіндік берді. Қазір Қазақстан Республикасы 50 ең дамыған елдердің қатарында.

Сыртқы саяси байланыстарда және өзара қарым-қатынастарда Ресейге айрықша орын береді.Ресеймен ынтымақтастық барысында үлкен істер басталды, екі жақты экономикалық қарым-қатынастарды реттейтін, ғарыш кеңістігін игерудегі ынтымақтастық, жаңа типтегі армия құру сияқты бірнеше келісім-шарттарға қол қойылды.

Экономикалық блок шеңберінде- Түрікменстан және Тәжікстанмен қарқынды түрде дамыды.Экономикалық тұрғыдан жақсы дамыған Қытай,Үндістан, Вьетнам, АСЕАН-ға кіретін елдерімен дипломатиялық қарым-қатынаста.Қазақстанның азиялық- Тынық мұхит процесінднгі интеграцияға араласуын оның Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы қызметіне қатысуына маңызды жағдай туғызды. Президенттің Венгрияға барған ресми сапарында екі елдің арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықтың берік негізі қаланған келісімдердің толық пакетіне қол қойылды. АҚШ Қазақстаға мәдениет пен білмді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетті.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда экономиканы реформалаудың бірнеше тәсілі қолданылды. Мемлекет экономикасы саясаттың базалық бағыттары мыналар болады:

1 Социалдық экономикадан кейінгі қайта құру;

2 Дағдарысқа қарсы бағдарлама;

3 Макроэкономиканы тұрақтандыру;

4 Дүние жүзілік экономикалық дағдарысы еңсеру;

5 Экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету.

 БІРІНШІ КЕЗЕҢ: (1991-1992)

90-ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДА Қазақстанның экономика саясаты социалдық экономика жүені өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағыт-талды. Негізгі бағыттар мыналар: экономиканы ырықтандыру,сыртқы реттеуіштерді реттеуіштерді енгізу, әлеуметтік- экономикаоық аяға мемлекеттің қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономика қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртіпті тұрақтандыру, көп ұстынды экономи-каның негіздерін қалыптастыру, экономикада жекеше сектордың жұмыс істеуі үшін жағдай жасау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге нарықтық нышандар үлгілерін енгізу, кәсіпкерліктік, шағын және орташа бизнесті дамыту, толымды нарықтық бәсекені өрістету үшін жағдай жасау.

Республиканың жалпы ішкі өнімі 1991 ж. Ағымдағы бағамен- 85863,1 млн. сом. ал 1992 ж.-127689,2 сом болды.Бағаны ырықтандыру салдарынан ұдайы түскен инфляцияға байланысты жалпы ішкі өнім ағымдағы өнім 15 есе көбейді.Тұтыну бағасының индексі 1992 ж. 3060,8 %- ды құрайды, мұның өзі 1991 жылмен са-лыстырғанда 12,4 есе көп. Нақты бағамен жалпы ішкі өнім деңгейі 5,3% -ға төмендеді. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 жылы экономиканың барлық саласы бойынша өндіріс көлемі күрт өзгерді. Өнеркәсіптік өнімнің құлдырау қарқыны құрылыста 40,5 %- ды, сауда 17,4%- ды, көлікте 19,4%- ды құрайды.Өндірістің өсуі ауыл шаруашылығында ғана тіркелді. Сатып алу қабілетінің тепе- теңдігі бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 1991 ж. 5756 АҚШ дол. болды.Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы- “Қазақстан-ның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының қалаптасуы стратегиясы ” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және эко-номика аясында стратегиялық мақсаттар белгіленді, олар: бәсекеге негізделген, эко-номика және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы өз міндеттерін орындайтын негізгі меншік нысандары ұштасатын және өзара байла-ныста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикасы өзін- өзі билеуі қағидаларын іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдай жасау.         

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ:(1993-1994)

 Екінші кезең экономикалық дағдарыстың түйінді кезеңіне айналды, бұл дағда-рыстар мыналардан көрінді: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзілуі және осының салдары ретіндегі төлем төлембеу дағдарысы: кәсіпорындардың өзара борыштары 1993-1994 ж.ж. және 1995 жылдың басында 639413 млн. теңге болды; инфляция өрши түсті: 1993 ж. тұтыну бағасының индексі 2265% деңгейіне жетті; өнеркәсіптің шегіне жете құлдырауы: өндірілген ұлттық табыс 1993-1994 ж.ж. 1976 жылғы деңгейге дейін төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 ж.ж. жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерін ти-гізді: 1990 жылдан 1994 жылға дейін тұтыну қабілетінің тепе- теңдігі бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы ішкі өнім 20%- ға азайып, 4711 АҚШ долл. Болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көші-қоны басталды, ол 1994 ж. Теріс саль-доға жетті.Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздеді: мен-шік қатынастарын қайта құру жеке меншікті заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан”  шығу және ұлттық валюта- теңгені енгізу; валюта-қаржы және банк жүйесін өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемітуге қатысты қатаң шек-теу шараларын жүзеге асыру; алтын- валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкімет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейін азайтуға және өндірістің құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секто-ры беретін қарыздардың көлемін шектеуге қосымша несиенің “бағасын ұтымды ету” талабы яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгілеу қарастырылады. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуіне септігін тигізетін, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуі себепті банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқар-туға жәрдемдесетін барынша тиімді шаралардың бірі ретінде қарастырылды. Мұн-дай жағдайда Үкіметі басшылық нұсқасымен “дерективалық” несиелер беру есебі-нен кәсіпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты:1994 ж. 14063,7 млн. теңге болды.Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде қолданылып жатқан шара-ларға қарамастан мемлекеттің нысаналы несиелері көбінесе қайтарылмайтын несие-лерге айналды.

Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесінде таза жинақ қаражат – өндірісті тұрақтанндыратын әлеуетті инвестициялар өсуге тиіс еді.Қаражат күткендей өсе қоймады: халықтың салығы небәрі 606,9 млн . теңгеден 1673,5 млн. теңгеге дейін ғана көбейді.Сөйтіп экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздандыру өндірістің құлдырауын ушықтыра түсті. 1994 ж. ғана өз өнеркәсібінің ширегінен асиамынан айырылды.Дағдарысты шектеу қатаң экономика  саясатты жүргізуді талап етті, соның салдарынан әлеуметтік- экономика ахуал одан әрі нашарлады. Қазақстанның экономика саясатына түзету енгізудің нәтижесінде экономика дәр-менсіздіктен серпіліп, макроэкономика тұрақтану үшін жағдай жасауға мүмкіндік туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кірді, ол елге дағдарысты еңсеру үшін нысаналы несие болды.

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ(1995-1997)

Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетуді көздеді. Қаржы қорын шектеу жағдайында негізгі қаржы- экономика өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгісіне көшу негізінде қаржыландыру жүйесін өзгертумен ұштастырыла жүргізілді, мұнда бюджеттен қаржыландару, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негізгі көзге айналды.Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 1994 жылмен салыстырғанда 1997 жылы 14,1 млрд. теңге деңгейіне дейін көбейді. 1997 ж. экономиканың жай- күін мынадай факторлармен сипаттауға болады: іс жүзінде барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негізгі заңдық актілер өзгертілді, олар реформаларды жүргізуге мүмкіндік туғызды, сыртқы экономика қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетін жаңа салық базасы жасалды, меншікті қаржы рыногы құрылды, банк жүйесі жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды, мемлекет бағалы қағаздар рыногі құрылды, мемлект меншікті жекешелендіру қарымды қарқынмен жүргізілді. Қазақстан рыногы тұтыну тауарларымен молая түсті; республикасының тәелсіздігі  мәртебесін дүниежүзілік қоғамдастығы мойындады және ол халықаралық қаржы ин-ттарына кірді.Әлеуметтік- экономика шаралардың іске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және мед. қорларын құруға жол ашты.

ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ(1998-1999)

Стратегияның міндеттеріне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердің деңгейіне жетіп, әлемнің ең дамыған 20 елдің қатарына қосылуға тиіс.Президенттің 1998 ж. 28 қаңтардығы жарлығы  1998-2000 ж.ж. арналған стратегия жоспары бекітілді, ол дүниежүзілік қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экономиканы өрлеуді қамтамасыз етуге, бюджеттік аяны реформалауға, белсенді әлеуметтік саясат жүргізу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды.Бұл кезеңде теңгенің өзгермелі бағамы енгізілді.(1998ж. 1 АҚШ долл-78,29 теңге.)Осы кезеңде зейнет ақы реформасы жүргізілді, ол ішкі қорлануды одан әрі ұлғайтып, ішкі инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 ж. зейнет ақының қоры 23542 млн. теңгеге жетті, бір жылдан кейін ол 2,7 есе көбейді(64504 млн. теңге)

БЕСІНШІ КЕЗЕҢ(2000 ЖЫЛДАН ҚАЗІРГЕ ДЕЙІН)

Қазақстан экономика өрлеу жолына түсті.Бұл кезеңде жалпы ішкі өнім жыл сайын өсіп отырды.2001 ж. Президенттің жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегия жоспары” бекітілді. Негізгі мақсаты: бәсекелестік қабілеті күшті экономика құру, жалпы ішкі өнімді 2002 ж. салыстыр- ғанда 2 есе көбейді.Соңғы 3 жылдағы экономика өрлеуі дұрыс ықпалын тигізді: жұ-мыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесі азайды. Республика кә-сіпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, хим. талшықтар, т.б. өндіреді.Әлемдік экономика ауқымында Қазақстан- тауар рыногіне мұнай, газ, қара,түсті,сирек кездесетін металлдар, уран өнімін шығарушы ел.Қазақстанда мұнай мен газ өндіру ісі шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылады.Мұнай- шаз секторының өнімі Еуразия құрлығының ондаған елдерінде экспортқа шығары-лады.Қазақстан темір кентасының қоры жөнінен әлемде 8-ші орында.Оның әлемдік қордағы үлесі 6%. Қазақстанда хромды кентастардың мол қоры бар, ферқорытпа заттары жұмыс істейді. 1994 ж. кен- металлургия кешені кәсіпорын-дарының көбі шетелдік және отандық компаниялардың басқаруына берілді.Әлемде барланған уран қорының 25% -ы Қазақстанда.

 Республиканың машина жасау кешенінің өнімі өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде 3% – ға жуық.”Дизель”, “Ротор”, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “Ауыр машина жасау зауыты”  сияқты ірі машина жасау кәсіпорындары жұмыс істейді.

Қазақстан құрылыс индустриясының дамуына ел ордасының Астана қаласына көщірілуі жаңа серпін берді. Құрылыс материалдары өнеркәсібі өнімінің көлімі республика өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде 4%- ға жуық. Республиканың жер бетіндегі көлік магистралінің ұзындығы 106 мың км. Оның ішінде 13,5 мың км- темір жол, 87,4 мың км- автомобиль жолы, 4 мың км- өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында Достық –Алашанькоу шекеаралық темір жол өткелі, Түркімен-стан мен Иран арасында Серакс- Мешхед темір жол өткелі салынған соң Ұлы жібек жолы бойында жаңа транзиттік дәліздер ашылды. Автомобиль жолдарының торабы Ресей Федерациясына бұрынғы одақтық республикаларға, сондай- ақ, Қытайға, Түркияға, Итанға, Қара теңізге, Жерорта теңізінің, Үнді мұхиттың порттарына шығуға мүмкіндік береді.Теңіз кеме қатынасы Каспий теңізінде Ақтау порты арқы-лы өтеді, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара теңіз бен Балтық теңізі-не шығады. “ЭЙР ҚАЗАҚСТАН” ұлттық әуе компаниясы , басқа да жетекші компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!