Шығыс Қазақстанның туристтік мүмкіншілігі

Бұқтырма—көне обалар тобы. Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданы Бұқтырма ауылынан солтүстікке қарай 2км жерде. 1953 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттелген. Олар тас дуалмен дөңгелене қоршалған. Мүдделері сопақша қабірлерге жерленген. Обалардың ішінен б.з.б. 3-4 ғасырларға жататын қола шанышқы, қорамсақ ілетін темір ілмешек, мата қалтаға салынған қола айна, қола түйреуіш, моншақтар, ағаш қайықтың қалдықтары табылған.

Бұқтырма–өзен,Ертістің оң саласы. Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Зырян аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 405км, су жиналатын алабы 15,5мың км . Сағасындағы жылдық орташа су ағыны 243 м/с. Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан бастау алып, Ертістегі Бұқтырма бөгеніне құяды. Басты салалары: Ақбұлақ, Сарымсақты,т.б. Өзен аңғарының беткейлері тік жарлы, терең шатқалды, аңғарының ені 5-6км, тар жері 0,3-0,4км. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктемде; жазда тасиді. Мұзқұрсау қарашаның 2-жартысында қалыптасып, әдетте 80-200 күнге созылады. Мұздың қалыңдығы 50-80см болады. Суы өте жұмсақ әрі тұщы. Өзен арнасымен ағаш тасымалданады, салалары егін суаруға пайдаланылады. Ағысының күштілігіне байланысты Бұқтырма аталған.

Бұқтырма бөгені, Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облыс аумағында, Қалба, Нарым, Күршім жоталары аралығында орналасқан. 1960-1967 жылдары салынған. Қазақстандағы ең ірі бөген. Су айдыны 5940км , ұзындығы 600км, ені 40км, ең терең жері 80м. Суының көлемі 49,6км .Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі, Бұқтырма, Нарын өзендерінің төмен ағысы кіреді. Бұқтырма бөгенін толтыру 1960 жылдың сәуір айынан басталып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң бір тұтас су айдынына айналды.Бұқтырма бөгенін су түбінің морфометриялық ерекшеліктеріне бойланысты шартты түрде үшке бөлуге болады:жоғар, орта және төменгі бөліктер. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биітігіне жетеді. Қыркүйек айынан сәуірге дейінгі мерзімде су деңгейінің көп жылдық ауытқуы 5м-ге жетсе,маусымдық тербелісі—1,3—3,8м аралығында болады. Суы тұщшы.Минералды 0,05-0,14г/л, жұмсақ, химиялық құрамы—гидрокарбонатты кальцийлі. Бөген фитоплантонның 280-ге жуық түрі бар.Оның мөлшері су тереңдеген сайын кеми береді; ең бай қабаты—4м тереңдікке дейінгі аралық. Зоопланктонның260 түрі кездеседі, оның ішінде: коловраткалар—132түрі, шашыранды құртшалар-77, ескек аяқтылар-52, шаян тәрізділер-1 түрі бар. Бентостың 120 түрі анықталған. Бөгеннің биомассасы төмен және орта бөліктерінде—3,7г/м ,көлдік бөлігінде—4,83г/м . Ихтиофаунасы 36 турден тұрады. Сазан, табан, көксерке, омуль, шармай, ақ амур, бахтах т.б. балықтар өседі. Жылына орта есеппен 8-9 мың тонна балық ауланады. Бұқтырма бөгенідегі Өскемен, Бұқтырма СЭС Шығыс Қазақстан облысының аудандарын электр энергиясымен қамтамассыз етеді. Көктемде бөгеннен жіберілген су Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жүздеген мың га егісі мен шабындықтарын суландырады.

Бұқтырма ойысы—Бұқтырма өзенінің аңғарын бойлай жатқар науа тәрізді эрозиялық ойыс. Алтай тауының оңтүстіндегі Қалба, Нарын жоталары мен Зайсан қөлінің аралығында жатыр. Ұзындығы 45-50км, ені10-15км. Беткейлері—делювийлі шөгінділердің жұқа қаьаты жауып жатқан түпкі жыныстар; табаны—малтатас, құм, саз сияқты аллювийлі шөгінділер. 1960-1967 жылы салынған Бұқтырма бөгенінің астында қалды.

Бұқтырма су электр стансасы—Қазақстан энергетикалық жүйелеріішіндегі қуатты су электр стансасы. Бұқтырма су электр стансасы Бұқтырма өзенінің төменгі ағысына 1956 жылысалына бастады. Алғашқы үш агрегаты 1960 жылы, келесі үшеуі 1961 жылы, қалғандары тиісінше 1963, 1964, 1965жылдары пайдалануға беріліп, 1966жылы жобалық қуатына жетті. Жылына орта есеппен 2300 млрд кВт мағат электр энергиясын өндіреді. Бұқтырма су электр стансасы су торабының құрамына: бір қуаты 75 МВт 9 агрегаты бар станса ғимараты, бөгеттің су жіберетін бөлігі, тұйық гравитациялық бөгеті және үш камералы шлюз кіреді. Бөгеттің биіктігі—90м, ең жоғарғы су тереуріні—67м, су қысымының түсетін қырының ұзындығы—380м. Бұқтырма су электр стансасы үшін сыйымдылығы49,8млрд текше метр су қоймасы жасалған. Ол жылма-жылғы маусымдық ағысты реттеп отырады, жылдық су ағыны көлемі 18км .Мұның өзі Ертіс өзенінің бойындағы басқа СЭС-тердің жұмысын ынғайлы ұйымдастыруға, қуат беру мүмкіндіктерінтолық пайдалануға жағдай туғызады, су деңгейін көтеру арқылы Ертіс өзенінің саяз жерлерінен кемелердің өтуіне мүмкіндік жасайды. Сондықтан су турбиналарынан бір тәулікте өтетін су көлемінің кемелер жүрісіне қажет мөлшерінен кем болмау көзделіп, станса элетр энергиясының жылдық көлемінің жазда 2/3 бөлігін, ал қыс айларында 1/3 бөлігін өндіреді. Бұқтырма су элетк стасасыныңсу шаруашылық үшін мәні зор. Стансаның жұмыс режимі Ертіс өзенінің су ресурстарын энергетика, су көлігі, ауыл шаруашылығын суландыру және елді мекендерді ауыз сумен қамтамассыз ету қажеттіліктеріне икемделіп жүргізіледі. Стансадағы негізгіжәне көмекші жабдықтарды басқару толық автоматтандырылған.

Марқакөл—Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандағы көл. Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3м биіктікте. Ауданы 455км , ұзындығы38км, ені 19км, орташа теңдігі 14,3м, ең терең жері 27м. Су жинайтын алабы 1180км .Су көлемі 6567 млн м , жағасының ұзындығы 106км. Көл жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты. Шағын өзенжылғалар құятын тұстары батпақты. Төңірегінің климаты континенттік: қыс мезгілінде ауа температурасы кейде—55 С-қа дейін төмендейді. Қазан—мамыр айлары аралығында көл қатады. Шілде—тамыз айларында су беті 16-17 С-қа дейін жылиды. Көлге 27 шағын өзен мен жылға құяды; ірілері—Қарабұлақ,Матабай, Жиренбайтал, т.б. Қөлден Қалжын өзен бастау алады. Марқакөл деңгейі мамыр-маусым айларында көтеріледі, қазан-қараша айларында төмендейді. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0,07 г/кг, құрамында: йод, фтор, бром, т.б. бар. Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр. Балыққа бай, зооплантонның 60 түрі кездеседі. Қалжын өзеннің бастауында ондатр кездеседі. Құстың ондаған түрі кездеседі. Мұнда Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.

Марқакөл қорығы—Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы мемлекеттік қорық. 1976 жылы ұйымдастырылған. Негізгі мақсаты—бағалы хайутантарды, құстарды және балық уылдырық шашатын өзендер аңғарлары мен ормандарды табиғи қалпында сақтау. Қорық көлемі 75мың га, оның 3,8 мын га майқарағай, балқарағай, шырша, қайың мен көктерек өскен орман алқабы алып жатыр. Субальпі мен альпі белдеуі шабындыққа бай. Мұнда мүк, қына, алтай тырбық қайыңы өседі. Қорықта алуан түрлі жан-жануарлар тіршілік етеді. Көлде қаяз, хариус, теңгебалық, т.б. бар. Орманы аңмен құсқа бай. Онда балықтың—4, сүтқоректілердің—59, құстардың-250-ден аса түрі, қосмекенділердің-3, бауырымен жоғалаушылардың-4 түрі мекендейді. Орман ішінде—меңіреуқұр, көл бетінде аққу көл кездеседі. Қорық жерінде алуан түрлі палеонтологиялық қазба байлықтар көп. Бүгінде қорық аумағындағы табиғи кешендерді ғылыми тұрғыдан көрсетіп, байырғы қалпында сақтау жұмыстары жүргізілуде.

Мақатау—Жетіму Алатауының солтүстік жоталар тобына кіретін тау жатасы. Батысында Қайрақкөл тауынан сарқант өзенімен бөлінген, шығысында Кіші Басқан өзенімен шектелген. Биіктігі 1602-1850м. Оңтүстік және оңтүстік шығыс беткейлері көлбеу, ал солтүстік және солтүстік батыс беткейлері тік және шатқалдары көп, төбесі тегіс. Тау палеогой эрасының герцин тау түзілу кезенінде пайда болған, геологиялық жыныстары конглометар, кристалды тақтатас, әктастар, төрттік шөгінділерден тұрады. Климаты айқын континенттік. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500-800мм. Қызыл-қоңыр, қара топырақты таулы, далалы-орманды белдемінде селеулі, бетегелі шалғын, сирек бұта өседі. Әсіресе, таудың батыс бөлігінде көкбояу, итмұрын тәріздес жемісті бұталар жиі кездеседі. Борсық суыр, қоян, түлкі қасқыр, байғыз, жапалақ, сауысқан, тазқара, т.б. жан-жануарлар мекендейді.

Қатонқарағай—Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағыауыл. Ауылдық әкімшілік округі орталығы. Аудан орталығы—Үлкен Нарын ауылынан шығысқа қарай 80км жерде. Сарымсақты жотасының солтүстік баурайында. Сарымсақты өзенінің жағасындағы қарағайлы орман арасында орналасқан. Тұрғыны5,9 мың адам. Ертеректе Қазақстанда жергілікті халық пен Қытайдан келетін саудагерлер жолына бір рет жәрменке өткізетін қоныс және сол саудагерлер керуендерінің малдары жүктерін тексеретін кеден болған. 1871ген Алтай стансасымен біріктіріліп, қазіргі атымен аталады. 1932-1997 жылдары Қатонқарағай ауданының және «Алтай» кеңшарының орталығы болды. Қатонқарағайда тұрмыс қажетін өтеу комбинат, ағаш дайындау, астық қабылдау піункттері, май зауыты, байланыс бөлімшесі т.б.кәсіпорындардың негізінде «Ширақ» ЖШС-і, Қатонқарағай орман шаруашылық, «Аслан», «Айна», «Еркін» деп аталатын шаруа қожалықтары жұмыс істейді. 2 орта мектеп, балалар спорт мектебі, мәдениет және оқушылар үйлері, аудандық аурухана бар.

Қатонқарағай ауданы—Шығыс Қазақстан облысының шығысындағы әкімшілік бөлік. 1935 жылы құрылған. 1997 жылы Қатонқарағай аудан құрамына Большенарым ауданы енді. Жер аумағы 13,3км . Тұрғыны42,6 мың адам. Аудан орталығы—Үлкен Нарын ауданы. Аудандағы 54 елді мекен 13 ауылдық әкімшілік окрунке біріктірілген. Ертіс өзен мен оның салалары Бұқтырма және Нарын өзендері алабында орналасқан. Қатонқарағай ауданының жер бедері тым күрделі. Оңтүстігін батыстан шығысқа қарай біріне бірі жалғасып жатқан Нарын. , Сарымсақты, Тарбағатай жоталары. Одан шығысқа қарай Оңтүстік Алтай жотасы, солтүстігін Қызылқарағай мен Қатын жотасы, қиыр солтүстігін Мұзтау алып жатыр. Кен байлықтарынан түсті және сирек металдар кездеседі. Құрылыс материалдары да мол.

Қатонқарағай ауданының климаты айқын континенттік және жер бедерінің күрделігіне байланысты аудан аумағында едәуір айырмашылық бар. Қыста аудан аумағы негізінен солтүстік шығыс Монғолиядан келтін аязды және желді ауа массасын, ал жазда солтүстік батыстан жылы әрі ылғалды ауа массасының ықпалында болады. Соған байланысты қаңтардың орташа температурасы-13-18 С, шілденікі 15—17 С .Жауын-шашынның жылдық мөлшері 350-400мм.

Аудан жері суға бай. Су торабы Ертіс өзенінің ортаңғы үлкен доғасынан және оның оң салалары—Бұқтырма мен Нарын өзендерінен тұрады. Ертіс өзендерінде Бұқтырма бөгені салынғаннан кейін ауданның су қоры оданнанда молайды. Нарын мен Бұқтырманың және олардың тау беткейлерінен ьасталатын салаларының энергетикалық және ағаш ағызуда маңызы зор. Тау бөктері мен беткейлерінен тұщы және минералды су бұлақтары көптеп кездеседі. Рахманов қайнары да осы ауданның жерінде Ауданның топырақ-өсімдік жамылғылары негізінен биіктік белдемділігі бойынша таралған. Кей жерлерде белдемділік жер бедерімен климатқа су деңгейінің тереңдігіне байланысты едәуір өзгеріп отырады. Тау бөктерлерінде қара топырақ, одан жоғары орманның воз және күлгін қара топырағы, одан да жоғары ашық күлгін топырақ тараған. Таулардың жазық етектері , тау аңғарлары бетегелі селеулі, одан жоғарыда қайың мен терек аралас өскен әр түрлі шөптер мен селеулі өнірлер. 700м-ден жоғарыда астық тұқымдас шалғын шөптер өскен қылқан жапытақты ормандар басталады. Одан әрі самырсын, шырша, майқарағай аралас орман өседі. Орман белдемінен жоғарғы тұз мал азықтық маңызы зор субальпілік және альпілік шалғындар. Жануарлар дүниесінен көбінесе таулы аудандарға тән түрлер тараған. Олардың ең маңыздылары қымбат терілі аңдар: ақ тиін, ақ тышқан, күзен, ондарыра, бұғы, елік, аю, құстардан; бүркіт, қаршыға, ителгі, өзендерде суда жүзетін құстар, балықтардан сүйрік, қарауыз, таймен, т.б. кездеседі.

Аудан халқын негізін қазақтар мен орыстар құрайды. Тұрғын халықтың 1км –ге шаққандағы орташа тығыздығы 3,2 адамнан келді. Ірі елді-мекндері: Үлкен Нарын (7,3 мың адам). Қатонқарағай (5,9). Урыль (Орел)(2,0). Шыңғыстай, Жамбыл (1,0), Белқарағай(1), Новоберезовка(1,8), Новохайрузовка(1,6 ). Черновая(1,5). т.б.Қазақстанда негізінен мал шаруашылығы жақсы дамыған. 1997 жыға дейін ауданда етті-сүтті ,қой, бұғы, марал, баломартасы, егін шаруашылығына маманданған 3 ұжым шаруашылығы, 10кең шаруашылығы, 2мал бордақылау бірлестігі болды. Олардың негізінде аудан аумағында 17 мемыл қазыналық кәсіпорын ,4АҚ ЖШС , 6ОҚ, 588 шаруа қожалығы және әр түрлі бағыттағы 74 шағын кәсіпкерлік нысандары құрылды.(2001). Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерінің аймағы 238,3 мың га, оның ішінде жартылаған жері 42,8 га, шабындығы 68,8 мың га, 119,7 мың га жайылым. Ауданда 32,8 мың сыйыр, 53,8 мың қой мен ешкі, 16,8 мың жылқы, 10,1 мың шошқа, 63,0 мың құс өсіріледі (2001). Мемлекеттік қазналық кәсіпорындарына аудандық байланыс торабы, телекоммуникация, 3 орман шаруашылығы т.б. жатады. Әлеуметтік инфра құрылымында 55 мектеп, 14 кітапхана, 16 клуб және мәдениет үйлері, 1 қонақ үй, 27 спортзал мен алаңдар, 2 бала-бақша, 1 мешіт, 2 аурухана, 40 фельшерлік пункт, 11 отбасылық- дәрігерлік амбулатория болды (2001). Аудандағы автокөлік жолының жалпы ұзындығы 59 км, 94 ,2 км су құбыры  салынған. Аудан жері мен Өскемен – Серебрянск- Үлкен Нарын- Қатон Қарағай автомобиль жолы өтеді.

Қатонқарағай ұлттық саябағы, Шығыс Қазақстан обылысының Қатон Қарағай аумағында, 2001 жыл ұйымдастырылған, солтүстігінде Қызыл Қарағай және Қатын тау қыраттарына ұласа отырып, Ресей мен шектеседі. Шығысында Үкек даласымен (Ресй, Алтай Республикасы) және Қытаймен, оңтүстігінде Темір Қаба өзенін бойлай Марқа көл қорығымен шектеседі. Ауданы 643 мың га, оның 215 мың га-сы орманды алқап, ағаштарының қоры-24 мың м қорықтық аймақ жері 151 мың га. Саябақтың пайдаланылатын аумағы- 492 мың га. Қатонқарағай ұлттық табиғи саябағының жері жануарлар менөсімдіктердің түріне бай. Мұнда сүтқоректілердің 66 түрі, оның ішінде марал, құлан, таутеке, аю, сілеусін, құу, т.б. бар. Құстардың 2580-ден астам түрі кездеседі. Соның ішінде сирек кездесетін, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына»енгізілген: ұлар, қара дегелек, т.б. құстар бар. Саябақ жерінде самырсын, балқарағай, қарағай, шырша, қафйын, мойыл, терек өседі. Өте сирек кездесетін жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, Қазақстанның»қызыл кітабына» енгізілген 40 астам өсімдік түрлері кездеседі. Мыс, алтын тамыр, алтау рауғашы, марал түбірі, т.б. Сондай-ақ саябақ жері табиғат жіне мәдениет есекрткіштеріне де бай. Теңіз деңгейінен 456 метр биіктікте орналасқан. Мұз тау және Көк көл сарқырамалары, мәдени –тарихи ескерткіш болып табылатын Берель қорғаны мен Көк көл кеніші бар.