Халықаралық қылмыстық құқық ұғымы

Халықаралық қылмыстық құықтың тарихы 19 ғ. Соңына келіп тіреледі және оның тарихи тамры тереңде жатыр.

1889 ж. Қылмыстық құқықтың халықаралық құқығы құрылды, ол барлық мемлекеттерге халықаралық қылмыстық құқықты жетілдіру ісінде ыннтымақтасуды ұсынды . Мұндай ынтамақтастық халықаралық қылмыскелерді қудалау жөнінде келісілген мемлекетаралық шаралар жүргізу арқылы көзделген болатын.

19 ғ. Алғпшқы халықаралық құқықтық актілерқұлдық және құл саудасы мәселелріне қатысты болды. Мысалы, 1815 ж. Вена конгресі осы мәселе жөнінде арнайы декларация қабылдады. Англи, ресей, Австрия қатысушысы болған 1841 ж. Лондон шартында құл саудасы қылмыстық құбылыс деп танылды.

Дәл осы кезеңде халықаралық қауымдастық қылмыстылық туралы басқа да халықаралық шарттарды қабылдады. Мысалы, 1885 ж. Берлин конференциясында құл саудасының қылмыс екенін және жазаланатындығын; 1889 ж. Әйелдерді саудалаумен күрес жүргізудегі Лондон халықаралық конгресі бекітілді. 1884 ж. Парижде су асты телеграф кабельдерін күзету туралы халықаралық конференцияғақол қойылды. 1802 ж. Англия, Франция, Испания және Голландия арасында кісі өлтіру, қасақана банкрот болу және қолдан ақша жаса жөнінде айыпталған адамдарды ұстап беру туралы Амьен шартына қол қойылды.

Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көзі жүйесі, тұтастай алғанда халықаралық жария құқықинституттарының жүйесін қайталайды. Тек реттеу затының ерекшелігіне байланысты болмашы өзгерісітер болуы мүмкін. Халықаралық жария құқықтың негізігі қайнар көздері екі жақты  және көпжақты шарттар болып табылады. Халықаралық қылмыстық құқыққа қатысты құқықтық нормаларды халықаралық құқықтың басқа салаларынан да табуға болады. Мысалы, өлім жазасын алып тастау туралы Конвенциялық нормалар, азаптауды болдырмау және тыйым салу туралы, кәмелетке толмағандарды, әйелдер мен балаларды түрмеде қамау ұстау ережелерін «Халықаралық жария құқықтағы адам құқықтары » деген саладан кездестіруге болады.

БҰҰ Конгрестерінде, Комитет мәжілістерінде қарастырылатын мәселелрдің жартысынан көбі қылмыстың алдын алуға жатқызылады. Осы саладағы БҰҰ органдарының қызметін күшейту кейінгі жылдардағы қылмыстық стердің криминологиялық аспектілерінің үдеп кетуіне байланысты болып отыр.

Халықаралық қылмыспен күрес іс-тәжірибесі халықаралық және ұлттық органдардың құық бұзушылықтардың алдын алу қызметтерінің келешегін көрсетіп отыр. Халықаралық қылмыстық құқықта мұндай күрестің екі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатыны жалпыға мәлім. Біріншісі- құқық бұзушылықтың, оның ішіндегі ең қауптісі – қылмыстың алдын алу. Екіншісі- жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстарды көпшілік жағдайларда кінәліге жаза тағайындау рқылы ашу, тергеу.

20 ғ. 60-жылдардың аяғы мен 70- жылдардыңбасында БҰҰ-ның бірқатар құжаттарында бірқатар қылмыстылықтың алдн алуды жоспарлаудың  маңыздылығы мен қажеттілігі белгіленеді. Жоспарлаудың ұлттық және ішкі мемлекеттік деңгейі ескеріледі. Конгресс құжаттарында халықаралық қылмыстардың шеңберін анықтауға талпыныс жасалғанда қылмыспен күресуде экстрадицияны халықаралық ұйымдар арқылы арқылы жеңілдетуге, әмбебап юрисдикцияны тарату арқылы күрсу туралы  ұсыныстар жасалды. Ұзақ уақытқа дейін халықарлық қайымдастық ішкі мемлекеттік шараларды талап ететін жалпы қылмыстық сипаттағы қылмыстарды белгілі бір жағдайда халықаралық қылмыс болып есептелетін және онымен күрсу кешенді шараларды талап ететін әрекеттермен шатастырып келді.

Қылмыстық істермен күресу үшін халықаралық қылмыстық полиция ұйымын – Интерполды құру туралы келісімге қл қойылды. Интерпол тарихы 1914 ж. Сәуір айынан басталды., ло кезде 14 елдің сарапшы заңгерлері мен полиция офицерлері Ионакада криминалды полицияның бірінші халықаралық конференциясына жиналған болатын. Сөйтіп, криминалды мәліметтердің халықаралық бөлімшіесі құрылып, қылмыскрлерді ұстап беру рәсімі келісілді. Екінші конгресте 1923 ж. Халықаралық криминалды полиция Комиссиясын құру туралы қарар қабылданды., оның ресми орналасу жері Вена деп танылды. ХКПК екіншідүниежүзілік соғыс басталғанға дейін әрекет етті. 1946 ж.    Комиссия өз жұмысын қайта бастады. Штаб пәтері Парижге көшірілді.

1956 ж. ХКПК өз атауын Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы  Интерпол деп өзгертілді. 1989 ж. Бері оның штаб пәтері – Лион қаласында орналасқан.

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының мақсаттары:

  • Елдердің қолданыстағы заңдары шегнде қылмыстық полицияның барлық органдарының өзара ынтымақтасуын қамтамасыз ету және дамыту.
  • Жалпы қылмыстық істермен күресудің алдын алуға тиімді көмектесетін мекемелерді құру және дамыту.

Интерполдың маңыздылыққа алатын қағидаларына мыналар жатады:

  • Ынтымақтастыққа лингвистикалық немесе географиялық кедергілер тосқауыл болмауы тиіс.
  • Интерполдың барлық мүше мелекеттері тең құқылы және оларға бірдей қызмет көрсетіледі.

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы Бас Ассамблеядан, Атқарушы комитеттен, Бас хатшылықтан, Ұлттық орталық Бюродан және Интерпол кеңесшілерінен құралады.

Бас Ассамблея Интерполдың жоғарғы басшылық органы болып табылады. Бас Ассамблеяның шешімдерінің орындалуын ААтқарушы Комитет бақылайды, ол өз мәжілістерін жылына үш рет шақырады.

Орталық үйлестіруші орган – Бас хатшылықты Бас Хатшы басқарады. Бас хатшылық бұл ұдайы әрекет ететін әкімшілік және техникалық орган. Ол Лионда орналасқан, төрт бөлімнен тұрады: жалпы әкімшілік, байланысу және криминалды мәліметтер, құқықтық мәселелер және техникалық қамсыздандыру мәселеллері.Ұлттық орталық Бюро – Интерполдың бөлімшесі ретінде және елдің интерполдағы өкілдігі ретінде қызмет ететін мемлекеттік полиция органы. ҰОБ мәліметтерді алады, өңдейді және тиісті ұлттық құқық қорғау құрылымдары мен олардың шетелдік әріптестеріне және Бас хатшылыққа жіберіледі.

1994 Интерполдың Бас Ассамблеясының 63- сессиясында ұлттық бюроларды қайта құру жөнінде қарар қабылданды. Ұлттық Орталық Бюро қылмытық істер мен халықаралық іздестіруде жүрген адамдар туралы мәліметтер алмаса отырып, хабарламалардың бір көшірмесін Бас хатшылыққа жіберіледі.Олар мәлімттердің копьютерлік базасына енгізед,сол арқылы Бас хатшылықтағы арнайы адамдар заматтардың криминалды әрекеттеріне қатысты мәліметтерді саралауға мүмкіндік лады. Саралау нәтижелері барлық ҰОБ-ға жіберіледі.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!