Халықаралық экологиялық құқық

Халықаралық экологиялық құқық жеке мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне түрлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді.

Түрлі сипаттағы ластанулар экологияға зиянды әсерін тигізеді. Халықаралық экологиялық құқықтың нормалары зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат объектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен, жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы ықтимал.

Түрлі кезеңдерде, түрлі авторлар қүқықтың осы саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келді. Олардың ішінде кең таралғаны “табиғатты халықаралық-құқықтық қорғау”, “қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау”, “халықаралық табиғат қорғау құқығы”, “қоршаған ортаның халықаралық құқығы”, “халықаралық экологиялық құқық” сияқты атаулар. Соңғы ұғым құқықтың осы саласының мазмұнын толық көлемде белгілеп береді.

Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың негізгі объектілеріне:

– құрлық, жер қойнауы, Дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктер және жануарлар дүниесі;

– негізгі ластау көздері: а) өнеркәсіптік химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай және газ, көлік құралдары; б) адамның құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеттері жатады.

Халықаралық қауымдастық қоғамдық қатынастардың осы саласын арнайы құқықтық реттеуге мүдделі болып отыр. Оған экологиялық мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты шарттардың өсуі дәлел бола алады. Халықаралық өкілдік ұйымдар күн тәртібіне табиғатты пайдалану мәселелерін қойып отыр.

Халықаралық экологиялық құқық осы заманғы халықаралық құқықтың салыстырмалы түрде алғанда жас салаларының бірі. Қоршаған ортаны корғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды. Халықаралық қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын қолданып, ықпал етуге ұмтылмауға шақырады. Жердің динамикасын, жағдайын, құрылымын қасақана өзгертуте тыйым салынады. Халықаралық экологиялық құқық халықаралық құқық субъектілеріне қоршаған ортаға әскери құралдарды пайдалану арқылы әсер етуге кімде-кімге көмектесуге, қолдануға, түрткі болуға тыйым салады, Оған бейбіт мақсаттар үшін ғана рұқсат береді. Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі халықаралық ынтымақтастық мақсаттары мынадай:

– адамды және оны қоршаған ортаның ауасын ластанудан қорғау;

– мемлекеттік аумақтағы қайнар көздердің ауаны ластауын шектеу, қысқарту және оның алдын алу;

– ақпараттар, консультациялар, ғылыми зерттеулер және мониторинг алмасу арқылы ауаны ластаумен күресу стратегиясын жасау;

– ауа сапасын реттеудің және оны ластаумен күрес шараларының ең жақсы жүйесін жасау;

– кез келген қайшы әрекеттерге тыйым салу және алдын алу бойынша кез келген заңды шараларды қабылдау.

Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі арнайы көпжақты алғашқы конференция 1972 ж. Стокгольмде шақырылған болатын. Ол БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасының (ЮНЕП) жүзеге асуына жол ашып берді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының XXVII сессиясында “Қоршаған орта саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үйымдық және қаржылық шаралар” деген қарар қабылданды.

Кейінірек, 1975 ж. Хельсинки Қорытынды актісінде “Экономика, ғылым, техника және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастық” деген арнайы бөлім пайда болды. Бұл құжатта осындай сипаттағы ынтымақтастықтың келешегі белгіленді. Оның ішінде, халықаралық ынтымақтастық қоршаған ортаны қорғау мен жақсартудан, сондай-ақ қоршаған ортаға және оның ресурстарын қазіргі және келекшектегі адамзат игілігі үшін ұтымды пайдаланудан келіп шығатындықтан, ол экономикалық даму үшін үлкен маңызы бар міндеттердің бірі болып табылады.

Мемлекеттер өздерінің аумақтарында жүргізіліп жатқан әрекеттердің басқа мемлекеттің қоршаған ортасының нашарлауына себеп болмауы керектігін түсінуі тиіс. Хельсинкидегі Қорытынды Акті қарастырылып отырған саладағы ынтымақтастық мақсаттарын айқындап берді. Оларға:

– қоршаған орта проблемаларын зерттеу, қоршаған орта проблемаларының кешендІ ғылыми амалдарын дамытуды қолдау;

– фактілерді жинауда және саралауда пайдаланылатын тәсілдерді салыстыру және үйлестіру арқылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық және халықаралык шаралардың тиімділігін арттыру; қоршаған ортаның ластану проблемалары мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану женіндегі білімдерді дамыту;

– қоршаған орта саласындағы мақсатқа сай болатын және оларды үйлестіру мүмкіндігіндегі саясатты жақындастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау;

– қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, оның жай-күйін бақылауға арналған құрал-жабдықтарды жасау, өндіру, жетілдіру саласында мүдделі ұйымдардың, мекемелердің және фирмалардың ұлттық және халықаралық деңгейдегі қабылдайтын әрекеттерін қолдау жатады.

Осы бағдарламалық құжаттар халықаралық қауымдастықтың ынтымақтастық саласын айқындап берді:

  1. 1. Ауаның ластануымен күресу.
  2. Суларды және ауыз суларды пайдалануды ластанудан қорғау.
  3. Теңіздің қоршаған ортасын қорғау.
  4. Топырақ қабаты мен жерді пайдалануды қорғау.
  5. Табиғат пен қорықтарды қорғау.
  6. Қоршаған орта мен елді мекендердің жағдайын жақсарту.
  7. Қоршаған ортадағы өзгерістерді іргелі зерттеу, бақылау, болжау және бағалау.
  8. Құқықтық және әкімшілік шаралар.

Осындай сипаттағы ынтымақтастық нысандары ретінде: ғылыми-техникалық ақпараттар мен зерттеу нәтижелерін алмасу; конференциялар, симпозиумдар және сарапшылар кеңесін ұйымдастыру; ғылыми қызметкерлер алмасу; қоршаған ортаны қорғаудағы түрлі проблемаларды зерттеу мен шешуде бағдарламалар мен жобаларды бірігіп дайындау мен жүзеге асыру таңдап алынды.

1979 ж. Женевада кеңес өткізілді, онда мынадай құжаттар жасалды: атмосфералық ауаны едәуір қашықтықта шекарааралық ластау туралы Конвенция; бұл конвенция күшіне енгенге дейін атқарылатын шаралар туралы қарар; аз қалдықты және қалдықсыз технология мен қалдықтарды пайдалану туралы декларация. Осы құжаттардың құқықтық нормаларына сәйкес, қатысушы мемлекеттер адамдардың денсаулығына, өсімдік және жануарлар әлеміне теріс әсер ететін қалдықтарды атмосфераға шығаруды көбейтпеуге, кейінірек – азайтуға міндеттенеді. Бұл құжаттардың күшіне енуі коршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да халықаралық-құқықтық акциялар үшін Еуропада ғана емес, сонымен бірге басқа да континенттерде алғышарттар жасады.

1992 ж. маусым айында Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі Конференцияға шақырылды. Қоршаған орта және экономикалық дамудың өзара әрекеттестік мәселелері, Жердің экожүйесін сақтау және қорғау мақсатындағы ғаламдық әріптестік үшін жағдайлар жасау сияқты негізгі мәселелер күн тәртібіне қойылды. 1992 ж. халықаралық экологиялық құқықтың маңызды қайнар көздері қабылданды, атап айтқанда: Қоршаған орта және даму жвніндегі Рио Декларациясы; Биологиялық алуан түрлілік туралы Конвенция; Климаттың өзгеруі туралы негіздемелі Конвенция. XXI ғасырдың Күн тәртібі қабылданды. Бұл құжат жаңа жүзжылдықта мемлекеттерге, үкіметтерге, үкіметаралық және үкіметгік емес ұйымдар үшін ұсыныстық снпаттағы бәрін қамтитын жинақ ретінде көрініс тапты, оны орындау қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін болады.

Халықаралық экологиялық құқық қағидаларының жүйесі

Халықаралық экологиялық құқық қағидаларының жүйесі мынадай сипатта белгіленген:

– мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің халықаралық табиғатты қорғаудағы ынтымақтастықтарының қағидасы;

– қоршаған ортаға зиян келтірмеу қағидасы;

– жоспарлы қызметтің шекарааралық салдарын бақылау қағидасы;

– қоршаған ортаны ұтымды пайдалану қағидасы;

– мемлекеттік шекаралардан тыс жердегі қоршаған табиғи орта барлық адамзаттың ортақ игілігі болып табылады;

– экологиялық залал үшін халықаралық жауапкершілік қағидасы;

– қоршаған ортаны және оның құрамындағы бөліктерді зерттеу және еркін пайдалану қағидасы.

1992 ж. Рио-де-Жанейродағы конференция халықаралық экологиялық құқықтың әрекеттегі қағидалар жүйесін жаңа мазмұнмен толықтырды. Қағидаларды жіктеудің жаңа үлгісі ұсынылды, атап айтқанда”.

  1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы адам құқықтарының сақталу қағидасы.
  2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттердің ынтымақтастық қағидасы.
  3. Адамзат қоғамының тұрақты даму қағидасы.
  4. Бейбітшілік және экологиялық дауларды бейбіт жолдармен шешу қағидалары.

Халықаралық экологиялық құқықтың негізін қалаушы идеялар, бастау ретінде мынадай тезистер орын алды:

– қоршаған ортаны қорғау – даму процесінің құрамдас бөлігі;

– мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиімді заңдарды қабылдауы;

« қоршаған ортаға және адамдарға залал тигізетін ластағыштардың басқа мемлекеттерге өтіп кету фактісінің алдын алу;

– қоршаған орта үшін шекарааралық теріс салдар әкелуі мүмкін шаралар туралы өзара мәліметтер беру;

– жердің экожүйесін сақтап қалу мақсатындағы мемлекеттердің ғаламдық әріптестіктері;

– қоршаған орта жағдайының нашарлау проблемаларын дер кезінде шешу;

– жоспарланған әрекеттердің ықтимал экологиялық салдарын бағалау;

– қоршаған орта жағдайы нашарлауының алдын алу және сақтандыру үшін шаралар қабылдау;

– халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын құрметтеу және қоршаған ортаны қарулы қақтығыстар кезінде қорғауды қамтамасыз ету.

Халықаралық экологиялық құқықтағы халықаралық ұйымдар

Қоршаған ортаны қорғау проблемаларының шешімін табу қызмет саласына халықаралық ұйымдардың кең көлемін тартып отыр. Жалпы құзыретті халықаралық үйымдар қоршаған орта мәселелерімен айналысады. Оларға Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері жатады. 1972 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасы (ЮНЕП) жасалды.

БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің Жарғылық ережелері олардың халықаралық экологиялық құқық саласындағы міндеттемелерін тура бекітіп бермейді. Сонымен бірге, қоршаған ортаны қорғаудың

жеке аспектілері өш мекемелердің табиғатты қорғаушы ынтымақтастыққа іс жүзінде қатысумен расталып та отыр. Қоршаған орта проблемалары мен БҰҰ-ның қандай да бір мамандандырылған мекемелерінің негізгі мақсаттарының арасындағы өзара байланыс түрлі сипатқа ие. Мысалы, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) жарғылық ережелерінің орындалуы табиғат элементтерін ауылшаруашылығы өндірісі мақсаттарына пайдаланумен табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланумен байланысты болып келеді.

Басқа мамандандырылған мекемелер, мысалы ИМО, ИКАО, МАГАТЭ, теңіздің, әуенің қоршаған орталарын, энергияны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге икемделген. Адамдар өмірінің нақты жағдайларық денсаулықты, жұмыс күшін, қоршаған ортаны жақсарту мәселелері тұтастай алғанда БҰҰ, ЮНЕСКО, ХЕҰ қызметтерінде қарастырылады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!