Үйсін мемлекетінің құрылуы

Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б.з.д. II ғ. 160 ж. шамасында үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды, сөйтіп қолбасшы « гуньмо » ( Күн бағы-Күн бегі ) деп аталатын иеліктің негізін салды.

Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, Қаңлылармен ( Кангуй ) шектеседі. Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен ( Дуанмен ) ұштасып жатты.

Үйсіндердің астанасы Чигучен ( Қызылалқап қаласы ) Ыстық көлдің жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.

Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжанцянь үйсіндердің иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.

Деректерде б.з. III- ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси- тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым- қатынас жасағанын, үйсіндердің гуньмолары- билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын баяндайды.

Үйсіндердің этниклық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы үйсіндерд шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер- түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі « үйсін » деп аталады.

Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және діни адамдар, жрецдер болып, сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға бөлінген. Үйсіндердің тапқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді. Жалпы Жетісу жеріндегі үйсін заманынан қалған мыңдаған обалар үш түрге бөлінеді. Олардың біріншісі- диаметрі 50-80 м және биіктігі 8-10-12 м үлкен жер обалар. Мұнда атақты адамдар әскери басшылар, ру-тайпа көсемдері, ірі меншік иелері мен олардың әйелдері қойылған деп айтуға болады. Бұл обалардан сәндік заттар, ьай мүсінді алтын қаптырмалар, лак бұымдарының қалдықтары, аң стиліндегі әшекей бұйымдар, қару, қыш және ағаш ыдыстар табылған. Екінші үлгідегі обалардың көлемі 15-20 м шамасында, биіктігі 1 м дейін болған. Үйінді астында бір-екі мола, кейде бір молада кездескен. Құрал саймандардан: үш-төрт қыш және ағаш ыдыстар, ұсақ қола, кейде алтын әшекейлер ( сырға, жүзік, түйреуіш, білезіктер ), « скифтік » өнер стилінде жасалған қола аспалы белдіктер, қару- темір қанжарлар мен семсерлер, жебенің үш қырлы және қалақ бас ұштары. Мұндай обаларда өз алдына бөлек шаруашылық жүргізетін, халықтың көпшілігін қамтитын ерікті, қатардағы қауым адамдары жерленген. Ал үшінші түрдегі обалардың аумағы 5-10 м және биіктігі 30-50 см шағын үйінділер түрінде кездескен. Мұндағы көмілген заттар біркелкі және аз: бір-екі ыдыс, темір пышақтар мен түйреуіштер, оқта- текте қола сырғалары мен моншақтар кездеседі. Оларда қару болмаған. Бұл обаларда тәуелсіз ұсақ өндірушілер мен құлдар жерленген.

Үйсін қоғамында жеке меншіктің болғанының тағы бір белгісі- ондағы әлеуметтік таптардың ерекше бір белгілерімен бөлініп таңбалануы. Ерекше белгілерді ойлап тауып, оларды әсіресе бай топтардың иеліктерінде пайдалану ең алдымен әлеуметтік- экономикалық себептермен туындаған. Мұндағы меншік таңбалары ең әуелі қыш ыдыстарында пайда болған. Одан кейін меншік белгісі, үй малдарында, атап айтқанда, мініс аттарына да салынған. Сөйтіп, жеке меншік белгісін салатын металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер шыққан. Мұндай тұжырымды үйсін моласынан табылған қыш мөрі дәлелдейді. Ертедегі жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда, үйсіндердің өздеріне тән кейбір әскер басшылары мен шенеуніктерінде алтын және мыс мөрлері болған.

Үйсін қоғамындағы байлықтың негізгі өлшемі – шаруашылықтағы жылқы саны. Үйсін байларының жылқысы көп, олардың ең бай адамдары төрт-бес мың жылқы ұстаған. Оны Қытай саяхатшысы Сыма Цянь өзінің «Тарихи жазбаларында» («Шицзи») атап көрсеткен. Үйсін қоғамында, сонымен қатар малдары аз немесе жоқ кедей топарының болғандығы да ешқандай күмән тудырмайды. Үйсіндердің мал құрамында жылқыдан басқа, көп мөлшерде қой және сиыр, есек, ешкі де болған. Таптық қоғамда байлықты қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім. Олардың біріншісіне- мал, қол өнер өнімдері, тұрғын үй т.б., ал екіншісіне- жер жатқызылады. Қозғалмалы мүлік ертерек жеке меншік түрлеріне айналды, өйткені ол айырбас жасауға мүмкіндік берді. Мұның өзі, әсіресе көшпелі тайпаларда, соның ішінде Жетісудағы үйсіндердің белгілі бір топтарында мал түріндегі байлықтың жинақталып, мүліктік теңсіздігінің дамуына себепші болды. Үйсіндерде малға жеке меншіктің кеңінен тарауымен байланысты мұнда бөлінбейтін байлық- жерді пайдалану ісінде де теңсіздік орын алды, тіпті оны мұрагерлік жолымен пайдалану көрініс тапты. Атап айтқанда, «менің ата-бабаларымның сүйегі жатқан жер немесе менің қыстауым тұрған жер, менің жерім» деген белгілі қағида орын алды. Бұл көшпелі қоғамның бәріне тән жазылмаған заң- кімнің малы көп болса, іс жүзінде жердің де қожасы сол болуы керк деген қағида- үйсіндердің де нақты әлеуметтік өмірін бейнелейді. Яғни бай үйсіндердің төрт-бес мыңнан жылқысы болса (ал қыс кезінде бір жылқыны асырау үшін сапасы орташа 8-10 гектар табиғи жайылым керек), мұншама жылқыны бағу үшін шамамен алғанда 30-50 мың гектар табиғи жайылым қажет екенін есептеп шығару қиын емес. Сондықтан мұның өзі ежелгі үйсін қоғамында б.з.б. І ғасырдан бастап малы көп байлардың шұрайлы жайылымдарды басып алу үрдісі басталғанын айтуға негіз бола алады. Осымен байланысты б.з. алғашқы ғасырында үйсін жоғарғы топтарының қолында байлық одан әрі қорланып, мүліктік теңсіздік қанаушылардың үстемдігі мен қаналушылардың тәуелділігін күшейте түсті. Сөйтіп, үйсіндерде таптық қоғам қалыптасты.

Қытай бастаухаттары үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттаған. Оларда үйсіндер « егіншілікпен де, бау- бақша өсірумен де айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге мал- жанымен бірге көшеді де жүреді » — деп жазылған.

Расында да, мал шаруашылығы үйсіндердің өмір- тіршілігінде шешуші рөл атқарған. Жетісудың табиғи жағдайы Мойынқұм мен Балқаш өңірін қоныс еткен қыстаулардан бойлық бағдарымен жүріп отырып, жаз күндері мал қоңданып, қысқы мерзімге әзірленіп- әлденіп алатын, тау бастарындағы шөбі шүйгін шалғынды жайлауларға көшіп баруына қолайлы болған. Бұл аймақта жайлау мен қыстау аралары онша қашық емес 30-100 шақырым шамасында болады. Сол себепті де үйсіндер уақыт қыстаулары мен жайлауларында, әсіресе көктем мен күзгі жайылымдарына отырып қалады екен. Олар сол арада тұрақты үйлер салып, оның қасынан егін егіп, бау- бақша өсіретін болған. Үйсіндердің отырықшы болып, егіншілікпен айналысқанының бір дәйекті дәлелі- олардың тұрақты тұрғын үйлері, қора- жайлары, саздан көптеп жасалған ауыр аяқ- табақтары, дәнүккіштері, тас кетпендер мен әртүрлі дақылдар қалдықтары бар мекенжайларының болуы.

Археологиялық материалдарға қарағанда, үйсіндер тарихының ертедегі кезеңінен кейінгі кезңіне жақындаған сайын егіншілік рөлі артып отырған. Ендеше үйсіндер шаруашылығы кешенді- малшаруашылықты- егіншілік болған. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген. Үйсін байларының табындарында 500-ге тарта жылқы болғаны деректерден белгілі. Оларда жылқының әртүрлі тұқымы болған, оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар да болған деседі. Үйсіннің Теңлік обасынан табылған алтын қаптырмада шоқтығы биік айғыр мінген салт кісі бейнеленген.

Дәулетті- текті кісілер киімдерін жібек пен биязы жүн маталардан тіктіреді, ал қарапайым қалың жұрт киім- кешектерін түрпідей қылшықты жүн маталарынан, былғары мен қой терісінен тіктіріл киінеді екен. Жібекті Қытайдан жүрдек аттарға айырбастап алатын болған немесе тарту- таралғы және салық ретінде алып отырған.

Аяқ- табақты қыруар көп етіп дайындаған, оны әйелдер саздан жасаған, ал еркектер қайыңнан шағын стол- табақтар, зерендер, қымыз құятын ожаулар ойып жасайтын болған.

Үйсіндер мыс, қорғасын, қалайы, алтын кенді орындарын пайдаланған, темірді балқытып, одан пышақ пен қанжарлар, семсерлер, жебе ұштарын жасаған. Түрлі түсті тастардан, асыл металдардан моншақтар мен сырғалар, киім-кешек әшекейлерін істеп шығарған.

Үйсін қоғамы біртектес болмаған, онда байлары- тайпа мен ру дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара-малшылар мен егіншілер болған. Үйсіндер арасында жеке меншіктің өскеніне обаларын қазған кезде табылған, сазбалшықтан, тастан жасалған мөрлер айқын дәлел бола алады. Үйсіннің кейбір әскер-басылары мен аса көрнекті шенеуніктерінің қолында алтын мен мыс мөрлері болғаны туралы жазба деректер айғақталады. Жеке меншік тек малға ғана емес, жер- суға да тараған. Деректерде қоғамның жоғарғы жігінде қызмет жүйесінің кеңейіп кеткені айтылады. Үйсіндер қоғамында қауының азат мүшелерімен бірге құлдар да болған, олар негізінен соғыс тұтқындарынан құралады екен.

Үйсін қоғамындағы әлеуметтік айырмашылықтар археология материалдарынан айқын байқалады. Үйсін обалары өздерінің көлемі жағынан үш топқа бөлінеді: диаметрі 80 м, биіктігі 150м дейін жететін үлкен обалар; диаметрі 15 және биіктігі 2 м дейін жететін орташа обалар; диаметрі 10, биіктігі 1 м дейін жететін ең көп кездесетін кішкентай обалар. Қазба жұмысы жүргізілген кездері, егер қабыры таланбаған болса, үлкен обалардан археологтар көптеген алтын әшекейлерді, қару- жарақты, саздан жасалған аяқ- табақтарды тапқан.