Үй жылуын сақтайық

Жобаның мақсаты  парниктік газдардың, басқа да зиянды заттардың қалдықтарын тұрғын үйлерде және қоғамдық ғимараттарда тұтынуды төмендету, тұрмыстық қалдықтарды қысқарту, қалада экологиялық қолайлы орта жасау есебінен азайту болып табылады.

Таяу күндерге дейін тұрғын үй мен коммуналдық қызмет үшін төленетін ақыны мемлекет белілеп келді. Бүгіндері тұрғындардың бұл қызметке толық ақы төлеуі қарастырылуда.

Салынған ғимараттардың көпшілігін пайдалану мерзімнің өтіп кеткендігі қиындық туғызуда. Қазақстандағы қалалардың тұрғын үй қорының 50 – 60 проценті жер сілкінуге төзімділік талаптарына сәйкес келмейді. Жаңа орталық – Астананың құрылысын салуда жер асты сулары қиындық келтіруде, бұл өте сапалы, тез арада өзін-өзі өтейтін технологияны талап етеді. Каспий теңізінің деңгейі көтеріліп, су астында қалу қаупі көбейді. Атырауды салу жобасына ұқсас проблемалар мұнда да туындап отыр. Сонымен қатар бір шаршы метрдің өзіндік құны 90 – 100 долларға дейін, одан да төмендетілетін табиғи экологиялық материалдардан энергияны сақтайтын тұрғын үйлер салудың әлемдік тәжірибесі де бар.

Қазақстанда жылу сақтау деңгейі төмен бұрын салынған 250 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануда. Тұрғын үй қорында жылудың ысырабын төмендетудің республика үшін маңыздылығы ерекше. Ғылыми-зерттеу институттарының мәліметтері бойынша пайдаланудағы тұрғын үйлердегі жылу энергиясының шығыны есептелген мөлшермен салыстырғанда 25 – 30 проценттен асады.

Жобада энергияны үнемдейтін құрылыс технологиясына маркетингтік зерттеу жүргізу қарастырылған. Жекелей энергиямен жабдықтаудың жағдайға байланысты жүйені таңдау жүргізіленді. Бұл жүйеге жел, күн қуатын, биогаздың органикалық қалдықтарынан, мұнай кеніштерінің қуалай соққан газы, мұнай өнімдерінің қалдықтарын, көмір шахтыларынан шыққан метанды, т.б. ұқсатудан алынған қуатты пайдалану енеді. Жылыту мерзімі барынша ұзақ солтүстік аймақтардағы бағдарламаны жүзеге асыру көзделіп отыр.

Экологиялық тауарлар мен тұрғын үй салуғаарналған жабдықтарды сатып алу мен өндіру жолға қойылады.

Экологиялық қоныстар Көкшетаудағы эксперименттік ғимараттарды жылылау немесе қайта қалпына келтіру және <<Экоүй>> жабдықтары мен технологиясын сататын және жасайтын сауда орталығын салу қолға алынады.

Негізгі жауап кершілік ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігіне, энергетика, индустрия және транспорт министірлігі жанындағы тұрғын үй мен құрылыс саясаты жөніндегі комитетке, Сәулетшілер одағына, Дизайнерлер одағы жанындағы жобалық болжамдар лабораториясына, Алматы энергетика және байланыс институтына, тұрақты қоныстар ассоциациясына және  <<Экоүй>> фирмасына (Новосібірдегі Академқалашық), қазақ құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу институттарына жүктелген.

Комуналдық секторда энергияны тұтынуды жылытуға, жылы сумен жабдықтауға жұмсалатын энергия, сондай-ақ тамақ дайындайтын газ, жарықтандыратын электрэнергиясы,тұрмыстық аспаптар, шағын қуатты жылу генераторларының тиімділігін арттыруға кететін электр қуаты жатады.

Энергияның негізгі бөлігі жылытуға жұмсалады.Құрылыс кешендері мен тұрғын үй-коммуналдық салада республикадағы энергия ресурстарының 38 процентке жуығы жұмсалады.

Негізгі тұтынушылар тұрғын үйлер мен әлеуметтік салалар.Олардың энергия жүйесіндегі жүйесіздік пен қарыздарлығы, газбен жабдықтаудағы іркіліс электр қуаты мен жылудың, әсіресе солтүстік облыстарда барынша тапшылыққа, энергия желісінің жиі бұзылуына әкеліп соқтыруда.тұрғындардың бір бөлігі күн снап өсіп отырған тарифтен энергия ресурсының төлемақысын мерзімінде төлей алмай отыр. Электр қуатын берудегі ысырап Қазақстанда орташа есеппен 15,2 процент. Жылу трассаларындағы жылы ысырабы 50 процентке жетеді.

Шағын қазандықтар ( 3 Гкал/сағ.дейін ) және жеке жылыту қондырғыларының (25мың ккал/к дейін) автоматты реттегіші жоқ ескірген конструкциясы мен бақылау құралын іске қосу осы тәріздес шетелдік құралдарға қарағанда көп еңбек шығынын және едәуір уақытты қажет етеді.

Жылыту және ыстық сумен қамтудың бағдарланған тиімді қазандықтардың дараланған желісін кең таратуға оның бағасының жоғарылығы кедергі келтіруде: орнатылатын қуаттылыққа шаққанда бір киловаты 100 доллардан астам болады. Жылу технологиясы лабороториясында сұйық отынды микрошырақты тәсілмен жағатын жылыту аспаптарының және тозаңдатқыш шілтері бар, температурасы төмен жылытқыш қазандықтарының мемлекетаралық стандарттарға сай келетін тәжірибелік үлгілерін жасады.

Басқару және технологиялық қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін арттыру үшін Алматы энергетика және байланыс институтында энергиямен жабдықтау проблемасы бағытындағы инжинерлік мамандық дайарлайтын база ашу қарастырылған.

Басым бағыты технологияны талдау және таңдау, энергия аудитінің инфрақұрылымын мониторингін жасау, кәсіпорындар мен комуналдық секторларда энергияны пайдалануды жоспарлау мен бағалауды іске асыру, энергияны сақтау ( орталықтар ұйымдастыру) жөніндегі мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта дайарлауды күшейту көзделіп отыр.

Жабдықтардың маркетингі өткізіледі, сұйық газ тәріздес әрі қатты отындарға арналған қуаттылығы 15-500 квт.температурасы төмен жылу қазандықтарды шығару қолға алынады.

Үлгілік топтар сатылып алынады және энергияны сақтайтын ыдыстарды, үнемі газ шілтерлері, электр плиталары, т.б. аса қажетті жабдықтырды өндіру мүмкіндігі зерттеледі.

 Комуналдық энергия сақтаудың демонстрациялық аймағы Алматы, Көкшетауға немесе Астанаға орналасады.

Жоба республикада аспаптар жасайтын өндірістің және тиімділігі жоғары құрылыс жылуды оқшаулайтын отқа төзімді материалдарды өндірудің дамуына, ұтымды және экологиялық қауіпсіз бұйымдардың есебінен жылыту аспаптары паркінің жаңарып, кеңейуіне мүмкіндік береді. Энергияны пайдалануды жетілдіру энергияны сақтау шығынын бес есе өтейді, энергия тасығыштарға деген үлкен сұраныстың өсуін болдырмайды, атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды 15-20  процент азайтады.

Негізгі атқарушылар: жауапты министрліктер мен ведомостволар, Алматы энергетика және байланыс институты, <<Энергия өндірісі>> институты, Қазақ техникалық институты, <<Ес-Қазақстан>> энергия орталығы, Қазақ мемлекеттік архитектура-құрылыс академиясы, Қазақстан Республикасындағы энергияны сақтау бағдарламасын әзірлеуге қатысқан <<Берлс энд Роу Энтерпрайзисинк>>,<<Фостер Уилдердің>> кеңесшілерінің тарту ұсынылады.

Шағын өзеңдер мен термальді сулар.

Шағын гидроэнергетика –пайдалы құрылымды ұйымдастыруға болатын тұтас кешнді жүйе болып табылады.

Гидроресурстардың перспективі ауқымы жылына 52,5млрд. Квт/сағатты құрайды.Бұл жылына 18,4 млн. тонна көмірді жаққанмен бірдей.Шағын суэлектр станциялары отын кеніштерінен қашық тұтынушыларды қамтиды, сондықтан оларды салу тиімділігі одан да көп болады.

Біздің өзеңдерімізде қуатты 4-50 квт. 450-ден астам шағын мыңдаған және микроСЭС-тер жұмыс істей алады.Бұрының жұмыс істеп тұрған толық жобалар станциялар ерекше қызығушылық туғызады.

Өкінішке орай,Қазақстанда толық ауқымды су күшін беретін жабдықтарды өндірушілер жоқ, бұлар алғашында шетелден әкелінеді.Сондықтан бұл жобалар шетелдік инвесторларды қызықтырады.

Кейбір аймақтарда, әсіресе Жетісуда, Қазақстанның оңтүстігі мен шығысындағы гидроэнергия ресурстары ондаған млр. квт/сағ бағаланады.

Бұл жүйені дамыту үшін <<Шағын гидроэнергетика компаниясы>> АҚ құрып, Қазақстанның бес аймағында щағын СЭС салу үшін түрлі жобалау ұйымдарымен келісім жасау қажет.

Алматы энергетика және байланыс институты, Қазақ энергетика ғылыми зерттеу институты, ТОО <<Континент>>, <<Алматыгидрожоба>>, <<Гидрожоба>> негізгі орындаушылар болып табылады.

Әрбір облыста бір-бірден шағын СЭС салып, қалпына келтіру үшін 10 млн. доллар қажет.

Сонымен қатар геатермальді суларда да едәуір қосымша энергия көзі болып табылады. 2000 шаршы метр су тартатын бір скважина тәулігіне 60-80 градус температурада 2,5-3 гектар жылыжайды жылыта алады, бұл 500-600 тонна көкөніс өсіруге жетеді. Шағын фермерлік шарушылықтарды жекешелендіру олардың қызметін ширатты, жылу энергиясына сұраныс күрт өсті. Алматы облысындағы Жаркенттегі  88-96 градус Целси терминальді суды тәулігіне 300 шаршы метрге дейтін тартатын скважина бар.

Қазіргі кезде Капий ойпатында, Маңғыстау – Үстірт жүйесінде, Торғайда, Аралдың солтүстік жағалауында, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу; Сарысу құйылысында зерттеу жүргізіліп, практикалық  қолданысқа қолайлы, температурасы жоғары 5-тен 30-ға дейін скважиналар табылды.

Ыстық су 90 градус температуралы қысыммен гидравликалық құбырға жіберіліп, онда электр қуаты өндіріледі, сосын су желі суын қыздыру үшін жылу алмастырғышқа түсіп, тұтынушыға жетеді, ал термальді су асханалық немесе медециналық мақсатқа қолданылады.

Жобаны іске асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан республикалық ғылыми-техникалық орталық құрып, Жаркент ауданында бұл жобаны іске асырған дұрыс, сондай-ақ жаңа скважиналарды бұрғылау мен талдау мәліметтерін жинастыруды да қолға алу қажет.

Мемлекет ҚР <<Энергияны сақтау туралы >>, <<Қоршаған ортаны қорғау туралы>> Заңдарға сәйкес экологиялық таза энергия көздерін пайдалануға қолдау көрсетуі тиіс.

Жобаның негізгі орындаушылары Геология және қазба байлықтар комитетінің минералды шикізаттар, энергетика және байланыс институттарының мамандары болуы мүмкін.

Даму бағдарламасы

1996 жылы күн энергиясы проблемалары жөніндегі әлемдік кездесуде <<1996-2005жылдарға арналған әлемдік күн бағдарламасы>> және <<Күн энергетикасы және тұрақты даму жөніндегі Харар Декларациясы >>  қабылданды.

сақтауда, қоршаған ортаның азып-тозуын азайтуда айрықша роль атқаруы тиістігі атап көрсетілген.

Республикада орталықтандырылған жылумен қамту дамығанына қарамастан тұрғындардың 60 процентке жуығы бұл жүйемен қамтылмаған. Барлық жылудың 45 процентке жуығы негізінен көмір пайданылатын шағын құрылғылар үйлесіне тиеді.

ҚазМУ базасында фото элементтер мен күн батареяларын өндіруді ұйымдастыру қарастырылып отыр.

Алматы ғимараттарын жылытатын күн қуатын пайдаланатын коллекторы-аккумуляторының тәжірибелік үлгісі даярланатын болады , Жаркентте геотермальді суды қыздыру үшін жасалып, мұнтаждалған гелмостанция, күн жылуымен қыздырылатын шағын бассейн жобаланып салынады. Ақмола силикатты кірпіш заводында күшті бу алуға арналған бөлінгіш желісі бар мерзімдік жылу аккумуляторды гелиоконцептратор орнату жобалануда. Мұндай құрылғы көптеген аумақтарға қажет болады. Гелмоқұрылғылар өзінің экономикалық мақсаттылығын көрсетіп ішкі рынокта тұтынысқа ие болады.

Бұған ұқсас жобада күн энергиясын пайдаланудың экономикалық жағынан өзін ақтайтындығы, ең алдымен әлеуметтік мәселенің шешімі табылатындығы болжанданған.

Бұл үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанына “Қазгелиотехника” халықаралық ғылыми-техникалық орталық құру көзделген. Аймақтар бойынша құрылғы орнату тұтынысын таяу 5-10 жыл көлемінде қажетті отын мен энергия жеткізушілерді, тұтынушылар сұранысын есепке ала отырып негіздеу, сондай-ақ күн және энергияның дағдылы емес басқа да көздерін пайдаланып жылумен қамту желісін жасау қарастырылған

Жоңғар қақпасын игеру үлгісімен жел энергиясын пайдалану

Жел қуатын пайдалану энергетикалық дағдарысты азайтады. Оның Қазақстандағы қоры барынша жеткілікті республиканың ЖЭС-ті 42 аймағында салу көзделіп отыр. Бұл шағын сұраныспен көптеген тұтынушыны қамтуға өте қолайлы, өйткені көптеген елді мекендер жол тораптарынан шалғай аудандарға орналасқан.

«Жоғары қақпасы Қытаймен шекарада –бұл табиғи аэродинамикалық құбырдағы ауа ағымдары шоғырланған жер бнтіндегі жалғыз орын, ал тау сілемдері және сулы-шөлейтті жазықтықтағы Жоңғар даласымен келетін <<Евгей жнлінен пайда болған.Қайта соғатын солтүстік батыс <<Сайқан>> желі бойынша әлсіз, Бетпақ далаға, Балқаш, Алакөл көлдеріне жинақталып, Тары қыраттары мен Жоңғар Алатауында қалыптасады.Бұл желдер қандайда бір жергілікті себептен сарқылып қалмайды, яғни олардың энергиялық қуаты тұрақты.

Желэлектростанциялары (ЖЭС)барлық жабдықтарымен Петропавл ауыр машина жасау заводында, Алматыдағы Киров атындағы заводта жасалуы мүмкін.Жел энергетикасын дамытуға көрсетілетін мемлекеттік жәрдем бюджет есебінен қаржылай берілуі тиіс.

Негізгі орындаушылар –Алматы энергетика және байланыс институты, ТОО ,<<Континент>>оған қатысатындар дайындаушы кәсіпорындар, құрылыс-жабдықтау мамандандырылған кәсіпорындар, оларға ҚР Ғылым министірлігі –Ғылым Академиясы ,<<Алматы және Алматы облыстық әкімшіліктері көмектеседі,<<Казсельэнергияжоба>> институтымен өзара ынтымақтаса отырып, кейбір шетелдік фирмалардың орындаған, жұмыстарын есепке алу арқылы жүзеге асырылады.

Ең алдымен жеке тұтынушылар үшін қуаттылыға шамалы виндроторлы ЖЭС-рын (Қарағанды, Павлодар, басқа да облыстарда) енгізу жоспарланып отыр.

Қазақстанның желді аудандарын өлшеу үшін алты үздіксіз құрылғы даярлап, оларды одан әрі сериялап шығаруды жолға қою көзделуде.

Шетелдік инвесторларды тарту үшін мүдделі елдермен жел технологиясы элементтерін бірлесе жасап, іске асыратын жобаны әзірлеу қажет. Ол БҰҰ-ың климаттың өзгеруі жөніндегі шектелген конвенциясы мен Киот протоколы (хаттамасы)механмзмдері шеңберіндегі жеке меншіктік құқықтық беретін жағдайда жасалуы тиіс.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Атырау басқа да облыстардың әкімдерінен ЖЭС салу туралы ұсынастар алынды.Жеке пайдаланатын 80 станция дайындық қарастырылып отыр.

Павлодар облысындағы түсті металлургия кәсіпорындарының ауаны ласандыруын қысқарту.

Павлодар облысында 1996 жылы тұрақты көздерден атмосфераға шығарылған ластанған заттар қалдықтары -700 мың  тоннаға жуықтаған. Оның негізгі үлесі энергетика кешені мен түсті металлургия кәсіпорындары – Павлодар алюминий заводы және “Қазхром” ҒТК-ның Ақсу феррослав заводына тиеді.Бұл екі кәсіплорының да технологиясы және шаң-газ тұтқыш тазалығыш жүйесі ескірген.

Қоршаған ортаны қорғау қорының қаржысын пайдалану, табиғат қорғау әрекеттерін ынталандырудың кешенді шараларын енгізіп, оны қалыптастыру механизмін өзгерту ұсынылады.Бұл облыстар мен қалалардың табиғат қорғау бағдарламасын кәсіпорындардың жүзеге асыруын, ең алдымен “Қазақстан алюминий “ АҚ , Ақсу ферросплав заводында негізгі тастанды қалдықтар көздеріне тазалағыш құрылғыны қайта құрудағы бастамаларын жеделдетеді.

Қарағанды: қазандықтарға арналған метан

Метан буланған газ болып табылады; бірақ оны ұқсату көмір отынды алмастыру жағынан алғанда өте маңызды. 1 кг. метанның жануы  1,5-1,6 көмірдің жануымен бірдей. Атмосфераның ластануы 5 есе азаяды. Таулы кеніштерден метанның көп мөлшерде бөлінуі желдетуді қиындатады. Берілетін ауаның көбейуі электр қуатын тұтынуды едәуір ұлғайтады.

Сонымен жобаны іске асыру экологиялық және экономикалық жағынан да аса қажет.

Газданған көмір кеніштерінен кен өндіргенде көмір қабаттарын, оның серіктестерін және және өндірілген кеңістікті газсыздандыру скважиналарды бұрғылау жолымен атқару қарастырылған. Бұл скважиналар өндірілетін тау қабаттарына орнатылған. Скважиналардан жер бетінде орналасқан вакуум-насостық станцияға дейін жүргізілген құбырлар желісіне жалғастырылады.

Вакуум – насостың тартуымен көмір қабаттарындағы метан скважинаға тартылады да сол арқылы құбырлар желісімен жер бнтіне шығады. Құбырлар желісіндегі метан жиынтығы құбырлар жалғанған жердегі ауаның сорылу көлеміне қатысты болады. Бұл схема бойынша 1990 жылы жинақталған метанның көлемі жылына 210 млн. шаршы метрге жетті.

Алынған метан көрсетілетін екі объектіде пайданылады. Бұл екеуі қазандық газымен және көмір отын қазандығына отынның жанғыштығын ұлғайту үшін берілетін метанмен жұмыс істейді. Тұрмыстықмақсаттарүшін метанды қосындылаомен арнаулы сиымдылыққа жинақтап, пайдалану мүмкіндігі зерттелетін болады.

Қарағандыда жағар-жанармайдың қымбаттылығына байланысты метанна алынатын метанолды пайдалану жоспарланған, бұл бензиндегі қорғасын қоспасынан құтқарады.

Жоба «Испат-көмір компаниясының», тұрғын-үй комуналдық сала боъектілерін жылумен қамтитын жергілікті органдар басқармаларының қызығушылығын тудыруы мүмкін.

Оның тұрақтылығы өңделген қабаттардан көмір өңдіруден түскен, түсетін метанмен, метанды ұқсатудан алынған энергия немесе шикізатты комерциялық жолмен сатумен қамтылады, үкімет пен облыстық әкімшіліктің ынталылығы көмір шахталары жабылып, жұмыссыз қалған шахтерлер проблемасын шешуге көмектеседі.

Жобаны атқарушылар: «Қарағандыгипрошахт» институты, «Шахтамонтаждгазация» мемлекттік басқармасы, тау-кен институты (Алматы), Қарағанды политехникалық интитуты, т.б.

  1. Таза автомобиль де-байлық

Алматы тұрғындарының денсаулығы мен қоршаған ортаға автотранспорттың кері ықпалын төмендету

Тыныс алу органдарының сырқаты жөнінен Алматы республикада бірінші орын алады.

Ауаны ластайтын негізгі көздер автотранспорттың тастанды қалдықтары болып табылады, олардың саны қазір 210 мың бірлікке жетті.

1993 жылдан бері автоматорлы транспортты отынмен жабдықтау жеткізіліп беретін жанармайларының нақты есебі жоқ комерциялық фирмалар арқылы атқарылуда. Күн сайын қалаға 40-50 мың шетелдік автомобиль келеді, олардың тастанды қалдықтары еш жерде есепке алынбаған.

1994 жылдың 14 қазанында өткен депутаттардың Алматыда қалалық мәслихат-жиналысының III сессиясында автотранспорттың табиғи ортыға зиянды ықпалын азайту жөніндегі іске асыратын щаралар қабылданды, «Алматы қаласының экологиялық жағдайын сауықтыру Бағдарламасын» бекітті.

Транспорттың қауіпсіздігі мен экологиялық стандартқа сай келу нормативтерін жасау көзделген. Оған қоса двигательдерде пайдаланылған газдардың құрамындағы зиянды заттардың стандартын есепке ала отырып, транспорттық инспекциялық орталықтарды және техникалық қызмет орталықтарын құру қарастырылған. Экологиялық стандарттарды техникалық қызмет көрсету станцияларының гараждардағы қызмет тәртібін белгілеу, экологиялық рұқсат алу тәртәбән енгізу керек. Финанстық ынталандыруды пайдалануды ( экологиялық қауіпсіз транспортты алып, пайдалануға бағыттайтын салықтық және сақтандыру желіктері ) зерттеу керек. Жанармай сапасы стандарттарының нормативтерін енгізу, сапасы төмен шетелдік жанармайды қолдануға тыйым салған дұрыс. Жергілікті тазалау заводтарының жоғары сапалы жанармайларды өндіруін ынталандыру керек. Экологиялық қолайлы отын-жағылған табиғи газды қолданысқа енгізу қажет.

Транзистік транспортты 85 процентке шектеу, транспорт тұратын орындарды қала шегіне орналастыру, қоғамдық электрлі транспорттың дамуын қамтамасыз ету, ауаны тазартатын құрылғылар орнату жоспарланған.