Таным процестері

Сыртқы дүниені танып білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы тітіркеністері түйсік болып табылады.

И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анотомиялық-физиологиялық жүйке ақпараттарының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс) үш бөліктен түрады.Біріншісі сезім мүшесі (рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргішті жүйелік қозғауға айналдырып отырады. Екінші бөлігі ─ миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөлігіне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті ─ мидағы түрлі жүйке орталықтары. Олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті.

Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.

Психологияда адамдардың түйсінуіне алу қабілетін сезгіштік деп аталады. Сезгіштік: 1)абсолюттік; 2)айырма сезгіш деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз ─ сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік табалдырық ─ түйсік табалдырығының шегі. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен болса жатса, онда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз ультра күлгін сәулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді.

Айырма сезгіштік деп ─ сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әр ьүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100 тең. 100 шамдық жарық күшіне тағы бір шамды жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артықтылығы байқалады.

XIX ғ. орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э.Вебер (1795-1878) мен С.Фехнер (18011887) тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады. Мұны түйсіктің психофизикалық заңы деп атайды.

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгертіп отырады. Бұл құбылысты адаптация деп атайды.

Мәселен, жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылықтың адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы ибуөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе үлкейеді.

Адаптация тері түйсіктерінде де күшті байқалады.Мәселен, судың бір қалыпты бір қалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.

Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға байланысты төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.

Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің, пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдардың бір қызғылт түстен жылылықты, екіншілері-көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін сенестезия дейді. Синестезия ─ түйсіктердің өзара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.

Тітіркендіргіштердің әсерінен тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2-3 сек бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса (көзді жұмғанда қабақтан жарық түсірмеу үшін шамды алақанмен қалқалау керек), жарықтың ізін айқын көре алады. Бір ізді образдардың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады.

Түйсіктің түрлері.

Түйсіктің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады.

І. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстрорецептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады.

ІІ. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интерецепторлар деп атайды.

ІІІ. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұның рецепторы пропиорецептор деп аталады.

Қабылдау туралы жалпы ұғым.

Егер түйсік сыртқгер түйсік сыртқмен құбылыстардың жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.

Қабылдау ─ ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметтің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізінде бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатыды. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атады.

Сөйтіп, қабылдау ─ түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі.

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.

Қабылдау тұтастығы. Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз. Егер «Дударай» операциясындағы Мариям әнінің басталуын ғана құлағымыз шалса, осы әннің мазмұнын тұтастай қабылдай аламыз. Адам алдындағы үш нүктені жеке ноқат ретінде қабылданбайды. Мұны үш бұрышты тұтас бейнесі деп түсінеді. Өйткені, қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып келіп, тұтас нәрсенің бейнесін құрайды.

Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығы айқын көрінеді.

Заттармен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі ─ тану. Нәрсені тамынайынша, оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай және дарылап таны болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай болса, солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді. Объектілерді даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік адамдардың арасынан таныс дадамды бірден тану.

Қабылдаудың таңдамалылығы.  Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың таңдамылылығы делінеді.Егер кітапта «университет» деген сөз «унвеситет» деп қате жазылса да, оны біз «университет» деп дұрыс оқимыз. Қабылдаудыңтаңдамалылығы әр түрлі объективтік және субъективтік себептерге де байланысты болады.

Мұғалім бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраған кезде оған бір баланың жауабы ерекше ұнайды. Сонда мұғалімнің объектісі сол бала болады да, қалғандарының жауабы жөнді есептелмейді. Сөйтіп, аса зейін қойған зат әр кезде фигура болады да, оның оның айналасындағы қоршау фон болып есептеледі.

Қабылдаудың тұрақтылығы(константтылығы).

Қабылдаудың константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттердің бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф бағаналырының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз Өйткені олардың шындықтағы қалпы сондай. Қабылдаудың констаттылығы балалады 2 мен 4 жастың арасында қалыптасып болады. Бейненің тұрақты түрде келтіруде, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғарғы психикалық функция─сөз.

Қабылдаудағы иллюзия. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стаканға салынған қасықтың «сынған» құсап тұруы физикалық қасиеттермен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі жаңсақ пікірлер адамның әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты.

Иллюзия табиғаты ғылымда әлі толық зерттелмеген.

Апперепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперепция деп атайды. Апперепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады.

Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін прцесс.

Ес – күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.

Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.

Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу – пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы

Қиял. Жанның өзінде бұрыннан бар суреттелулерден жаңа суреттелулер жасай алуы қиял деп аталады. Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.

Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды.

Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. «Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу» (Ж.Аймауытов).

Сөйтіп, ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметі продуктысының бірі болып есептелінетін психикалық процесс деп түсінуіміз қажет.

Орыс ғалымдары И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперименттік зерттеулермен дәлелдеді.