Ыбырай Алтынсарин өмірбаяны

Ыбырай (Ибраһйм) (2.11.1841, қазіргі Қостанай обл. Қостанай ауд. — 30.7.1889, Қостанай) -ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырайдың өз өкесі (Алтынсары) ерте кайтыс болғандықтан, ол атасы Балгожа бидің тәрбиесінде өскен. Балғожа бк немересін 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының осы калада казақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Ресей үкіметінің көз-дегені осывдай мектептер арқылы жергілікті өкімш. орын-дарға казакгың өз ішінен кызметкерлер әзірлеу еді. Мектеп оқушыдары отаршылдық саясат рухында тәрбиеленуге тиісті болды. Бірак жасынан зерек А. бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде калмай, дүние жүзі әдебиеті мен орыс әдебиеті классиктерінің шы-ғармаларын өздігінен оқып. нәр алды. Мектепті бітіргеннен кейін, 1857 — 59 ж. аралығында Алтынсарин атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор обл. басқармасына кіші тілмаштык кызметіне ауысады. 1860 ж. Алтынсаринге обл. баскарма Орынбор бекінісінде (Торғайда) казак балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мүғалімі етіп белгіледі. Осыдан былай Алтынсаринның ағартушылық — педагогикалық қызметі басталады. Шалғай түпкірде мектеп ашу жүмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартушылық идеяларымен қанағттанған  Алтынсарин көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ауыл – ауыды аралап, халықка кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Алтынсаринның талабы мен қадамын халық қуаттады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп  1864 ж. 8 қантарда ашыдды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. Алтынсарин дүние жүзі педагогикалық классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оку ағарту практикасына еңгізген түңғыш педагог болды (1860 —79 ж. арасында ) Алтынсарин мүғалімдік, ағартушьшық қызметінен қатар аратірлік басқа да қызметтер атқарды: 1868 — 74 ж. Орынбор генерал – губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы, 1876 — 79 ж. А. Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды. Институт – мектептер ашуды қолға алды. Кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездеріне бірден екі кластық орыс – қазақ  мектептерін ашты, оларды бәрінде де кітапханалар ұйымдастыруға зор жөн көрді. Осыдан кейін болыстық бастауыш мектептер ашу ісін қолға алды. Бұл үшін ол «Болысть қазақ мектептері туралы зписка» жазды. Мұнда ол тек қазақ даласының ғана емес Ресейдің жартылай көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне бейім, жазда көшіп жүретін, қыста бір жерде орнықты отыратын мектептің жаңа түрін ұсынып, халық ағар жүйесіне елеулі үлес қосты. Болыстың ұсынысы бойынша 1888 ж. 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектер үшін қазақша тарынан оқытушылар дайарлайтын мүғалімдер мектебі ашылды. Оған Торғай, Ырғыз қ-ларындағы орыс-кырғыз учильищелерді жақсы бітірген жастар алынды. Алтынсарин қазақ жастары арасынан экономикалық салаларына кажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, қолөнер, а. ш. училищелерін ашуға көп күш жұмсады. Торғайда коленер училищесін ұйымдастырды. Қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған а.ш училещесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Алтынсарин Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазак халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде кыздар училещелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол қайтыс болған соң, екі жыл өткеннен кейін. Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтакта (1895), Актөбеде (1896) жанында интернаттары бар қыздар училещелері ашылды. Алтынсарин орыс – казақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта кұрды, окуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп окуында, әсіресе, ана тілін үйретуде К.Д. Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным – түсінігіне лайықты оқу — әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс – қазақ училещесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н. Толстойдың «Әліппе және оку құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым қурсын» оку құралы ретінде ұсынды. Алтынсаринның пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оку кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты окулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітапта қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Алтынсарин өз мақалаларында жерді пайдалану, қазақтардын отырықшылыққа көшуі, т.б. мәселелерді көтерді. Ресей империясының қазақдаласын отарлау, казақ еңбекшілерінің шұрайлы жерлерін мемллекет қорына тартып алу жөнінде заң жобасына 1880 ж. «Оренбургский листок» газетінде өз наразылығын білдірді. Алтынсарин жаңа дөуірдегі қазак әдебиетінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер – білім, техникасын игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ак табылар»). Автор оқу – білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық казғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ес-кертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ – қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі — Еш акылға жарымас»). Оку, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір ушін, болашақ үшін кажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оку. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды         өнер – білім, техникасын игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жүрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не деген секілді күрделі мөселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды кұстай үшырды, Мал істейтін жүмысты, От пен суға тусірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»). Табиғат көріністерін жеке алып, нақты суреттеу Алтынсариннің лирик. өлендерінен басталады. Ақын өзінің «Жаз», «Өзен» атты өлеңдерінде жыл мезгілдерін шеберлікпен сипаттайды. Мұнда ол Жаңа жыл басы — Наурыздағы елдің жайлауға көшкен бір сәнді кезеңін алып, оны малдың төлдеуі, актың кебеюімен, табиғат пен адамның өзара та-бысып астасқан ісімен қатар алып суреттейді. Күн мен Жердін мейірім – шапағатын ата – ана кейпінде, ал кызыл – жасыл гүлдерді жас балаға балап көрсетеді. Осы табиғат пен адам өмірін салыстыра, астастыра бейнелеу Алтынсариннің қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы болып табылады. Алтынсариннің төл әңгімелері қысқа да нұсқа құрылып, мазмұны жағынан ұтымды келеді. Осыған орай оның «Қыпшақ Сейіткүл», «Киіз үй мен ағаш үй» тәрізді новеллаларын тілге тиек етуге болады. Бүлармен үндес «Аурудан аяған күштірек», «Асылшеп», «Шеше мен бала», «Бай мен жарлы баласы», «Таза бүлақ», т.б. әңгімелері — әсерлі де көркем шығармалар. А. Ушинский, Л. Толстой, И. Крылов, И. Паульсон шығармаларын казақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде керкем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкіметінің 1989 ж. 22 желтоқсандағы каулысымен Алтынсариннің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы еткізіліп, ұстаздың мүраларына арналған ғыл., тарихи, пед. еңбектер жарық көрді. Арқалық ауданыда Алтынсарин мұражайы ашылды. Тобыл бойында Ыбырай кыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Алтынсаринге күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Алтынсарин атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б. бар.

АЛТЫНСАРИН — Қостанай обл-ның Қамысты ауданындағы ауыл. Іргесі 1954ж. тыңжерлерді игеруге байланысты қаланды. Торғай үстіртінің солтүстік – батысында құрғақ дала белдемінде, аудан ортасында – Қамысты ауылының оңтүстік – шығысына  қарай      60 км жерде орналасқан. Түрғындарының саны 0,8 милр. адам (1997). Алтынсарин а-дық округі мен кооп. шаруашылық орталыш. Ол Лисаковск қ. ар-қылы аудан орт. мен Тобыл т.ж. ст-на автомоб. жолы арқылы байланысады. Орта мектеп бар. Ауылға қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсариннің есімі берілген. АЛТЫНСАРИН АУДАНЫ -Қостанай обл-ндағы әкімш. аудан. Жер аум. 6,4 км2. Түрғыны 24,9 мың адам (1997). Орт. — Обаган а. А. а. жері түтастай Қостанай обл-ның солт. және орт. бөлігінде, Батыс Сібір ойпатывдағы Тобыл, Обаған өз-дерінің суай-рығында орналасқан. Жері жазық, теңіз деңгейінен 150 — 200 м биіктікте. Пайдалы қаз-балары: саз, боксит, қоңыр көмір. Климаты аса конти-ненттік. Қысы суық, жазы қоңыржай, ыстық. Қаңтар-дағы орташа темп-ра -17 — 18°С, кей жылдары -40°С-тан төмен, шілдеде 21 — 22°С, кей жылдары 37°С-ға дейін жоға-рылайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 — 300 мм шамасында. Су қоры: шығысында Обаған өз-нің орта ағысын, оңт.-шығысын-да Қүсмүрын к-нің солтүстік бөлігінен жөне көптеген ірілі-ұсақгы көлдерден түрады. Ірі-лері: Талы, Байжарық, Үзын-көл, т.б. Топырағы түтастай кара – коңыр және сары – қоңыр.  Бетеге, селеу аралас әр турлі шөп өседі. Ауданның солт.-батысын Арақарағай ор-маны, солт.-шығысын Сарыкөл орман шаруашылыщ-на қарасты қайыңды тоғайлар алып жатыр. Жануарлар дү-ниесінен қасқыр, түлкі, қоян, орманда аздап бұлан мен тиін; құстардан: бүркіт, кезқүйрық.

М. Жармүхаметүлы, Б. Айтмамбетова

Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай қазақ оқушыларымен бірге.

«Үміт еткен көзімнің нұры — балам»

Үміт еткен көзімнің нұры — балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.

Атаң мұнда анаң мен есен-аман,

Сүйіл сөлем жазады бүгін сашн.

Атаңды сагындым деп асыгарсың,

Оқуға көңіл бөлсең, басыларсың.

Ата-анаңды өнер білсең, асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң, «аһ» ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің?

Қолыңа қүрық алып кетер едің.

Тентіреп екі ауылдың арасында

Жүргенмен не мүратқа жетер едің?!

Бүл өлеңді Орынбор қаласында оқып жүрген жас Ыбырайга атасы Балқожа жолдаған екен. Ол өз заманының беделді адамдарының бірі болған. Заман ағымын аңғарғыш, оку-өнердің жолын түсінген Балңожа 5 жасар Ыбырайды (ол 1841 жылдың 20 казанында қазіргі Қостанай облысы-ның Алтынсарин ауданында туган. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның тәрбиесінде болган) Орынборда ашылмак болашақ орыс-казақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылганда түскен 30 қазак баласының бірі — Ыбырай еді.

Ңазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жанжақты білім алуга пайдаланган. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген багамен бітіреді.

Содан кейін екі жылдай Ыбырай өз елінде тілмаштьщ қызмет атқарады. Қазақ қогамының қайшылықты тұрмы-сын тереңірек түсініп, оның болашағы жайлы ойлануда бұл аз уақыттың өзі Ыбырай өмірінде едәуір із қалдырады.

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордагы Шекаралык комиссияның төрағасы, шығыстың зерттеуші белгілі ғалым, профессор В.В.Григорьевпен жақын танысады. Атасы Балкожаны жақсы білетін және сыйлайтын Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен карап, өзінің бай кітапханасын пайдалануына мүмкіндік берген. Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтің кемегімен орыс жазушыларының шыгарма-ларын, орыс жөне дүние жүзі агартушыларының еңбектерін, үлы адамдардың өмірі жайлы кітаптарды көп оқыран. Өз заманының озат ой-пікірімен танысқан. Әдебиет, саясат, арарту саласындағы журналдарды да зерделей қараған.

Осылайша өз бетімен окудың нөтижесінде білім корын едөуір молайтқан Ыбырай өзінің болашағьш тілмаш болудан емес, халықка пайдалы қызмет істеуден іздейді. Оның бойында агартушылыккд деген ынта туады. Сөйтіп, сол заманның прогресшіл ағартуіпыльщ ой-пікірі негізінде оның көзқарасы қалыптаса бастайды. 1860 жылы Орал сыртын-дагы казактар үшін тәрт бастауыш мектеп (Троицк, Торғай, Ыргыз жөне Қазалы қалаларында) ашуға ұйгарылған кезде Ыбырай өзі сүранып, Торгай мектебіне мүгалім болуға рұқсат алады.

Сөйтіп, мектеп ашу мақсатымен 1860 жылы Ыбырай Торғайга ауысады. Бірақ жергілікті орындардың жәрдемі жеткіліксіз болып, мектеп ашу ісі біраз созылып кетеді. Соган қарамастан, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз баланы өз үйінде окытады.

Ыбырайдың арман еткен мектебі Торғайда 1864 жылы рана ашылады. «Осы жылы каңтардың 8 күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оган 14 казақ баласы кірді. Бөрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды сщытуга қойга шапкан аш қасқырдай өте қызу кірістім» — деп жаза-ды ол белгілі шығыс зерттеушісі, профессор Н.И. Ильминскийге жолдаган хатында.

Ыбырай мектептегі сабақ пен төрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде қүрады. Сабақты қазак; тілінде жүргізе отырып, ол балаларга орыс тілін үйретуге, пөн негіздерінен хабар беруге тырысады. Төрбие жүмысын Ыбырай оқу арқылы өкім даярлау мақсатына емес, адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ төрбиелеп шығаруға бейімдейді.

Хальщпен етене араласу аркылы Ыбырай мөдениет пен білім жолына ұмтылудағы туран халкының көңіл күйін жақсы үгады. Бұл оны агартушылық іске рухтандыра түседі. «Қазактар мені қүшагын жая қарсы алды. Мектепке балаларын беруге ынталы адамдар толып жатыр», — деп жазды ол Торғайга барган соңақ Н.И.Ильминскийге.

Ыбырай Ильминскиймен халықтың жағымды мінез-құлқы, болашары жайлы ойларын да бөліседі. «Қазақ даласын үш жылдай араларан Сіздің кдзақ халқы ұгымтал, ақылды, дарынды, бірақ окымаған хальщ дейтініңізге мен сенемін, — деп жазды Ыбырай оған. — Қазақ халды қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз карапайымдылыңтың өзінен де көп жақсылық табамыз». Туган халқы туралы мұндай озық ойда болу Ыбырайдың демократтық кезқарастарының негізі болды жөне оның сеніммен жұмыс істеуіне кемектесті. Сонымен бірге Ыбырай ел ішіндегі теңсіздік, өділетсіздік, қанаушылықты да көре білді. Өкімдердің зорльщшыл сорақы қылықтарын сынра алды. Езілуші бұқараның мүддесін корғады.

Осы негізде Ыбырайдың ағартушылык, демократтъщ кезқарастары калыптасып, дамыды. Қогамдық өділетсіздік пен адам бойындагы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұгады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала окыту жүйесін жақсартуга жұмсайды.

1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың агартушыльщ жүйесін, орыс ашрту-шыларының еңбектерін зерттейді. Соларга еліктеп қазак тілінде оку қүралдарын жасауды ойлайды.

1879 жылы Ыбырай Торгай облысы мектептерінің инспекторы кызметіне ташйындалады. Бұл оның агарту-шыльщ кызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен шүіылданады. 1879—1883 жылдар аралырында Торғай облысының төрт уезінде (Торгай, Ыргыз, Троицк, Ақтөбе) уездік жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торгай каласында колөнер мектебі ашылады. Бүл мектеп қазақ даласындагы техникальщ білім беретін тұңгыш оқу орны болды.

Ыбырай кдзақ қыздарын окыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бүшн ескішіл өдет-салттарра қарсы күрестің бір саласы есебінде қарайды. 1887 жылы Ыргызда қыздар мектебін үйымдастыруы — үлы арартушының бүл тұррыда жасаган үлкен еңбегі.

Ңазақ даласында мектептер санының артуына байла-нысты Ыбырай мүгалімдер даярлайтын мектеп ашуды күн төртібіне кояды. 1881 жылы Омск қаласында түңгыш мүшлімдер мектебі ашылды.

Ыбырайдың инспекторлық және агарту саласындагы қызметін аталран мектептерді ашу ісімен шектеуге болмайды.

Ол сол мектептердегі төлім-тәрбие, оқу жұмысының жанды үйткысы болды. Оку-тәрбие ісін жаңаша ағартушы-лық барытта үйымдастырды. Бүл тұрғыда ол мұгалімнің аткдратын рөлін айрықша бағалады. «Халық мектептері үшін ең керектісі — оқытушы, — деп жазды ол. — Тамаша педагогика кұралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, өбден мүкият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да окьітушыга тең келе алмайды».

Ыбырай туган халкын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ашрту ісін айрьщша шабытпен жүргізді. «Қазактарра — осы дарынды, ақыл-есі мол халыкка — кешікпей рухани жөне ңорамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру — калай дегенмен де аса қажет болып отыр», — деп жазды ол 1883 жылы Торгай облысының өскери губернаторына жолдаған баянда-масында.

Оқытудан, мектеп жүмысынан бос кезінде көпшілікпен коян-қолтьщ араласып, олардың мүң-мүқтаждарына көңіл бөлген Ыбырай халық ортасынан шыққан талант иелері — ақын, әнші, өр алуан өнерпаздардың өсу, ілгерілеуіне көмек көрсетіп, жетекшілік еткен.

Көп ақындар Ыбырайды өздерінің рухани камқоры деп білген. Сондықтан да олар Ыбырайдың іс-өрекетіндегі бұқарашылдықты, ел қамын жеп, жұрт пайдасын ойлауын, ел арасындаіы дау-шар мәселелерінде турашыл, өділдігін өздерінің өлең-жырларына аркау еткен.

Ы.Алтынсарин сол кездегі Орынбор, Қазан калала-ръшдагы шыгыстану гылымымен шұғылданушы В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский, В.В.Катаринский, халық ағарту кызметкерлері Я.П.Яковлев, А.А.Мазохин, тағы баскалармен тыгыз қарым-катынаста болган. Оку-агарту мөселелері жөнінде олардан көп көмек алран. Әрине, олармен істес болганда қазақ халқының келешек тагдырымен байланыс-ты барлык мөселелерде бір пікірде болмаган. Бірак олармен сол үшін қарым-катынасын бұзбай, тартыспай-ақ Ыбырай өзінің ойга алган жұмысын жүзеге асыра берген. Мөдениетті де талантты педагог-жазушы, өрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық касиеті мол Ыбырай орыс жолдастарының арасында мейлінше беделді, қүрметті саналган.

Қазак халқын мөдениетке үндеп, халык агарту мәселе-сінде көп еңбек еткен казактың түңрыш педагогі, өрі ақын, өрі жазушы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы ауыр науқастан қайтыс болды.

«Қазақ хрестоматиясы»

Қазақ даласында өзіне дейінгі мектептерден жөне сол кездегі діни мектептерден мүлде езгеше жаңа багыттагы мектеп ашқан Ы.Алтынсарин мектептегі барльщ пәндер бойынша берілетін білімнің орыс тілінен басқасының бөрінің таза кдзақ тілінде жүргізілуіне баса назар аударды. Ңазак халқының келешегінің осы мектептерде екендігш көрегендік-пен болжаган агартушы мектептерге казақ оқульщтарының кажеттігін терең түсініп, 1876 жылдан бастап окулъщ жазу-га кіріседі. «Ңазақ хрестоматиясы» 1879 жылы Орынбор каласында басылып шьщты. Оқулық шыққан карсаңда Қазакстанда қазак тілінде ешқандай оқулъщтың болмага-нын Ы.Алтынсариннің өзі жазған мына бір пікірі хабардар етеді: «Қазақ халқының сауатсыздыгынан, қазак тілінде басылған бірде-бір кітаптың жоқтыіынан оку орындарының мұғалімдері казак балаларын оқытқанда, амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілінен ешкандай кемдігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келеді. Екінші жагынан, татардьщ кітап тілі араб, парсы сөздеріне толған, сол себепті ол қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басыльш шыққан кітап-тардьщ бөрі де тек дін туралы жазылган кітаптар, сондықтан олар осы жанынан алғанда, дүниялы мақсаттарды көздейтін орыс-қазак мектептерінде пай-далануга қолайсыз».

Ұлы агартушының халкыньщ сауатсыздыгьша байланысты бүл үлкен өкініші оның туған тілінде алгаш оқулық жазуына түрткі болды.

Ы.Алтынсариннің қазақ өдебиеті үлгілерін енгізіп, алгаш жазран қазақ оқулығының дүниеге келу себебінің өзі, біріншіден, қазак. балалары үшін оның езі ашып үйымдас-тырран мектептердің қажет-тігінен, сұранысынан туды. Ы.Алтынсаринге дейін өдеби мазмүндағы казақ оқулыгы былай тұрсын, таза қазақ тілін-де оқытатын мектептің де бол-маганын жогарыда келтірген едік. Ондагы мақсат қазақша өдеби окульщ жазуға коғамдық сүраныстың болмашнын дәйектеу еді. Ендігі жерде Ы.Алтынсарин екі бірдей маңызды тарихи бастама жасады:

а) казақ тіліндегі оқулықты қажет еткен таза қазақ мектептерін ашты;

ә)ашылган қазак. мектептерінің сұранысы қанағат-тандырылды; алгашқы оқулық жасалып шырарылды.

Ы.Алтынсарин өзі бастаған үлы істің жалшсы үзілмеуін қалады жөне солай болатынына да сенгендіктен оның тарихи маңызына ете зор мөн берген болатын.

«Мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірак алілан багытьшан кайтпай, қазақ өз тілінде шыі^ара білуі керек», — деп жазды Ы. Алтынсарин. «Қазак. хрестоматиясының» қазақ әдебиеті пәнінің атасы, әдебиеттің оқулық жасаудары ал-гашқы төжірибе деп баралану, қазак педагогикасының клас-сикалык, туындысы ретінде тұлгаяану себебі — ол бастаган көш кейін үзіліп калмай, Ыбырай оқулыгы үлгісінде қазақ тілінде әдеби мазмүндагы окулықтар шығып бүгінгі кәсіби педагогикалық сападагы әдебиет пәніне ұласты.

«Қазак хрестоматиясы» кейін 1889,1896,1899 жылдары «Махтуба» деген атпен біраз кыскартылып, араб алфавиті-мен басылды. «Махтуба» арабша «хаттар» деген магына бере-ді. Ал 1906 жылы А. Васильев. редакциясымен едөуір толықтырылып, орыс алфавитімен қайта жарияланды.

«Қазақ хрестоматиясы» — қазақтың ана тілінде оқу кітаптарын шығарудың мүмкін екенін тарихи дәлелдеген, қазақ тілінің тарихы мен өміршеңдігін қорғаған бірінші еңбек. Оған жазушы өзіцің балаларға арнаған өлең, әңгімелері мен халык, әдебиеті нұсқаларын молынан кіргізген. Ыбырайдың бұл саладағы еңбегі, әсіресе балаларға арналған шығармалары, мектеп хрестома-тиясы көлемінде болса да, қазақ әдебиетінде демократтық, ағартушылық бағытты бастады, реалистік ұлттық әдебиеттің негізін салды. Сондықтан ол қазақ әдебиеті тарихында да ұлы Абаймен бірге жаңа, прогресшіл бағыттың бастауында тұрады.

Ыбырай шығармалары, негізінен, автордың педагогтік ой-пікірінің көрінісі есебінде туған. Онда жазушы балаларды өнер-білімге, оқуға, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу мақсатын қояды, шаруашылықтың пайдалы түрлеріне көшуге үгіттейді, үстем тап өкілдерінің жағымсыз істерін сынайды. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар», «Қыпшақ Сейітқұл», «Асан мен Үсен», «Ағаш үй мен киіз үй» тағы басқа өлең, әңгімелері тек идеясымен ғана емес, көркемдік болмысымен де ерекше тұрған еңбектер.

«Қазақ хрестоматиясына» енген такырыптар мынадай бөлімдерден кұралды:

  1. Балалар’өміршен алынган әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматияларынан, көбінесе И. Паульсонның хрестома-тиясынан алынды.
  2. Әр түрлі жинақтардагы адамдар өмірінен алынган өңгімелер.
  3. Қазақ ақындарының ең тандаулы өлең-жырларынан үзінді.
  4. Қазақтың мақал-мәтелдері.

Адамзаттьщ ізгілікті озьщ қүндылыктардың қазак қауымының да рухани игілігіне айналуын кемеңгерлікпен армандап, мәдени сабақтастьщты сезіне білген агартушы аударган Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, И.Паульсон және т.б. педагогтардың да шығармашылыгында бар құбылыс Ы.Алтынсариннін. осы сщулығында да көрініс тапқан.

«Қазақ хрестоматиясы» арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл өдеби мұрасы оның көркем шыгарма жазуды агарту-

шылық идеясына багындырганын айқын көрсетеді. Ол өдебиетгі бала санасына өсер ететін, оны жадсы, үліілі істерге үйрететін күшті күрал деп ұқты.

Сонымен бірге Ыбырай өдебиетті корамдық кұбылыс есе-бінде багалай білді. Ол шырармаларын өмірдің өзекті мәселе-лерін суреттеуге арнады. Жеке оқигалар мен фактілерге өз ойы түрғысынан бага беріп, оны жас ұрпаккд үлгі ретінде үсынды.

«Қазак. хрестоматиясын» Ыбырай орыс алфавиті негі-зінде жасады. «Орыс әрпін колданумен байланысты казақ тілі орынсыз кірген араб, татар сөздерінен тазарады. Орыс өрпін қолданганда ғана қазак кітаптары дүрыс жазылатын болады», — деп жазды Ыбырай.

Бүкіл өмірін ағарту ісіне арнаган Ыбырай «Ңазак хрес-томатиясына» кірген өлеңдерінде де халык, агарту идеясын көтереді. Ел арасына кең жайылып, жатталып кететін шы-гарма аркылы санага әсер етуді көздейді. Оның «Кел, бала-лар, оқыльщ!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері осындай мақсатта туган.

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңі жастарды окуга, білім алу-ра шақыру үлгісінде жазылран.

Бір Аллага сиынып,

Кел, балалар, окыльгқ!

Оқыганды көңілге

Ықыласпен токылық!

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жагылар.

Тілегенің алдьщнан

Іздемей-ақ табылар.

Өлеңнің өр шумағын оқудың пайдасын әр жадты түсін-діруге құра отырып, акын СОҢРЫ жолдарды ЫЛРИ кайталап отырады.

…Сиса кейлек үстіңде

Токуменен табылзеан.

Сауысқанның тамагы

Шоқуменен табылған.

Өнер-білім бөрі де

Оқуменен табылған.

Сейтіп, акын, бір жагынан, жастарды оқуға, білім алуга үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызыгы тек қана байльщта деп үғатын, оқу, өнер, гылым-бЬгімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мөн бермейтін ескі көзкарасқа соққы береді. Өмірдегі саркылмайтын мол байлық — білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету ушін ерінбей оку, кажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойып, жастарга кімнен үлгі альш, кімнен безу кажеттігін көрсетеді.

Ыбырай «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудары максат неде екенін кеңінен аша түседі. Өлеңнід негізгі идеясы — қараңгы қазак кауымына озық мәдениетті елдердің үлгі-өнегесін көрсету.

Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшыльщ алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жүмганша,

Жылдам хабар алгызды.

Отынсыз тамак пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізге жүзді балыдтай,

Дүниені кезді жалықпай.

Оқудағы мақсат — ел билейтін әкім болу деп ұгатын ескішіл замандастарына қарама-карсы Ыбырай жастардың білімді адам болғандагы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оның ілгерілеуіне жетекшілік жасау, өз елін «тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын» елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі — жастар деп ұқты. Сәйтіп, езін қоршаган надандьщты шеней келіл:

Біз надан боп өсірдік, Иектегі сақалды. «Өнер — жігіт керкі» деп, Ескермедік мақалды. Біз болмасак, сіз барсыз, Үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамды! — дейда.

Бұл өлеңдердегі екі түрлі жагдайды — жақсы мен жаман-ды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу өдісі де жас балаларга өмірдің жағымды, жағымсыз жақтары жайында өсер қалдыру мақсатында алынган. Жаманның жамандыгы өркашан жаксымен қатар тұрғанда ғана керінеді. Сондықтан Ыбырай өз дөуірі оқырмандарының

ұгымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Өлеңнің екеуі де халық жырларының өлең өлшеміне негізделген. Оның көп тіркестерінің макал-мөтелге айналып кетуі де осыдан.

Ел ішіндегі теңсіздік туралы.

Еңбекші хальщтың үстем тапқа деген ыза-кегін, олардың арасындағы кайшыльщты бейнелеуде Ыбырайдың «Залым төреге», «Әй, жігіттер» деген өлеңінің едәуір маңызы бар. Бұларда ақын ел ішіндегі теңсіздік мәселелеріне көвдл бөліп, сол теңсіздікті тудырып отырган жағдайларды керсетеді, билеушілердің мінез-құлқын, іс-әрекетін сынра алады. «Залым төреге» өлеңі одан өділетсіздік көрген карапайым адамның монологі түрінде жазылган. Ол төре алдында өзі көрген зәбірді айтады. Бірақ кейіпкер әрекетінде торыру, түңілу жок,, алдагы күнге үмітпен қарайтын оптимизм бар. Сондыктан да ол:

Оразаның түбіне максүм жетер, Азган елдің түбіне таксыр жетер. Әділдіктен хан тайса, наным кетер, Жылай-жылай жарлының малы кетер.

Ай, тақсыр, бұл дүние етер-кетер,

Мал иесі артыңнан куып жетер.

Жарлылар да бір табар өділ к,азы,

Таразылы күн болса, арыз етер, — дейді.

«Өй, жігіттер» өлеңін Ыбырай ел азаматтарына арнайды. Оларга:

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз

Азган елдің ішінен.

Алыс-алыс кашыңыздар,

Зияндасты кісіден, —

деп бастайды да, сол «азган елдің» хандарына, билеріне, қо-жасына, молдасына, байларына жөне жай адамдарына мінездеме береді. Олардьщ әділетсіздігш — «жарлыдан алып байларга сыйлайтын» хандардың, «корадагы малыңа төре-лік» айтатын билердің, «тамақ үшін кылкынып, дуа кыла-тын» кожалардың, «көрмей-білмей куөлік беретін» молда-ның, «бермек түгіл, бишараны мазақ қылатын» сараң бай-лардың, «айтсаң, тіліңді алмай, бір төңірден ұялмай» жүрген арамза адамдардың қыльщтарын шенейді. Бүл әлеңдер Ыбырайдың демократтық, халықтың көзқарасын танытады.