Тағамда және суда микроорганизмдердің жетіспеушілігінен туатын аурулар

Тәуліктік тағам құрамында қоректік заттар теңестірілген түрде болуы тиіс. Тағам құрамында белоктардың, майлардың және көмірсулардың арақатынасы болуы керек. Айырбасталмайтын амин қышқылдарының витаминдердің арақатынасы теңестірілгені жөн. Тағам ішінде компоненттердің ағзаларға сіңірілуі, тамақ ішу режиміне байланысты болуы керек. Ішілетін тамақтың мөлшері адамның бойына және массасына сай келуі керек.

Егер біз дұрыс тамақтансақ, онда еске ұстау қабілетіміз артып, деніміз сауығып, көңіл күйіміз көтеріле түсетіні сөзсіз. Қандай да аурулар болмасын, біз олардың алдын алар едік. Дұрыс түрде тамақтанған адамзат баласы 150-200 жыл жасар еді, деп жазды Дж. Гласс өзінің әлемге әйгілі еңбектерінде.

Тағамдардың құрамында орасан көп күн сәулесі жиналады. Ұлы ғалым К.А. Тимирязовтың сөзімен айтқанда консервіленеді. Тағамдардағы байланысқан химиялық энергия зат алмасудың негізгі құрамды бөлігі. Сонымен біоге тағамдарда бірнеше қосылыстар бар. Олар: белоктар , майлар, көмірсулар, витаминдер, су және минералды қосылыстар. Осылардың барлығы жасушаның құрылысын құрауға қажетті заттар. Тіршілік тірегі белоктар, майлар , көмірсулар ыдырағанда ондағы жиналған химиялық энергия бөлініп шығады. Олэнергия ағзаларға өте қажет. Биохимиялық тағамдар дегеніміз осы.

Тағамдардың химиялық құрамының әртүрлілігі адам денсаулығының ең басты кепілі. Өйткені олар адам ағзасын қажетті биологиялық белсенді заттармен А, В, Д, Е, В1, В2, В6, В12, В15, В5, В3 (РР – никотин қышқылы), инозин, холин, пароаминобензой қышқыл қамтамасыз етеді.

Йод тапшылығы.

Йод адам ағзасы үшін өте қажет, оның қатысуымен қалқанша без гормондарының (тиреоидты гормон) синтезі жүреді. Бұл гормондарды «тіршілік дирижері» деп атауға болады. Олар ағзадағы ақуыз, май, көмірсулардың жұмсалуын басқара отырып, зат алмасуды реттейді. Мидың, жүйке және жүрек, қан тамыр жүйесі, өкпе жұмысы да түгел осы гормондарға байланысты болады.

Қалқанша бездің негізгі гормоны –иоксин, ол ағза ұлпаларында 3-4 есе белсенділігі жағынан артып – трийодтрионинге айналады.

Йод микромөлшерлері ауыз суы мен азық түлік өнімдерінде кездеседі. Емізулі бала үшін бір тәуліктегі ағзаға қажетті йод мөлшері 0,04-0,05мкг құрайды, жас өспірімдер мен ересек адамдар үшін оның мөлшері 0,07-0,15мкг. ДДСҰ мәліметі бойынша , дүние жүзінде халықтың көпшілігінің қалқаншаи бездері үлкейеді.Бездің үлкею себебі ол өзіне қажет мөлшердегі йодты жинауға тырысады, ал ол жетіспегендіктен оның бездегі концентрациясы төмендеп, жасуша саны артады. Зобы бар адамдардың қалқанша бездерінің қызметі бұзылмайды, тек йод тапшылығы туындаған кезде қызметі баялай түседі де , ақыл ойының дамуына әсер етеді.

ДДСҰ мәлімет бойынша осы себептен дүние жүзінде 40млн адам қиналуда. Йод тапшылығы жүкті әйелдер үшін өте қауіпті. Ұрық дұрыс дамамайды, рның келешек ақыл ойына , бойы мен салмағына әсер етеді. Анасының ағзасында йод мөлшері жеткілікті болса дені сау нәресте туылады . Зерттеулер көрсетіп отырғандай , йод тапшылығы бар аймақтардағы балалар жиі суықтап ауырады, инфекцияларға тез шалдығады, иммунитеті нашарлап адаптация мүмкіндіктері бұзылады. Мұндай аймақтардағы мектеп жасындағы балалар тыным іс әректтері жағынан да өз құрдастарынан біршама артта қалып отырады. Олар әлсіз, өте жай қозғалады, есте сақтау кабілеттері нашар, психикалық ауруларға тез шалдыққыш, физикалық және жыныстық дамуы өте баяу жүреді. Кейін ағза өсе келе йодпен қамтамасыз етілгенімен бұл кемшіліктер толығымен жойылып кетпейді , яғни ертедегі йод тапшылығынан туындаған бұзылыстар қайта орнына келмейді. Бірқатар мамандардың айтуынша қалқанша без гомондардың – жастық шақтың гормондары деп те атауға болады . Ғылымда мынадай концепция бар : кәрілік-ағзада әдетте бұл гормондар өндірілмегендіктен туындайды немесе олар ұлпаға әсерін жоғалтқан кезде болады. Өсіп келе жатқан ағза , әсіресе , жасөспірімдер ағзасында қалқанша без гормондарының тапшылығы жиі туындайды. Ол кезде қалқанша без үлкейіп кетеді, бұл құбылыс қыз балаларда ер балаларға қарағанда жиірек байқалады. Егерде мұндай құбылыс сезілсе, оған ерекше көңіл бөліп қарау керек, себебі оның астарында осы мүшенің түрлі аурулары жасырынуы мүмкін.

Соңғы жылдары дүние жүзінде йод тапшылығының алдын алуға көп көңіл бөлуде. Мысалы Алматы қаласындағы әкімшілік «Алматы тұрғындарына йод тапшылығының алдын алу үщін» атты шешім қабылдады, мұнда асқа йодталған тұзды пайдаланумен қатар құрамына йод қосылған сүт және нан өнімдерін шығару ұсынылған.

Ағзадағы йод тапшылығының орнын толтыратын өнімнің бірі- теңіз орамжапырағы. Біраұ оны біздің адамдар күнделікті тағамдарына пайдаланбайды. Ал, жапондықтар теңіз өнімдерін көп пайдаланады, яғниолар йодты бізден 5-6 есе артық қабылдайды. Жапон халқының ұзақ жасап, өнімді жұмыс жасауы да бәлкім осыдан шығар. Сондықтан да йод тапшы аймақтар асқа міндетті түрде йодталған тұз , түрлі йодталған өнімдерді , кейде тіпті йод таблеткаларын пайдаланып отырулары керек, мысалы жүкті әйелдер мен балалар күніне 100мкг йод қабылдауы керек. Ерекше көңіл бөлуді қажет ететін жағдайлар ол йод дәрілерін қабылдау кезінде біртіндеп бір ізділікті сақтап, айма ай ретпен ішуі керек. Адамның қалқанша безі дұрыс қызмет еркен жағдайда ғана оның дені сау, ақыл ойы жетік , қызметі жемісті болады.

Микроэлементтер және денсаулық.

Мырыш отадан кейін.

Әйел гинекологиялық отадан кейін әдетте ауруханада бір айға жуық , ал кейде одан артық болады. Егер отадан кейін бір жұма бұрын мырыш қабылдаған болса, ол ауруханадан екі жұма ертерек шыққан болар еді. Демек бұл мырыштың жазылу үдерісін тездеткені. Мұның бадамша безді алып тастағаннан кейінгі жағдайға да қатысы бар.

Мырыштың әртүрлі тері ауруларын емдеу кезінде өте пайдалы екендігін өткенде айтылды. Ал тері безді сыртқы дүниеден бөліп тұратын үстіңгі беті ғана емес , сонымен бірге ол әрбір жасушаның қабығы да , ал барлық мүшелер , бездер және біздің миымыз жасушалардан тұрады. Тағы да мырыш-біздің жасушаларымыздың сау және көңіл күйіміздің жақсы болуын қорғаушы үстіңгі қабат.

Адам организмінде мырыштың пайдалы әсері болатындығы ешкімде ешқандай күмән туғызбайтын сияқты . Алайда дәрігерлер емделушілерге осы бағалы элементке бай тағамдарды өте сирек ұсынады.

Сондықтан мыоыштың пайдасы жөнінде әңгімені одан әрі жалғастыру маңызды іс болмақ. Бұл өз денсаулығың үшін де бала шағаңның денсаулығы үшін пайдалы.

Мырыш және кілегейлі қабық жарасы .  Әдетте асқазанның ойық жарасына шалдыққан ауруды жеңіл, яғни яғни пісірілген тағаммен , сонымен қатар фармокологиялық дәрі дәрмекпен емдеу қажнттігі белгілі. Дегенмен дәрігерлер мен қиындықты бастарынан өткізген науқастар бұл тәсілден көмек болатынын біледі.

1975жылы австралиялық медицина журналының бірінде хабарлағандай асқазан жарасы организмде мырыш тапшылығынан пайда болған , осы элементті тағайындаудың нәтижесінде жара жазылған деп айтылған.

Солай болуы да заңды, өйткені мырыш-белоктың синтезделуі кезінде заттардың алмасуындағы негізгі фактор, ал заттардың қалыпты алмасуы-ойық жара ауруының нәтижелі емделуіне игі әсер етеді.

Дегенімен ішек қарын жолдарындағы жараларды емдеу кезінде, күтпеген жағдай болады яғни, ойық жаралар кейде өзінен өзі жоқ болып кетеді. Демек бұл ауру нерв жүйелерінің бұзылу салдарынан пайда болған. Мәселе неде дейтін болсақ күйзеліс жағдайында мырыш организмнен бірден шығады. Өйткені зерттеу кезінде күйзелістен туған ауруы бар организмде мырыш қалыпты жағдайдан үш, бес есе аз болады.

Адамның тез қартаюы адам ағзасына тағаммен бірге витаминдердің аз мөлшерде келуіне немесе олардың жетіспеуіне байланысты. Витаминдерді көп пайдаланған адамда қартаю үрдісі өте баяу. Адам тез қартая қоймайды. Витаминдер ағзаның ішінде физиологиялық-биохимиялық үрдісінің жүруін жақсартады.

Тағам құрамында минералды элементтер аз болса , олардың ішінде йод жетіспесе және витамин С (аскорбин қышқылы)аз болса , онда щитовид безі өсіп кетеді де, адам ауруға шалдығады. Ол дертті Базед аруы деп атайды. Сүйек опырылғыш келеді, және өспей қалады, адам тез шаршағыш , тез қажығыш келеді. Ақыл ой нашарлайды

Сондықтан да тағамның химиялық құрамында жеткілікті түрде минералды элементтер болуы тиіс. Олардың ішінде :

Натий-оны адам ас тұзынан қабылдайды . Ас тұзы пайдалы екен деп қалай болса солай пайдалана берген жөн емес. Сондықтан тұз аз мөлшерде пайдаланған дұрыс. Тұзсыз тамақты дәрігердің нұсқауымен пайдаланған жөн. Жалпы алғанда тұзсыз тамақ ішу пайдасыз. Натрий ағзадағы осмос қысымын реттеп тұрады.

Калий. Нерв жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қажетті минералды элемент. Ол негізінен ағзаға жеген картоп арқылы келеді. Сондай ақ калий жеміс жидек пен көкөністердің химиялық тамақ ретінде пайдаланғанда ағзаға қажетті калий келіп түседі. Сондықтан да әртүрлі тамақтар ішкен жөн.

Кальций. Сүйектің және жақсы өсіп жетілуіне қажетті элемент. Адам денесінен тер арқылы көптеген кальций бөлініп шығып отырады. Ыстық цехтарда істейтін адамдар көп терлеп кальцийді көп жоғалтады. Кальций азайған ағза аппақ болып азады. Сондықтан да оларға құрамына кальцийі көп тамақтар беріп отыру керек. Немесе кальций препаратын беру қажет. Кальций сүтте , сүттен жасалған тағамдарда өте көп болады.

Фосфор. Сүйек пен тіс құраудың негізгі құрылыс материалы ретінде саналады. Фосфор сүтте, сүттен жасалған тағамдарда көп болады. Сондай ақ бұршақ, соя, фосольдарда көп кездеседі. Көптеген көкөністерде фосфор өте көп.

Темір. Адам ағзасында ол қан тізу үрдісіне процесіне қатысады. Қанның қызыл түйіршігі эритроциттер темірсіз түзілмейді. Ағзаға темір жетіспесе ағзада қатерлі аурулар пайда болады. Адамның қаны азаяды. Сондықтан да құрамында темірі көп тамақтар ішуқажет. Темір сиыр, жылқы, қой, шошқа еттерінде және алма,алмұрт, шие және т.б көкөністер мен жемістерде болады. Осыларды үнемі үздіксіз жеу керек. Ауру дамымайды, адам тез серігіп жазылып кетеді. Қаназдық ауруымен негізінде қыз балалар көп ауырады.

Йод. Ең қажетті орган щитовид безі йод жетіспесе көз шарасынан шығып кетеді, адамның зәресін ұшыртатын жағдайға алып келеді. Бұл ауру түрін дер кезінде емдетсе адам ағзасына онша қатерлі емес. Химиялық құрамында йод бар азықты пайдалану керек. Йод теңіз капустасында көп болады. Теңіз капустасында деп аталатын балдыр өсімдігінде, теңіз балықтарында йод кқп кездеседі. Әдетте астұзына қосып береді.

Фтор. Тістің эмалін түзуге және сүйек құрвлысына қатынасатын ғажап элемент. Фтор жетіспесе адам тістерінен түгелдей айырылып қалады. Ол суда көп кездеседі. Кейбір өзен, көл, бұлақ суларында аз немесе кездеспеуі мүмкін. Тіс жолақ-жолақ болып ауырып кейіннен түсіп қалады. Фтор  жетіспегендіктен тістерді кариес қаптап кетеді. Фтор жас балаларда өте қажет элемент.

Тағамдардағы қоректік заттар.

Тағамдардың негізгі құрылысын жасайтын химиялық қосылыстар –белоктар , амин қышқылдары, майлар, көмірсулар , витаминдер, минералды элементтердің тұздары және су.

Белоктар- тіршілік өмірге ең бір қажетті тағамдық қосылыстардың бірі. Оларды ағзалар жасуша, цитоплазма, жасушаарлық заттар құрау үшін ағза үнемі пайдаланады. Онсыз тіршілік иелері биосферада өмір сүре алмайды. Белоктарды аз және көп болуына байланысты ағзалар өсіп дамиды. Белоктардан жасушалар және түрлі ұлпалар құралады. Белоктар жетіспеген шақта ағзалар өспей қалады. Ағзалар айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының қолайсыз әсеріне шыдай алмай тіршілігін жояды. Неше түрлі жұқпалы дерттерге ағзаға қарсы тұра алмайды. Бір сөзбен айтқанда ағзалардың қарсы тұратын қасиеті төмендеп кетеді. Міне белоктардың ағзалардағы биологиялық рольі осындай. Жыныс және жас ерекшелігіне қарай адам белоктарды қажет етеді. Сондай ақ жұмыстың ауыр және жеңілдігіне қарай белотардың қажетті мөлшері өзгеріп отырады.

Майлар. Тағам құрамындағы майларды энергияның қайнар көзі деп ғалым-биологтар есептейді. 1гр май ерігенде 9,3 ккал энергия бөлінеді, ал осындай мөлшерде алынған белоктар -4,1ккал, көмірсулардан 4,1 ккал энергия бөлініп шығады. Адам ағзасында май көп жиналады. Әсіресе нерв жүйелерінің тканьдерінде май өте көп мөлшерде болады. Өйткені нерв жүйелеріне жүктеме өте көп түседі. Ағзаға май жетіспесе иммунитет жойылады. Нерв жүйелерініің қызметі нашарлап ауруға шалдығады. Ішкі органдардаң қызметі жойылады. Ал мал майлары ағзаға көп түсетін болса жақсы нәтиже бермейді. Зат алмасу үрдісі бұзылады. Адам ағзасында қатерлі склероз дерті пайда болады. Өсімдік майларын көп пайдаланса жасушаның биологиялық мембраналары бұзылып кетеді де адам тез қартаяды.

Көмірсулар –тағамдардың ең негізгі бөлігін құрайды. Адам ағзасының физиологиялық нормасы болады. Ол үшін адам 242-602 көмірсуларды пайдалану керек.