Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Тұрғындарды қорғау

Төтенше   жағдай  дегеніміз  –  табиғат  немесе   өндіріс  апаттарының  зардаптарын  күнделікті    қызметпен,  қаражатпен  жоюға   мүмкіндік   бермейтін,  ол  үшін   әдейі    материалдық,   техникалық,   ақша  қаражатын  және  адам  күшін  талап  ететін   жағдай.

Қазақстан  мемлекетінің  орналасқан  жері –  орасан  зор,  кең  байтақ.  Ол  жерлерде   табиғат  апатының   неше  түрі:   жер  сілкіну,   қар  тасқыны,  қатты  жел,   су  тасқыны  сияқты   құбылыстар  жиі  болып  жатады.

Зілзала  – бұл  кенеттен  пайда  болатын,  халықтың   қалыпты  тірлігін  күрт  бұзатын,  материалдық   құндылықтарды   үлкен   шығынға    ұшырататын,  сондай-ақ   адамдар  мен  хайуанаттардың  өлім-жітімі  болатын   табиғат  құбылысы.

Әрбір  зілзаланың   өзіне тән  физикалық  қасиеті,  пайда  болу  себебі,  қозғаушы  күші,   сипаты  мен  даму  сатысы,  қоршаған  ортаға   өзіндік   ықпал  ету   ерекшелігі  бар.

Зілзала  кез  келген   мемлекет  үшін   үлкен  ауыртпашылық,   келтірер    залалы   мол  төтенше   оқиға.

Қазақстан  Республикасы   аумағында   мынадай   зілзалалар  болуы  мүмкін:  жер  сілкінісі,  сел,   қар  көшкіні,   сырғыма,  дауыл,   су  тасқыны,  буырқасын,  өрт.

Дүние  жүзінде  су      тасқынына   бүкіл   зілзаланың  40  пайызы  келеді    екен,  20% – тропикалық  циклондары,    15% – жер  сілкінісінің,  ал  қалған  25% –  зілзаланың  басқа  түрлері.

Каспий  теңізі    деңгейінің  өзгеруіне,  Арал    теңізінің   құруына,  Балқаш  көлінің   таяздауына  байланысты   құбылыстар   табиғи   сипаттағы     төтенше   жағдайлар  арасында  ерекше    орын  алады.

Жер  сілкінісі

Жер  сілкінісінің  кенеттен  пайда  болатын  және  қас   қағымда  өтеді.   Жер  сілкінісі  – бұл  жер  қыртысында   немесе   мантияның  үстіңгі  бөлігінде   кенеттен  болған  қозғалыс  пен  жаратылыс   нәтижесінде    пайда  болған,  елеулі    ауытқу   түрінде,  үлкен    қашықтыққа   таралатын    жер  асты   дүмпуі  мен  жер  астының   қозғалысы.  Бұл  құбылыс   жер  асты    дүмпулерінен,  тербелістен  болады.  Әзірге  ғалымдар  жер  сілкінісі  қашан,  қайда,  қанша  уақыт  болатынын   және   қандай  зардап    әкелетінін   тура   басып  айта  алмай  отыр.  Сейсмикалық  станциялардың  көрсетулері – дәл  емес.  Жыл  сайын    жер бетінде   100-ден  аса  жер  сілкіністері  болып  тұрады.

Жер  қыртысының  тектоникалық  қозғалысын  тудыратын  жер  сілкінісі  өте  жойқын    болып  келеді.

Жер  сілкінісінің   барысында   адамдар  қаза  болады,    үйлер,  жолдар,  көпірлер,  каналдар,  тоғандар  мен  басқа  да   инженерлік   ғимараттар,  су    құбырлары,   канализация,   электр  беру  жүйесі  қирайды,    байланыс  желісі  бұзылады,  қар  көшкіні,  сел,  сырғыма   мен  қопарылыс  пайда   болады.  Тау  жыныстарынан    тастар   құлайды,   адамдарға   үрей   болады.  Су  асты   және  су  жағалауындағы    жер  сілкінісі    кезінде,   теңіз   түбінің   қозғалыс    нәтижесінде    теңіздің    гравитациялық   толқындарынан  цунами  пайда  болып,  құрылыста  үлкен   бүлінушілік  жасайды.

Жер  сілкінісінің   жойқын   күші   оның  әсерінен   болатын  апаттары  көпшілікке  мәлім.    Өйткені   Қазақстанның  450  мың   шаршы   километр  аумағында    жер  сілкіну  қауіпі  бар.    Бұл  аймақта  6  миллионнан   астам   халық   тұрады,  27  қала,   400-ден  астам   елді  мекендер  бар.  Еліміздің   40  пайызға    жуық   өндірістік   әлеуеті    осы    аймақта    шоғырланған.

Шығыс  Қазақстан,      Алматы,    Жамбыл,     Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылорда,   Маңғыстау  облыстары  мен   Алматы  қаласы  сейсмикалық   қауіпті   аймақты   орналасқан.  Онда    өнеркәсіптің    негізгі   қорының  30% -ы  шоғырланып,   тұрғын  үй    қорының  35%-на  жуығы   орналасқан,  Республика  халқының  40%-ы  тұрады.

Жер  сілкінісінің  қауіпті  бар  аймақтарда  ірі    қалалар  мен  елді  мекендер,  гидротехникалық   ғимараттар  мен  зиянды  өнеркәсіп    орындары,  жасанды

Жер  сілкінісінің   ошағының  схемасы

және  су  қоймалары,    жарылғаш  және  улы  материалдар  қоймалары  орналасқан.   Тұрғын  үй   алқабының    бұзылуымен  қатар  тізбеленген    объектілерді   кейбіреулерінің    бұзылуы,   оңалмайтын    экологиялық   өзгеріске  алып  келуі  мүмкін.  Инженерлік   желілер   мен  коммуникациялардың    жер  сілкінудің   салдарынан   бұзылуы  аса  қауіпті.

Жер    сілкінісі   кезіндегі  қондырғы   мен  ғимаратты   зақымдалуынан  шегілген  залал  ғимараттың   өзінің   зақымдалуынан  шеккен   шығыннан  біршама   есе    асып   түседі.

Жер сілкінісінің  бірге  өрт  пайда  болып,   геологиялық   ортаның  экологиясы  бұзылады,  қопарылма,  сырғыма,  сел  тасқыны  және  т.б.  шаруашылыққа    қосымша  залал   әкеледі.

Жер сілкінісінің    жанама  шығыны  да  орасан  зор:  өндірістік  циклдің   уақытша    тоқтауы,  еңбек   ресурстарының    зардапты   жоюға   тартылуы  және  тағы  басқалар.   Сонымен  қатар  көлік   жолдарының  зақымдануына,  тұрғын  үй  тұрмыстық    жағдайдың    нашарлануына,  халықтың  апат    аймағынан       кетуіне,  жерасты  дүмпуінің   қайталануын  күтуінің  нәтижесінде    адамдардың   ұнжырғысының  түсуіне  әкеліп  соғады.

Жер  сілкінісі   салдарының  аса  ауыр  түрлері   ғимараттар  мен  үйлерді   сейсмикалық   күшейту    бойынша   жұмыстар  жер  сілкінісі   қауіпті   ескерусіз    жүргізілетін   құрылыс   пен  ғимараттарда   пайда  болады.  Бұған  мысал  ретінде  соңғы  жылдары  Қазақстанда   болған  жер  сілкіністері    салдарын  келтіруге  болады.

Халықты,    аумақты   және  шаруашылық    объектілерінің  ықтимал   жер  сілкінісінен   қорғау   мақсатындағы  шаралар   мыналарды  қамтиды:   сейсмалогиялық    бақылау   мен  жер  сілкінісінің  болжамының   республикалық  жүйесін    дамыту;   сейсмикалық   аудандастыру    сапасын  жақсарту;  сейсмикалық  төзімді    ғимараттарды   жобалау  және   салу;   халықтың   сейсмикалық   білімін  жақсарту;  басқару;  хабарлау  мен байланыс   жүйелерін   тұрақты   дайындықта    болуын  ұйымдастыру;  дамыту  және  қолдау;   жер  сілкінісі  кезінде  Азаматтық   қорғаныс   күштерін  тарту  және  тұрақты    дайындықта  ұстау.

Азаматтық   қорғаныс  күштері  мен  құралдарының  және  өзге  де  шараларға  жер  сілкінісі   салдарын  жою   жоспарына  сәйкес  өзге  де  шараларға  басшылық  жасау.

Сел

Сел – тау     өзенінің  өз  арналарынан  кенеттен  көтеріліп,  деңгейінің    күрт  өзгеруі  және  тау  жыныстары  бұзылуынан  болатын  қуатты  ағын.

Сел  ұзақ   нөсердің    салдарынан,  мұз  бен  қардың  жылдам  еруінен,  моренді,  мұзды  өзендердің   бұзылуынан,   жер  сілкінісінен,  адамның   шаруашылық   қызметі   нәтижесінде    пайда  болады.  Тасқындардың  басқа  түріне  қарағанда    сел  әдеттегідей   үздіксіз   емес,   жекеленген  толқындар  мен  10 м/с   және  одан  көп  жылдамдықпен    қозғалады.

Іле,  Жоңғар,  Талас   Алатауының  жоталарында,  сондай-ақ  Қаратай,  Кетмен  және  Тарбағатай  тауларындағы   өзендер   Қазақстандағы  сел  қауіпі  күшті   аудандар  болып  табылады.

Сел   тасқыны  кезінде  халықтың  өзін-өзі   ұстауы  мен  іс-әрекетіне  зілзаланың   белгілерін  дер  кезінде   анықтау    мен  белгілеуді   және  ол туралы  хабарлауы  (ескерту)  ұйымдастыру    үлкен  әсер  етеді.

Сейсмикалық  қауіпті  аудандағы  халық  орман  желектерін  кесу,   егіс  жұмыстарын   жүргізу,  үй   малын  бағу  жөніндегі  нұсқауларды   қатаң   орындауға  тиіс.

 Халыққа   сел  тасқынының  жақындауы  туралы    хабарланған  жағдайда,    сондай-ақ    оның  пайда  болуының   алғашқы   белгілері   білінген  сәтте,    ғимараттан  тез  шығып,   бұл  туралы   төңіректегілерге    ескертіп,   қауіпсіз  орынға    бару  керек.   Өрт болмау   үшін  үйден   шыққан  кезде   пешті    сөндіріп,   газ     бұрандысын    жауып,   жарықты   өшіріп,   электр    заттарын  ажырату   қажет.  Егер  уақыт  болса,    қаупті  аймақтан     малды   айдап   кеткен  жөн.   Халық  қауіпті   аудандардан  уақытша   қауіпсіз  орынға  көшіріледі.

Сел  тасқынына     тап  болған  адамға  қолда  бар  барлық  құралдармен  көмек  көрсету  керек.  Мұндай   құралдар  құтқарушылар   беретін  таяқ,  арқан,  сырық,  шынжыр  және  т.с.с.   болуы  мүмкін.  Тасқын  ішіндегі   адамды   оның   шетіне  біртіндеп   жақындата  отыра,  тасқынның  бағыты   бойынша   шығару  керек.

Сел  қауіпі  кезінде    көшіруге  қатысушы  адамдар  қауіпті  жерлерден   қарттар мен  балаларды,  аурулар  мен  өз  бетінше  жүре  алмайтын   адамдарды  шығарады.    Еңбекке    қабілетті  бүкіл    халық   толғандарды   нығайтуға,  кедергілер  туғызуға,  ағызғыш  каналдар  қазуға  міндетті.

Егер  сел   апатына  елді  мекен    ұшыраса,  онда   іздеу-құтқару  жұмыстарына   әзірленген  жоспары  бойынша     жұмыс  жүргізетін   әр түрлі    құтқару  бөлімшелерінің   айтарлықтай   күштері   мен   құралдары   тартылады.

Қар  көшкіні

Қар  көшкіні – бұл  қар  массасының  тау  беткейі  бойынша   төмен  қарай    жылдам   лықсуы.

Қазақстанда  95 мың  шаршы  км  тау  аумағы қар  көшкіні    қауіпіне  ұшырайды.

Қазақстанда   қар  көшкіні    қалың  қар  көп  жауатын  және  қолайлы    геоморфологиялық  және  топырақтық –  ботаникалық   жағдайлары   бар  Батыс  Тянь-шань,  Алтай,  Іле  Алатауы  мен    Жоңғар   Алатауының   жоталарында  болып    жатады.  Көшкіндер    құлама    тау  беткейінен    көбінесе  20-60  градуспен,  көшкін    қар  жаңа  жауған  және    күн  күрт    жылыған  кезде    болады.  Көшкін  тауда  жауын –шашынның   жиі болуынан,  циклондық   құбылыс   күшейетін   наурыз-сәуір  айында    көбірек  болады.  Сирек   қайталанатын   көшкіннің   көлемі   1 млн.  текше   метрге,  қозғалысының    ең  үлкен   жылдамдығы  100  метр  секундке  дейін  жетеді.   Барлық  көшкіндердің  50%   жуығы   жазыққа  дейін  жетіп,   халық  пен  шаруашылық   объектілеріне   тікелей   қауіп    төндіреді.  Көшкіннің    кедергіге    көрсететін    қысымы  1  шаршы  метр  үшін  бірнеше  жүз   тоннаға   жетуі  мүмкін.

Қазақстанның  бүкіл    таулы  аудандарында   қар  көшкіні   болып  тұрады.   Ол  негізінен    қардың   түсуі  мен  күннің   жылуына  байланысты,  қар   көшкіні    болатын  ең  қауіпті   кезең   қараша-сәуір,    ал биік  тауда – қазан-мамыр.

Тауда  болған  кез-келген    адам қысқы  кезеңдегі  таудағы    қауіптерді,  сақтандыру  шараларын  білуге    міндетті.

Жай  адамдар   көшкіндерге  қыстың  суық   мезгілінде    тауда   болса  тап  болуы  мүмкін.   Ал  альпенистер    мен  тауға  шығуды  әдет  қылған   туристер    бұған  жыл  бойы  әзір   болуға  тиіс.  Тау  әуезқойларымен  болатын  барлық   бақытсыз  оқиғалардың   25% -на  жуығы  көшкіннің   еншісінде.  Ол  әдетте   бағыт  пен  қозғалыс   уақытын  дұрыс      таңдай  алмаудан,   көшкін  қауіпі  бар   беткейлерден   ебдейсіз  өтуден,    көшкіннің   пайда     болу  табиғаты  туралы    білмеуден, тәртіп    бұзудан  болады.

Тауда   болған  кезде   қоршаған  ортаға  мұқият  қарап,  кездескен   жабайы   хайуанаттардың  мінезін  зерделеген  жөн  (тау   ешкілері  қар  көшкінінің   ықтимал  лықсуын   алдын  ала   сезіп  қауіпті  аймақтан  кетеді),   сондай-ақ   беткейдегі    қардың   төзімділігін   қолда   бар  қауіпсіз    әдістермен    тексеру қажет.  15  градустан  тік  беткейлер    аса  қауіпті      болмағанмен,    қар  көшкінінің   одан  да  жазығырақ  беткейлерде    лықсу  оқиғалары   белгілі.    Беткей  тік  болған    сайын    көшкіннің    лықсу   ықтималдылығы  арта    түседі,  алайда    50 градустан   тігірек   беткейлер  қауіпті  емес,    өйткені  қар   жамылғысы   жинақталмайды,  қар  жауған  сайын     шағын  бөліктермен   сырғып  түсіп  отырады.

Жағдай    сәтті   аяқталса,  зардап    шегушіге  алғашқы  медициналық   көмек   көрсетіледі  және  ол   қауіпсіз  жерге  апарылды.

Опырмалар

Опырмалар – ауырлық  күшінің  әсерімен  ылғалды  топырақ    массасының   тмөен  қарай  сырғуы.  Тау  жыныстарындағы   және  жартастардағы   жекеленген  жақпарлардың  немесе   құрғақ,  тік,  еңіс   беткейлердегі   жақпарлардың    құлауы.

Опырмалар  Қазақстан  барлық  таулы   ауданыдарында  болып  тұрады.  Олардың  пайда  болу    себептері    жерүсті    және  жерасты    сулар  мен  топырақтың   ылғалдануы,  жер  сілкінісі,  сондай-ақ    адамның   шаруашылық   қызметі   болып  табылады.   Сас  ірі   опырмалар  тектоникалық    ұсақталуға    байланысты.  Осындай    учаскілерде    пайда  болған   опырмалар    ірі  өзендерді  бөгейтін    көлденең   су   тоғандарын    жасай  отыра,  таулы    жазықтарды    құрсаулайды.    Мұндай   өзендерге  Күнгей  Алатауындағы  Көлсай  өзені,   Іле  Алатауындағы  Үлкен  Алматы  өзені   жатады.

Опырмалар  жылдың  кез-келген    уақытында,  әдетте,    тіктігі  19  градусқа  жуық   жарларда  болады.  Ірі   қопырмалардың   алаңы  50-60  га  дейін  жетеді.

Опырылманың  құралымы

Соңғы  жылдары  Қазақстан   тауларындағы  опырмалар   құбылыс   өрістеген техногендік  жүктемеге  байланысты  саяжай  учаскелерінің  кесінділері  есебінен   жандана  түсті.  Тау    беткейлерінің  табиғи     геоморфологиялық    тепе-теңдігі   олардың  жол,  саяжай  үйін  салу,  су    құбырларын  өткізу   және  басқа  құрылыстарды   салу   кезінде    тірегінің   кесілуінен  бұзылады,    сонымен  қатар  өсімдік-топырақ    жамылғысы    бұзылып,   беткей   топырағы   суырмалы   сумен  ылғалданады.   Опырмалар   бұрын  олар   байқалмаған  жерлерде    де  пайда   болады.

Тұрғындар  қопарылманың   басталғандығы  туралы    хабарды  алған  бойда   үй-жайдан    жылдам  шығып,  төңіректегілерге   қауіп  туралы    ескертіп,  қауіпсіз  орынға    барған  жөн.  Үйден  шығарда   пешті    өшіріп,  су  мен  газ  бұрандаларын   жауып,   жарық  пен  басқа  да  электр   қондырғыларын  ажырату  қажет.

 

Қар  басу

 

Қар  басу – табиғаттың  тосын  күштері   көріністерінің  бірі.    Бұрқасынмен,  қарлы   боранмен  тығыз  байланысты.  Ол  бірнеше    сағаттан  тәулікке  дейін   жауған   қалың   қардың     әсерінен    пайда  болып,   қалыпты   тіршілікті    бұзады,   ал  кейде   адамдар  құрбандықтарына,  малдың     шетінеуіне  және   материалдық   құндылықтарының  жойылуына  әкеліп  соғады.

Қардың  басуы,  боран   туралы  хабар  алған  бойда,  уақыт  болса,  кедергілер  орнатылады.  Жолдың  ғимараттың   шетінен  желге    қарсы  бағытта  арасы  15-20  метр  қалқан,   қар  тосқауылы   қойылады.

Қар  жауған  кезде   және  одан  кейінгі    уақыттағы  негізгі   жұмыс  түрлері:   жоғалған   адам  мен  малды  іздеу;    запрдап  шеккендерге    алғашқы    дәрігерлік  көмек  көрсету;  жол    бойындағы,  үй-жай  төңірегіндегі  қарды  тазалау;  жолда   тұрып   қалған    көлікке   көмектесу;  коммуналдық  және   энергетикалық   желідегі    аварияларды  жою.

Барлық  жұмыс   бірнеше   адамнан  тұратын   топпен  бірге   жүргізіледі.

Егер қар   басуға  автомобильмен келе   жатып  тап  болсаңыз  тоқтап,  тұрған  жерді  белгілеу  керек,  ол  үшін   ашық  матаны    ілген  жөн.  Машинаның  үстін  толығымен  жауып,  двигательді  радиатор  жағынан  қымтау керек.   Машина  капотын  желге    қарай  бұрып,  отынды  үнемдеу  үшін,  пешті  ұдайы   қоспаған  жөн.  Машинаны   қар басып  қалу   қаупі  болса,  есіктің   бірін  жиі   ашып,   күртік    қарды    әрірек    сырыңыз.  Далада    қалған   машинада    қатты   тоңсаңыз    да  қозғалтқышты   қоспаңыз,  ол  жұмыс   істеп   тұрған  кезде    бүлінген     улы  газ  автомобиль   ішіне   жиналып,  қақаған    суықтан  бұрын  өзіңізді    өмірден  алып  кетуі  мүмкін.

Машинадан  шыққанда   міндетті  түрде    өзіңізді   арқанмен  байлаңыз  (Бір  ұшын   автомобильде  қалдырыңыз).  Адам  үйден  немесе    машинадан  жарты  метр  ұзағанда    бағдардан   айырылып,  қаза  болған  жағдайлар  көптеп  кездеседі.

Жолдағы  көкайғақ   аса  қауіпті, ал  қилысы  көп  жерлерде  автомобиль  қозғалысын  мүлдем  тоқтатуы  мүмкін. Жаяу   жүру   өте  қиын,  әр түрлі заттардың    құлауы   және  ұшуы  өте  қауіпті.Бұл  жағдайларда   ескі   құрылыстардың  маңынан,  электр   желілерінің   және  олардың    діңгектерінің     жанынан  аулақ  кеткен  жөн.

Қар  басуы,  боран  туралы  хабарды  алған  бойда,  уақыт  болса,  жалпы  қоршаулар,  жолдағы  ғимарат   шетінен   15-20  метр  қашықтықта   жел  соғатын   жақтан  қалқандар    орнатылады.

Дауыл

Дауыл  –  жойқын  күші бар  және  едуәір  созылатын,  30  м/с жылдамдықпен  соғатын    жел.

Дауылдардың  пайда  болуына  ауа  айналымының  ерекше   жағдайында   пайда  болып,  атмосферадағы  тепе-теңдіктің  өте    жоғары    жылдамдықпен   аяқ  асытнан  бұзылуы  әсер  етеді.

Дауыл  үлкен  бүліншілікке   ұшыратып,  адам   құрбандықтарын  алып  келеді,  малдар  шетінеп,   материалдық  залал   келітреді.

Ең  қауіпті  аймақта   тұрғын  үй  салуға  тыйым   салынып,   ал  қалған  аймақтарда    сейсмикалық    аудандар  үшін  қабылданған  құрылыс  нормалары   енгізіліп,   онда   пайдаланылатын   материалдардың   қолайлы   үлгілері    көрсетілуге    тиіс.  Дауыл  өзінің   алапат  күшімен  инженерлік    ғимараттарға  жер  сілкінісінен  кем  әсер    етпейді.

Шаңдақ  дауыл –  бұл  күшті  жел  салдарынан  шаңның,    құмның,  топырақтың,  тұздың  және  көлемі  1 мм  аз  басқа  да  бөліктердің  ауаға    көтерілуі.

Қазақтсан   аумағында   шаңдақ  дауыл –  сәуір,  мамыр    және  қыркүйек   айларында  жиі  байқалады.

Дауылдың  жойқын    салдарын  төмендетудің    тиімді   шарасы,  ол – таянған  дауыл   қауіпін   тұрғындарға   дер  кезінде  хабарлау  және  дауыл      болып  тұратын   аудандарындағы   осыны   ескере   отырып  орналастыру.  Ең  қауіпті    аймақта    тұрғын  үй   салғызбай,  ал  қалған  аймақтарда   сейсмикалық   аудандар  үшін  қабылданған  құрылыс    нормаларын   енгізіп,  бақылауға  алып  көмектесу  керек.

Дауылдың  жақындағаны  туралы  хабар  алған  соң,  мына  іс-әрекетті   жүзеге  асыру  қажет:

Панахананы,  жертөлені  әзірлеу;   есікті,  терезені,  шатырдағы  (желдеткіш)  люкті  нығыздап  жабу;   саңылауларды  бекіту;  төбеден,  лоджиядан,  самалдықтан    жел  ұшырып  кету  қаупі  бар  заттарды  шығару;  даладағы    заттарды   бекіту  немесе    үйге  кіргізу;    газды,  электр  жүйесін  ажырату,   суды  жабу;   пешті  сөндіріп,  қажет  болса   қорғаныс    панаханаларына    барып  орналасу  керек.

Өндірісте   барлық   сыртқы   жұмыстарды  тоқтату,  қондырғыларды  бекіту,  агрегаттарды,  механизмдерді   ажырату   және   панаханаларға    жасырыну,    ауылды  жерлерде   фермалардағы  мал  үшін   жемнің,  судың  қорын   даярлау,   панаханада  радиоқабылдағышты  тұрақты  қосып  қою  керек.  Ғимарат   ішінде   болған  әйнек,  шыны    сынықтарынан   және    жарықшақтардан  сақтанған  жөн.   Далада    қалған  кезде   ең  жақын   шұңқырды,  жел  өтінен  сақтайтын    жерлерді    іздеу  керек  немесе  жерге   етпетінен  жатады.   Орманда   қалғанда  ең    жақсысы  ашық  алаңға  шыққан  жөн,    нөсерлі   дауыл,  найзағай  жарқылдаған  кезде  жалғыз  тұрған  ағашқа  жасырынбаңыз,  электр   беру     желілерінің    діңгектеріне  жақындамаңыз.  Дауылды  жел,  қарлы  боран  кезінде    үйден  тек  ерекше   жағдайда  ғана  бірнеше  адам   болып  шығады.  Шаңдақ  дауыл   жақындағанда    үйде  есік   пен  терезені    нығыздап  жауып,   ғимараттан  шықпаған  жөн.   Үй   хайуанаттарын  қорға  немесе  ғимарат    ішіне   қамау  керек.

Егер сіз  ауылдан  алыс  жердегі     құмдақтағы  жайылымда   болсаңыз,  малды  тасаға  жасыру   қажет.  Жақын   жерде    сексеуіл,  шеңгел   тәрізді   бұталы  жерде   малды  ұстай  тұрған  жақсы.

Егер  дауыл   кезінде   елді  мекеннен  қашықта  болсаңыз,  көру   қашықтығы  азайып,   адасып  кету  қауіпі  туса,  онда   қозғалысты  тоқтату  қажет.   Егер   адассаңыз,    жарақат    алсаңыз,   онда  өз   орныңызды   білдіру   мақсатында   түтіні   қатты   шығатын   матаны,   бұтаны,   көк   шөпті  жағып,  дыбыс   беріп,   алыстан  көрінетін     ашық  затты   жерге   іліп,  қам   жасағаныңыз  жөн.

Егер  шаңдық  дауыл  кезінде   жапан  далада   қалсаңыз   киімдеріңізді   түймелеп,    бас  киімдеріңізді  киіңіз.  Көзіңізге   шаң  мен  тас,  қоқым  түспес  үшін  арнайы   көзілдірік  киіңіз.  Егер  қандай  да   бір  жамылғы  болса,  оны   шаңнан,   суық  желден,  дененің   суынуынан  қалқа  ретінде   пайдалануға  болады.

Дауылдан,   бораннан,   буырқасыннан   кейін  құтқару    бөлімшелері  еңбекке   жарамды   тұрғындармен  бірге   жасырынған,  жарақаттанған   адамдарды  шығарып,   қауіпсіз   жерге  немесе   емдеу   мекемесіне   апарады.

Таудың  су тасқыны.  Таудан  аққан  көп   су  аз  уақыт  ішінде   дүлей  күшке  айналып,    жолындағы  тау     тастарын,   топырақтарын  ала  төмен  құлайды.    Олардың    биіктігі   10-20  метрге,  кейде  40-50  метрге   дейін   жетеді.  Құлау    шапшаңдығы    секундына  3-5  метрді  құрайды.  Су   тасқынының    пайда  болу   себептеріне    таудағы   жауынның  ұзақ  болуын,   мұздың  кенеттен   мол  еруін,  сол  жердің   топырағының  бостығын,  тас  жиынтығының  көптігін   жатқызуға  болады.

Республика  бойынша  300-ден  аса  осындай қауіпі  бар  тау   бассейіндері  бар.  Әсіресе   қауіпті  жерлерде  Іле,   Жоңғар,  Талас,  Алатау,  қаратау,  Кетмен,  тарбағатай  таулары  жатады.  Бұл  тауларда    осындай    тасқындар  жыл   сайын    болып  тұрады.

Тау су  тасқынынан   сақтану  жолдары:

  • Жауын уақытында  және  жауын  өткеннен  кейін 2  күндей  тауға  шықпау;
  • Тауда тек  бұрын  адам   жүрген  жолдармен  жүру;
  • Жазда тауда  түс   қайтқанда,   күн  қызғанда  жүрмеу;
  • Тұманды күні  тауға  шықпау;
  • Тауда жүргенде  айқайламау,  шуламау (дауыс  ауаға  әсер  етеді,   ауа   қарды  қозғап  жіберуі  мүмкін);
  • Қар басқан  тау  бөктеріне  жақындамау;
  • Егер тасқын   жылжып   келе  жатқанын  сезсеңіз,  оның  жолынан   шығағу  тырысу;
  • Күнделікті теледидар,  радиодан  берілетін     хабарларға  көңіл   аударып  жүру.

Су  тасқыны.  Бұл  құбылыс  та  біздің  елімізде     жерімізде  жиі  болып  тұрады.   Тек  соңғы   бес  жылдың  ішінде,   Атырау   облысының  өзінде  ғана   бірнеше  су  тасқыны  болды.   Бұл  өзгерістердің   барлығы    тек  абиғат  күштерімен  ғана  болып  жататын   құбылыстар.   Әсіресе,   Каспий  теңізінің   тасуынан     Құрманғазы,  Исатай  аудандары   көп  зиян   шегуде.  Мал,  қора,   қыстақтар,  үйлер  суға  кетуде.

Жайық,   Ойыл,  Эмбі  өзедерінің   суының  көтерілуінен  Қызыл-қоға,  Жылой,  Махамбет  аудандары   көп зиян   шегіп  отыр.  Каспий    теңізі  мен  Жайық   өзендері   Атырау     қаласына   қауіп   төндіруде.  Бұған  қарсы  облыс  басшылары   тиісті   шаралар    қолданып  (жағаны  бекіту,  елді  мекендерді  қауіпсіз   орындарға  көшіруді),  күрес  жүргізуде.   Осындай  жағдай  2003-2004 жж. Шардара  су  қоймасында,   Сырдария  өзенінің   батысында  болып,  үлкен  материалдық  шығын  әкелді.

Су  басу –  өзен,  көл  немесе  теңіз  суының  деңгейінің  көтеріліп,  жердің  белгілі  бір  бөлігінің   су  астында  қалуы.   Ол  елді  мекендердің   су  астына  қалуына,  адам  мен    малдың    өлім-жітіміне  алып  келеді.

Көптеген  су   басудың   негізгі  себептеріне  нөсер  жаңбыр  жаууы,  қардың,  мұздақтардың    үздіксіз  еруі  жатады.

Сырғымалар,  бөгеттерден,  тоғандардан  кенет  бұзылуынан   пайда  болатын  су  басу  өте  қауіпті   болады.

Судың   көтерілуінен  болатын  су  басуы  Қазақстанның  барлық  аймақтарындағы   өзендерде   болып  тұрады.   Оңтүстік  Қазақстан  өзендерінде  мұндай  құбылыстар    ақпан-наурыздан,  оңтүстік-шығыс  және   Шығыс  Қазақстанда  –  наурыз – шілдеде,  республиканың  жазықтағы  өзендерінде – наурыз-маусым  айларында   болады.

Жаңбырдан  болатын  тасқындар,  Қазақстан   аумағында   таза   түрінде   негізінен  оңтүстіктегі,   оңтүстік-шығыстағы   тау   етегінде   және   ортасындағы   өзендерде,    сайларда  көктемнің  аяғында    және  жаз   мезгілінде,   сондай-ақ   жазғы-күзгі  мерзімде.  Ертіс  байссеіні  өзендерінде   байқалады.  Орта таулы   аймақтардағы  жаңбыр   тасқынының   ерекшелігі  сол,   белгілі  бір   жағдайларда  олардың  селге   айналуы   мүмкін.

Қума  желге   байланысты   апатты  тасқын  Қазақстан  аумағында  Орал   өзенінде  және  Каспийдің   бүкіл   солтүстік-шығыс   жағалауында  болады.  Атырау  және  Маңғыстау   облыстарының   бүкіл шаруашылық  кешеніне  орасан  зор    залал  келтірген  соңғы    жылдардағы  су  тасқыны    Каспий   теңізінің    деңгейінің   көтерілумен  ушыға  түсуде.

Кептелулер  мен  тосқауылдардан  болатын  қирату    салдары  бар  тасқынның   таралу   аудандары  Іле,  Жоңғар  Алатауының,   Шығыс   Қазақстан  өзендері  болып  табылады.   Олар  күз  бен   көктемде   мұз  жамылғысының    бұзылуы   мен  пайда    болуы  кезінде  байқалады.

Өзеннің    жоғарғы   бөлігінде    мұз  тосқауылдары    топырақ   бөгеттерінің   бұзылуы     жағдайында    тасқын  қас-қағым  сәтте   болуы  мүмкін.

Қалған  жағдацларда    су  басу   қауіпіне  дер  кезінде   назар  аударуға  мүмкіндік  беретін   азды-көпті  уақыт  бар.   Алайда   қардың  көктемгі  еруі,    құбылмалы  ауа  райының  созылуы,  мұз  жүрген  кезде,  қар  еріп жатқанда  және   қолайсыз  ауа райы    кезінде   батпақтардың  үстімен  жүрі   өте  қауіпті.  Су  батпақтардың    сінгіштіген  азайтады  да,    батпаққа   батудың    қауіпі  туады.

Су    тасқыны   апаты   кезінде   мүмкіндігінше   төменгі  жерден  жылдам  кетіп,  биік  жерлерге  көтерілу   қажет.

Елді    мекендегі  тасқын  кезінде    қауіпсіздің    көп   жағдайда    оның  алдында   жүргізілген   сақтандыру   жұмыстарымен  қамтамасыз   етіледі.

Республика  аумағындағы    көптеген  тасқыдардың   судың   деңгейінің   көтерілуінің   болатындығынан  белгілі.  Алдын  алу   жұмыстарының  тұтас  жүйесі  бар:  судың  басуы  болатын  аумақтың    тасқын  судың  арнасын  бұру;  су  қоймасы,  ьөгет,   тосқауыл  тұрғызу;  жағаны  биіктету  және  түбін  тереңдету  жұмыстарын  жүргізу;  ғимараттар  мен  үй-жайларды  судан   оқшаландыру   қондырғысын  қою;     қысқа бұталы    ағаштар   отырғызу;    жүзу  және  құтқару  құралдарын  жасау  және  даярлау;  толқын   соққыларына  төзетін    күрделі   құрылысты  тұрғызу;  отбасының   барлық  мүшелерін   жүзуге  үйрету;  қайықтың  болуы;   жақын  орналасқан    биік  жерді   білу;    жақындаған   зілзала    туарлы  хабарды  алуға    дайын  болу;   тұрғын  үйдің   жанына   топырақ  салынған  тосқауылдар  қою,  топырақ  төгу.

Тұрғындарды  уақытша   көшірудің  басталуы  мен    тәртібі  туралы  жергілікті  радио  мен  теледидар,  ал  жұмыс  істейтіндерге    кәсіпорын,   мекеме  және   оқу  орындары  арқылы,  ал  өндіріс    пен  қызмет  көрсету    саласында  жұмыс  істейтін  халыққа  тұрғын  үй   басқармасы  органдары   арқылы  хабарланады.

Халыққа   жиналатын    орынды,    жиналу  мерзімін,  көшу   кезінде  жаяу   баратын  бағыт,  сондай-ақ   апаттың  күтілген  көлеміне  орай   туындаған   жағдайларды,  оны  ауыздықтау  жолдарын   және  барысын  және басқа  да   мәліметтер  хабарланып  отырады.

Уақыт   жеткілікті   болған жағдайда    қауіпті  аймақтағы   халық   дүние-мүлкімен  бірге  су  басу  аймағынан  тыс   орналасқан   жақын  елді-мекендерге  көшіріледі.

Кәсіпорын  мен  мекемелер    су  қауіпі  төнген  жағдайда   жұмыс  тәртібін  өзгертеді,   ал  кей  жағдайда  жұмыс  мүлдем  тоқтайды.  Су  басу   ықтимал     аймақта  мектептер  мен    балалардың   мектепке  дейінгі   мекемелері    уақытша   жұмысын    тоқтатып,  балалар  қауіпсіз  жерге  орналасқан   ментеп  пен  балалар  мекемесіне    ауыстырылады.    Егер   төменгі    қабатта  тұратын   және  кешенді   адамдар   судың   көтерілуін  байқаса,  жоғарғы    қабаттарға    көтерілуге,  егер    үй бір    қабатты  болса,  шатырға    шығу  тиіс.   Жұмыста   әкімшілік    нұсқауымен  белгіленген     тәртіпті  сақтап,  биік   орналасқан  орындарға   көтерілу   керек.  Далада  кенеттен   су  басқан  кезде   дөңеске    немесе    ағашқа  шығып,  әр  тұрлі  жүзу    құралдарын  пайдаланған  жөн.

Үйден    (пәтерден)  шыққан  кезде  өзіңізбен  бірге  құжаттарыңызды,  құнды  заттарды,  аса  қажетті  заттарды,  екі-үш   тәулікке  жеткілікті  азық-түлік  қорын  алу    ұсынылады.

Судың  басуынан  сақтауды  қажет  ететін  және  алу    мүмкін  емес  мүлікті   жоғарғы   қабатқа,  шатырға   шығару   керек.  Үйден  (пәтерден)  шығардың  алдында    электр  мен   газды    ажырату,  пешті   өшіру,  есікті, терезені,  ғимараттағы  желдеткішті  және    басқа  да   саңлауларды   нығыздап    жабу  керек.

Су  басқан   аумақтағы   ададмдарды  іздеу  шұғыл   ұйымдастырылып  осы  жұмысқа  АҚ  және  ТЖ  құрамалары,   әскери  бөлімдері,    жүзу  құралдарының  экипажы   мен  басқа   барлық   қолда  бар  күш  пен  құралдар  тартылады.  Құтқару    жұмыстары   кезінде   ұстамдылық  танытып,    құтқарушылар  талабын   бұлжытпай   орындау  керек.  Жүзу   құралдарына   (қатар,   қайық,  желкен  және т.б.)  шектен  тыс салмақ    алуға  болмайды,  өйткені    бұл  адамдардың    өміріне  қауіпті.  Көмектің  бірінші    кезекте   балаларға,  ауру  адамдар  мен  қарттарға    көрсетілетінін  есте  ұстаған  жөн.

Табиғи   өрттер 

Қазақстан  Республикасында  табиғи  өрттердің  негізгі  түрлері      ландшафты   өрттер – орман,  орманды  дала  және   дала  (егіс)  өрттері  болып  бөлінеді.

Ормандағы   өртті  сөндірудің   негізгі  жолы   суды   пайдалану,  ал  мүмкін  болмағанда    өртті  қолда  бар  құралдармен    сөндіруге  күш  салады.   Мысалы,  отты   топырақпен  көму,   оттың  шоғын   бұтамен  жанып  кетен  жерге  қарай   сыпыру,  қарсы  от  қою,  тулақты   немесе  киізді    пайдалану  т.с.с.

Ормандағы  өрттердің  80  пайызы   халықтың    еңбек  немесе   демалыс   орындарында   өрт  қауіпсіздігі  шараларын  бұзуынан,  сондай-ақ  орманда   ақаулы   техниканы    пайдалану   нәтижесінде  болады.

Орманның  жоғарғы  жағындағы  өртті   сөндіру   қиын,   сондықтан  оны   кедергі   жасау,   күйдіру  және   суды  пайдалану  арқылы   сөндіреді.  Бұл  жағдайда   кедергінің    ені   ағаш  биіктігінен  кем  болмауы  керек,  ал  жоғарыдағы  өрт   аумағының  алдындағы  күйдірілетін     кедергінің   (жердің)  ені   кемінде  150-200 м  өрт   қанаттарының  алдында  кемінде   50 м  болуға  тиіс.

Өрт  адамдарға   психологиялық    тұрғыдан  үлкен  әсер  етеді.    Тіпті кішігірім  өрттің  өзінде  адамдарды  жаппай   үрей  билеуі  адам   шығынына   әкелуі  мүмкін.  Өзін-өзі   ұстап  үйреген  адам  қиын  сәтте   өз  өмірін   құтқарып  қана  қоймай,  басқа  адамдарды,     материалдық   құндылықтарды  да  құтқара  алады.

Егер  сіз  орман  өртін  сөндіру   жөніндегі  топқа  кірсеңіз    панахана   орны  мен  оған  апаратын    жолдарды  жақсы    білуіңіз  керек.  Оттан  қорғайтын   киім  киіп,  керекті  жарақтарды  (адамдағы   мүмкіндігішне  арнайы  киім,  противогаз,   каска,  түтіннен   қорғайтын  маска)  пайдалану  керек,   әр  топта   сол аймақты   жақсы  білетін  жол  серік  болғаны  дұрыс.  Егер  түтіндеу  аймағындағы  көру  шегі  10  метрден  аспаса,  ода  оған  кіруге  болмайды.

Өрттен  адамдарды  құтқару  кезінде  өте  жылдам  әрі  тиімді   қимылдау   қажет,   себебі  түтін,  улы  газ,  жоғары  температурадағы   ыстық,  ғимараттың  құлауы,    тез   жанатын   және  улы  газ   бөлетін   заттардың   болуы  сияқты   қауіптер  кез-келген   жерден   шығуы  мүмкін.   Жанған  ғимарат   арқылы   үсті-басқа   ылғал  мата  (киім)  жауып,  түтіннен  жоғарылай   немесе  тізерлей   қозғалу   керек.

Көп  қабатты    ғимараттарда,  егер  подъезден  шығуға  мүмкіндік  болмаса,   балконды,  апаттық  люк  пен  балкондағы      баспалдықты,  көрші   подъезд  арқылы,  құтқаруға   арналған төбенің   люгін  пайдаланыңыз.  Құтқару   жұмысына  қатысатын  адам,  алғашқы  медициналық  көмекті  көрсете  білуге  тиіс.

Техногендік   сипаттағы  төтенше  жағдайлар

Техногендік    сипаттағы  төтенше  жағдайлар  деп  адамдардың   өз  қолдарымен  жасалып  жатқан  апаттар   мен  қирауларды  айтады.

Оның  түрлері:

  • Өндіріс орындарында  болатын  апаттар  (зауыттарда, шахталарда  және т.с.с.).
  • Көлік жүйесіндегі  апаттар.
  • Түрлі жарылыстар  мен  өрттер  (өндіріс  орындарында,  мұнай,  газ  құбырларында,  энергия  жүйесінде,  коммуналдық  жүйеде  және  т.с.с.).

Себептері:  Бүгінде  ғылыми-техникалық  прогрестің  шапшаң  дамуынан   өндіріс,  құрылыс,  тау-кен  байлығын  өндіру,  жаңа  химиялық   заттарды  өндіріске   енгізу  сияқты   іс-әрекеттер  жүргізіліп  жатыр.  Бұндай  қарқынды   даму    экономикаға  әсер  еткенімен,   экологиялық  апатқа     әкеліп  соғу  қауіпі   де  туындап  отырады.  Кей  жерлерде   жаңа    техниканы    және  технологияны,  материалдарды  пайдалану  ережелері  сақталмайды,  қауіпсіздік      шаралары   орындалмайды.  Міне,  осы  сияқты   қателіктердің  салдарынан  апаттың   болу  қауіпі    туындайды.

Апаттың   тағы  бір  себептері –  улы,  тез   тұтанғыш,  жарылғыш  заттарды  сақтау,   тасымалдау  ережелердің  сақталу-сақталмауы,  олармен   жұмыс  істеудегі   қателіктерге  жол  берілуі  жатады.

Апаттың  болуы,  адамдардың  еңбек   тәртібін    сақталмаушылығына,   жұмыс   істеуші   адамдардың  салақтығына,  олардың  тиісті   дәрежеде    білімінің   жетіспеушілігіне,      техниканы   және  оның  қауіпсіздік  сақтау  ережелерін  жете  меңгермегендігіне  көп  байланысты.

Міне,  осылар   жұмыс  орындағы  апатқа,   жарылыстарға,  өртке,  қирауға,   қоршаған  ортаны   улы  не   радиоактивті   заттармен  ластауға    әкеліп  соқтырады. Мысалы:   1971 жылы  Минск   теле-радио  заводында  жарылыс  болып,  өндіріс  орны  қирап,  адам  шығынына  ұшыратты.   1986 жылы  Чернобыль  атомдық   станциясында   ірі  жарылыс  болып,   үлкен  апат   болғаны  белгілі.  Мұндай   жағдай  Атырау  химия,  мұнай  айыру  заводтарында  да  болып  тұратындығы  ықтимал.

Апаттың  тағы бір  өте  қауіптілігі –      күшті  улы  заттардың   ауаға   тарап  кетуі.  Осындай  өрттен   шыққан  қалың   түтіндегі   улы  заттар  ауаға   көтеріліп  жерге  де  жайылып  қонады.  Әсіресе  полиэтилен ,   полистирол  тұрпаттас   материалдардың    жануы адам,   жан-жануар,   құстар  және  т.б.  өміріне  өте  қауіпті.

Өрт   пен   жарылыстардың   салдары  оның  жою   факторларымен  байланысты.

  1. Өрттің негізгі  жою  факторлары  мыналар:  от  заттарға  тікелей   және  алыстан  қызуы  арқылы  әсер  етеді.  Нәтижесінде    отта  қалған   заттар,  объектілер,  ғимараттар  және  оның   құрылымы   толық  немесе  жартылай   жанып  кетуі  мүмкін.  Ал  өте   жоғары  температураның    әсерінен   материалдар,  металдан  жасалған  тіреулер,   балкалар,   құрал-жабдықтар,  технологиялық    қондырғылар,  бұйымдар  және  техникалар  балқып,  жанып  істен  шығады  әрі   өзінің    қасиетін  жоғалтады.  Адамдар,  жан-жануарлар  зардап  шегеді.
  2. Жарылыстың қырып-жою   факторлары  мыналар:
  • ядролық бомбаның,  жарылғыш  заттардың,  сұйық  отынның  газдың  жарылыстарынан  туындайтын    соққы   ауа  толқыны.
  • жарылыстардан жарықшақтардың,   сынықтардың  пайда  болуы  әрі  оның   үлкен   аймақты  қамтып,   үлкен  зардап  әкелуі.

Жарылыстардан  қирау,  объектілердің  жойылуы,  адамдардың  және  жан-жануарлардың  өлімі,  жарақаттануы  сияқты  зардаптары  болады.  Жарылыстың  нәтижесінде  үлкен    өрттер  пайда    болуы  мүмкін.  Неғұрлым   жарылыстың   қуаты   күшті  болса,  соғұрлым   оның  экономикаға,  қоршаған  ортаға,  адамдарға  және   экологияға  әкелетін  зияны  зор  болады.

Өте  улы  заттар  таралатын  апаттардың    түрлері

Химиялық  объектілерде   болған  апаттар  аса  қатерлі   апаттардың    қатарына  жатады.  Себебі   ондай  апаттар   адамдарды,  жан-жануарларды,  өсімдік    әлемін  жаппай   жоятын   улы  заттар  шығумен   сипатталады.

Улы   заттектер   /сильно  дейтсвующие  ядовитые  вещества/  жаппай  қыру   қаруларының  біріне  жатады.  Бұлардың   негізін   химиялық    қосындылар  құрайды.  Олар  адамдарды,  жан-жануарларды,  ауаны,   жер  бетін,  техниканы,  суды   және  азық-түлікті  улайды.

Жаппай  қыру  мақсатында    қолданғанда  олар  тамшы,  сұйық,  тұман,  түтін  не  бу  күйінде  болуы  мүмкін.

Улы   затпен  зақымданудың   бірнеше  ерекшеліктері  бар:

  • аз уақыт   ішінде   жаппай  улануға  болады;
  • ауа, жер  кеңістігінде   үлкен  аумақта   улай алады;
  • аэрозоль, бу  түрінде   қорғануы  нашар  үйлерге,  бөлмелерге  кіріп  кетеді;
  • әр түрлі  жағдайда,  әр  түрлі  орындарда  /тұйық, желсіз  жерлерде/ ұзақ   сақталуы  мүмкін.

Улы     заттармен  зақымданудың    жолдары:

  • уланған ауамен  демалғанда;
  • улы тамшылардың  теріге  не  көзге  тиюі;
  • уланған заттарды  ұстағанда;
  • уланған азық-түлікті   не суды   пайдаланғанда.

Улы   заттардың  ішіндегі   көп     кездесетіні  әрі  қатерлісі  хлор  мен  аммиак.

Хлор  жасыл-сары  түсті   өткір  исі  бар газ.  Хлор   ауадан  екі есе  ауыр,   сондықтан    хлор    бұлты  жер  бауырлап  ұшады.

Оның  қайнау   температурасы  – 34,60С.  Яғни,  хлор  қыс  кезінде  де  газ   түрінде  де  қала  береді.  5-7  атм  қысымында    тез  қысылып,   жасыл-сары   түсті   сұйыққа   айналады.  Суда     жақси  ериді.  Өндірістің  түрлі   салаларында    кеңінен    қолданылады.    Ауыз  сулармен  ағын  суларды  тазарту,  зиянсыздандыруға  қолданылады.

Адамдардың  тыныс  алу  жолын  зақымдайды  және  өкпені   ісіндіреді.  Ал  мөлшері  көп  болғанда  5-25 минут   ішінде  адам  өледі.

Бірінші  көмек:    противогаз  кигізу керек,    ол  аймақтан  адамды  тез    арада   таза  ауаға    шығарып,   оттегімен    демалдырған  жөн.  Тыныс  алу  жолдары   зақымданғанда   нашатыр  спиртін  иіскеткен   дұрыс.  Көзін,  мұрнын,  аузын  2-пайзды    соданың  ерітіндісімен    жуған  дұрыс.   Хлор ауаға   тарағаны   естігенде   үйдің   жоғарғы  қабатына   ығып   кетуге  тырысу  керек.  Хлор  тараған  территориядан  тез  өтіп,   жел  соққан   жаққа  кетуге    тырысыңыз.  Бірақ   жүгірмеңіз.  Жердің   шаңын   көтеруге  болмайды.  Хлормен   уланған  адамға  нашатыр  спиртін   иіскету  керек.    Ыстық  сүт,  шай  беріп  жылы  жерге  науқасты  орналастыру  керек.

Аммиак – нашатыр  тәрізді  иісі  өткір,  түссіз  газ.  Суда   жақсы  ериді.   Аммиактың  ауамен   араласқан  түрі  /1:3  мөлшерде/      қопарылыс   жасауға  қабілетті.   Адамның    тыныс  мүшелеріне,  көзіне  қатты әсер   етеді.  Аммиактың   жоғары  концентрациясы    адамның   нерв  жүйесіне  қатты    әсер  етеді.   Теріні,   көзді  күйдіріп  не  үсіріп  жібереді.

Аммиактың  ауаға   тарағаны  туралы  хабар  болғанда   өзіңіз  тұратын  үйіңіздің  не  жұмыс   бөлмеңіздің  есік-терезесін,  саңылауларды  ылғал   матамен,  мақтамен   тығыздап   жабу  керек,  газ,  электр   жүйелерін   тез  ажырату   қажет.

Өндірісте  арнайы  противогаздарды   пайдаланады,  мақтадан   жасалған  ауыз  жапқыш  100  минутқа  дейін  көптеген   улы  заттардан   сенімді   сақтайды.    Бірақ   ол  аммиактың,  метихлоридтің,   венилхлоридтің  улы   заттарынан  сақтауы  екі  талай.  Егер  болмаған   жағдайда    дәкені,    мақтаны  сулап,  сол   арқылы  демалу   керек.    Киімнің  түкті,   мақталы  жері,    бөкебай,  киімнің  жағасы,  жеңі  де  тыныс  алу  органдарын    сақтайды.

Аммиактың  буымен  уланған  адамды   ол  жерден  тез  алып  шығып,  оған  сірке  қышқылының    ерітіндісін  немесе  судың   жылы буын  иіскету    керек.  Зақымданған   жерді   химиялық   пакеттегі  ерітіндімен  сүртеді,   немесе  сабынды    сумен   жақсылап   жуады.

Аптечканың  /АИ-2/ №2  ұясындағы    таблетканы    ішу  керек.

Химиялық   зақымданған  аймақтан   шыққаннан   кейін   толықтай  не  жартылай    санитарлық  тазалықтан  өту  керек.

Нерв  жүйесін    зақымдайтын    фосфорорганикалық 

уландырғыш  заттар

Ви-икс-газдары.  Олар  өз  мөлшерде  буланатын  түссіз  сұйық  түрінде  кездеседі.   Оның  иісі  болмайды.  Суықта   қатпайды.  Суда    баяу  ериді – 5,  ал  органикалық  еріткіштер  мен  майларда  жақсы  ериді.

Ашық  жатқан  су   көздерін  /көл,  өзен/   өте  ұзақ  уақыт  бойы  – 6  айға  дейін   зақымдандырады.  Адамның  терісіне,  тыныс  жолдары,  киіміне  сіңу  арқылы  уландырады.  Жазды күні   бір жерде  7-15  тәулік  бойы,  ал  қысты  күні   2-3  айға     дейін   сақталып    улайды.

Зарин –  бұл  түссіз   немесе    сарғыштау   түрде   кездесетін,  ауада  жақсы  буланып  ұшатын,  қыста  қайтпайтын  сұйық  зат.  Оны  кез    келген    мөлшерде   суға  немесе  органикалық  еріткіштерге  араластырып  қолданады.  Судың   әсеріне    тұрақты    қарсылық   көрсететіндіктен  тұйық  су   көздерін  ұзақ  уақыт   бойы  уландырады.   Адамның   терісіне,   киіміне  тез  сіңіп    кетеді.  Оның  буы  20  км-ге,  дейін    тарайды.   Ойлы   жерлерде   жазда  бірнеше  сағатқа,  қыста  2  тәулікке  сақталады.

Осы  тәріздес    улағыш    заттың  бірі  – Зоман.  Ол  да  теріге  өтіп,  тыныс  алу  органдарын  улайды.  Организмге    сіңіп  алғаннан  кейін  орталық    нерв  жүйесіне  зардабын   тигізеді.  Өлтіргіш    қуаты  бар  кезінде    адам  жүректің   сал  болып  ісінуінен  өледі.

Қорғаныс  жолы:  теріні  қорғау  құралдарын  және   противогаз  пайдалну,  панаханаларға,  арнайы   баспаналарға   жасырыну.

Улы   заттардың  барлығын  химиялық   байқау   құралдары   арқылы  анықтайды.

Теріні   күйдіріп,  іріңдететін    улағыш   заттардың  бірі – Иприт.

Ол  сарымсақтың  иісі  бар  сарғыш   немесе   қара  қошқыл  түсті  сұйық  зат.   Органикалық  еріткіштерге  жақсы  ериді.    Әр  түрлі    лакты  бояу  жағылған  заттарға,   резинаға,  саңылаулы  материалдарға,  адамның   терісіне   оп-оңай   сіңіп   кетеді.  Адам  терісі  2-3  сағатта   қызарады  да,  жараға  айналып  20-30  тәулік бойы  жазылмайтын  жара  пайда  болады.

Адам Иприттің  буымен  демалғанда    бірнеше  сағаттың  ішінде-ақ  ауыра  бапстайды  да,  тез  арада   өкпесі  қабынып,  ісініп,  тынысы     тарылып,  адам    тұншығып   өледі.

Қорғаныс   құралдары:   противогаз,  тері  қорғау  құрал-жабдықтары  және  арнайы    баспаналар.

Синиль  қышқылдары.   Бұл  тез  буланып  кететін  түссіз  зат.  Ашық  жерде  тез  буға  айналып  ұшып  кетеді. Қату  температурасы – 140С,  адам  синиль  қышқылы  тараған  ауаны   жұтқаннан  уланады.

Қорғаныс  жолы:  противогаз,  арнайы  баспаналар  пайдалану.

Синиль   қышқылы  химиялық  құралдар  арқылы   анықталады.

Тұншықтырғыш   улы  зат (газ) – фосген.

Бұл  түссіз  газ  түрінде   болады,  ауадан  3,5  есе  ауыр.  Шіріген   шөптің   иісі  шығады.   Буланған  кезде   адамды   уландырады.  Тегіс  жерде    30-50  мин,  ол  жерлерде    3 сағатқа  дейін  сақталады.  Адамды  тыныс  алу   органдары    арқылы   зақымдайды.   Мұнымен  уланған  адамға  қолдан   тыныс  алдыруға    болмайды.  Бұл  газдан   қорғану  жолы   противогаз  бен  баспананы  пайдалану.

Әсері  күшіті  улы  заттар  (ӘКУЗ)

ӘКУЗ – шаруашылық  мақсатта    қолданылатын  зат,   оларды  қалай  болса  солай  сақтау  немесе  төгілуі  адамдардың    жаппай  улануына  алып  келуі  мүмкін.

ӘКУЗ – жабық  ыдыста   қысыммен    сақталады,  ыдыс  қирағаннан  кейін  қысым  атмосфера   қысымына  дейін  төмендейді.

ӘКУЗ – қайнайды  (қайнау  температурасы + 200С)  және    атмосфераға   газ  немесе   бу  түрінде  бөлінеді.  Олар  үлкен   қашықтыққа   таралады.  Сондықтан  химиялық    қауіпті  объектіге    жақын   тұратын   халық   онда  қандай    ӘКУЗ-дың   пайдаланылатындығын   білуге  тиіс.   Химиялық  зақымдау  ошағының  көлемі,  оның  адам  терісіне  тамшы   сұйық  түсуі  және  бумен  демалу  нәтижесінде    болуы  мүмкін.

Химиялық  қауіпті  объектідегі  апат  туралы  дабыл   жарияланғанда    немесе  қоршаған  ортада  улы  заттар  қауіп    туғызғанда   төмендегі   іс-қимылды  істеу  қажет:

– улы  заттардың  тарағандығы  жөнінде  хабар  келген  соң  тез   арада   противогаз    және  сол  сияқты    жеке  қорғану    құралдарын  пайдалану  керек;

– жақын  жердегі   панаханаға  немесе  арнайы    жасырынатын    орынға,  ал  олар  жоқ  болса,  жақсы  қымталған   үй-жайға    жасырынады;

 Зақымдалған  аумақпен  жүрген  кезде   мына  тәртіптерді  мүлтіксіз   сақтау  қажет:

–  жүгірмей  және    шаңдатпай  тез  жүру;

-төтенше    жағдай  ұйымдарының   өкілінің   бұйрығына  дейін   қорғаныс   құралдарын  шешпеу  керек,  жыраларды,   шұңқырларды,  батпақтарды,   тонельдерді  және  улы  зат   жинақталып   қалатын   басқа  да   орындарды   айналып    өту;

–  зардап   шеккендерге, балаларға,  сондай-ақ   өз  бетінше   қозғалмайтын    қарттар  мен  балаларға  қажетті  көмек   көрсету.

ӘКУЗ  төгілген  кезде    көрсетілетін    немесе   істелінетін  іс-әрекеттер:

Хлор  –  төгілген  кезде (ол ауадан  ауыр)  ең  биік   орындарды   көтерілу  қажет:

а)   егер  сіз   төменгі  қабаттағы  пәтерде  болсаңыз,  жоғарғы   қабатқа    көтеріліңіз;

б)   егер сіз   көшеде  ( далада)  болсаңыз,  биіктеу  жерге  шығыңыз.

Аммиак  төгілген  кезде  (ол  ауадан  жеңіл)  тез   буланып  жоғары   көтеріледі,  яғни  төмен  жерлерді  таңдау  қажет (жертөле).

Химиялық   зақымдау   туралы  дабылды  естіген   бойда   жеке  қорғаныс  құралын    тез  киіп,  өзіңіз   тұрған   ғимаратты   қымтаңыз:

– есек  пен  терезені     жақсылап  қымтаңыз;

– ондағы   саңылауды   шүберекпен,  жапсырғышпен,  пленкамен  немесе   ылғал   қағазбен  жабыңыз.

Егер  дабыл   сізді   көшеде   келе  жатқан    кезде  берілсе,   ықтимал  зақымдану  аумағынан    шығып,   желге  қарсы  жүріңіз.

Тыныс  органдарын  қорғау  үшін,   тыныс  органдарын   аммиактан,   метиллоридтен  және  винтилхлоридтен  және   басқа  улы   заттардан  30-100  минут    бойы  қорғайтын   противогаз    кию   керек.

Аммиак сумен  жақсы     жайылады  (суланған  мақта – дәкі  таңғышы  көмектеседі).

Егер  противогаз   жоқ  болса,  тыныс  органдарын  қорғау  үшін  сумен  немесе   ауыз   суының  2% (хлор   төгілген  кезде)  және  лимон   (бор)  қышқылының    5%  (аммиак  төгілген   кезде)  ерітіндісімен  шайылған  кез  келген  матаны     пайдаланыңыз.

Тыныс  органдарын  хлордан  қорғау  үшін  өзіңіздің  немесе  балаңыздың   сұйық   дәретімен  шайылған  мата  таңғышын  пайдаланыңыз.

Халықты  ӘКУЗ – мен  ықтимал   зақымдану   аумағынан   көшуі  негізінен  улы  бұлт  жақындағанға  дейін   жүргізіледі.

Улы  зат  төгілген    орынға  аммиак  суын,  әк  тұнбасын,  кальциленген  соданың   ерітіндісін  немесе  60-80%  және  одан  артық   концентрациядағы     каустикті     құяды  (шамамен  2 л.  ерітіндіге  1 кг  хлор)  суды  немесе   ерітіндіні   ыдырату    үшін  су    шашыратқыш, өрт  машиналарын,  жылжымалы   автожанармай,  стансаларын,   сондай-ақ   химиялық   қауіпті   объектідегі     гидрант   немесе   арнайы   жүйе    қолданылады.

Аммиак   көп  төгілсе,  жайылған  сұйықты    топырақпен  қорайды,  ал  төгілген   жерді  әлсіз   қышқыл   ерітіндісін  себеді,  сумен  шаяды.

Егер  газ   тәріздес  аммиак  төгелісе,  онда  су   шашыратқыш,   өрт  машиналарының,  жылжымалы  автожанармай  стансаларының  сондай-ақ  химиялық    қауіпті   объектідегі   гидранттың  көмегімен  буды  жұту  үшін  суды   шашыратады.

Сақтанудың  жолдарының  бірі  болып,  мақта-мата  таңғыштарын  пайдалану  болады.  Оларды  дайындау  жолдар  үшін  50-100  см  көлеміндегі    дәке   кескіндісінен  жасайды.  (Бастауыш  сынып   оқушыларына  көлемі 80-40 см).  Отбасы  бойынша   бір  қалыпты   қалыңдығы  20-30  см  (15-20 см)  1-2 см  мата   қабатын  жаяды.   Дәке  кескіндісінің   бойымен   екі  жағынан    да  бүгіп,   мақтаның    үстіне   қояды.  Дәкенің   ұшын    екі  байлау   жұбы    шығатындай    етіп  қияды.

Таңғыш   ауыз  бен  мұрынға        қойылады.  Олардың   ұшын    төменгі   жағының   төбе   сүйекте,    ал  жорға    жағының   құлақ    үсті  арқылы   желкеде    болатындай   етіп  байлайды.  Таңғыш   пен  беттің   арасындағы   саңылауларды   мақтамен    тығыздайды.

Апаттың  осы  түрі  болғанда  адамдар  қандай   қимыл   жасауы  керек:

Химиялық  қауіп  немесе  улы  заттардың  тарағаны  туралы   қалалық     Азаматтық   қорғаныс   штабынан  хабар   түседі.  Хабарды    естісімен,  противогаз  кию  керек,  ол  болмаған  жағдайда,  жамылғы  немесе   басқа  нәрселерді    басқа   жауып,  тез  арада   жақын  жердегі   паналау   орнына  жетуге    қам  жасау  керек.  Егер  үйде   не  жұмыста   болсаңыз,   сол  жердің    терезесін,  есігін  қолда  бар   нәрсемен   тығындап,  үйге  улы   зат  немесе   газ   кірмейтіндей   ету   керек.   Ескеретін   жай  улы   газдар    апаты   болғанда    үйдің    төменгі    және  жерасты   қабатын   панамалауға   тырысуыңыз,   себебі   тараған  улы  заттар  ауадан    ауыр  болса,    төменге  жиналады.

Төтенше   жағдай  соғыс  қақтығысуларынан  да  болуы  мүмкін.

Олардың  әсерінен  электр  жүйелері,  су,     жылу  құбырлары  бұзылады.  Өндіріс  орындары   жұмысын    тоқтатады,  адам  шығыны   болады,   осыдан   оларды  құтқару  қажеттігі  келіп туады.   Бұндай  апаттың   зардабын   жою  немесе   бәсеңдету  үшін    Азаматтық  қорғаныс  күштерін  іске  қосуға  тура  келеді.

Төтенше    жағдайлардың  зардабын    жою  мақсатында  істелетін  жұмыстар:

  • Күнделікті жүріп  жатқан  жұмысты,   оқуды,  өндіріс  заттарын  өндіруді  халыққа   түрлі  қызмет   (сауда,  көлік  жұмысы)  көрсетуді  тоқтатпау.
  • Кенеттен болатын  жұмыстардың   сипатына,   көлеміне  қарай  дереу  шара    қолданылуы  керек.
  • Байланыс жұмысын  үзбеуге,  тиісті   мәліметті  дер  кезінде   түсуін  қамтамасыз  еткен  жөн.
  • Апат болған  ауданға    барар   жолдың  ашылуына   көңіл  аудару   қажет.
  • Апаттың қоршаған  ортаға  тигізетін   зардабының  сипатын  және  көлемін   барлап,  анықтау   керек.
  • Апат болған   жағдайда    адамдардың   арасындағы    қарым-қатынасты    зерттеп,  (қақтығысулар,   үрейленушілік, ұрлық,  тонау)  қоғамдық  тәртіпті    сақтауға  көңіл  бөлу.
  • Әр түрлі   мекемелердің  өзара  қарым-қатынасын    үзбеуін,  байланыстарын  ұйымдастыру.
  • Жоғарыдағы айтылған  жоспарларды   қызметкерлерге   алдын-ала  ескертіп,  таныстру  қажет.

Төтенше   жағдайларды   анықтаудың     маңызы

Төтенше  жағдайладың  түрін,  көлемін,  сипатын  және т.б.  жақтарын  анықтау.  Азаматтық  қорғаныстың,  Төтенше    жағдайдың    ұйымдарының   барлау    құрылымдарының   негізгі   міндеттері.  Бұл  жұмысты   Азаматтық    қорғаныстың,  Төтенше     жағдайдың   штабтары ,  әскери    бөлімдері,  арнайы  барлау   органдары  ұйымдастырып,  жүргізеді.

Барлау   жұмысы  зақымданған   аудандарды,  қарсы   жақтың  (соғыс  кезінде)  қай  жерде,   қандай  қару   қолданғанын,  радиацияның   деңгейін,  улы  заттың    түрін,   қирау  мөлшерін,   өрттің   алып  жатқан  көлемін,  адамдардың, жан-жануарлардың,  өсімдіктердің  немен,     қаншалықты    дәрежеде   зақымданғанын  анықтайды.  Барлау   нәтижесіндегі    мәліметтер   Азаматтық  қорғаныс  немесе  Төтенше   жағдай    ұйымдарының  штабтары   жұмысын    ұйымдастыруға  қажет.   Штаб   осы  мағлұматтарды  пайдалана  отырып,    халықты  қорғау  үшін   қандай   шаралар    алу  керек  екенін,  құтқару    және  кезек  күттірмес    қалпына  келтіру    жұмыстарын    ұйымдастырып  жүргізеді.

  • Барлау жұмыстары   үзіліссіз,  тез  арада    жинақтылықпен   жүргізіледі.   Барлау   берген  мәліметтер  жағдайды    толығынша   ашуы  керек.
  • Барлаудың үзіліссіз  жүргізілуі  –  оның  жоспарлы,   жүйелі  түрде   күндіз-түні,  ауа  райына,  жер   жағдайына  қарамастан    қамтамасыз   етілуі.
  • Барлаудың тез  арада    жүргізілуі  – оның  белгілі   уақытта   АҚ  штабына   барлау   бөлімдерінің    жинаған    мәліметтерін    қажеттілігіне     қарай  тез    арада    штабтарға   жеткізілуі.
  • Барлаудың жинақтылығы  –   болған   жағдайды  толық  қамту.
  • Барлаудың швнайылығы  –  жағдай  бірнеше     жолдармен  тексеріледі,   жинақталған    мәліметтерді    салыстыра  отырып,  оның  дәлдігіне   көз  жеткізіледі.

Барлау  органдарының    жұмыстары

Бейбітшілік   кездегі   төтенше    жағдайда:

  • Ауаның, судың,  топырақтың,   өсімдіктердің  және   басқа  да   объектілердің  улы,   радиоактивті   заттармен    ластанғанын   бақылап,    лабораториялық     талдаудан  өткізіп  отыру;
  • Табиғат дүлейіне  ірі   апатқа    ұшыраған  аймақтың   көлемін,    қолайсыз  эпидемиялық    не   эпизодтық   жағдайға  ұшыраған   аудандарды    анықтайды;
  • Елді мекенді    көшіретін  жағдайда  жолдың,   жол    бойғы   құрылымдардың  жәйін,    апатқа   ұшырау    қауіпі    бар объектілерге     жол-қатынас    мүмкіндігін   зерттейді.
  • Барлаушылар соғыс  сипатын,  жаппай   қырып-жою   қаруларын   және  қарудың    түрін,   апат  ошықтарын,   химиялық  қару  жарылған  орындарды   анықтайды:  (радиациялық,  химиялық   зақымданудың  бар-жоғын,  деңгейін,  улы  заттардың   түр-түсін  анықтайды).

Зақымға  ұшыраған  елді  мекендердегі    панаханалардың  /убежище/  дайындық    жағдайын,   адамдарға    қажетті    бұйымдармен,  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етілгендігін,   сыйымдылығын,   медициналық   көмек   көрсете алу  мүмкіндігін  анықтайды.

Су  және   құрғақтағы  көлік   жүйелерінің  жағдайларын,   олардың   халықты  көшіруге    дайындығын,   құтқарушылар   үшін    жасалған  жұмыс    жағдайларын,  анықтап  біледі.

Барлаудың   түрлері:

  • Әуе барлауы;
  • Су-өзен арқылы  жүргізілетін  барлау;
  • Құрлықтағы барлау.

Әуе  барлауы  ұшақ  пен  тікұшақтардың   қатысуымен  жүргізіледі.  Бұл  барлау   арқылы   ядролық    жарылыстың  ортасын,   бұл  жердегі    радиация     деңгейі    мен  радиоактивті    бұлттың   жылжу    бағытын,     радиоактивті    заттармен    ластанған    жерлердің   шекарасын  анықтайды.  Өрттің   көлемін,    сипатын  белгілейді.

Ұшақ  арқылы   радиацияның  деңгейі    анықталады,  кейбір   аудандарды  фотосуретке   түсіріп  алады.

Теңіз,  өзен  суы  арқылы  барлау.  Бұндай  барлау    жұмыстары
теплоходтармен,  катерлермен,  моторлы  қайықтармен  жүргізіледі.    Теңіз  өзен   жағалауындағы    радиацияның  деңгейін,  уы  заттардың   концентрациясын,   таралу   бағыты  мен   көлемін   және  басқа  да  ластанудың    дәрежесін   зерттейді.  Су  үстіндегі   құрылыстардың,      паромдардың,   көпірлердің  зақымдану   дәрежесін,   апат    болған  жерге   жақындау    жолдарын,   құтқарушыларды    түсіретін  орындарды    анықтап,   химиялық,  радиациялық  ластану   дәрежелерін  анықтайды.

Құрлықтағы  барлауға  Азаматтық   қорғаныстың  күштері,   олардың   барлаушылары  түгел  қатыса  алады.  Бұл   қызметке  арайы  барлау   бекеттері,    зертханалық   бақылаулар  (гидрометеостансалар,  санитарлық-эпидсатнсалар,  ветеринарлық  зертханалар)  қатысады.

Төтенше   жағдайда   барлау  жұмысы   жүргізу  Азаматтық   қорғаныс  немесе  Төтенше   жағдай   ұйымдарының   штабтарының,   оның  кейбір    бөлімдерінің,    соның  ішінде,  ең  алдымен,  жасақшылар  командирлерінің  ең  басты    қызметі.  Бұл  барлау  жұмысы    бейбіт  уақытта  да   тоқтатылмайды,  үнемі    жүргізіліп  отырады.

Өндіріс  орындарында  барлау  топтары,  байқау  бекеті,   ал  құтқарушылар  тобында  – барлау  звеносы   құрылады.   Олардың  құрамдарын  өндіріс    орнының  штабтары   белгілейді.  Әр  өндіріс   орнында    барлаушылар   тобы  4-5  барлау   звеносынан,   ал  звено  3-4  адамнан  тұрады.

Барлау  бекетінде – 1  химик-дозиметрист,  1  барлаушы  және  бір  комадирі  болады.

Барлаушы  оны   ауыстыруға    келген  адамға  өз   жұмысынан  толық  мәлімет  беруге  міндетті.  Өз  учаскесіндегі  радиация  деңгейі,  улы  заттардың бар-жоғы,  қирау  аумағы,  өрт  аумағы,  баспана,  оның ішіндегі    адамдардың    хал-жайы,   құтқару,  қалпына    келтіру   жұмыстарының  барысы  туралы  баяндайды.

Өз  қызметін  аяқтап   шыққаннан  кейін,  оларға  арналған  пунктке  барып   орналасады,  ондай   пункттер  химиялық  улы   заттармен,   радиациямен   ластанбаған  ауданда    болуы  керек.     Осы  таза    жерге   келіп   адамдарының,   техниканың,   басқа    да  құралдардың  ластану   дәрежесін  анықтайды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!