Түсіндірмелі сөздікті пайдалануда көрнекілік әдісін қолдану

Тілдің даму тұрғысындағы сөздік құрамының сан мөлерін анықтау, бір тілдің белгілі дәуірдегі жалпы халықтың сипат алған сөздеріне мағыналық, стилдік әрі грамматикалық жан-жақты сипаттамалар беру- түсіндірмелі сөздіктің алға қоятын мақсаты.

Сөздердің мағыналық нормаларын, стилдік түрлі қолданыстарын саралап көрсетуді. сондай-ақ сөздердің жазылуы мен айтылуындағы нормалардың ең дұрыс деген қалпын айқындай отырып соған нақтылы түсінік беруді қарастырады. Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс істеу оқушының сөздік қорын молайтып,танымдық,білімдік жағынан білімдерін жетілдіреді. Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс істеуде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады.Солардың бірі илюстрация және демонстратция әдісі. Оқыту процесінде көрнекі құралдарды пайдалану, нақтылы заттарды, құбылыстарды,процестерді табиғи жағдайда көрсету. Мұндай затты немесе құбылысты қабылдауға қатысатын сезім мүшелері неғұрлым көбірек болса,оқушы жаңа білімді жақсы беріп меңгереді. Материалдар оқушыларға түсінікті болып, одан саналы білім алу үшін және берілетін материалдарды тиянақты қабылдап, оның ғылыми-практикалық негізін дұрыс түсіну үшін,көрнекілік жолмен оқытудың маңызы ерекше зор. Сондықтан да көрнекілік әдісі оқу орындарда қолданылып жүрген және мектеп тәжрибиесінде көп тараған өнімді әдістің бір түрі. Тіл сабағында қолданылатын көрнекі құралдардың түрлері мен оны пайдалануда қолданылатын көрнекілік әдісі мұғалімнің берген сабағының көрнекті, тартымды,түсінікті болуына жол ашады.

Бұл – оқушылардың нақты білім алу жолында көрнекі құралдарды пайдаланып отырудың ерекше ғылыми және практикалық маңызы бар екендігін көрсетеді.

Көрнекі құралдарды пайдалану тек көрнекілік принципіне қойылған мақсаттарды ғана іске асыру үшін қолданылмайды, ол сабақ үстінде әр түрлі әдістерді және басқа әдістемелік ұсыныстарды іске асыруға жол ашады да,сабаққа арналған уақытты оқушылардың ұтымды пайдалануына мүмкіндік туғызады. Соның нәтижесінде сабақ мәдениетті, тартымды болып өтеді. Көрнекі құрал арқылы берілген материалды оқушылар саналы түсінеді де, оны көп уақыт есінде сақтап, іс-тәжрибеде дұрыс қолдана білетін болады.

Көрнекті құралдардың түрлері өте көп.Оның әрбір саласы оқытуға байланысты зерттеліп,тәртіпке келген. Олар әрбір ғылым саласын оқытып,үйрету мақсаттарына сай қолданып отырылады. Олардың ішінен кейбір көрнекті құралдардың түрлері бірнеше ғылым салаларын оқытуға ортақ қолданыла береді. Тілден беретін мұғалімдер оқытудың түрлерін жан-жақты зерттеп,оларды өз мамандығына талық пайдалану үшін, олардың түрлерінің бәрін де жақсы білулері керек. Қазақ тілін оқытуда көбірек қолданылып жүрген көрнекі құралдардың түрлері мыналар:

  1. Таблицалық көрнекілік, бұл мектепке көп тараған және қазақ тілін оқытуда жиі қолданылып отыратын өте пайдалы әдістемелік құрал.
  2. Схемалық көрнекілік, бұл қазақ тіліндегі заңдылықтарды схема ретінде көрсететін көрнекіліктің түрі.
  3. Суреттеу көрнекілігі,Бұған фотоға түсірген суреттер,қолдан жасалған суреттер т.б.жатады.
  4. Диаграммалық көрнекілік, бұл көрнекілік белгілі бір тақырыптың төңірегінде оқушыларды іздендіруге, ойландыруға байланысты бір құбылыс пен екінші құбыласты салыстырып отыру үшін қолданылып отыратын көрнекіліктің түрі.
  5. Модельдік көрнекілік, бұл көрнекіліктің ғылыми,практикалық маңызы ерекше зор.Модельдік көрнекілік арқылы оқытушылардың дүние тану өрісі кеңейеді.
  6. Альбомдық көрнекілік. Бұл көрнекіліктің түрлерін мұғалім толық пайдаланса, тіл сабағының ғылыми мәденниеттілігі артып, оқушылардың қызығушылығы молаяды.
  7. Дипозиттивтік көрнекілік. Бұл- оқушыларды мәдениеттілікке баулып, күнделікті өмір шындығымен таныстырып отырады.
  1. Символдық көрнекілік бұл көрнекілік қазақ тілінен оқытылатын материалдары оқушыларға алуан түрлі шартты белгілер арқылы түсіндіреді.
  1. Тақта көрнекілігі. Бұл қазақ тілін оқытуда ерекше көп қолданылатын өте өнімді көрнекіліктің бірі.
  2. Зат пен нәрсенің өзін көрсету көрнекілігі. Бұл көрнекілік оқушыларға табиғи заттың өзін көрсетіп таныту, оларды өмір практикасына араластыру, жағынан ерекше маңызы бар.

Білім алу кезінде көрнекілік әдісін пайдалануды бірнеше түрге бөлуге болады.

1) Тақтаға мағынасы түсініксіз және оған сол сөзі анықтама берілген плакат іліп оқушыларға түсіндіреді. Мыс:Аула-үй іргесіндегі тиесілі жер балықты ұстау т.б.

Тұқым –белгілі бір өсімдіктің дәні, адамдардың ата тегі.

2) Схемалық көрнекілік арқылы түсіндірмелі сөздікті пайдалану.

Плакатқа мағынасы түсініксіз сөзді жазып схема арқылы оның мағынасын анықтайтын сөздерді көрсету.

 

Мысалы:Төл

Малдың төліБіреуге тиесілік

(қойдың қозысы)(төл сөз )

3) Сурет көрнекілігі арқылы түсіндірмелі сөздікті пайдалану: Плакатқа мағынасы түсініксіз сөздің суреті салынып тақтаға ілініп, одан соң соның анықтамасы берілген сөздің суреті салынған плакат арқылы түсіндіру.

4) Сөзжұмбақтарды пайдала отырып түсіндірмелі сөздікті пайдалану.

5) Моделдік көрнекілікті пайдалана отырып, түсіндірме сөздікті пайдалану.

Мысалы: “Тұяқ” деген сөздің моделін жасай отырып ол жылқының бір дене мүшесі екен, және адамның артындағы баласы екендігін түсіндіру.

6) Альбомдық көрнекілікті пайдалана отырып түсіндірмелі сөздікті пайдалану. Бұл әдісте мысалы: Әке деген зат есім және балалы болған ер адам екенін түрлі әке туралы суреттерді көрсете отырып оқушыларға түсіндіруге болады.

7) Тақта көрнекілігі арқылы түсіндірмелі сөздікті пайдалану. Мысалы:тақтаға

  1. Ана зат. Балалы болған әйел адам. Абайдың өз анасы-Ұлжан, әжесі-Зере.
  2. Малдың т.б. жан-жануарлардың ұрғашысы, аналық мал. Қозылардың анасын тұқымдық қасиеті жағынан сынау қиын болды.

8) Зат пен нәрсенің өзін көрсету көрнекілігін пайдалана отырып түсіндірме сөздікті пайдалану. Мысалы: Айыл зат есімді сөздің ер-тоқымды жылжытпай ұстап тұру үшін аттың бауырын орай тартатын жіңішке қайыс тартпа екенін біліп сол заттың өзін көрсете отырып оқушыларға түсінік беру.

Қорыта айтқанда, түсіндірме сөздіктің алға қойылатын мақсаты бір тілдің белгілі бір дәуірдегі жалпы халықтық сипат алған сөздеріне мағыналық, стильдік, әрі грамматикалық жан-жақты сипаттамалар беріп, тілдің даму тұрғысындағы сөздік құрамның сан мөлшерін анықтау.

Сөздерді мағыналық нормаларын, стильдік түрлі қолданыстарын саралап көрсету. Сонымен қатар сөздердің жазылуы мен айтылуындағы нормалардың ең дұрыс деген қалпын айқындай отырып, соған нақтылы түсінік беруді қарастырады.

Түсіндірмелі сөздікті қолдануда көрнекілік әдісінің көрсететін түрлерін пайдалану оқушылардың саналы білім алып, ой-өрісінің жан жақты дамып қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.

Әдебиеттер

  1. С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы А 1991ж.
  2. Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы, Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразиологиясы. А. 1997ж

Резюме

В этой статье говорится о том, как можно работать с толковым словарем, который развивает грамотность студентов.

Summary

This article about how to work with interpretion dictionary which developed literate of students.