Салауатты өмір сүру салты және салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлар

Салауатты өмір сүру деңгеиі дегеніміз-экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығымен қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүру сапасы дегеніміз -әлеуметтік категория үй іші қызмет істейтін орындары (оқу — орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабараториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі

Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз -әлеуметтік психологиялық категория-адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап өмір сүру .

Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді.Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байданысты.Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды-дәстүрлер арқылы қалыптасады.Сондай-ақ тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.

Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді.Белгілі бір ұжымдарға қалыптасып,сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелерімен бірге өсіп біте қайнасып кетеді.Адам бір-біріне көмекке келеді.Адамның басына түскен ауыр жағдайлармен бөліседі.Адамның жүріс тұрысы біркелкі емес.Ол тәрбиеге байланысты болады.Тәрбиелі үйлердің балалары сүйкімді тәртіпті келеді.Үлкенді аға ,кішіні іні деп ерекше көзге түсіп тұрады.Жақсы тәрбие көрген балаларды педагоктар бірден тани кетеді.Ал тәрбиені аз көрген балаларды ажыратуға болады.Тәжірибелі мұғәлім ,адам оларды бірден байқап отырады.Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмір сүрудің салтының символы деп есептеуге болады.”Ұяны көрсең ,ұшқанда соны ілесің” егде адамдар өздерінің ұрпақтарын үйретіп отырады.Өмір сүрү салты мен ден саулықтың ара қатынасын салауатты өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептеледі. Салауатты өмір сүру салты адамның профессионалды іс-әрекетінің ,қоғамдық қызметімен ,күнделікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады.Бұл денсаулықтың қалыптасуына,оның сақталуына мықты болып бекітілуне жәрдемдеседі. Осыдан келіп қоғамдық денсаулық қалыптасады.Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет.Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді.Ол жастық өмірдің белгісі,тәрбие жұмыстарының әлсіздігі.Сондықтанда балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеудің қажеттігі туындайды.”Баланы жастан…” тәрбиелеу керек дейді қазақ.Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен белгілі.Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптасады.

Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік ,әлеуметтік экономикалық ,медециналық және биологиялық мәселе Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта беру,аурулардың алдын алу.Халықтың дене және рухани күшінің жан- жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар тұғызу,халыққа тегін ,жалпыға бірдей ,жоғарғы дәрежедегі мамандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі.Бұл туралы біздің ата заңымызда кең көлемде жазылған.Басқадай қаулы-қаралар жеткілікті.Сонымен 2002 жылы – денсаулық жылы деп атаудың өзі нені аңғартады.

Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министірлігі айналысады. Областарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіп отырады.Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең басты себептерінің бірі экологиялық жағдайларға байланысты.Қазақстан жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салыстырғанда ,өте нашарлап кетті.Қазақстан Республикасында емдеу-практиқалық мекемелер арқылы барлық медециналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі.Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады.Балалар дәрігерлік көмекті балалар аурухансы мен емханалардан тегін алады ,ал 3 жасқа дейінгі балалар консультация орындарының бақылауында болады. Денсаулық дегеніміз ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі.Айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып дами түседі.

Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды .Олар:

1) Физикалық денсаулық-ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі.Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды.Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.

2)Соматикалық денсаулық-Ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы.Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.

 3)Психикалық денсаулық –ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау,адам өмірінің мақсатын болжау ,мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.

Ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі ,функциялы үрдістердің келісімі түрде өтуі ,айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелік жағдайда болуы.

  • Рухани денсаулық –ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың сипаттамасын көрсетеді .Оның негізгі бағалық жүйесі-индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотиві түрде орнығуын баяндайды .Ол адамның көңіл күйін анықтайды.Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын ,сүйіспеншілігін және жан дүниесінің сұлулығын көрсетеді.

Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады.Олар:

1)соматикалық және физикалық денсаулықтың критерийі мен бәрін “өзім жасай аламын “деп көрсететін критерий;

2)Психикалық денсаулықтың ,критерийі-маған қажет заттардың бәрін “өзім тауып аламын “;

3)Рухани денсаулықтың негізгі критерийі- мен”өзім жасауым керек;

Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар мына төмендегідей :

1)Мәдениеттің төмендігі.

2)Салауатты өмір сүру салтын құрайтын санитарлық- гигиеналық ғылыми деректерді көпшілік халықтардың жете білмеуі .

3)Адамның белсенді түрде қимыл жасамауы.

4)Дене массасының мөлшерден тыс өсіп кетуі.

5)Адекватты емес және теңестірілмеген тамақтармен тиімсіз және жөнсіз тамақтану.

6)Айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларының мөлшерден тыс ластануы(атмосфералық ауаның,судың,жердің,өсімдіктер әлемінің көптеген улы химиялық(гербицидтер,пестицидтер,десиканттар,дефолианттар,фофатидтер),және т.б.қосылыстармен улануы.

7) Үйде және қызмет орындарында теріс стресс жағдайларының үнемі болып тұруы.

8)Кейбір адамдардың зианды әрекеттерге (арақ-шараптарға, темекі шегу ,есірткі-наркотикалық заттармен әуестенуі) әуесқойлық жасауы және т.б әсерлер.

9)Ас тұзын көп пайдаланатын адамдар әр-қашанда неше түрлі дерттерге шалдығатыны белгілі.

10) Қантты және де басқа тәтті тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі.Қант диабеті өте ауыр дерртердің бірі.

Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлардың бірі –дұрыс және жүйелі түрде өз мезгілде тамақтанбау .Сондықтан да адамның массасы өсіп, шектен тыс семіріп кетеді.

Ол неге әкеп соғады ,адамды ауруларға шалдықтырады.Кейіннен өмір мен қоштасуға себепші болады.

Ал қазіргі нарықтық экономика көпшілікке оң эмоциялық жағдай

туғызып отыр деп айта алмаймыз .Көптеген адамдар салауатты өмір сүріп отырған жоқ.

Сондықтан адамзат денсаулығына байланысты “Денсаулықты сақтаудың жеті қағидасы” қалыптастырылған .

Бұл қағидалардың мағынасында қазіргі қиын тірлікте , қоршаған ортаның тағы басқа жағдайларда аурудан қалай сақтанудың жолдары түсіндіріледі.Олүшін ең алдымен адамдар иогтардың қарапайым жаттығуларын , тыныс терапиясын және гимнастикасын меңгерген жөн.Тіпті айқайлау ,күлу, жылау сияқты “табиғи психосоматикалық тыныш табу массажы”арқылы да көңіл-күйді жақсартуға болады.сондықтан таза ауада көбірек қыдыруға тырысыңыз, шылым шегуден біржола арылыңыз.

Күн сайын екі жарым литрдей сұйықтық ішіңіз.Тек сонда ғана денедегі қалдық заттардан арылуға болады.Сүтті жаңа сауылған күйінде ішуге тырысыңыз.Неғұрлым сіңімді болу үшін оны піскен жеміспен бірге ішкен жөн.Бұл әсіресе қартаң адамдарға қатысты.лимонад,”кока-кола”тектес сусындарға әуес болыңыз.

Өлім-жітімнің 30 пайызы тамақты дұрыс ішпеуден болады.Түнге қарай асқазанға аса көп салмақ түсірмеңіз.Кезекті тамақтанудың арасында алма ,сәбіз,қатқан нан сияқты болымсыз бірдеңелермен жүрек жалғай салған жөн.Сонда түскі ас пен кешкі асқа пәлендей сұғанақтанбайтын боласыз.Салмағыңызды қалыптан асырмаңыз .Әр түрлі тамақ ішуге ,көбінесе ескірмеген тағамды пайдалануға тырысыңыз.Арықтағысы келген адам майлы,тым тәтті тағамдарды пайдаланудан,тамақты тоя жеуден аулақ болғаны дұрыс : асқа отырар алдында бір стакан су ішіп тәбетінің бетін қайырып алса ,ал тамақтанып болған соң дастарқанды тезірек жинап әкетсе тіпті жақсы .Тамақтан үнемі бір мезгілде және бір жерде ішуге тырысу керек .

Қазіргі адам қимылдың аздығынан жапа шегеді.Ондай жандарға ең керегі-спорт.Жаттығу олардың жүрегінің жұмысын жақсартуға,бойына қосымша күш жігер жинауға,денесінің қорғаныс қабілетін күшейтүге мүмкіндік береді.Ең әуелі жүгірумен шұғылданыңыз.Күніне 15-20 минуттық жүгіру өте-мөте пайдалы,бірақ оның алдында біраз уақыт тез жүру арқылы дайындалып алған дұрыс. Суда жүзудің ,велосипед пен шаңғы тебудің ,би билеп иогтардың жаттығуларын жасаудың салмақ кетіруге пайдасы зор.Таңертең керуетте жатып аяғыңызбен “велосипед” тебіңіз .Отырып киінуші болмаңыз.Жұмысқа бара жатқанда ,екі-үш аялдама бұрын түсіп қалып ,жаяу жүрүге ,үстіңгі қабаттарға лифтімен емес ,жаяу көтерілуге тырысыңыз.

Біздің заманымыз аласапырын оқиғаларға толы,ал бұл әр алуан ауру-сырқауға себепші болады.Соған дес бермес үшін “басыла” білу керек:тек демалыс кезінде ғана емес,күн сайын дұрыстап тынығуға үйреніңіз,жаныңызға жағатын бір алданыш тауып алыңыз,биге,моншаға барыңыз.Ұйықтататын дәрі ішпеуге тырысыңыз .Өйткені ондай дәрілердің көбі 14 сағат бойына әсер етеді ,әрі одан соң бірталайға дейін уыты кетпей ,адамды есеңгіретумен болады.Қажудан арыламын деп кофеин,никотин қабылдау,алкагольді ішімдіктерді ішу қате.Сергудің өзіңізге ұнамды жолын жасап алыңыз.Жүрек ұстамасына ұрынбас үшін шылым шекпеңіз,майлы тағамға әуес болмаңыз,салмағыңызға абай болып ,көбірек қимылдаңыз.

Өте жақсы дене шынықтыруды өткізу үшін ең алдымен терморегуляцияның механизмін білу керек .

Жер бетіндегі барлық ағзалар айналаны қоршаған орта факторлардың әсер етуіне байланысты екі топқа бөлінеді.Бірінші топқа жататын ағзалар –суық қандылар .өздеріне қажетті температураны сыртқы ортадан алып отырады.Екінші топтағы жануарлар –жылы қандылар –гомонотермділер .Айналаны қоршаған сыртқы орта температурасына байланысты.Ағзаларындағы температура тұрғылықты.

Адам ағзаларының температурасының тұрақты болуыөте күрделі биологиялық және физикалық –химиялық үрдістердің терморегуляциясы механизмдерімен байланысты.

 Осыған орай бірнешесауал туындайды.

Адам денесінде әртүрлі органдарында температураның мөлшері қандай . Арнаулы жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда ,адам денесініңтемпературасы тұрақты болады деп айту салыстырмалы түрде айту деп ұғыну керек.Адам денесінің ашық болуы айналаны қоршаған сыртқы ортатемпературасының әсеріне қарай тез төмендеп кетеді .Алжабық денедегі температура онша өзгеріске ұшырамайды.Ішкі органдардың температурасы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасымен байланысты ,онша көп өзгеріске ұшырамай ,тұрақты түрде болады.

Дененің температурасының ауытқуы тәулік бойы үнемі өзгеріп отырады.Температураның өзгеруі киген киімге байланысты болады.Ауыр жұмыс істеген адамдардың температурасыүнемі өзгеріп тұрады Спортшылардың дене температурасы әрқилы болып ауытқиды.Температураның өзгеруіне ағзаныңфизиологиялық жағдай,әйел адамдардың жүкті болуына байланысты.Дененің температурасы тәулік бойынна 0,5-0,7 С ғана өзгереді.Дененің температурасы кешке қарай сағат 16-18-де өте жоғары деңгейге көтеріледі.(37,0-37,1) Түнде сағат 3-4-те температура өте төмен болады(36,2-36,0) Қарт адамдардың дене температурасы онша жоғары деңгейде болмайды (35-36 С).

 Терморегуляция екі жолмен өзгереді.1)Нервті терморегуляция;

2)Гуморалды терморегуляция ;Терморегуляция жоғарғы нерв жүйесі арқылы реттеліп отырады.Адам денесінің терморегуляциясы шексіз.Адам күйзелген кезде немесеқорыққан шақта терморегуляция төтенше жағдайда өтеді .Суық тердің ағзадан бөлініп шығуы тегіннен-тегін емес екендігі байқалады.Ағзада төтенше түрде физиологиялық үрдістердің жүргенін көрсетеді.

ХХ ғасырды артқа тастап ,ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттадық . Жайаттағанымыз жоқ ,тәуелді егеменді ел болып аттатық .Бұл –Кеңес үкіметі қирамағанда өңің түгіл түсшңе де кірмейтін оқиға.Сөздің шыны керек.Ол кезде Кеңес үкіметінің Одақтас республикасының бірі болып ,компартия басшылығымен комунизмге қарай қарыштап алға баса береміз дегеннен басқаой болған жоқ.Сол комунизмге апарады деген үкіметіміздің шаңырағы ,ортасына түсіп,балапан басына,тұрымтай тұсына кеткен заман болды.Көптеген Одақтас республикалар не істерін білмей есеңгіреп қалды.Солардың ішінде ертерек есін жиып ,буынын бекітіп,қабырғасын қатайтып ,аяғынан тік тұрып, шет елдерге таныс болған республикалардың бірі –біздің Қазақстан.

Қазақстан қалай есін ерте жиып ,етек-жеңін қымтап алды.Оның жасырып ,жағымпазданатыны жоқ.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сара басшылдығы мен ақылды саясатының арқасы.Қазақ халқы қай уақытта да “Мың қосшыға –бір басшы”деп дұрыс басшыны қолдап ,екі тізгін бір шылбырды соның қолына беріп ,соңынан еребілген.

 Міне ,Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің елімізді досқа күлкі,дұшпанға таба етпей ,басқарып келе жатқанына он екі жыл .Елбасыәр жылдың өз міндетін салмақтап ,халқына Жолдауын арнап келеді.Соның бірі –Қазақстан –2030.”Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі ,қауіпсісдігі және әл ауқатының артуы” сол арқылы болашақ қоғамымыздың моделін жасауға болады.Адамдардың өмір салты қоғамның даму процессінде маңызды роль атқарады.Олай болса,өзіміздің табиғи-тарихи ерекшелігімізді ескеріп , ұлттық менталитетімізге сай салауатты өмір салтының тұжырымдамасын жасап,соны іске асыруымыз керек.Еліміз егемендік алып ,тәуелсіздіктуын тіккен кезде жоғарыда айтылған қызыл империяның шовинистік саясаты үстемдігін жойып,жаңадан салауаттыөмір салтын құру үшін жұмыс істеуі міз керек.Олүшін ең алдымен адамдардың санасын өзгертуіміз керек.Сананың өзгеруі алдымен тұрмысқа байланысты.Тұрмыс жағдайымызды жақсарту арқылы парасатымызды жетілдіріп, қоғамда адамдеген атқа лайық өмір сүруге тиіспіз Біз салауаттыөмір салтын Президентіміздің белгілеп көрсеткендей ,әр пунктіне сай істеп,жүзеге асыруға көшсек ,республикамыздың іргесі бекіп,нығайып қуата арта беретіні айдан анық.Соның басты пунктердің бірі –“Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру”.Бұл бөлімінде ел басы барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын ,денсаулығын білімі мен хал-жағдайын ұдайы жақсартып ,экологияға үнемі көңіл көңіл бөліп отыруға айрықша назар аударып ,талдау жасайды.

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді мемлекет мәртебесінде 2030 жылға дейінгі мерзімге арналған стратегиялық бағдарламабелгілеуі үлкен тарихи қадам .Ондағы басты-басты жеті басым бағыттардың бірі-Қазақстан азаматтарының денсаулығы білімі мен әл-ауқаты жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру .Бұл бағыт үлкен үш әлеуметтік саланы қамтиды .Шынында да бүл үш сала бір-бірі мен тығыз байланысты ,бірінсіз екіншісін іске асыру мүмкіндігі жоқ десе де боладай .”Оразанамаз –тоқтықта” дегендей мектеп жасындағы ішер асы,киер киімі,әсіресе аяғына қыста киер киімі болмаса оқуға бара алмайды.Оқу былай тұрсын ,отбасының әл-ауқатының нашарлығы ауру сырқатқашалдықтырады.Бұл сияқты әлеуметтік ахуал елдегі обьективтік жағдайларға байланысты болабермейді.Ол кей жағдайларда ата-ананың еңбек етпей ,маскүнемдікке салынуына да байланысты .Сондықтан стратегиялық бағдарлама “азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден”бастаудыкөздейді.Салауатты өмір сүру салтының басты шарты –маскүнемдіктен арылу.маскүнемдік пен нашақорлық ұлтымыздың болашағына да қауіп төндіріп отыр.Ал ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиялық бағдарлама қойылып отырған еңьірінші мақсат.

Салауатты өмір сүрудің екінші бір сипатты белгісі темекі шегуден, насыбайатудан бой тарту .Шылым шегу қазақ арасында көп тарамай тұрған кездегі.

Орыс халқында “жаман әдет –жұқпалы келеді “-деген нақыл бар. Шынындада шылымшегу ауыр індеттей тарады.Ересекадамдарды былай қойғанда темекі шегу жастар арасында жұпалы аурудай індетке айналды.

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасының жолдауы.Осы жолдаудың “Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары”деген тарауындаұзақ мерзімді жеті басымдылықты іске асыру деп аталады. Соныңбірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы “білімі мен әл-ауқаты.Яғни жеті міндеттің бірі-қоғамымызда салауаттыөмір салтын орнықтыру мақсаты .Ал енді өмір салты дегенге келетін болсақ ,оның мағынасы жеке адамдардың өмір тіршілігінен бастап ,бүкіл қоғамның өмір сүру тәсілін зерттеп айқындайтын әлеуметтік ұғым .Өмір салты адамдардың қалай және не үшін өмір сүру ,қандай іс-әрекетпен айналысатынын көрсетеді.Қоғамда өмір сүруші адам өзінің ақыл ойына ,санасезіміне,дүниеге деген көзқарасына сүйенеді.

 Данышпан Абай өзінің 28-қара сөзінде :”Ауруды жаратқан –құдай,ауыртқан құдай емес” деген .Яғни,құдай саған темекі тарт ,арақ іш,нашақор бол, денсаулығыңызды бұз деген жоқ.Әйел мен баланың денсаулығы туралы айтар болсақ ,денсаудығы күшті ,салауатты өмір салтын ұстаған аналар ғана өмірге дені таза ,қол-аяғы балғадай ,тепсе темір үзетін перзент әкеле алады.Өйткені сау бала –біздің келешегіміз ,қоғамымыздың тірегі.Әрине өмірге дені сау перзент әкелу бір жұмыс.Ал оны қоғамға жат мінездерден аулақ етіп тәрбиелеу екінші әрі өте жауапты жұмыс.