Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 1916 жылғы қайраткердің қалдырған

Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 14 (26).12.1894, Верный уезінің Шығ.Талғар болысы, қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. 10.2.1938 өмірі қиылады. Кеңес мемлекеті және партия қайраткері. 1917 жылдан Компартия мүшесі болған. Көшпелі кдей шаруаның семьясында туған. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы, Ұлы Қазан социалистік революциясына, Азамат соғысына, Орта Азиядағы, Қазақстан мен РСФСР-дегі социалистік құрылысқа белсене қатысты. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық – зомбылығына қарсы шыққаны үшін 10 жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылды. Он жасар Тұрар да верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болды. Он екі жасынан Тұрар жалшылықта байдың малын бақты. 1907 жылы ол Қырғызбаев деген жалғанфамилиямен Әулиеатадағы бұратаналарға арналған орысша бастауыш мектепке түсті. 1910 – 1914 жылдар ішінде Пішпектегі (Фрунзе) ауылшаруашылығы мектебінде оқыды. 1916 жылы Тұрар Рысқұлов Ташкенттегі мұғалімдер интернатыга түскенімен, оны аяқтап үлгермеді. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт – азаттық көтерілісі бұрқ ете түсті. Әулиеатадағы осы көтеріліске белсене қатысқан Рысқұолвты патша үкіметі сол жылы тұтқынға алды.

Ақпан революциясынан кейін ол қазақ жастарын революциялық жолға жұмылдырды. 1917 жылдың басында Т.Рысқұлов Қырғыз (қазақ) жастарының одағын ұйымдастырып, Әулиеата Советімен тығыз байланыс жасады.

 Кеңес үкіметі орнасымен Рысқұлов 1917 жылы қарашадан 1918 жылдың маусымына дейін Әулиеата уездік Совдепі аткомының председателі болды. 1918 жылдың шілдесінен сол жылыдың аяғына дейін Түркістан республикасы денсаулық сақтау халкомы, 1918 жылдың ақырынан 1920 жылдың қаңтарына дейін Түркістан республикасы ОАК пердседателінің орынбасары, 1919 жылғы наурыздан 1920 жылдың ақпанына дейін РК(б)П Мұсылман бюросының председателі, 1920 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін Түркістан республикасы  ОАК-нің председателі, сол жылдың аяғынан 1921 жылға дейін Ұлт істері Халық Комиссариатынң Азербайжан республикасы бойынша уәкілі, 1921 жылдан 1922 жылдың қыркүйегіне дейін РСФСР Ұлт істері Комиссариатының қызметкері, коллегия мүшесі және халкомның 2 – орынбасары, 1922 жылдың қыркүйек айынан 1924 жылдың сәуір айына дейін Түркістан республикасы халкомсовының председателі болып жұмыс істеді.

Рысқұлов 1924 жылы суәірден 1926 жылдың наурызына дейін Коминтерн АК Орта-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сонымен қатар 1924 жылдың ортасынан 1925 жыдың шілдесіне дейін коминтеріннің Моңғолиядағы уәкілі, 1926 жыды (наурыз – маусым) БК(б)П Қазақ Өдкелік комитеті баспасөз білімінің меңгерушісі және өлкелік «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Социалистік Қазақстан») газетінің жауапты редакторы, 1926 жылдың маусымынан 1937 жылдың шілдесіне дейін РСФСР халкомсовы председателінің орынбасары Рысқұлов қоғамд – саяси қызметпен қатар теориялық мәселелермен де шұғылданды. Рысқұлов 10-нан астам кітаптың, тарихи-партиялық және экономикалық тақырыптарға арналған 100-ден астам газет, журнал мақалаларының авторы. Оның редакциялауымен 7 кітап жарық көрді, бұл кітаптардың алғы сөздерін де Рысқұлов жазды. Ол Орта азия мен Қазақстанның совет дәуірінің тарихшыларының бірі әрі журналист ретінде де танылды. Рысқұловтың әкесі Рысқұлды Мұхтар Әуезов «Қараш – Қараш» атты повесінің прототип кейіпкері етіп алған.

Рысқұлов өзінің практикалық және теориялық жұмысында, әсіресе 1920-21 жылдары ұлтшылдыққа ұрындыратын жекелеген қателіктер жіберді. Түркі Коммунистік партисын және Түркі республикасын құруды талап еткен жергілікті қызметкерлердің тобын басқарды. Бұл партияның Лениндік ұлт саясатына қайшы ұсыныс еді. Оның бұл қателіктерін кезінде РК(б)П ОК, Түркістан комиссиясы және Түркістан Компартиясының ОК қарап, айыптаған болатын. Рысқұлов теріс бағыттан тез бас тартып, қатесін ағынан жарылып мойындады. Бұл жайнда ол «Қазақ тарихын бұрмалаушылыққа қарсы» атты еңбегінде ашық жазған. Рысқұлов содан былай қателіктерінен арылып, бірқатар жауапты қызметтер атқарады.

КПСС-тің 10,12,13,15,16 және 17 съездерінің делегаты, РК(б)П ОК-нің Түркістан бюросының, РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросының мүшесі. Бүкіл росс. ОАК, Кеңес ОАК мүшесі, РСФСР 1-сайланды. Жрғарғы Советінің депутаты (1937ж), Түркістан, Әзербайжан және Қазақстан Компартияларының съездері мен конференцияларының және осы республикалар советтері съездерінің, РСФСР Советтері съезінің делегаты. Шығыс халықтары 1-съезінің делегаты, онда Шығысқа әсер ету және насихат жүргізу Советінің мүшелігіне сайланды. Алматы облысы, Талғар ауданындағы бір шаруашылыққа және Жамбыл облысы Мерке ауданындағы Ойтал поселкісіндегі №27 орта мектепке Рысқұлов есімі берілген.

Тұрар Рысқұловтың 1916 жылғы

 Жетісу облысы жайлы жазған дерегі

Жетісу облысына 43 мың адам салынған екен. Жетісу облысының соғыс губернаторы Полбаум жанарал июльдің басында жұмысқа адам алу туралы елге жарлық тартып, патша әмірін бас тартпай орындаудың керектігін көрсетті. Бұл жарлық мынадай сөздермен аяқталған:

«Бұйырамын: Патша әмірін теріс түсінушілер болмасын, теріс түсінушілерді теріс уездік начальникке тапсырыңдар. Мен өзім патша әмірінің дау – далабасыз бейбітшілікпен орындалуына сенемін. Сол уақытта осы патшамыз сізге риза болып, қуанып қалар. Июльдің бірінде маған келген қазақ – таранша елдерінің болыстары, патша әмірін түсіндіргеннен кейін, бұйырықты орындауға уәде беріп, ұлы патшамыздың құрметіне «Ура» деп ұран салып еді. Молда мен отырған губернатор үйінің терезесі жаңғырықты»

Жетісу облысынан қара жұмысқа адам алу бұйрығын қалың бұқара қалай қарсы алды? Енді соған келейік. Жетісу облысының соғыс губернаторының уақытша ісін атқарып тұрған әкімнің айтуынша, қалың бұқара адам алу бұйрығына әуелі сенбеген, онан кейін қарсылық білдірген. Қалың бұқара: жұмысқа алынған адамдар соғыстың өзіне жіберіледі, жұмысқа адам алғандағы үкіметтің ойы, тұрғын елді қырып бітіру деп ойлаған.Көп ұзамай бірсыпыра елдер Қытайға, бірспырасы Балқаш қумына, Бірсыпыра-лары адам бармайтын тау араларына көшіп кете бастады.

Турғын елдің ішінде ыдырау июль біткенше болды. Жұмысқа алынғандардың жұмысқа баруға бас тартқандығы, Қытайға ауып кеткендігі, бүкіл бір болыс елдің Қытайға көшкендігі, қашқындардың Қытайдан қайтып келгендігі, орыста жалданып жүрген қазақ жұмыскерлерінің қашқандығы тұралы және басқа сондай хабарлар күн сайын көбейіп жатты.

Қазақстан жұмысқа адам алуға бұйрық шығарылғанан кейін-ақ қазақтың соғысқа дайындалып жатқандығы тұралы хабарлар тарай бастады. Бұл туралы бұйрықты алғанан кейін болыстар байларға, манаптарға қосылып алып, соғыс майданына адамды кедей табынан, кедей рулардан жіберу тұралы әңгіме қозғады. Оны естіген бұқара онан сайын ашуға мініп, алдымен тұрғын елдің әкімдеріне қарсылық көрсете бастады.

Жетісудағы көтерілістің бір ерекшелігі мынау: Жетісудағы көтеріліс Түркістанның басқа облыстарына қарағанда, көбіне кеш басталды. Жетісу әкімдері, қазақ елінің көтеріліс жасайтынын күн бұрын біліп, көтерілісті басуға алдын ала дайындалды. Жетісудағы көтерілісті басуды, көтеріліс басылғанша, тұрғын елдің ата дұшпаны Ташкендегі Куропаткин мен Алматыдағы Фольбаум басқарды.

Фольбаум жанарал Жетісуда көтеріліс басталмастан бұрын олыстағы барлық әскерді есепке алып, оларды көтеріліс қауіпі бар орындарға күні бұрын бөліп дайындаған. Сол сияқты Куропаткин жанарал да, көтеріліс болмастан бұрын, көтерілісті қалай басу туралы хабар келісімен-ақ, Ташкен мен Семейден көтерілістерді басуға қосымша әскер жіберді. Куропаткин Фольбаумға көтерілістің жайы туралы күніне телеграммамен екі рет хабар беріп тұр деп бұйрық етті. Документтерге қарағанда екі жанарал күн сайын хабарласып тұрған, соғыс пландарын жасап, күні бұрын көтеріліс болатын жерлерді шамалаған, көтерілісшілердің қашатын жолдарын, қияларды зерттеген. Соғыс планын жасағанда, көтерілісшілерді тау арасына айдап, жолшыбай қырып, тау арасындағы тау өткелдерге қамап, ұстамақ болған. Қашар жер, шығар жол қалдырмай, қырмақ болған.

Бұл екі жанаралдың соғыс планының көтерілісті басуға ойлаған бір амалы орыс мұжықтарын құралдандыру болған. Бұл толық документпен сипатталып отыр. Мұнымен қатар қазақ елін әлсіздендіру үшін қазақтың малын, жерін тартып алуға ұйғарылған. Бұл айталған қазақты қыру, әлсірету планы Фольбаум жанарал айтқанда «өте жақсы» орындалған.

Енді Жетісу облысында көтерілістің қалай өткенін баяндайық. Фольбаум жанарал Куропаткинге жіберген телеграмдарының бірінде тараншылардың Қарама болысының правителін өлтіріп, елдің шетке қаша бастағанын айта келіп, өтінішін білдіреді.

«Шілденің көтерілісті басуға дайындалуымен өткізуге тура келді. Әйтпесе болатын емес. Сізден екінші рет өтініп сұрйммын. Жетісудың запастағы солдаттарын облыстың өзінде қалдырыңыз, орыс поселкілерінде адам жеткілікті болған бейбітшілік уақытында, меніңмұжықтарымда кісі басы бірден мылты бар еді. Қазір поелкілерде тек әйелдер қалды. Әскер аз, тұрғын ел орысқа өте қас.Казачи ополчендердің (запастағы солдаттардың) басын қосып, Ташкеннен құрал әеліп оррыс халқына берданкі мылтық тарату керек» деген.

Басқа бір телеграммада Фольбаум: «Көтерілісті басудың тура жолы – орыстарға берданкі мылтықтарды қайтарып беру. Облыста 210-нан аса орыс поселкілрі бар, бір болыстың ішіндегі бір поселкімен бір поселкінің арасы 20 шақырымдай. Жаркентке, Қапалға, Алматыға 2 ротадан солдат қою, қолдағы солдаттардан 12 бұрыс деп конвойлар бөлу керек болғанда, орыс поселкілерін қорғауға толық емес 5 ротадан артық әскер шығара алмаймын. Бұл әскер облыстың орыс орнаған үлкенірек 10-12 поселкісін қорғауға жетеді. Мұнымен облыстағы барлық поселкіні қорғауға болмайды. Оның үстіне әскерді ыдырата берудің қажеті жоқ. Казачи әскері басқаларды, әскерлердегі көтерілісті басуға айдап салу үшін керек» депті.

Әр жерде көтеріліс басталған кезде Фольбаум Пішпек, Қапал, Лепсі, Аякөз ояздарының қауіп астында қалатынын, бұл уездермен қатынас үзілсе, қатынасты қайта орнатудың қиынға соғатынын білдіреді. Қолында телеграмм тұрғанда Фольбаум бұл қуіпті айта келіп, көтерілісті алдын ала басу үшін зеңбірек пен атты әскер сұрайды. Атты әскер мен зебірек жіберілмесе Жетісуда орыс үкіметінің  күні санаулы екенін ескертеді. Сол кезде Жетісу облысы көтерілісті басу планы бойынша 17 учаскіге бөлініп әр қайсысында әскер болған. Бірақ әскер жеткілікті болмаған.

Фольбаумнің неше рет әскер сұраған телеграмдарына жауап есебінде телеграм қайтарғанда, куропаткин көтерілісті басуға жіберілген әскердің қалай болатыны, қай жерлерге орналасу керек екенін көрсетеді. Мұнымен қатар сол телеграмда Семей, Жетісу облыстарының қазақтарын «үйрету» үшін ескі Ресейден Семейге зеңбіректер мен бір бригада смұрағын білдіреді.

Фольбаум жанарал бір телегарамада орыс поселкілерін құралдандыру үшін 2000 берденкі мылтық сұрайды. Фольбаумнің сұрғандарының бәрін дерлік Куропаткин орындап отырған. Куропаткиннің көрсеткен жәрдеміне, сеніміне көңілі толып Фольбаум ағұстың 22-інде Куропаткинге мынадай телеграм жібереді: «Жеткілікті әскер жіберіп, маған мұншама сенгендеріңізге рахмет айтам. Бір рота артық әскер, ия бір артық зеңбірек сұрасам да мұнадағы маған тыныс жағдайларды ескеріп толық ақылға салып сұрадым. көтерілістің қатты кезінде, ағұстың 20 – ында бүкіл облыстағы көтеріліске барлығы 12 рота солдат, бір жүз зеңбірексіз атты әскер, азын аулақ орыс селоларынан құрылған әскермен төтеп беріп тұрдым. Жетісу жазық далалық болғанда, бұл әскерді әлде қашан бір жерге жинаған болар едім. Бірақ мұндағы жағдай әскердің әр жерде бөлінуін керек қылды. Қалайда Жетісудағвы әскер көтерілісті басуға келгенде, көп ерлік көрсетті. Қыркүйектің бас шенінде тағы әскер келсе, облыстағы көтерілістің тезірек, толық жайғастырылуы анық. Сііздің көтерілістің тезірек, толық жайғастырылуы анық. Сіздің жәрдеміңіздің арқасында. Жетісудың азын – аулақ әкімдері мен әскері бұрынғысынша, бұл сапарда міндетін толық атқарар. Бұған сеніңіз».

Қазақ елін қыру планында Куропаткин мен Фольбаум кейде бір-біріне тоқтау салып, аса қаттылықтан тоқтатылып отырған. Фольбаум қыркүйектің 18-нде «Куропаткинге жіберген телеграммында: куропаткиннің орыс қаны төгілген жердің бәрі де тұрғын елден тартып алынсын» деген №220 бұйрығын Жетісу облысында қалай орындаудың жөнін сұрап: «Ыстықкөлдің Тоқмақ ауданына, Қастек, Қарқара алабтарына орыс қаны төгілген. Ол уақытта осы жердің бәрін де қазақтан тартып аламыз ба? Меніңше, дала қазақтарын жеңілірек жазаға бұйыруға болады, бірақ Пішпек, пиртайыл уездерінің қырғыздарын Тоқиақ, Кебен алаптарынан, Ыстықкөл көл жағалуларынан мүлде қуып шығару керек» дейді.

Сол сияқты Беолвод ауданындағы көтерілісті Фольбаум Беловод мұжықтарын құралдандырып, оларға қазақ елін мейлінше қыруға ерік бергенде, Куропаткин Фольбаумға қазақты қыдырса да, тым шектен шығып кетпеуге нұсқау берді.

Куропаткиннің бір күшті болған жері Атар ауданы, Самсы төңірегі. Бұл жерлерде Ботбай, шығыстық Қастек, батыстық Қастек, Тайшары, Ырғайты деген қазақ болыстарының елі көтеріліс жасады.

Батыстық қастек болысынан 10 үй Қытайға көшіп кетті. Қытайдан қайтқан бірнеше қазақтың сөзіне қарағанда бұлар Қытайдың «Сары қоғын» деген жеріне барып паналаған. Әуелі қытайлар оларды қабыл алған. Сонан соң бұлар Қытайдың губернаторына 100 жирен ат, 100 торы ат, 100 қара ат, 100 сұр ат пара беріп Қытай жерінде тұруға сұраған. Қашқандардың қытай губернаторына бұрын ат апарған өкілдері бұрын Қытай қолы астында болғанын, мұнан 60 жыл бұрын орыстар келіп оларды өзіне қаратып алып, асарықтар салғанын, жерін алғанын, енді солдат ала бастағанын айтып, губернатордан оларды Қытай қол астына алуын сұраған. Қытай губернаторы силықты алып, оларға Қытай жеріне орналысуға рұқсат берген (ротмистірдің берген мағлұматына), Қастек – Қордай аудандарындағы көтерілісті басу туралы Фольбаум жанарал Куропаткинге соққан теленраммында: «Пішпектің уездік нашалнигі мен Тоқмақ учаскесінің пристабы, ағұстың 10-нда көтерілісті жайғастырып, тәртіп орнатты. Әрқайсысы 30 кісілік екі конвоймен көтерілісшілердің жүзге жақын адамын қырды, бір сыпырасын тұтқынға алды» дейді.

Пішпек, Алматы уездерінің әскеріне тау арасына, поселкілерге ыдырап бөлінбей көтеріліс жасаған адамдардың орта шеніне жиналып, сол жерден көтерілісшілерді ойыстырып тұруға бұйрық берілген. Мұндай әдістің іс жүзінде көтерілісті тез басуға қолайлығы көрінгені айтылған.

Ботбай болысы өзінің өкіметке толық бағынғанын білдіріп Александров деген хорунжиға 20 кісі аманат жіберген. Фольбаумның сөзіне қарағанда сол кезде көтерілісшілер Қастек тауына, Буам қайнауына, Кеген алабына жинала бастап, Талай өзенінің басындағы Наманған, Әулие ата уездерінің қазақтарымен қатынас жүзіктеріне бір үшті темір белгілеп тағып, тулары болған, ау арасына оқтарын жасайтын ұста дүкендерін ашқан.

Көтерілісті тезінен қалай басу, мұжықтарды құралдандару туралы Куропаткиннің Фольбаум жанаралға жіберілген нұсқауында былай делінген: «Қазақтардың көтерілістің басқанда негізгі мақсатыңыз орыс халқының басын, малын, мүлкін қорғау болсын. Бұл үшін балтаға дейін қалдырмай қолда бар құралмен құрал ұстап шығуға жарарлық бос орыс халқын тегісінен құралдандырып, ондықтарға, жүздіктерге бөліңіз. ондық, жүздік бастықтарды құралданған халқы өздеріарасынан сайласын. Құралданған халықтың бір сыпырасын мінгізіңіз»

Казачи ополчендерінен 4 жүз әскер, запасной разрядтан 3 жүз әскер құруға менен рұқсат. Ополчендерден құрылған әскерді көтерілісшілерден қорғау үшін сол құрылған жерлерінің өзінде қалдырыңыз. Қалаларда, поселкілерде күні – түні қарауылдар қойыңыз. Көтерілісшілердің қапы басып қаоуынан сақ болыңыз. Өртінен сақтану шараларын күшейтіңіз.

Әскер қасында, уездік қалаларда дала сотын құруға менен рұқсат. Шамадан келгенше, уездік началниктер қасындағы канвойларды күшейтіңіз. Керек тапқан жеріңізде оларға көтерілісті басатын әскерлерге басшылық етуді тапсырыңыз, көршілес облыстардың губернаторларымен қатынас жасап тұрыңыз. – Куропаткин  1916 жыл ағұстың 11 …

Облыстың санақ комитетінің, қазақтың жерін орысқа әперіп, қазақ пен орыстың шекарасын айыруға барған әкімдердің есебі бойынша, 1916 жылдың көтерілісінен, көтерілісті басуға барған әскерлерден қазақтың көрген зияны, жанының кемуі көтеріліс болған уездерде мынадай:

 

Уездер

 

Үйдің саны
Көтеріліске дейін 1917 жылдың басында Кемігені
Алматы уезі

Жаркент уезі

Пішпек уезі

Прижебал уезі

Лепсі уезі

4,347

1,096

27,831

34,509

7,071

2,415

4,378

11,548

8,847

3,629

1,932

11,718

9,313

25,660

3,442

Бүкіл облыста 83,854 31,789 53,065

Осы жылдың (1916-18 ж) ішінде алынған есеп бойынша оюлыста 182,225 мың үй болса, бұл облыстың үй санының 29,12 проценті кеміген. Санақ есебі бойынша, әр үйге 5,1 жаннан келеді. Бқл есеп бойынша көтерілістің салдарынан, облыстың көшпелі елінен 1917 жылдың януарына дейін 270,632 адам кеміген. Қытайға қашқан 259 мың жан, дұнғандарды қосқанда, облыстың кеміген адамы, еркек – әйел барлығы 273,222 адам…

Сол кездегі санақтың жалпы мағлұматына сүйеніп, есеп қылсақ, қазақ шаруаларының кеміген малының, егісінің саны жалпы  көтеріліске қатысқан елдердің шаруасына салыстырғанда мынадай:

 

Уездер

Мал саны  

Егісі

жылқы сиыр түйе қой,

ешкі

жалпы

саны

Алматы уезі

Жаркент уезі

Пішпек уезі

Прижебал уезі

Лепсі уезі

10,21

78,59

47,18

75,61

7,92

7,61

63,98

34,04

63,27

7,43

10,8

80,19

51,08

81,71

7,1

9,14

81,55

52,43

81,15

13,03

9,35

79,09

43,94

77,91

10,77

2,02

22,28

35,93

61,19

5,24