Жас футболшыларды тактикалық ойлауға оқыту, үйрету процесінің мазмұны

Қазіргі футбол жарыстары жағдайларында күрделі спорттық іс-әрекетке денеге және психикаға үлкен күш түсулер тән. Сондықтан шиеленісті өткен ойындарды талдаудың туындаған жағдайды дұрыс әрі жылдам бағалаумен, оптималды шешімдерді дер кезінде қабылдаумен және өрбіп отырған оқиғаларды көре білумен, жасалып отырған іс-әрекеттерді бақылаумен анықталатын психологиялық фактордың арта түскен ролін көрсетіп отырғандығы таң қалдырмаса керек (Ю.А.Калининский).

А.М.Гальпериннің өзі үйрету және жаттықтыру барысында ойынды ойлауды қалыптастыру туралы айта отырып, тактикалық даярлыққа жалпы алғанда жеткілікті назар аударылмайтындығын атап көрсетеді. Балалар спорт мектептерінің оқу жоспарының теориялық циклында тактикалық сабақтардың үлесі аз болып отыр.

Бүгінгі таңда аталған көрініс көбіне көп өзгере қоймағандығы туралы айтуымызға болады. Қазіргі футбол спорт мектептерінің қолданылып жүрген бадарламаларында теориялық циклға сағаттардың жалпы санынан бар болғаны 4-5% бөлінеді.

А.К.Исаев балғын футболшыларды тактикаға үйрету негізінен алғанда екіжақты ойындар барысында жүретінін айтады.

Дәл сол кезде А.Вайтерс, егер оны жаттықтыру тәсілдерінің бірі ретінде практикада қолдансақ, 11 адамға 11 адам ойнау жаттықтырушыға әр спортшыға қажетті көңіл бөлуге мүмкіндік бермейтіндігі туралы айтады. Мұндай жағдайларда ойыншы бүкіл жаттығу кезінде допқа 5-10 рет иелік етуі мүмкін, бұл болса қажетті интеллектуалдық қасиеттерді мақсатты бағыттап қалыптастыру үшін жеткіліксіз.

Сондықтан балғын спортшыларды даярлауға арнайы теориялық және практикалық жаттығуларды енгізу қажеттігі айдан анық факт болып табылады.

Біздің ойымызша, ойында ойлаудың құрылымы адамның жалпы ойлау құрылымымен көбіне көп ұқсас келеді. Бұл да қандай да бір міндетті шешудің оптималды жолын таңдап алу арқылы танылатын феномендер арасындағы қарама-қайшылықты шешетін психикалық процесс. Танылатын феномендер ретінде ойында ойлаудың құрылымында бір біріне қарама-қайшы келетін нақтылы ойын жағдайындағы шешімнің алуан түрлі варианттары көрсетіледі. Осылайша, ойындағы ойлау – ойындық, яғни ситуациялық спорт түрлерінің ерекшелігін айғақтайтын, жоғарыда атап кетілген психикалық процесс.

Уақыттың үнемі тапшы болуына орай, ойын іс-әрекетіндегі ойлау процесі жылдам, шұғыл өрбиді. Көптеген психологиялық зерттеулерде (В.П.Зинченко, 1994) уақыт тапшылығы, жылдам және үнемі өзгеріп отыратын жағдайлар және олардың белгісіздігі, кикілжіңді факторлардың болуы және жасалып отырған іс-әрекет үшін жоғары жауапкершілікті түсіну жағдайларында іс-әрекеттердің жаңа схемаларын (бағдарламаларын) құрудың спецификалық процесі ретінде оперативті ойлаудың ойыншының іс-әрекетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығы көрсетілген.

Ойындағы ойлау мәселелерімен айналысатын авторлар (Г.М.Гагаева, 1951; Р.С.Абельская, 1957; В.А.Алаторцев, 1964; В.Б.Малкин, 1983) ойындағы ойлаудың келесідей тән қырларын бөліп көрсетеді:

  • көрнекі және бейнелі сипаты, яғни интеллектуалдық операциялардың қабылдау мен елестетудің құрамында және негізінде қызмет атқаруы;
  • практикалық іс-әрекетке, яғни сыртқы ортаны түрлендіру жөніндегі міндеттерді шешу процесіне енгізілгендік;
  • ситуативтілік, яғни объективті тәуелділіктердің тікелей нақты аталған жағдайға байланыстылығы;
  • ойындағы іс-әрекетті орындауға уақыттың шектеулі болуы себепші болатын, интеллектуалдық операциялардың өтуінің жылдамдығы мен қарқындылығы;
  • интеллектуалдық операциялар мен эмоциялық-ерік саласының өзара тығыз байланысы.

Ойындағы ойлау дәл осы алуан түрлі, тұрақты өзгеріп отыратын ойын жағдайларында көрініс табады және техникалық-тактикалық іс-әрекетке келіп қосылады. Осыдан барып, біздің пікірімізше, ойындағы ойлаудың құрылымы В.Г.Бауэр (1997) ұсынған, визуалды бақылау үшін алты фазаның (жағдайды талдаудың, антиципацияның, жоспарлаудың, шешім қабылдаудың, әрекет жасаудың, бақылаудың) біреуі ғана – іс-әрекет фазасы ғана қол жетерлік болатын, осылайша бұл жағдай ойындағы ойлауды қалыптастыру да, оны бақылау да процесін қиындататын техникалық-тактикалық іс-әрекет құрылымымен үндес келеді.

Футбол ойнау стратегиясы мен тактикасының алдыңғы қатарына бұлшық ет күш-жігері (жылдамдық қасиеттері, дене қасиеттерінің төзімділігі және т.б.), сонымен қатар спортшының жарыстарға даярлығының психологиялық негізін анықтайтын, психикалық процестер мен күйлерді басқару алға жылжып келе жатқандығы айдан анық. Бірақ та ойындағы ойлауды зерттеуге және тиісінше қалыптастыруға да одан кем емес көңіл бөлуіміз керек.

Өзінің «Футбол ойынының тактикасы» атты жұмысында Б.А.Аркадьев ойыншы алуан түрлі көптеген тактикалық жүрістер мен комбинацияларды білуге тиіс болса да, тактикалық жаттығу – бұл тактикалық комбинацияларды жаттап, үйрену ғана емес деген пікірін білдіреді. Ол бұларды алаңда көп рет жасап, макетте ойлап табуға тиіс. Бірақ та ойынды үйреншікті және қарсыласқа қатысты емес ұзын тактикалық комбинацияларға құру күрес өнері ретіндегі тактиканың мәнісінің өзіне қарама-қайшы келеді. Сонымен қатар автор футболшыларды комбинацияларды қайталай білуге емес, комбинация жасау өнеріне үйрету керек, ойыншыларда өнертапқыштық пен қиялды тәрбиелеу керек дейді. Бұл ретте автор егер әрбір ойын қалпында футболшы мүмкін болатындарының ішінен ойынның ең қатерлі жалғасын табатын болса, онда мұндай «шешімдердің» дәйекті қатары ойыншылардың алаңдағы ұжымдық творчествосының өнімі ретінде жақсы комбинацияны да жасап шығарады деген қорытындыға келеді.

Ю.А.Калининский Б.А.Аркадьевтің осы көзқарасына толығымен қосылады және оны спортшыларды тактикалық даярлаудың теориясы мен әдістемесін одан әрі дамыту үшін жемісті деп есептейді.

И.Н.Преображенский спорттың бірқатар ойын түрлерінің (футбол, баскетбол) практикасындағы тактикалық даярлықтың мазмұнына қатысты 2 қарама-қайшы көзқарастардың бар екендігін көрсетеді.

Бірінші көзқарас үйренген комбинациялардың шешуші ролін тануға келіп саяды, екіншісі ойыншыларда ойында бастамашылдықпен іс-әрекет жасау, ең мақсатқа лайықты және тиімді тактикалық іс-әрекеттерді өз бетінше табу қабілетін дамытуға ұмтылудан көрініс табады. Практика көрсетіп отырғанындай, тактикалық даярлықтың тиімділігіне екі бағыттың да ең жақсы жақтарының органикалық синтезімен қол жеткізуге болады.

Алайда шын мәнінде «комбинациялық» көзқарастың күрт басым болуы орын алады. Қажетті ептіліктерді, білімдер мен дағдыларды қалыптастырудың ерекшелігі тактикаға үйретудің көбіне көп, жағдайға қарай іс-әрекеттерді реттеп отыру проблемасын екінші қатарға қалдыра отырып, іс-әрекет жасаудың мүмкін болатын тәсілдері ретінде комбинациялардан бастау алатындығынан тұрады. Дербес тактикалық категория ретінде ойын жағдайы қарастырылмайды. комбинацияларға үйретуді негіз ретінде қабылдай отырып, жалпы қалай іс-әрекет жасауға болатынын үйретіп, нақтылы ойын жағдайына байланысты қалай іс-әрекет жасау керектігіне (ойынды «өзіне» алу немесе допты серігіне беру және ақырғысы болса, кімге және т.с.) үйретпейді. Осылайша, шын мәнісіне келсек, белгіленген, яғни іс жүзінде шешіліп қойған міндетте техникалық тәсілдерді таңдай білуге ғана үйретеді.

Мұндай тәсіл комбинация мен жағдайдағы ойынның бірлігін ажыратып, өзінің бірдақтылығына орай жеткіліксіз болып табылады.

Тактика жөннідегі бірқатар жұмыстарда ойын жағдайларын бағалау қажеттігі туралы мәселе орағытылып өтіледі, екіншілерінде осы мәселе сөз етіледі, бірақ қандай да бір шешімін таппайды. Мысалы, А.Я.Долгов (1990) өзінің оқу-жаттықтыру топтарында (оқудың 1-3 жылдары) балғын футболшыларда тактикалық ойлауд дамыту туралы өзінің зерттеуінде стандартты және ситуациялық жаттығулар көлемінің оптималды ара қатынасының қажеттігі туралы айтып, пайыздық қатынасты тиісінше 24,7% бен 75,3% ретінде келтіреді. Өзге бір жағдайда авторлар (Адель Масуд Омар Саид, 1983; Ю.Ф.Маркушкин, 1984; Ахмед Рамадан Ахмед, 1985; А.В.Родионов, 1990) спортшыларда өзгеріп отырған жағдайды бағалай білу, онда бағдар алып, кез келген техникалық тәсілді немесе ойын іс-әрекетін жылдам қолдану қабілетін қалыптастыру қажеттігін мойындайды және осы қабілетті дамытуды тактикалық даярлықтың аса маңызды бөліктерінің бірі ретінде қарастырады. Алайда, тактикалық даярлық бойынша материалды нақтылы баяндаған кезде олар, толығымен «комбинациялық» амал позицияларында қалуына байланысты, жағдайды бағалау жөнінде ұсыныстар бермейді. Сондықтан жағдайды бағалаудың кейбір ережелерін тұжырымдауға деген жекелеген әрекеттер тиімсіз болып шыққан.

Комбинациялардағы іс-әрекеттердің логикалық құрамын қарастыра отырып, олардың көбіне көп біржақты сипатта екендігіне, яғни оларда таңдау операциясының жоқ екендігіне көз жеткізуге болады.

Комбинациялар – әр ойыншыда осылардан біртұтас «ғимаратты» тұрғызу жоспары, яғни қазіргі жағдайды түрлендіру жөніндегі мақсатты бағытталған іс-әрекеттер жүйесі болған жағдайда ғана маңызға ие бола алатын тактикалық «кірпіштер» ғана. Сан көптеген таңдау бар кезде іс-әрекеттер жоспарын жасап шығу және шешім қабылдау – өзінің шешімін табуы үшін тактикалық ойлау процестерінің қатысуын талап ететін сол бір күрделі ойын міндеті.

Ю.А.Калининский ойын жағдайын ойыншының регулятивтік іс-әрекетін анықтайтын объективті бастау ретінде танып, біз тактикалық ептіліктерді қалыптастырудың жаңа жолына, атап айтар болсақ: комбинациядан жағдайға (белгісіз) емес, жағдайдан (нақтылы) ұтымды тактикалық іс-әрекеттерге (комбинацияларға және т.с.) шығамыз. Бірақ осы бағытты жүзеге асыру психологиялық, теориялық және әдістемелік тұрғыдағы бірқатар қиындықтарға, атап айтар болсақ, балғын ойыншыларда ойын жағдайларын жіктей білуді қалыптастыру қажеттігіне келіп тіреледі, бұл ойындағы іс-әрекетті психологиялық талдаумен және ойындағы ойлаудың құрылымымен байланысты болып отыр. Алайда мұндай істей білулер оларды арнайы оқыту нысандары етсе ғана қалыптасуы мүмкін.

Педагогикалық жұмыстың мазмұнын Ю.А.Калининский спортшыларды ойын жағдайларын танып білудің (бағалаудың) тиісті тәсілдеріне, амалдарына үйретуден, спортшыларда тактикалық ойлауды қалыптастырудың қазірде бар «комбинациялық» тәсілдері ойын міндеттерін шешу барысында жүзеге асырылатын нақтылы болмыс қоятын талаптарды қанағаттандырмайтындықтан, барлық спортшыларда ойын жағдайларындағы тактикалық іс-әрекеттердің дұрыс бағыт-бағдар негізін жасап шығару үшін қажетті және жеткілікті жағдайлары болмағандықтан, осылардың бар болуы жағдайды дұрыс жіктеуге (олардың класын, түрін, типін) мүмкіндік беретін адекватты таным белгілерін білумен қаруландырудан көреді. Сондықтан да қажетті ептіліктер көбіне көп стихиялы түрде, аяқ астынан қалыптасады.

Осылайша, тактикалық даярлық тәсілдерінің бір тобы нақтылы ойын жағдайларын ішінара (квадратта ойнау және т.с.) немесе толығымен (екіжақты ойындар) жасайтын алуан түрлі ойын жаттығуларының кешенімен көрсетілген. Олардың күмән тудырмас артықшылығы осында. Алайда сонымен бірге ойын әдісінің айтарлықтай кемшілігі де бар – ойыншының жағдайды бағалау және шешім қабылдау процесі стихиялы түрде өрбиді және басқарылатын игеру нысаны ретінде көріне алмайды.

Тактикалық даярлық тәсілдерінің екінші бір тобы – макетте жаттығу (ойынға нұсқау беру мен ойынды талдауды қоса отырып) – құрамында ойын жағдайларын үлгілеу идеясы болғандықтан, бізге болашағы бар болып көрінеді. Алайда макетте жасалатын жаттығулардың тиімділігі және жалпы алғанда тактикалық даярлықтың теориялық циклінің мазмұны жағдайды үлгілеу олардың классификациялануына тірек артатын жағдайларда ғана жеткілікті болуы мүмкін.