Педагогика ғылымының қазіргі деңгейі

Тәрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тәрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тәрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тәрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.

Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт — өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл аткара бастады. Себебі әр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан әулиетке берген тәрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие тәжірибесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу- тәрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың кажеттігі туындады.

Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашкы педагоғикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.

Барша замандарда адамдардың рухани және тән дене дамуында шешуші рел атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тән-дене тәрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.

Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі — ежелгі Греция философия сында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж Б.э.д.)- балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттын өзінде ол: «Табиғат және тәрбие мегзес. Дәліре айтсақ, тәрбис аламды қайта жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді. Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді».

Адам тәрбнесіне және тұлға қалыптастыруға байланысты илеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж. Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (І60-222жж. Б.э.д) еңбектерінде жарияланған.

Орта ғасырлар дәуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тәрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы устемдік еткен догматикалық оқу принцнптерінің шыңдалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-430жж.), Фома Аквинский  (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған. Бүгінгі күйінде  жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан Лойола  (1491 -1556) және оның ізбасарлары.

Қайта тіктелу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл -педагог гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский (1466-1536), италияндық ( Витторино де Фельтре (1378-1446), франиуздық Франсуа Рабле (1483-1553) және Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің педагогикалық еңбектерімен әйгілі болды.

Педагогика көп заманға дейін философияның белігі болып, тек қана XVII ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен ламуын зерттеу.

Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген «Ұлы дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көке жестілігін және ғылыми маңызын жоғалтқан емес Я.А.Коменский ұсынған табиғи сәйкестік принципі, сынып-сабақтық оқу жүйесі және басқа да оқу принцилтері әдістері, формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. «Оқу негізіне басқалардың зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынып сол заттар мен обылыстарды танып, білу қалануы тиіс»; «Есті енді -көргенмен, сөзді қол әрекетімен байланыстыру қажет»; «эркан ай үйрету сыртқы сезім және ақыл-парасат байланысы негізіндегі дәлелдерге сүйенуі қажет». Ұлы педагогтың осы тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сәйкес келіп тұр.

Ағылшын философы және педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін тәрбие теориясына бағыттады. Өзінің «Тәрбие жөніндегі ойлар» атты басты еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-сенімдерін сұлу мәнерлілікпен ұштастыра білген адам — джентельмен тәрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады.

ХУШ ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларынан танылған франиуз материалист ағартушылары Д.Дидро (1713-1784). К.Гельвеций (1715-1771), П.Гольбах (1723-1789), әсіресе Ж.Ж.Руссо (1712-1778) болды. 3атқа назар! Затқа! Мен ешқашан біздің мылжың тәрбиемізбен сөзге аса көп маңыз беріп, құрғақ сөзді адамдарды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын» -деп ұрандады ол.

Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) ссімі аса құрметпен аталады. О сүйікті халкым! Сенің қаншалықты төмен жасап жатқаныңды мен байқап жүрмін мен саған көтерілуге жәрдем беремін»-деп, ол жан айқайын салды Г.Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге оқыту мен адамгершілік тәрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.

«Өзгерістерден басқа тұрақты ешнәрсе жоқ» -деп үйреткен неміс педагогы Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға тән тәрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-қарсылықтарын зерттеген.

Орыс ойшылдары, философтары және жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл әлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары әйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тәрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.

Қазақ халқының да тәлім-тәрбиелік жүйесі ұланғайыр да мәуелі.

Бұл салада халкымыздың тәлім-тәрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымы  А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы және т.б. Олардың тәлім-тәрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кеменгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау ымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» — деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.

Орыс педагогикасын әлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871) оку-тәрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде жетекші орын тәрбие мақсаттарына, принциптеріне және оның мәніне берілген. «Тәрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін тәрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тәрбие адамның тән дене ақыл-парасат және ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады»-деп жазған еді ұлы ғұлама.

Тәрбие жолындағы жетекші рөл мектеп және мұғалімнің билігінде: «Тәрбиедегі барлық істер тәрбиеші тұлғасына негізделуі тиіс, себебі тәрбие күші тұлғаның адамилық қадір-сапаларынан бастау алады». «Ешбір жарғы немесе бағдарлама ешқандай жасанды мекеме организмі, қаншалықты айламен құрылса да тәрбие жұмысындағы тұлға беделінің орнын баса алмайды» деген К.Д.Ушинский бүкіл педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер негізінде білім беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті:

Теориядан алшақтаған педагогикалық практиканың бір өзі медицинадағы тәуіпшілдікпен тең».

XIX ғ. ақыры ХХғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та қарқынды зерттеле бастады. Ол жерде адам тәрбиелеудің жалпы принциптері мен зандылықтары өрнектелді, әрбір адамға белгілеген мақсаттарына тез, әрі табысты жетуге мүмкіндік беретін тиімді білім технологиялары қалыптасып, практикаға енді.