Патша үкіметінің 1889 ж. 13 шілдеде бекіткен ережесі

Патша үкіметі 1889ж. 13 шілдеде  селолық адамдар мен мещандарды  қазыналық  жерлерге өз еріктерімен қоныс  аудару туралы және осы топтың адамдарын  «бұрынғы уақыттары қоныс аударғандар» қатарына жатқызу тәртібі туралы арнайы Ереже жасап бекітті. Ережеде Томск  және  Тобол губернияларындағы, сондай-ақ Жетісу, Ақмола және Семей облыстарындағы олардың көшіп баратын жерлері нақтылана айқындалды.1893ж. Уақытша тәртібі, 1889ж. Ереженің жекелеген статьяларын нақтылай түсті. Мысалы, жан басына 15 десятина мөлшерінде жер кесіліп берілген бұрынғы қоныс аударғандардың мүдделері ескерілді. Шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аудару көшпелі қазақтардың жерлерін тартып алу есебінен жүргізілді. Тек 1885 ж. 1893 ж. дейінгі аралықта ғана Ақмола облысының ежелгі тұрғын халқының пайдалануынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 жан еркек жынысты халқы бар 24 қоныс аударғандар учаскелері құрылды. Ал, Семей облысында осы аралықта қазақ шаруаларының 33064 десятина егін салатын жерлері тартып алынды. Қоныс аударушылардың үлкен ағыны,әсіресе Жетісу облысына келіп жатты.12 жыл ішінде(1863-1880 жж)мұнда 3324 жанұя көшіп келді,солардан 2099 жанұя селендер құрды,ал 1225 жанұя қалаларда орналасып қалды.

ІІ. 1889жылғы Селолық адамдар мен мещандарды қазыналық жерлерге қоныс аудару туралы заң.

1889 ж Селолық адамдар мен  мещандарды  қазыналық  жерлерге  қоныс аудару туралы заң қабылданды.1891 және 1892 жж.  Бұл заңның  күші Торғай мен  Орал облыстарына тарады. Осы  заң бойынша  қоныс  аудару үшін  арнайы рұқсат талап етілді; әркімнің өз беттерінше қоныс аударуына шек қойылды. Бірақ стихиялық процеске айналған қоныс аударушылықты патша өкіметінің қалай да бір ретке келтіруге тырысып баққанынан түк шықпады. Шаруалардың  қазақ жерлерін өз беттерімен басып алуы жалғаса берді. 1891-1892жж. Құрғақшылық еуропалық Ресейдің шаруалар бұқарасына бос жерлер іздеп Шығысқа қарай жолға шығуларына түрткі болды. Осы кездері Орал сыртына 30 мың, Жетісу мен Сырдария облыстарына 12 мың шаруа өтіп кетті.

Темір жол магистральдары арқылы Қазақстанды Сібірмен және Еділ маңы аудандарымен жалғастыру мүмкіндігі үкіметті жаңа қадамға – Қазақстанды қоныс аударушылықпен игеруді шапшаңдатуға итерді.Осы мақсатпен Ф.А.Щербина басқарған экспедиция Ақмола, Торғай және Семей облыстарының 13 уезін мұқият зерттеп шықты. Ресми жағынан алғанда Ф.А.Щербина экспедициясының басты мақсаты жергілікті көшпелі халықтың шаруашылық даму жағдайын зерттеу болатын. Әйтсе де экспедицияның қоныс аударушылар поселкелеріне көңіл бөлмей қалмағандығы сөзсіз. Экспедиция материалдарын царизм қазақтардың артық жерлерін одан әрі еріксіз алу үшін пайдаланды, ал тұтас алғанда экспедицияның жұмысы қанағаттанғысыз деп табылды.

ІІІ.Қоныс аударушылық қозғалыстың дамуы ықпалымен көшпелілердің отырықшылыққа айналу процесі.

Капитализмнің және қоныс аударушылық қозғалыстың дамуы ықпалымен көшпелілердің отырықшылыққа айналу процесі қарқын алды. Ылғал жеткілікті мөлшерде түсетін Жайық және Тобыл өзендері өңірлерінде қазақтар жерді қарапайым ағаш соқалармен жыртып егін салды, оны қолмен суаруды қолданбады. Сырдария, Ембі, Ырғыз, Торғай, Сарысу өзендерінің  жағалауындағылар суармалы егіншілікпен айналысты. Алайда отаршыл әкімшіліктің ішкі губерниялардан шаруаларды, Сібірден, Орынбордан казактарды қоныс аударттыру жолымен астық өнімдерін өндіретін жаңа экономикалық орталықтар құруға талпынуы ауылдық қауымдардың жер қорының кемуіне алып келді, қазақтардың тек мал шаруашылығымен ғана  емес, сонымен бірге, егіншілікпен де айналысу мүмкіндіктеріне шек қойды. Түркістан  өлкесінің генерал-губернаторы граф Сухотелен қазақтар арасында астық өндіруімен айналысушыларды мадақтау зиянды деп есептеп, олардың жаңа жер учаскелеріне егін егулеріне талай рет тиым салды.

Қауымдық жерлерді одан әрі заңсыз тартып алып , басқарудың отаршылдық жүйесін орнату қазақ қоғамының әлеуметтік бөлшектелуін күшейтумен қат – қабат жүргізілді . Орыс селендері мен қалаларына жақын орналасқан шаруашылықтардың едәуір бөлігі бірте – бірте нарықтық қатынастарға тартыла бастады . Мұның өзі көшпелі шаруашылықтардың ыдырауына негіз қалады . ХІХ ғ . 70 – 80 жылдарында кеделейнген қазақтардың күнкөрістік табыс іздеп , әр түрлі кәсіпшіліктерге және таукен өнеркәсіптеріне кетуі көбейе түсті .

ІV.ХІХ ғ . соңындағы отаршылдық реформалар нәтижесіндегі жеңілдектер және мазмұны .

1868 жыл : Ереже атауы “Жетісуда шаруаларда қоныстандыру “ (Жетісу губернаторы Г.А.Колпаковский.)

– Жан басына 30 десятина жер берілді .

– 15 жылға салық төлеуден босатылды .

– Әскери міндеткерліктен босатылды .

Нәтижесі :

1.Қоныс аудару қазақтардың жерлерін тартып алу есебінен жүргізілді .

2.Ақмола облысында 251779 десятина жер тартып алынды .

1883 жыл : Ереже атауы  “ Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру “

– Жан басына 10 десятина жер беру (1885 жылдан 4 – 5 десятина жер берілді , дүнгендерге 3 десятина .)

– 3 жылға салық төлеуден және әскери міндеткерліктен босату .

Нәтижесі :

Сырдария облысында түгелге жуық жер қоныстандырылды .

1889 жыл 13 шілде : Ереже атауы “Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру “

– Жан басына 15 десятина жер беру.

– Қоныстанушылардың арнайы рұқсат алуы .

– Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу , Ақмола , Семей , Тобыл , Том губерниялары .

– Бұл ереже 1891 – 1892 ж . Торғай мен Орал облыстарына тарады .

Нәтижесі :

  1. Шымкент , Ташкент , Әулиеата уездерінде 37 қоныс құрылды . (1884 – 1892 ж.)
  2. Қазақстанға қоныс аударғандар – 328 мың (1871 – 1897 )

1886 жыл , 2  маусым : Ереже атауы “Түркістан өлкесін басқару және жер , салық өзгерістерін енгізу .’’

– Ресейлік үлгідегі жаңа соттар құрылды .

– Соттардың төтенше сьезі әскери – губернатор рұқсатымен шақырылды және өкілдік құқығы берілген орыс  шенеунігінің қатысуымен өткізілді .

– Төменгі сот буыны – халықтық сот .

Нәтижесі :

Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы , өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын .

1891 жыл, 25 наурыз : Ереже атауы “Ақмола , Семей , Жетісу , Орал , Торғай облыстарын басқару .’’

– Түркістан өлкесі , орталығы – Ташкент . Облыстары :

– Сырдария (5 уезд )

– Ферғана (5 уезд )

– Самарқанд (4 уезд )

– Дала өлкесі , орталығы – Омбы . Облыстары : – Ақмола (4 уезд )

– Семей, – Жетісу .

– Ірі облыстық орталықтарда (Верный , Орал , Петропавл , Семей ) полиция басқармасы құрылды .

– Уездік қалаларда полициялық пристав құрылды .

Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери – губернатор құзырында болды .

Нәтижесі :

  1. Қазақ өлкесінің жер байлығы мемлекеттік меншік болып жарияланды .
  2. Жайылымдық жерді пайдалану дәстүрін ережелермен шектеді