Өтпелі кезеңдегі психикалық процестердің даму сатылары

Өтпелі кезеңде жорғары психикалық функциялардың дамуы жүйке жүйесі мен мінез-құлық дамуының процестерін анық және нақты сипаттайтын негізгі заңдылықтарды анықтайды.

Жүйке жүйесі мен мінез құлық дамуының негізгі заңдылықтарының бірі-жоғары орталықтар немесе жоғары құрылымдар дамыған сайын, төменгі орталықтар немесе төменгі құрылымдар өзінің маңызды қызметтерінің біраз бөлігін жоғары құрылымға алмастырып, осы функцияларды жоғарыға береді, дамудың неғұрлым төменгі сатыларында, төменгі орталықтар немесе төменгі функциялармен жүзеге асырылатын бейімделу міндеттері жоғары сатыда жоғары функциялармен оррындала бастайды. Соның ішіндегі қабылдауға тоқталамыз.

Қабылдау функциясы баланың психикалық даму тарихында ең ежелгісі деп қарастырылады. Бала зейін қойып, есте сақтап, ойлаудан бұрын қабылдай бастайды. Сондықтан бұ л өте ерте функция қарапайым функция ретінде қарастырылады, оның эволюциялық процес тері, әдетте, тікелей бақылаудан жасырын қалады. Сонымен бірге жаңа психологияда қабылдау мүлдем дамымайды, ол басынан бастап нәрестенің өзінде ересек адамдағыдай қызмет етеді, барлық психикалық функциялардың жалпылай өзгеру процесінде қабылдау дамымайды, өзгермейді, өз бетінше қалу артықшылығына ие деген аңыз бірте-бірте жойылуда. Шын мәнінде естің немесе ойлаудың дамудың осы екі сатысында ұқсастығы қалай за болса, нәрестенің қабылдауымен ересек адамның қабылдауының да ұқсастығы сондай аз болады.

В. Элясберк пен басқалардың арнайы зерттеулері баланың нәресте кезінде байланыстар, тәуелділіктер мен қатынастарлың бірқатарын жасауға қабілетті екендігін көрсетті. Бала ойлауындағы синкретизмді зерттеуде элементтердің бытыраңқылығы емес, ойлардың мағынасыз байланыстылығы , әсерлердің шумақ тәріздес тұтасу, құрамы жағынан күрделі синкретті бейнелері баланың нәресте кезіндегі ойлаун сипаттайтындығын көрсетті. Осының барлығы дәстүрлі психологияда бекітілген бала қабылдауының даму барысы ақиқатқа сәйкес келетініне күмән туғызады.

Осы схеманы біз тәжірибе жүзінде төмендегідей тексеруге тырыстық. Біз экспериментте балаларға алғашында суретте бейнелегенді әңгімелеп беруін, ал келесі жолы ештеңені айтпастан, салынған нәрсені ойнап көрсетуін ұсындық. Бір ғана баланың суреттің мазмұнын сөзбен және ойын түрінде жеткізуін салыстыру нәтижесінде қабылдаудың

Заттық сатысындағы суреттің тек жеке бөліктерін атап өтетін

Балалардың суреттің мазмұнын ойын түрінде тұтастай жеткізетіндігін анықтадық. Осылайша, біз суретті қабылдауда

да бүтіннен бөлшекке қарай дамиды деген жалпы ережені бекіте алдық.

Сонымен бірге мүлдем өзге тым қызықты және күрделі мәселе туындап отыр. Жасөспірім қабылдауындағы өзгерістерді ұғыну соны орынды шешумен байлйнысты. Бұл мәселе төмендегідей: суретті тұтастай қабылдаған және осы бүтінді ойын түрінде жеткізе алатын бала неліетен суретті қабылдауға сөйлеу қосылған кезде талдау жолына түсіп, бөлшектерді атай бастайды? Осы сұрақтың жауабы сөйлеу баланың көрнекі қабылдау процестеріне ене отырып, реакциялардың қосымша қатары ретінле, негізгі әуенді сүйемелдейтін аккомпанемент ретінде қатар жүрмейді дегенге саяды. Керісінше, сөйлеу көрнекі қабылдау процестерімен тұтасып, осы процестерде жаңа негізде қайта құрып, жаңа және күрделі синтездерді құрайды.

Бюлерлің ойынша, қазіргі заман логиктері мен психологтары иттің өз қожайынын әр қилы киімде және әр түрлі жағдайларда танып, кез келген қоянды оның сыртқы бейнесіне қарамастан, қоян ретінде қуатынын мысалға ала отырып, жоғары омыртқалы жануарлар ұғымға ие есептеуге бейім. Бұл жерде ең әрі кеткенде,- Бюлер,- біздің ұғымдарымыздың бастаулары туралы ғана сөз ете аламыз, өйткені ең маңыздысы, яғни атаулардыңжануарларда болмауы.

Осылайша, біз баланың қабылдауы тым ертерек кезеңде сөйлеу ықпалымен күрделі өңдеуден өтетінін аңғара аламыз. Өтпелі кезең не жаңалық әкеледі, осы тұрғыда жасөспірім қабылдауы бала қабылдауынан несімен ерекшеленеді? Біздің қолымызда Ф.Бергердің аса қызықты зерттеулері бар. Олар категориялы қабылдауға және оның педагогикалық мәніне арналады. Зерттеудің аса маңызды қорытындысы- психолргиялық категориялардың қабылдайтын және реттейтін функциясытек жыныстық жетілу кезеңі басталғанда ғана бала күйзелістері мен естеліктерінде айқын көріне бастайтындығы туралы көзқарасы.

10 мен 17 жас аралығындағы балаларға еш нәрсе сөзбен түсіндірілмей, фильм көрсетілген.Әр түрлі жас шамасындағы балалардың қабылдау процесі зерттелген. Бергер 10 жастағы бала жат адамның рухани өмірінің мазмұнын, тек сырттай жіктемей қабылдайтынын, 12-13 жастағы бала ғана бөгде адамның психологиясын түсінуде күрделі қадамдар жасай бастайтындығын анықтаған. Бұл, Кроның айтуынша, жат адамның рухани өмірін қабылдау үшін қажетті категориялар тек бастауыш мектеп кезеңінен кейін ғана қызметете бастайтындығын дәлелдейді.

Осы зерттеу жұмысында нәтижелердің бірі, атап айтқанда, баланың мектеп табалдырығынаттамастан бұрын, жеке заттар мен қатар, олардың қасиеттері мен өзгерістерін де бақылай алатындығы қызықты.Бұл балаға кез келген суретті бейнелеуге ұсынғанда, тым аз дәрежеде анықталады. Бала тек заттай нәрсені қабылдап, өз қабілеті үшін әрекеттер, сапалар немесе қатынастарсаласын түсіне алатындай әсер тудырады. Штерн нұсқаған нақты кезеңдердегі неғұрлым ертерек бақылауға болатын және практикалық мінез- құлқында көрініс беретін қабылдау түрлері бірінші жоспарда анықталады.

Осылайша, біз ақиқаттың жүйеленген, реттелген категориялы бейнесі жыныстық жетілу кезеңінде ғана пайда болатындығын аңғара аламыз. Біздің ойымызда қайтадан сол ілгері сұрақ туындайды: баланың қабылдауы немесе көрнекі ойлауы жасөспірімнің қабылдауынан ерекшеленеді. Ойлауды талқылағанда, бала мен жасөспірімнің сөздері заттардың бір ғана шеңберінеқатыстыекендігіне көзіміз жетті. Бала үшін сөздің мағынасы деректі байланыспен ұштасқан нақты заттардың кешені ретінде жүзеге асатын болса, жасөспірім үшін сөздің мағынасы ұғым рнтінде, оның ақиқатпен байланыстарын және қатынастарын бейнелейтін, заттардың күрделі бейнесі ретінде жүзеге асады.

Осылайша, жасөспірімнің көрнекі ойлауы абстрактілі ойлау мен ұғымдардан тұратын ойлауды қамтиды. Жасөспірім. Қабылдаған ақиқатты сезініп. Ойша қорытумен қатар, оны ұғымдар негізінде ойша қорытады, ол үшін көрнекі қабылдау актісінде абстрактілі және нақты ойлау синтезделеді. Категориялы қабылдау тек өтпелі кезеңде ғана пайда болады.Біз балада және жасөспірімде қабылданатынды сөздің астарындағы жасырын байланыстардың жүйесімен тең дәрежеде сәйкестендіреді деп айтар едік, алайда қабылданатынды қамтитын байланыстар жүйесінің өзі бала мен жас өспірімде кешен ұғым сияқты тым өзгеше болады;жалпы айтқанда, бала қабылдауда көбіне еске түсіреді, ал жасөспірім көбіне ойлайды.