Өнеркәсіптік өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары туралы реферат

Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.

Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына,  материалдық   ресурстардың  үнемделуіне  ықпалын  тигізеді.

Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.

Сапа ─ бұл  экономикалық  категория,  ол «тұтынушы құны», «құн», «тиімділік», «баға», «пайда», «материалдық қызығушылық» түсініктерімен  тығыз байланысты. Сапаны  зерттеу  арқылы  сапаның өндіріс тиімділігімен байланысын, баға қалыптасудағы сапаның ролі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын және тағы басқа мәселелерді түсінуге болады.

 Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Өнімнің  сапасын  басқару  ─  сапа  талаптарын  қанағаттандыру,  оның  ішінде  жобалау – конструкторлық  және  өзара  шарттық  талаптарға сай  келуі  үшін  пайдаланатын  әдістер  мен  қызметтер  жиынтығы.

Сапаны  басқарудың нысанына өнімнің сапасына әсер ететін процестер  жатады. Олар  өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс  сатысында  және  өндірістен  кейінгі  сатыларында  кездеседі.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына   қойылатын   негізгі  мәселелер,  олар:

  • өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
  • тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай  бағыттау;
  • өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм  әсерлерін  күшейту.

Сапаны  басқару  жүйесін  енгізу  кәсіпорында  мынандай міндеттерді  шешуге  мүмкіндік  береді:

  • жоғары сапалы  өнімнің   тұрақтылығын  қамтамасыз  ету;
  • өнім көлемін  ұлғайту  және  оны  сататын  нарықты  (рынокты) табу;
  • жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
  • өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі  проблемаларды  шешу.

Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында  өнімдердің сапасын жақсарту ─ басқарылатын процес.

Реформа кезеңінің алдында өнімнің сапасын жоғарлату мәселесіне мүлдем көңіл бөлінбеді деуге болмайды. Өнімді аттестациялау, стандартизация, оны бақылаудың әртүрлі әдістері болды, бірақ тамақ өнеркәсібінде сапаға ықпал ету мүмкіндіктері локальды болды,  комплекстік,  логикалық  қорытындылаумен  ерекшеленбеді.

Нарықтық қатынастар жағдайында  өнімдер сапасының жоғарлауының бағыттылығы, экономиканың  дамуының  құрама  элементі, ал жоғары сапаға жету ─  өндірістік және әлеуметтік сферадағы қайта қалыптасудың негізгі мақсаттардың  бірі  болып  табылады.

Бірақ  қазіргі уақытқа дейін  өнім сапасын  жоғарлату   мәселесіне  айтарлықтай  көңіл бөлінбеді, тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім жағына ауыса бастады. Өкінішке орай, өндірушілердің өздері  шикізаттың сапасына емес, ең алдымен табысты максимизациялауға, өндіріс көлемінің  өсуіне  көп  көңіл  бөлді.

Сонымен қатар, сапасы төмен өнімдер импортының өсуі байқалып  жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген өнімдердің сапасы   европаның   және   әлемдік  стандарттардан едәуір артта  қалған.

Өнім  сапасын  жоғарлату   өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де  өте  маңызды, өйткені жоғары сапалы өнім тек қана сапасы жоғары шикізаттан  өндіру  мүмкін.

Қойылған мақсатпен байланысты келесі мәселелер анықталады:

  • өнім сапасы категориясының мәнін және оның нарықтық экономика жағдайындағы пайдаланудың ерекшеліктерін зерттеу;
  • өнімнің сапасын басқару жүйесінің құрама элементтерінің методологиялық тәсілдерін анықтау;
  • зерттелетін аймақта қазіргі жағдайдағы өнім сапасын басқару мәселелерін және оның бәсеке қабілеттілігін талдау;
  • теориялық және тәжірибелік материалдарды анықтау және өнім сапасын басқару механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
  • ұсынылған шараларды енгізуден болатын экономикалық тиімділікті анықтау.

Өнім сапасын жоғарлату, оның жоғары деңгейіне  жету ─ шаруашылық механизмнің жетілдірудің , өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды элементі, сонымен қатар оның анықтаушы аргументі сапаны басқарудың нақты механизмсіз жоғары сапаға жетуге мүмкін  емес  болып  табылады.

Халықаралық және отандық тәжірибе, сонымен қатар халықтың төмен төлемқабілеттілігімен сипатталатын Қазақстан нарығын зерттеу негізінде зерттеуші сапаға  тұтынушы өміріне қауіпсіздік мақсатымен сәйкес келетін мемлекет талаптарын анықтайтын тұтынушы параметрлерінің жиынтығы  ретінде қарайды.

Нарықтағы әрбір тауар тұтынушымен бағаланады, ең алдымен бұл ─ сапаның  жеке   және  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыратын  деңгейі.

«Өнімнің сапасы» түсінігінің объективтік трактовкасы сапаны жақсарту мәселесін  қоғамдық  өндірістің тиімділігін жоғарлату, қорытынды жақсы қаржылық көрсеткіштерге жету мәселесін шешумен байланыстыруға  мүмкіндік  береді. Сонымен қатар, бұл өнім сапасы мәселесін нарықтық қатынастардың дамуының және өнім сапасын әлемдік стандарттарға  бағыттануы  жағынан  қарастыруға  мүмкіндік  береді.

Еуропалық сапа ұйымы (ЕСҰ) сапа түсінігін кеңірек қарастырады. Тұтынушылар және халықшаруашылық көзқарас тұрғысынан жоғары технологиялық,   эстетикалық   қасиеттерімен   қамтамасыз   ету    ғана   емес, сонымен бірге  оның өндіруіне және тасымалдауына аз шығын кетіру маңызды  болып  табылады.  Яғни, өнім  сапасының  оптималдық  деңгейі  бұл ─ аз қоғамдық  еңбек шығынмен  жасалған белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын  оның   барлық   қасиеттерінің   жиынтығы.

Белгілі бір қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру позициясынан онім сапасын жоғарылату мәселесін зерттеу өнім сапасы және өндіріс тиімділігінің  анализін  талап етеді.
Кәсіпорын  қасиетінің көрсеткіштері

Кәсіпорын қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:

Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.

Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.

Технологиялық  көрсеткіштер  өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі  еңбек  өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы  жаппай  өнім  шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді  шығару  және  сату  барысында  материалдар мен еңбек құралдарын,  уақытты  тиімді  пайдалануға  жағдай  жасайды.

Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің  стандартталған  және  сәйкестендірілген  бөліктерінен  тұрады.

Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың,  вибрацияның,  газдың,  будың  және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).

Эстетикалық  көрсеткіштер  өнімнің  сыртқы  орындалуын,  формасын,  тауарлық түрін қамтамасыз  етеді.

Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін,  шыдамдылығын   көрсетеді.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі  жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық  белгі  мен  өндірістік  үлгіні  тіркеуді  көрсетеді.

Экологиялық  көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда  қоршаған ортаға тигізетін кері  әсерінің  деңгейін  көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық  сәулелердің  болу  мүмкіндігі).

Қауіпсіздік  көрсеткіштер  (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану  кезіндегі  қауіпсіздікті  сақтау).

Осы  көрсеткіштердің  жиынтығы  өнімнің  сапасын  құрайды. Сапаны жобалау,  сақтау  және  қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.

Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім сапасын жоғарлауын басқарудың негізгі  тетіктерінің ретінде

Қазақстан  1996  жылы  қаңтар  айында Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) мүше болып кіру туралы өтініш білдірген болса, сол жылдың өзінде-ақ  бақылаушы  статусын  алған  болатын.

Қазақстанның БСҰ өту мерзімі жақындаған сайын экономиканың тиімділігі  мен  өнім  сапасын  арттыру  мәселесі  неғұрлым көкейкесті бола түсуде. БСҰ-ға  мүше  болу   Қазақстанның  әлемдік экономикалық кеңістікке  интеграциялануына және ел ішіндегі бәсекелестік климатын күшейту де маңызды рөл атқаратындығы анық. Сонымен қатар, Қазақстандық  кәсіпорындарды  олардың өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің  төмендігіне байланысты үлкен мәселелер күтіп тұруы мүмкін. Сондықтан, Қазақстандық өнімдердің сапасын стандарттау және басқару тұрғысында үйлестіру өте жауапты қызмет болып табылады. Стандарттау мен сертификаттау бұл өнім істеп шығару және оның сапасы бойынша әлемдік  тәжірибеге  өтудің бір жолы және отандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі болып табылады. Қазақстанда, өнімдер мен қызметтерді стандарттау, сертификаттау, тіркеу және  нормативтік құжаттардың міндетті түрде жүзеге асырылуын Индустрия  және  сауда  министрлігі  қадағалап  отыр.  Бұл  министрлік  2003-2006 жылдары жергілікті рәсімдерін халықаралық нормаларға сәйкестендіруі тиіс.

Өнімді стандарттау мен сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің, ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол еліміздің индустриялық дамуының негізі болып табылады. «Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық  даму  стратегиясын»  жүзеге асыру барысындағы экономикалық өзгерістер, еліміздің БСҰ кіру мәселелері осы кезге дейін  қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету  жүйесін өзгертуді талап етеді. Осы іс-шаралар нормаларын халықаралық  тәжірибеде қолданылатын нормаларға сәйкес келтіру қажет. Бұл мәселе заңнамалық актілерді, нормативтік құжаттарды үйлестіру, метрологиялық қызметтің техникалық негізі ─ республикалық эталондық базасын  дамыту  жолымен  жүзеге  асырылады.

Тауарлардың, өнімдердің сапасы проблемасын шешуде мемлекет қолындағы тиімді құралдар стандарттау және сертификаттау  болып  табылады.

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның халықаралық стандарттары бойынша 9000 сериясы сапа жүйелерін сертификаттау және  енгізу  процесі  елеулі  назар  аударуға  тұрады.

Өнімдердің, тауарлардың сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың әдістерін қолданудың осы стандарттарда бекітілген  әлемдік  тәжірибесі  олардың  тиімділігін  растады.

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі 300 мыңға жуық фирма мен компания өздерінің сапа жүйелерінің осы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін тіркеді. ИСО 9000 сериясына көмекке жүгіну процесі белсенділікпен дамыған сайын, сапа факторының бәсеке күресіндегі маңызы неғұрлым арта түсуде. Сыртқы рынокка шыққан біздің кәсіпорындар, халықаралық  танылған сапа жүйесінің болу қажеттілігін  қазірдің  өзінде  сезініп отыр.

Халықаралық деңгейде сапаға деген талаптар ИСО-9000 атты сериясымен анықталған. ИСО-9000 халықаралық стандарт сериясының алғашқы  редакциясы  1980  жылдардың  соңында  шықты  және халықаралық стандарттаудың жаңа деңгейге шыққанын көрсетті. Бұл стандарттар басқару сферасының өндірістік процесіне еніп, сапаны қамтамасыз ету жүйесіне нақты талаптарын қойды, сапа жүйесін сертификаттаудың  негізін  салды.

Жоғары сапалы өнім шығарудың кепілдіктерінің бірі ─  сертификаттау болып табылады. Сертификаттаудың негізгі мақсаты ─ адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін  қорғау.

Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі  үшін  қауіпсіз,  сапасы  да  сұраныс  деңгейінде  болуы  тиіс.

Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық   қамтамасыз   етеді.

Өнімді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау /импорттық  өнімдерге  де/  бекітілген.

Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне  сай  болуы  керек.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүесінде сертификаттау  мына  принциптерге  жүргізіледі:

  • өнім туралы  мәліметтің  дұрыстығын  қамтамасыз  ету;
  • өндіруші мен  тұтынушының  тәуелсіздігі;
  • сынақтың кәсіби  түрде  өтуі;
  • шетелдік өтініш  берушілерге  қысым  жасамау;
  • сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сәйкестік серификаттың уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
  • сертификаттау жұмысында ИСО/МЭК аймақтық ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану, т.б.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін 70%–ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қаупі деп есептелетін өнімнің үлесі 85%–дай болады, сондықтан  сертификаттау  жұмысының  маңызы әрі қарай да өсе береді.

Стандарт ─ бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келусушілік негізінде  әзірленетін  және  танылған  органдардың  бекітетін нормативтік  құжаты. Бұл  жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге  бағытталады.

Республикада  қолданылып  жүрген  стандарттық  жүйе құқықтық және әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделері және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік- техникалық  базасы  ретінде   қызмет  етеді.

Мемлекеттік  стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілген сапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды   қамтамасыз  етеді.

Стандарттау ─ бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соң,  стандарттық үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап    әдістемелерді    нормативтік    құжаттарға    тағайындап    қояды.

Стандарттаудың басты міндеті ─ халық шаруашылығының, халықтың, еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талапттарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынандай нормативтік құжаттар бар:

  • Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);
  • Салалық стандарттар (ССТ);
  • Техникалық жағдайлар (ТЖ);
  • Кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
  • Ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамымен 2004 жылы 9388 тонна кондитерлік өнім өндіріліп, оның құны 178805 мың теңге әрекеттегі бағада және 1580187 мың теңге салыстырмалы бағада құрады. Өткен жылдың көрсеткіштері осы көрсеткіштерінің 99,7 %-ын құрайды. Әрекеттегі бағаның өсімі 266612 мың теңге. Кондитерлік өнімнің өндіріс өсуінің жоғары қарқыны өткізу нарығының кеңеюі, өнімге сұраныстың өсуі, сонымен қатар кәсіпорын жұмысының жақсаруы, соның ішінде сапа деңгейінің жоғарылауы арқылы жеткізілді.

Кәсіпорын маркетингтік стратегиясының мақсаты ─  әдемі орауышта сапалы тауар шығару және қалыпты бағамен оның өткізуін қамтамасыз ету. Сондықтан кәсіпорында 14 адамнан тұратын маркетингтік жүйесі енгізілді. Үлкен ассортименттің болуы нарықтың анықталаған аумағының халықтың әртүрлі талғамдарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Нарық шетелден келіп жатқан әртүрлі кондитерлік  өнімдерге  қанық  және  нарықта  жоғары  бәсекелік болғандықтан, кәсіпорын маркетингтік жұмыстарын жалғастырып,  сапа  жүйесіне  көп  көңіл  бөлуде.

Біз қарастырып отырған кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштер төмендегі 1 кестеде көрсетілген.  Өткізілген өнімнен түскен табыс 2003 жылы 511078 мың теңге, ал 2004 жылы 795512  мың теңгені құрап, 284434 мың теңгеге ұлғайды. Өткізілген өнімнің құны 2003 жылы 421861 мың теңгені құрады, 2004 жылы осы көрсеткіш 614756 мың теңгеге тең болды.  Жалпы табыстың көлемі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 912895 мың теңгеге өсті. Кезең шығындары 2003 жылы 42636 мың теңгеге, ал 2004 жылы 120771 мың теңгеге тең болды. Кезең шығындарын алып тастағандағы негізгі қызметтен түскен табыс 13404 мың теңгеге ұлғайды. Таза табыстың 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 12743 мың теңгеге өсіп отырғанын көріп отырмыз.

1-кесте. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2003-2004 ж.ж. негізгі қаржылық-шаруашылық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер атауы2003ж, мың тг2004ж, мың тгАуытқу
Өткізілген  дайын өнім көлемі511078795512284434
Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны421861614756192895
Жалпы табыс8921718075691539
Кезең шығындары4263612077178135
с.і.:   
 Жалпы және әкімшілік шығындар32760346471887
Өткізу шығындары16888398682298
Пайыз шығындары81882138-6050
Негізгі қызметтен түскен табыс465815998513404
Негізгі емес қызметтен түскен табыс1296135357
Салыққа дейінгі негізгі қызмет табысы478776133813461
Корпоративтік табыс салығы14363184024039
Салықтан кейінгі негізгі қызмет табысы33514429369422
Таза табыс286054134812743
    

«Баян Сұлу» фабрикасындағы өсім (активтердің ұлғаюы) кәсіпорын қызметінің кеңеюін көрсетіп отыр.

3-кесте «Баян Сұлу» АҚ-ның кірістер мен шығыстары

Көрсеткіштер20032004Ауытқу
Өткізуден түскен табыс, барлығы:15353901682056110%
с.і:Кондитерлік өнімдер15296441663164109%
Шығындар14353491559916109%
Жөндеу жұмыстары3478841233119%
Амортизация2376425263108%
Еңбекақы116561133668115%
с.і: сапаны ынталандыруға кеткен шығындар,%15205%
Таза табыс100041122140122%

3-кестенің мәліметтері біз қарастырып отырған кәсіпорынның кондитерлік өнімдердің сапасы жақсарғанын көрсетіп отыр. Егер 2003 жылы өткізілген кондитерлік өнімнің көлемінен түскен табыс 1529644 мың теңге болса, ол көрсеткіш 2004 жылы 1663164 мың теңгеге тең болды. Жөндеу жұмыстарына кеткен шығындардың көлемі 2004 жылы 2003 жылиен салыстырғанда 119%-ға өскен. Бұл метериалдық-техникалық базаның бұзылған кемшіліктерден құтылуға мүмкіндік береді. Ал амортизацияның көлемінің 108%-ға  өсуі ескірген течнологиядан бас тартып, жаңа, жақсартылған техниканы сатып алуына мүмкіндіктің туғанын көрсетеді. Мұның бәрі өнімнің сапасына оң әсерін тигізеді. Еңбекақының көлемінің өсуі тек сапаның жоғарлауымен ғана емес, сонымен қатар инфляция үрдісі мен бағаның өсуімен де байланысты. Бірақ сапаны ынталандыруға кеткен шығынның 15%-дан 20%ға дейін өсуі кондитерлік өнімнің сапасы мен оны ынталандыру әдісі арасындағы тығыз байланыстың бар екенін көрсетеді. «Баян Сұлу» акционерлік қоғамның жұмысшыларын материалдық ынталандыру жүйесі негізінде өнім сапасын жоғарылауға ғана емес, ол сонымен бірге  жоғары нәтижеге жетуіне бағыттайды. Осылардың есебінен таза табыстың көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 109%-ға ұлғайған.

Өнім сапасын өздігінен енгізетін шаруашылықтар кейбір қиыншылықтарға ұрынады. Бүгінгі күнге шейін дәлелденген рекомендация және әдістемелік жұмыстар жоқтың қасында, ал болған күннің өзінде олар нарықтық жағдайға сәйкес келмейді.

Республиканың кәсіпорындарда қолданылатын кондитерлік өнім сапасын жоғарылату бойынша шаралар комплексі

─ Стандартпен және нормативтік-техникалық   құжаттамамен орындаушыларды, басқарушыларды, мамандарды қамтамасыз ету;

─Өнім сапасын жақсартудағы ғылыми-техникалық жетістіктері туралы ақпараттың берілуі;

─Өндірістің жаңа тиімді техникаларын құру; өнеркәсіптік негізде өндірісті ұйымдастыру;

─ Кондитерлік өнім сапасын және оның есебін болжау;

─ Материалдық-техникалық базаны құру;

Заңдық-құқықтық қамсыздандыру;

Өнім және жұмыс сапасын бақылау;

Жоғары сапалы өнімді өндіруді материалдық ынталандыру;

Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі                  

Соңғы  кездерге  дейін  кәсіпорындарда сапа мәселесін  шешу  кезінде нарықтылық  қажеттілік  есепке  алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге  бағытталды. Сапаны  басқару мәселелерімен  техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемшіліктер,  оларды  талдау  және  себептерін  талдау  кіреді.

Сапасы төмен өнім өндірісінің негізгі факторлары мыналар:  көптеген шаруашылықтарда қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығы; өндірістің ескірген технологиясы; орындаушылардың білім деңгейінің төмендігі; өндірісті басқару мен есептің жетілмегендігі; орындаушылардың орындаған жұмысына жауапкершіліксіздігі; өнім мен жұмыс сапасының жүйелік бақылаудың болмауы; т.б.

Сапасы төмен өнім өндірісінің себептерін шешу өнім сапасын жоғарлату практикасында маңызды роль атқарады.

Өз курстық жұмысымда мен сапа жүйесіне арналған «Сапа» бағдарламасының  кейбір  баптарын  келтіргім  отыр.

Республикалық «Сапа» бағдарламасы  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы №367 қаулысына сәйкес әзірленген.

«Сапа» бағдарламасы отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекелесу қабілетін арттыру саласындағы мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының және өзге де ұйымдар мен кәсіпорындарының  қызметтердің  негізгі  бағыттарын  анқтайды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында сапа жүйесін енгізу және тауарладың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің сапасын жоғарлату болып табылады. Оны іске асырудың  негізгі  бағыттары:

Сапа саласындағы мемлекеттік басқару республикада нормативтік құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық-билік ету әдістерін ұтымды үйлестіру негізінде жүзеге асырылуы тиіс, бұл, әсіресе  елдің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  үшін  маңызды.

Сапа саласында мемлекеттік басқарудың экономикалық нысандары, ұсынылған шығарылатын өнімдердің  және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін ынталандыру, өндірушілер мен сатушылардың сапасыз өнімдерді сатуға және шығарылуына экономикалық  жауапкершілігін  арттыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Сапа саласындағы заңнама нормаларын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілердің қатаң орындалуын мемлекеттік қадағалау органдары өздерінің өкілеттілігіне сәйкес бақылайды.

Ұйымдастырушылық-билік ету нысандары өнімдердің сапасын арттыру мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сапа саласы мен тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің тұтыну қасиеттері туралы халықтың ақпарат алуын арттыруға мемлекеттік басқару органдарының, олардың өкілеттілігіне сәйкес қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Бәсекелесу қабілеті мен өнім сапасы проблемаларын шешудегі табысқа жетудің міндетті шарты ─ талдамалардың техникалық деңгейін арттыру, жаңа материалдарды, озық технологияларды қолдану, өнімдер орамасының әрленімдерін жақсарту.

Тауарлар сапасын бақылау және сынау әдістерін жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу талап етуде.

Сапа проблемаларын шешудегі табыстың міндетті шарты ─ практикалық жұмыста өнімдердің сапасын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалануға қабілетті, жоғары білікті мамандардың болуы болып табылады.

Сонымен, өнім сапасын жоғарлату  сала өндірісінің даму тұрақтылығы мен әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігінің кепілі болатынын ескере отырып, бұл бағытта келесі нақты қадамдар шашімін табуы тиіс деп санаймын:

─отандық тауар өндірушілер өнімнің  сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;

─ сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекелік қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда Жапония және Еуропа  мемлекеттерінің осы салаға қатысты тәжірибелерін жүзеге асыру;

─ тамақ өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін, оның сапаның талаптарын ғылыми тұрғыдан негіздеу;

─ өндірістік саласына қатысты өндірістік және ғылыми-зерттеу мекемелердің ортақ жүйесін құру;

─ құрамында витаминдері, майлы қышқылдары, минералдық заттары бар өнімдер шығаратын технология дайындау;

─ отандық қалыптасқан дәстүр бойынша халықтың тұтыну ерекшеліктеріне сай таза өнімдер шығару үрдісін ұстану;

─ өнімнің сапасын жоғарлатуда және адам өміріне қауіпсіздігін қалыптастыруда стандарттау мен сертификаттау талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

─ өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа озат техника мен технологияларды пайдалану;

─ инновациялық озық үлгідегі құрал-жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажетті қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!