Жаңа технологияларды қолдану аясы

Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер — тарихи объективті процестер. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат — білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады. «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» түсініктемеде: «Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген. Демек, бұл тұжырым білім берудің басты философиясы болмақ.

Міне, осындай мақсат-міндеттерді орындау үшін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, яғни, инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді. Бұл бағытта көптеген ізденістер жүргізілуде.

Шет тілінің оқытушысының негізгі мақсаты — сабақ сапасын көтеріп, түрлендіріп, студенттерге терең де, тиянақты білім беру.

Осыған орай тәжірибиелі технологиялардың тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді тиімді және шығармашылықпен қолдану — ұстаз шеберлігінің белгісі..

Жаңаша технологиялардың бірі — ол педагогикалық — әдістемелік үрдісіне К.Ф.Шаталовтың әдісі деп енген тірек сызба белгілерін сабақта қолдану оқытушылырдың көпшілігінен қолдау тауып, оқыту үрдісіне кеңінен алады.

М.Монтессоридің өздігінен даму технологиясы алдыңғы мақсаты — баланы (біздің жағдайда — студенттерді) жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, студент санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.

Өткен ғасырдың 30-жылдары Американ, ал 60-жылдары білім беру мен оқытудың саралық (дифференциясының) үрдісі кезінен етек алды. Бұл үрдіс бүгінгі таңда Қазақстанның оқу ордаларына да келіп жетті.

Студенттердің бейімділігін, қызығуын, үлгерімін саралап оқыту қазіргі оқу ордаларының даму бағытына айналып отыр.

Германияда топқа бөлу ЖОТ (Ж) жоғарғы, орташа (0, төменгі) топтарға сәйкес әр түрлі бағдарлар жасайды.

Саралап оқытудың басты бағытының бірі – толықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен студенььерге қосымша, педагогикалық күш жүктеу.

Саралай оқыту 2 кезеңнен тұрады:

  1. Дайындық кезең.
  2. Негізгі кезең.

Дайындық кезеңінің басты міндеттерінің бірі – шәкірттер ішінен талапты, дарындыларды тану, олардың қабілеттерін де есептеу, білімге құштарлығын қанағаттандыруға белсенділігін арттыру.

Негізгі кезең студентті ынталандырылған тақырыптағы қажеттілерін тереңдете оқытуға назар аудару.

Сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған оқыту технологияларының бірі — М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы болып саналады.

Шетел тілдерді оқыту барысында модульдік технологияны қолданудың кең мүмкіндігі туады. Тіптен, тұтастай пәнді осы технология бойынша жүргізуге болады. Модульдік оқыту технологиясымен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес, балаларды оқыту ғана емес тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогті қарым-қатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі мен мұғалімнің жұмысына кейбір өзгерістер туғызады. Біріншіден, оқушы таным процесінің объектісіне емес, субъектісіне, мұғалім: білім мен ақпараттың көзіне емес, оқудың ұйымдастырушысының, яғни «дирижерына» айналады. Екіншіден, мұғалім сабаққа алдын ала зерттеу жасап, уақыттың көпшілігін сабақты даярлауға жұмсайды да, сабақ барысында тек бақылаушы, үйлестіруші функциясын атқарады.

Қазіргі уақыттағы оқу мекемелерінде білім берудің негізгі мақсаты – зерделі, дарынды ізденіп атқаратын шығармашылық жұмыстарына көптеп айналысуына мүмкіндік туғызу және дамыту.

Бұл мақсатқа жетудің бірден – бір жолы оқытудың жаңа технологиясын зерттеу, оны өз ісіне қолданып, жоғары нәтижеге жету — мұғалімнің міндеті.

Дамыту, оқыту идеялары бойынша студенттің оқу үрдісінде өздігінен білім жинап, белсенді және өз бетінше қарым –қатынас жасай алатындай тәрбиелеу — ең басты мақсат. Мұндай жағдайда студент өзі дара тұлға ретінде ортақ ядросы болады да, ал оқу айналасында білім берудің әдіс-тәсілдері жүзеге асырылып, тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

Оқып үйреніп отырған тілдегі ұлы адамдардың шығармаларымен танысу, білім алушылардың бойында сол тілге деген қызығушылығын молайта түседі. Ал, сол шығармалармен танысу барысында ұйымдастырылатын жұмыс түрлері мұғалімнің жеке шығармашылық ізденістерімен ұштасып жатса, алар нәтиже мол болмақ.. Мысал ретінде неміс тілі сабағында немістің ұлы ақыны Г.Гейненің “Fichtenbaum” өлеңімен жүргізілген жұмыс түрлеріне тоқталмақпыз.

  1. Шырша мен пальмаға қатысты неміс тілінде баламалар табу Тақырып тақтаға жазылған соң, өлеңнің арқауы болған шырша мен пальмаға қатысты баламаларды жиыстырамыз (суреттері тақтаға кішілеу етіп салынып, айналдыра ассосациалар жазылады)- ассосациялық әдіс. Бұл кезеңде өлеңге қатысссыз шырша мен пальма жайлы білім алушының өз ұғымы пайдаланылады.

Das Morgenland

Ein Fichtenbaum steht einsam

Im Norden auf kahler Hoeh.

Ihn schlaefert; mit weisser Decke

Umhuellen ihn Eis und Schnee.

Er traeumt von einer Palme,

Die, fern im Morgenland,

Einsam und schweigend trauert

Auf brennender Felsenwand.

Heinrich Heine

2.Өзіндік диктант

Бұл тапсырмада оқушылар тақтада екі топқа (А,В) бөлініп жазылған парақтағы ілулі өлеңді бір-біріне дауыстап оқып, диктант түрінде жазады. Мысалы; бір оқушы тақтаға жүгіріп барып өлең жолын оқып алып (А бөлігін), келіп көршісіне оқи отырып өзі де жазады. Қаншалықты қажет болса, соншалықты тақтаға жүгіріп барып, оқып келеді де, көршісіне айта отырып жазады. Тыныс белгілер мен бас әріппін жазылатын жерлерді айтуға болады. Өлеңнің екінші бөлігін көрші оқушы тақтаға барып жүріп дауыстап оқып келе отырып жазады. Бұл тапсырманы екеу аралық жұмыс ретінде жүргіземіз (жұптық әдіс). Өлең жазылып болған соң, кітапты ашып, бірге қателерді тексереміз.

3.Өлеңді талдау

Бұл тапсырмада оқушылар сұраққа жауап бере отырып, өлеңге талдау жасайды, яғни; автордың не айтқысы келгенін ашады, өлеңнің астарында жатқан оқиғаны түсінуге қол жеткізеді. Сұрақтар легі мыналар:

-Өлеңде шырша мен пальмаға қандай сөздер мен сөз тіркестері арқылы мінездеме берілген?;

— Eкеуіне ортақ баламалар қайсы?;

— Екеуінің айырмашылығын қандай сөздер білдіріп тұр?;

— Бұл екеуі қандай қарым-қатынаста?;

— Екеуі бірге бола ала ма?

4.Өлеңді үнтаспадан тыңдау. Бұл тапсырмада оқушылар үнтаспадан өлеңді тыңдап, айтылу ерекшеліктерін меңгереміз.

5.Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушылар жай дауыспен өлеңді мәнерлеп оқуға үйренеді. Дайындары топ алдында өлеңді мәнерлеп оқиды.

6.Өлең құрастыру. Бұл шығармашылық тапсырмада Гейненің өлеңінің құрылымын басшылыққа ала отырып, осы сарында өлең құрастыру керек. Бұл тапсырма оқушының сөздерді қолдану аясын кеңейте отырып, оларды шығармашылық деңгейге көтереді.

  1. Диалог құрастыру.

Бұл тапсырмада оқушылар пальма мен шырша арасындағы диалогты құрастырады.

Үй тапсырмасы ретінде пальма (қыз), шырша (жігіт) арасындағы махаббат хикаясын жазып келуге тапсыруға болады.

Осы жолмен неміс ақындарының басқа да өлеңдерін талдауға болады.

Пайдалынған әдебиеттер

1.Өстеміров К., Айтбаева А.Қазіргі білім беру технологиялары. –Алматы, 2006. – 56 б.

  1. Новые педагогические и информационные технологии в системеобразования/I Под. ред. Е.С. Полат.Москва, Издательский центр «Академия»,2000.

3.Қалиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне ендіру жолдары. –Алматы, 2002.

4.Сейтешев А.П. Білім берудегі инновациялық іс-әрекет. //Білім, №2, 2002, Б.27-29.

5.Кемешев Д., Байымбетова Қ. Педагогикалық жаңа технологиялар – мектепте. //Қазақстан мектебі, №6, 2006. Б.72-73.