Оқушылардың қазақша тілін дамытуы

Барлық ғалымдар сияқты лингвистика ғылымының негізін оның ұғымдар жүйесі қалайды. Сондықтан тіл дамыту сол тілдік ұғымдардың қалыптасуына байланысты. Оқыту үрдісіне ұғымдардың пайда болуы мен құрылысы, олардың материалдық дүниесінің заттарымен, құбылыстармен байланыстарын ашу – мұғалімнің бірден-бір міндеті. Тіл білімінигертудің мақсатын оқу бағдарламасында «…тіл ұстарту, тіл дамыту, тіл ширату, логикалық ойды кеңейту, дамыту жұмыстарында тілден алған теориялық материалды дұрыс пайдаланады», — деп атап көрсетеді. Қандай да болмасын білімді игеру, тынымын кеңейту, соның ішінде лингвистикалық білімді игеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастырып, тілін дамыту ойлау амалдары негізінде қалыптасады. Сол себепті тілді оқып үйрену грамматикалық ұғымды қалыптастыру мен оны терең танымдық дәрежеге жеткізуден, тіл заңдарын, анықтама, тұжырым, нормаларды түсініп, дәлелдей білуге үйретуден және оны нақтылы іс-әрекетке, жаттығу, орындауға қолдана білуден тұрады. Оқушы айнала қоршаған шындықты сөз ұғымы арқылы бейнелейді. Ұғымды қалыптастыру арқылы ой әрекетін жүргізеді де, оны тіл арқылы жеткізеді. Олай болса, баланың тілін дамыту үшін, ең алдымен, тілдік ұғымдар қалаптастырылады.

Табиғатты кез-келген зат, құбылыс, заңдылық болсын ол оқушыға дұрыс жетуі және түсіндірілуі үшін мұғалімнің өзі олармен жете таныс әрі оның қасиеттерінен жан-жақты хабардар болуы керек. Сонда ғана шындық дүниенің заттары мен құбылыстары туралы бала дұрыс түсініктер алып, ол туралы ой түзеді. Мұның өзі бала ойының жетілуі мен тілінің дамуына игі әсер етіп, алған таным білімдерін әрі қарай толықтырып, ұштап жол ашады.

Әр-бір оқу пәні бір-бірімен өзара байланысты ғылыми ұғымдар жүйесін қамтиды. Оқушылыардың жалпы сан бойынша білімдерінің сапасы олардың ұғымдар жүйесін меңгертуіне байланысты. Ал тілдік ұғымдар жүйесін меңгеру – тілдік қарым-қатынас құралы ретінде игерудің негізі.

Ұғым деп қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың қасиеттері мен маңызды белгілерінің жалпыланған логикалық сипаттамасын түсінеміз. Н.И.Кондаковтығ «Логикалық сөздігіне» ұғымды былай анықтайды. «Ұғым зерттелінетін нысанның жалпы, сонымен бірге, мәнді белгілері, негізгі игі түйіні болатынбарлық айрықша сипаттары туралы түсінік, мәліметтердің тұтастай жиынтығы туралы пайымдар»

Ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды саналы түрде білу мүмкін емес, өйткені олардың өзі ұғымдар арасындағы байланыстарды білдіреді. Сондықтан ұғым–материалдық шындықты бейнелейтін ойлау нұсқаларының бірі болып табылады. Сөйлеу ұғымдар негізінде жүзеге асады. Дәлірек айтқанда ұғымдар жүйесі сөйлеудің материалы болып табылады. Сондықтан сөйлеуді дамыту дегеніміз ұғымдар жүйесін меңгерту болып шығады.

Ұғымды меңгеру оқушылардың белсенді ой қызметімен, анализ және синтез, салыстыру, абстракциялау және жалпылау сияқты ойлау амалдарын орындаумен байланысты. Ұғымдарды қалыптастыру оқушылардың ойлауын дамытумен тікелей байланысты. Сондықтан психолог В.В.Давыдов «Балаларды жалпылау ұғымын қалыптастыру мектептің басты міндеттерінің бірі болып табылады»,-деген.

Тілдік ұғымдар жалпылау мен абстракциялаудың жоғары деңгейі болғандықтан мектеп курсында оған ерекше орын береді. Бұл үрдісті зерттеу Л.С.Выгодскийден бастап, мәселені шешуге айрықша үлес қосқандар: В.В.Давыдов, Е.Н.Кабанова-Меллер, Н.Ф.Талызина, Д.М.Богоявленский, Н.А. Менчинская т.б.

ОҚУШЫЛЫАРДЫҢ ҚАЗАҚША ТІЛІН ДАМЫТУ

Тіл дамыту – тілді оқытудағы негізгі мақсат

Тіл дамыту — оқушының тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету. Басқаша айтқанда тіл дамыту — қазақ тілі оқушының қарым- қатынас құралына айналдыру. Бұл жалпы тіл үйрену мақсатымен толық сай келеді. Орыс тілінде оқытатын мектептерде оқушының қазақ тілін дамыту ұғымына қазақ тілінің лексикалық, гамматикалық тұлғаларын меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру яғни қазақ тілінде сөйлесуге үйрету жатады; қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқушыда қалыпсастыру, қазақша сауатты жазу дағдысын меңгерту де осы ұғымға кіреді; сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды сөйлемде дұрыс орналастырып, сөйлем құру сөйлем арқылы ойын басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де тіл дамыту ұғымына жатады. Сөйтіп тіл дамыту — мағынасы, көлемі кең ұғым.

Адам ойын ауызша, не жазбаша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушы тілін дамыту екі бағытта жүргізіледі: ауызша және жазбаша. Жалпы алғанда тілді оқытуда бұл екі бағыт қатар жүргізіледі. Бірақ қазақ тілін оқытудың ең алғашқы кезеңінде ауызша тіл дамыту басымырақ болады.

Адамның сөйлеуінде қолданылатын тілдік нұсқалар дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, сөйлемдердің тіркесі. Бұл тілді оқытудағы негізгі мәселелер. Тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоепиясын меңгерту жұмыстары жүргізіледі. Ауызша сөйлеу тілінің бұл – негізгі мәселесі.

Сөз, сөз тіркесі, сөйлем – байланысты сөйлеудің құралдары. Қазақша сөйлеу үшін оқушының жеткілікті сөздік қоры болуы керек, оқушы сөздерді байланыстырып сөз тіркестерін жасаудың, сөз тіркесінен сөйлем құрастырудың заңдылықтарын білу қажет. Сонда ғана байланысты ойды

басқаға білдіруге, басқаның сөйлеуін түсінуге болады. Сөйтіп, сөз және сөз тіркесі бірігіп сөйлем құрамына кіріп. Олардың бір-бірімен тығыз байланысы арқылы байланысты ой білдіреді. Байланысты ойды білдіретін бұл құралдар сөйлемде бір-бірімен ойдың ішкі байланысына қарай байланысқа түседі.

Байланысты сөйлеудің құралдарының тілде қолданылу заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, тәжірибе жүзінде яғни сөйлеуде қолдануда жаттықтыру, оларды дұрыс қолдану дағдысын оқушыда қалыптастыру – тіл дамытудағы негізгі мақсат блып табылады. Сондықтан тіл дамыту осы тілдік нұсқаларды оқытумен бірге , байланыста жүргізіледі. Яғни тіл дамыту тілдік нұсқаларды, тұлғаларды оқыту барысында бірге жүргізіледі. Атап айтқанда фонетика, лексика, грамматика салалары ереже жаттау ретінде жеке оқылмайды. Бұл тілдік материалдарды оқыту олардың қолданылуын меңгерту мақсатында бағындырылады. Оқушы қазақ тілінің тілдік материалын білмей, ойын байланысты түрде басқаға жеткізе алмайды. Сондықтан оқушыға қазақ тілінің тілдік нұсқалары таныстырылады.

Оқушыға сөздерді, тілдік нұсқаларды таныстырумен, бітірумен бірге, олардың әрқайсының тілде қалай, қандай жағдайда қолданылатыны үйретіледі. Егер оқушы олардың қалай қолданылатынын меңгермесе, ойын қазақша жеткізе алмайды.Оқушы ойын қазақша еркін жеткізу үшін, тілдік нұсқалардың қолданылуын білу қажет, біліп қана қоймай, оларды дұрыс қолдану дағдысын меңгеруі керек. Міне, сондықтан да қазақ тілін оқыту тілдік материалдарды сөйлеуде дұрыс қолдану дағдысын оқушыда қалыптастыруға бағытталады.

Сөйтіп тіл дамыту сөйлеуге жеткілікті сөздік қорды және ол сөздерді сөйлемде бір-бірімен байланыстыратын тілдік нұсқалардың қолданылу заңдылықтарын меңгерту болып шығады. Оқушының сөздік қорын байыту тілдік нұсқалардың қолданылу дағдысын қалыптастырумен тығыз байланыста жүргізіледі.

Оқушының сөздік қорын байыту, сөздік жұмысы

Оқушының сөздік қорын үнемі байытып отыру – тіл дамытудағы негізгі мәселе. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі мол болады. Сөздік қоры бай адам ойын жеткізуге ең керек сөзді таңдап қолдана алады, оның ойын дәл білдіретін сөзді тыңдау мүмкіндігі бар. Тауып сөйлеу, ойын анық білдіру қажетті сөзді қолданумен тікелей байланысты. Ал ол сөздік қордың байлығын керек етеді. Сондықтан тіл дамытуда оқушының сөздік қорын байытуға ерекше мән беріледі.

Сөздік жұмысы әр сабақ үстінде, жыл бойында, бүкіл оқу кезеңінде белгілі жоспармен, жүйемен жүргізілуі керек. Оқушы сабақ сайын жаңа сөз үйреніп отырады. Оқушыға үйретілетін жаңа сөз тексте, диалогтарда жаттығуда қолданысымен байланыста беріледі. Сабақ сайын жылма-жыл әр класта оқушының сөздік қоры өсіп отырады. Әр сабақта үйретілетін жаңа сөзді оқушының күнделік өмірде, қарым-қатынаста қолданатын белсенді сөздігіне айналдыру оқушының сөздік қорын байытудағы негізгі мақсат болып саналады. Осы мақсатқа жету үшін, төмендегі жұмыстар жасалу керек:1) жаңа сөз мағынасын оқушыға анық түсіндіру; 2)жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету; 3)жаңа сөзді қолданыста меңгеру яғни жаңа сөзді қолдану дағдысын қалыптастыру; 4)жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту; 5)сөздікпен жұмысқа үйрету.

Жаңа сөзді оқушы жақсы игеру үшін, оның мәнін оқушы жақсы түсіну керек. Жаңа сөздің мағынасын оқушыға түсіндіруде ол сөз айтатын заттың өзін көрсету, заттың суретін көрсету, оқушының ана тілінде аудармасын беру, оқушыға бұрын таныс синоним сөздерді пайдалану, кейде сипаттамалы түсіндіру сияқты әдістер қолданылады. Заттың өзін көрсету алғашқы кезеңде көбірек орын алады, бірақ ол мүмкіндігіне қарай ол кейін де қолданыла береді. Бұл әдістердің қайсысын қолдануды мұғалім таңдайды.

Жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етуге өте үлкен мән беру керек. Оқушы жаңа сөзді сабақта үйреніп, бірақ оны жеткілікті дәрежеде бекітпесе, ол оқушының есінде сақталмайды, сондықтан оқушының

сөздік қоры байымайды. Олай болса, жаңа сөзді оқушы есінде бекітетіндей жұмыс жүргізу қажет. Оқушының үйренген жаңа сөздерін жазып отыратын жеке дәптері болуы керек. Сөздік дәптерге әр сабақта үйренген жаңа сөздерін жазып отыруға оқушыны дағдыландыру қажет. Оқушы жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазумен бірге, әр күні оны ең кемі екі реттен оқып отыруға дағдылану керек. Мұндай дағдыны қалыптастырған оқушы жаңа сөздерді ұмытпайды. Сөздік дәптерді үйде күнде отырғанда, тек жаңа сөздерді ғана емес, ол түгел қайталанады. Барған сайын алғашқы сөздер әбден сақталған кезде, оларды оқуды тоқтатып, соңғы кездердегі сөздерді оқу керек. Осылай жүйелі түрде сөздікпен жүргізілген жұмыс оқушының сөз байлығының молюына мүмкіндік жасайды. Сөздік дәптер оқушының үйренген сөздерін ұмытпауға, үнемі қайталап отыруға өте қолайлы. Оқушының сөздік қорын байыту жаңа сөздерді үйренумен бірге, бұрын үйренген жұмыстарын қолданыстан шығармауды керек етеді.Ол сөздік дәптер алғашында сөздік ретінде, кейін аударма ретінде жасалады.

Сөздік дәптер қайталауға да, ұмытқанды еске түсіруге де, мазмұндама жазуда пайдалануға да, өте ыңғайлы. Оқушылар сөздік дәптерін сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта үйренген сөздермен толықтырып отыруы пайдалы. Сонымен бірге сөздік дәптер оқушының қазақша үренген сөздерінің жалпы санын біліп отыруы үшін де керек. Сөздік дәптер арқылы оқушы қазақша үйренген сөзінің күннен-күнге өсіп келе жатқанын біліп отырады және ол сөздікті толықтыруға қызығушылық туғызады. Ол – оқушының тілін байытуға, тілді үйренуге көмектеседі.

Оқушының сөздік қорын байытудың тағы бір жолы – мақал –мәтел сөздігін жасау. Мақал-мәтелдер сөздігі оларды оқушы есіне тұрақтандыруға көмектеседі. Ал мақал-мәтелдер оқушының қазақша сөйлеуін көріктендіреді. Мақал-мәтелдер сөздігін оқушы сөйлесу кезінде, мазмұндама, шығарма жазғанда, пайдалануына болады.

Сонымен бірге жаңа сөздер оқулықтарда соңғы бірнеше сабақта, жиі қайталанып, кейін сирек кездеседі. Бірақ ол мүлде кездеспеуә мүмкін емес. Оқулықта бұл жағдайлар сақталмаса, мұғалім оны қадағалап, қолданысқа енгізіп отыруы қажет. Сөздердің жеткілікті қайталанып отыруы – оның ұмытылмауы үшін ең қажет шарттардың бірі.

Мұғалім сабақтағы жаңа сөзді келесі сабақта жеке сөз ретінде тексеріп отыруы да өте пайдалы. Мұндай жұмыс түрі затты көрсетіп, суретін көрсетіп, оны қазақша атату арқылы жүргізіледі немесе орыс тілінде сөзді атап, қазақшасын оқушыға айтқызу арқылы да тексеруге болады.

Жаңа сөзді қолданыста меңгерту оқушыны әрі сөйлеуге баулу, әрі сөзді оқушы есіне сақтауға көмектеседі. Сөздің қолданысын оқушы текстен, жаттығудан көреді, танысады. Бұл жаңа сөзбен алғашқы танысу. Мұғалім оқушыға жаңа сөзді сөйлемде өзінше қолдануға жаттықтырады. Жаңа сөздермен сөйлем құрауды үйретеді, сөздерді сөйлеуде, диалогта қолдануға жаттықтырады. Жаңа сөздер қатысқан мақал-мәтел жаттау, өлең жаттау өте пайдалы, ол сөздердің ұмытылмауына үлкен ықпал жасайды және сөздердің қолданысын үйретуді бекітеді.

Жаңа сөздердің мағынасын түсіндірген соң, олардың дұрыс айтылуын түсіндіру керек. Жаңа сөздердің айтылуын мұғалімге еліктеп бүкіл класқа, топқа, жеке оқушыға айтқызу арқылы үйретуге болады. Жаңа сөздерді могнитофон таспасына жазып әкеліп, оқушыларды оған қосылып бірге айтқызу арқылы, дұрыс айтуға үйретуге болады. Жаңа сөзді үйретуде мұғалім дауысына еліктеуді де, магнитафонды да қолдану ұтымды, бұл әдістердің бәрін қолдану сөздің ауыр, жеңіліне қарай шешіледі. Жаңа сөздің жазылуын меңгерту жазбаша жаттығулар, мазмұндама, диктант, шығарма, арқылы жүзеге асады. Оқыту барысында осы үйренгени сөздерді оқушылар іш жүзінде пайдалана білуі керек.

Жаңа сөзді үйретуде үнемі бір тәсілмен өткізбей, әр сабақта тәсіл түрлерін өзгертіп, оқушыны жалықтырмай, түрлендіріп өткізген дұрыс.

Оқушының тілін дамыту, сөздік қорын байыту – жан-жақты жұмыс. Бұл ретте оқушыны дайын сөздіктермен пайдалануға жаттықтырудың да атқаратын қызметі зор. Сөздіктермен пайдалануға үйрету, жаттықтыру оқушының сөздік қорын байытуға көмектеседі. Бұл жұмысты бастауыш кластың соңғы кластарында бастауға болады. Оқушы сабақта сөзді сөздіктен тауып үйренсе, ол сабақтан тыс уақытта кітап оқуда, тағы басқа жағдайларда таныс емес сөзді сөздіктермен үйрене алады. Бұл да оқушы тілін дамытады, байытады. Сөздікті пайдаланып үйренген оқушы кездескен таныс емес сөзді елеусіз қалдырмайды, оны білуге таырысады, ол үшін сөздікті қолданады.

Оқушының сөздік қоры тек сабақ кезінде толығады деуге болмайды. Оқушының сөздік қоры кластан тыс уақытта да толығып отырады. Оған әсіресе кластан тыс уақытта да толығып отырады. Оған әсіресе кластан тыс уақыттар әсер етеді. Қызықты ұйымдастырылған кластан тыс жұмыстарға оқушылар белсенді түрде қатысады. Кластан тыс жұмыстарда оқушыға қазақша сөйлеу ортасы жасалып, оның қазақша қарым-қатынас жасауына зор мүмкіндік туады. Оқушы қазақ тілі үйірмесінде ән үйренеді, тақпақ жаттайды, қойылымдарға қатысады, мәнерлеп оқуға жаттығады, қазақша газет шығарады, олимпиядаға қатысады. Осының бәрі қазақша жүргізіледі. Ол оқушының сөздік қорын байытады, сөйлеу дағдысын бекітеді, тілін дамытады.

Жаттығулар арқылы тіл дамыту

Оқушы қазақ тілін меңгерген бай сөздік қорын қарым-қатынаста қолдана алмаса, тіл білген болып саналмайды. Сқндықтан оқушының сөздік қорын байыту сөздердің сөйлеуде қолданысына жаттықтырумен бірге байланыста жүргізіледі. Ал оқушы сөздерді қарым-қатынаста қолдану үшін, тілдік түлғалардың қоланылу заңдылықтарын білуі керек. Ал ол –грамматиканың мәселесі. Грамматикада сөздерді бір-біріен байланыстыру үшін қолданылатын сөз түрлендіруші қосымшалар, олардың қандай сөздердің тобына, қалай жататыны, беретін мағынасы, сөз түрлендіруші қосымшалар арқылы түрленген сөздің қандай сөз тіркесі жасайтыны, сөз тіркесінің сөйлем жасауы, сөйлемдердің бір-бірімен байланысу заңдылықтары беріледі.

Грамматиканың заңдылықтарын меңгеріп, оны сөйлеуде қолдану арқылы ғана байланысты ойды білдіруге болады. Бірақ грамматиканың заңдылықтарын жатқа білгенмен, оны сөйлеуде қолдана алмаса, ол да тіл білгенге жатпайды. Сондықтан тілге үйрету тілдік нұсқаларды оқушыға білгізу және олардың сөйлеуде қолданылуын меңгертуге жаттықтырудан басталады.

Екінші тілді үйрету ісінде оқушы тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастырғанда, жаттығулардың атқаратын қызметі зор. Тілге үйрету қай тілде жаттығулардан басталады. Жаттығулар тілдік материалдардың негізінде оқушының жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай беріледі. Жаттығуларды ғылымда екіге бөледі: тілдік жаттығулар және сөйлеу жаттығулары, Тілдік жаттығулардың міндеті тілдің грамматкалық материалын оқушыға меңгерту. Тілдік материалдар әр тілдік тұлғаны таныстырады, оны қолданып үйренуге жаттықтырады. Тілдік жаттығулар тілдік тұлғаларды дұрыс ойланбай қолдану дәрежесіне қолдануды көздейді. Тілдік жаттығулар алуан түрлі болып келеді. Тілдік тұлғаларды жаттығуда алғаш қолданыстағы дайын қалпында да беруге болады. Мұндай жаттығулар тілдік тұлғаның қолданылу үлгісі ретінде, оның қолданылуына оқушының назарын аударып, көзін үйрету мақсатын көздейді. Ал тілдік жаттығуда тілдік тұлғаның сөздегі орнына нүкте қойылатын жаттығулар оқушыны тілдік тұлғалардың дыбыстық вариантын дұрыс таңдауға үйрету мақсатын көздейді.

Ал сөзді қосымшасыз беріп, оған тиісті қосымшаны тауып жалғау оқушыға түрлі қосымшаларды өткен соң, олардың әрқайсысын жақсы меңгергенде беріледі. Мысалы, бірнеше септік жалғауын оқығаннан кейін, оның сөйлемде қайсысын қолдануды табу ол септіктерді оқушының жақсы білуін талап етеді. Бұл нақтылы бір септікпен жұмыс істеу кезіндегі жаттығудан көрі күрделірек. Мұндай жағдайда оқушының ол септіктер туралы білімі мен оларды сөйлеуде қолданған белгілі бір тәжірибесі керек.

Сөйлемдегі түсірілген сөзді тауып қосу, сөйлемді өзгерту, сөйлемді аяқтау, сөйлемді кеңейту, сөйлемді тарылту сияқты жаттығулар оқушыны сөйлеуге апарады. Бұл алғашқы жаттығулардан гөрі көп күрделі болып табылады.

Мұндай жаттығулар тілдік тұлғаларды сөйлеуде қолдануға оқушы әбден машықтанып, оны түрлі жағдайға байланысты өзінше қолдана алатын кезеңде беріледі.

Тілдік жаттығулар оқушыларға тілдік тұлғаларды қолдандыруға жаттықтырып, оны сөйлеуде қолдану дағдысын қалыптастырады.

Ана тілінде адам ойын қалай жеткізу үшін сөздерді қалай байланыстыруды, қай қосымшаны қай сөзбен қолдануды, білдіретін ойына сөйлемнің қандай түрін, қалай құрастыруды ойланып жатпайды. Екінші тілді үйренуші оқушылар алғаш ойды қалай жеткізуді ойлайды, дайындау жаттығулары тілдік тұлғаларды қолдануды үйретіп қоймай, оны ойланбай қолданатын дәрежеге жеткізуді жүзеге асырады.

Ал сөйлеу жаттығулары тілдік жаттығуларда меңгерген тілдік материалды керек кезінде, айтылатын ойға байланысты оқушы орынды қолдана алатындай болуын көздейді. Сөйлеу жаттығулары қарым-қатынас жасауға бағытталады. Оған сұраққа дұрыс жауап беру, өзі сұрақ қоя білу, тілдік жаттығуларда меңгерген сөйлем үлгілерін сөйлеуде еркін қолдану, орысшадан қазақшаға аударып, тақырып бойынша шығарма жазу, жоспарланбаған, дайындалмаған тақырыптарда сөйлеу, т.б. жатады. Сөйлесу жаттығуларын орындау барысында қазақша сөйлеуге оқушылар әбден жаттығады, сөйлеу автоматты түрге көшеді. Сөйлеудің жеке адамға қатысты түрін, екі, көп адамның сөйлесуін, ауызша, жазбаша сөйлеуді оқушы сөйлеу жаттығулары арқылы меңгередің Сөйлеудәң, сөйлесудің барлық түрлерін меңгерген оқушыны қазақша тілі дамыған деуге болады.Ондай оқушылар барлық жағдайда ойын толық жеткізіп, қазақша еркін сөйлей алады.Қазақ тілінен үйренген сөздік қоры оған негіз болады.

Сөйлеу жаттығуларына сурет арқылы оқушыны сөйлеуге үйрету, оқыған кітабының мазмұнын әңгімелету, мақал-мәтелдерді сөйлеуде қолдануға жаттықтыру, тақпақ, өлең айтуға үйрету де жатады. Бұлардың бәрі – оқушы тілін дамытудың құралы. Оқушы тілін дамыту жұмысында суреттерді қолдану пайдалы. Мазмұнды сурет класта оқушыларға сұрақ-жауап тәсілі арқылы әр оқушыға әңгімелету арқылы оның мазмұнын толық ашуға болады. Оқушылыр бірін-бірі толықтырады. Соңғы оқушыға қортынды ретінде толық әңгімелету керек. Мазмұнды суреттің толық мазмұнын жазуға болады.

Мазмұнды суретпен сұрақ-жауап, ауызша толық сипаттама, жазбаша мазмұндама, шығарма сияқты түрлі жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Бұл жұмыстың қайсысы болсын оқушыны қазақша сөйлеуге жаттықтырады, қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырады, тілін дамытады.

Оқушы тілін дамытуда оқыған кітабының мазмұнын қазақша әңгімелету пайдалы. Жұмыстың бұл түрін 5–6 кластардан бастау дұрыс.

Оқушы тілін дамытуда кітап оқу зор қызмет атқарады. Кітап оқуға баулыу, тәрбиелеуді, кітап оқуға оқушыны қызықтыруды бастауыш кластан бастау керек, кейінге қалдыруға болмайды. Қазір кітап оқу дағдысын оқушыда қалыптастыру – өте қиын жұмыс, оқушылар ана тілінде де кітапты көп оқи алмайды. Осындай жағдайда қазақша кіта оқуға дағдыландыру жұмысын ұтымды жүргізудің амал-тәсілін ұйымдастыру орынды.

Кітап оқу жұмысы сабақта басталады. Оқу әдісін меңгерген оқушы өздігінен кітап оқымайды. Кіта оқуға баулу үшін алдымен оқушыны анық, тез оқитын дәрежеге жеткізу керек. Оқу әдісін жақсы меңгерген оқушы ғана, өздігінен кітап оқи алады. Оқушы жақсы оқу дәрежесіне келгеннен соң, өздігінен оқуға жетілу керек.

Бастауыш класта кітап оқуға баулуды қысқа, қызық ертегілерден бастау керек. Оқушыға алғаш ертегіні класта бастап, үйде аяқтауға тапсырған жақсы нәтиже береді. Оқушыға үйде өздігінен оқуға берілетін ертегідеалғашқы кезеңдерде оқушыға таныс емес сөздердің болмағаны дұрыс, сондықтан мұғалім оқушыға өздігінен оқып тапсыратын ертегілерді мұқият қарастыруы керек. Оқушы алғаш рет өздігінен тапсырған ертегіні тез оқып, түсінсе ғана, өздігінен оқуға бейімделеді, түсінбесе, оқымайды. Мұндай жағдай мұғалім назарында болуы өте қажет. Оқушыға таныс емес жекелеген сөздер кездесетін болса, мұғалім ол сөздерді күні бұрын оқушы сөздігіне түсіру керек. Содан кейін ғана ертегіні оқи беруіне болады. Кейінірек оқушы сөздіктермен жұмыс істеген кезде таныс емес сөздерді сөздік арқылы білуге дағдыландыру керек.

Мектеп оқушыларына арналған ертегілер жинағы сөздіктермен беріліп, отырса өте жақсы болар еді, бірақ әзір ондай мүмкіндіктер болмай отыр. Сондықтан ол қиындықты жеңудің жолын мұғалім ойластыруы керек.

Кітап оқуға баулуды осылай ең жеңіл жолдан бастап, баланың бетін қайтармайтындай етіп ұйымдастырылған жұмысты бірте-бірте дамыту арқылы кітап оқуға дағдыландыру да жақсы нәтиже береді.

Оқушыға өздігінен оқуға берілетін ертегі, әңгімелер, кітаптар, оқушының әр кластағы сөздік қорына, түсінігіне сай болуы міндетті. Сонымен бірге ертегі, кітаптың оқуға қызықты, достық қарым-қатынасқа лайықты, біліктілік, тәрбиелік мәні болуы керек.

Оқушы оқыған кітабындағы таныс емес сөздерді өз сөздігіне жазы, оны өзінің сөздік қорына қосады, оның қолдану үлгісін көрсетеді, меңгертеді. Сол арқылы да оқушы тілі дамиды.

Мұғалім оқушының өздігінен оқығандарын елеусіз қалдырмай, ол туралы оқушымен әңгімелесіп отырады. Оның жолдары көп кітаптың не туралы екенін сұрау, ондағы оқиғаларды айтқызу, кейіпкерлер туралы әңгімелесу т.б.

Оқушы тілін дамытуда тақпақ жаттау, өлең айту да пайдалы болып саналады. Оқушы әр класта бірнеше тақпақ жаттайды, олар көбіне оқулықта беріледі. Бірақ мұғалім онымен қанағаттанып қана қоймай, оқушыға тілі жеңіл, тәрбиелік мәні күшті тақпақтарды карточкаға жазып келіп, оқушыға үйде жаттап келуге беру керек, тақпақтарды класта жазып уақыт кетірмеу керек. Тақпақтар оқушыларға қазақ ақындарын тану мақсатында да беріледі. Әр тақпақты жаттап оны дұрыс айту арқылы да оқушы тілі жаттығады. Сондықтан да бұл жұмысты оқтын-оқтын жүргізіп отыру қажет.

Өлең айтуға ән салуға үйрету де тіл дамытуда өзіндік қызмет атқарады, біріқ бұл жұмыс үйірмеде жүргізіледі. Жұмыстың бұл түрі оқушымен жеке жүргізіледі. Өлең айтуға қабілеті бар, даусы бар оқушыларға бұл жұмыс өте ұнайды. Олар ән айтуға қызығады. Ал ән айтуға жаттығу кезінде оқушы өлеңнің әр сөзінің мағынасын түсіну керек. Бұл жұмыс түрлері де оқушы тілін жаттықтырып, дұрыс сөйл+еу дағдысын қалыптастыруға қызмет етеді.

Мақал-мәтелдер де – оқушы тілін дамытудың күшті құралы. Оқулықтарда мақал-мәтелдер берілген. Мақал-мәтелмен жұмыс жүргізуде әр +қолдана алады. Сондықтан мұғалім мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіруге мән беруі қажет. Мұнда мақал-мәтелдің мағынасын аудару, оның орыс тіліндегі теңбе-тең түрін келтіру арқылы түсіндіру керек. Мақал-мәтелді сөйлеуде қолдану өте қажет. Мақал-мәтелмен жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі керек. Мақал-мәтелдерді меңгерген оқушының тілі көрікті, әсерлі болатыны сөзсіз.

Сөйлеу жаттығулары оқушыларды тілдік материалдарды сқйлеуде қолдануда дағдыландыруды көздейді. Сөйтіп оқушы алдымен тілдік материалдарды меңгеру жаттығулармен кездеседі, оны біліп, танысып, түсініп алуы қажет. Олтілдік матерйалды сөйлеуде қолдануға жаттықтыру, дағдылындыруда сөйлеу жатығулары мағызды қызмет атқарады.

Тест арқылы оқушы тілін дамыту

Текстпен жұмыс 1 кластан бастап-ақ басталады, шағын текстер 1 клас оқушыларына қиын емес.Қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінен бастап, текспен жұмыс жүргізу тіл дамытуда өте пайдалы. Сондықтан бұл жұмысқа жеткілікті мән берілуі қажет. Оқушы тілін дамытуда текстердің атқаратын қызметі өте күшті. Текст оқушыға білім береді, текст – оқушыны оқуға үйретудің құралы, ол ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді қазақша сөйлеуге үйретеді. Текст арқылы баланың ойын, білімін жылдам аңғарып отыруға болады.Текст құрастыруда баланың ойы мен жас ерекшелігі де аңғарылып отыруы міндетті. Текст осы қызметтерді толық атқару үшін, оған төмендегі талаптар қойылады.

1.    Текст оқушының жас ерекшелігіне, түсінігіне сәйкес болуы керек. Текст әр кластағы оқушыны жас ерекшелігіне, біліміне, түсінігіне сай алынады.Осымен байланысты әр класта оқытылатын текст әр түрлі деңгейде болады. Бір кластың өзінде алғашқы тексеру мен оқу жылының аяғындағы тексерудің көлемі,ондағы сөйлемдердің құрлысы, ауыр-жеңілдігі бірдей болмайды. Текст дидактиканың жеңілден ауырға деген принципі бойынша бірте-бірте күрделеніп отырады.
2.    Тестің мазмұны әр кластың оқушысының білім деңгейіне, дүниетанымына сай болуы қажет. Оқушыны қызықтыратын тексті оқушы жақсы меңгереді..
3.    Текстің мазмұны оқушыны қызықтыратын болуы керек. Оқушыны достыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін тестердің мәні күшті.
4. Текстердің тәрбиелік мәні болуға тиісті. Оқушыға таныс емес, оқушы түсінбейтіндей қиын мазмұнды текст алынбауы оқуға берілмегені дұрыс.
5.    Текстер қазақ халқының мәдениетімен, әдет-ғұрыптарымен, ұлттық мерекелермен, жетістіктермен оқушыларды таныстыру қызметін атқарғаны дұрыс. Ол халықты сыилауға тәрбиелеуге қажет. Текст оқушыға қазақша сөйлеудің дайын үлгісі. Текстпен жүргізілетін жұмыстың бірнеше түрі жүргізіледі. Мысалы: текст оқу, аудару, мазмұнын ауызша әңгімелесу, тексті әңгімелеу үшін жоспар жасау, мазмұндама жазу тексті сұрақ-жауап ретінде екі кісі әңгімелеу яғни диалог құру, т.б.

Тексті оқу тіл дамытуға жатпайтын сияқты болып көрінеді, ол оқу дағдысын қалып тастыруға жатқанымен, оның тіл дамытуға да қатысы бар. Тексті қазақша оқуға үйренумен бірге оқушы ондағы сөздерді анық айтуға, сөз екпінін дұрыс қоюға, сөйлем мәнерін қазақша айтуға қалыптасады. Ал тіл дамытуда бұл мәселелерге де мән берілетіні де айтылады.

Тексті аудару – тіл үйренудегі, тіл дамытудағы негізгі мәселелердің бірі. Тексті аударуды алғашқы кезде мұғалім өзі көрсетеді, кейін оқушылар өзі аударады. Тексті аударудан бұрын ондағы жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі. Жаңа сөздерді біліп алған соң, оқушыларға тексті аудару қиынға түспейді. Тексті аудару арқылы оқушы оның мазмұнына түсінеді, ойды қазақша білдірудің үлгісіне жаттығады. Қазақша текст оқушы үшін жақсы үлгі, онда оқушы сөздердің бір-бірімен қалай байланысатынын, сөздердің бір-бірімен тіркесу жолдарымен, сөйлемнің құрлысы түрлерімен кездеседі. Ең кіші текстерден бастап, бірте-бірте тілдің грамматикалық құрлысымен текст арқылы танысу күрделеніп отырады. Текст оқығанда, оқушының назарын оған аударып отырған жөн.

Текстің мазмұнын әңгімелеуге үйретудің тіл ұстартудағы мәні өте күшті. Алғашқы кезеңде тексті әңгімелеуде оқушыда текске сүйену күшті болды. Бірте-бірте тексті қысқартып айтуға, бара-бара оны кеңейтіп, толықтырып әңгімелеуге қажет. Бұл оқушыны текст мазмұнын өз сөзімен әңгімелеуге үйретеді. Оны түрліше жүргізуге болады. Алғашқы кезеңде оқушыға текст арқылы сұрақ қойып, жауап бергізу арқылы текстідиалогқа айналдыруға да болады. Бұл жұмыстың түрә кейінірек жасалады. Текст әңгімелеуді жоспар жасау арқылы үйретудің де маңызы зор. Текске жоспар жасау екі түрлі қызмет атқарады: текске жоспар жасау, тексті жақсы түсінуге, ойын жүйелі жеткізуге жәрдемдеседі.

Текстің мазмұнына байланысты сұрақтарға жауапты жазбаша түрде жүргізу арқылы оқушының жазбаша тілін дамытуға болады. Текст бойынша мазмұндаманы жоспар арқылы жазу өте пайдалы. Текспен ауызша тіл дамытуға жүргізілген жұмыстардың бәрі жазбаша жүргізіледі.

Сөйлеу тілі мен жазба тілдің байланысы

Сөйлеу тілі мен жазба тіл өте тығыз байланысты. Сөйлеу тілінде жазбаша тіліде де қолданылатын тілідік тұлғалар бар. Тілдік тұлғалар сөйлеу тілі мен жазбаша тілде бір мағынада қолданылады, олардың тілде атқаратын жалпы қызметінде де өзгеріс болмайды. Сондықтан екінші тілді үйретуде де тілдік тұлғалармен жұмыс ауызша да, жазбаша да жүргізіледі.

Алайда сөйлеу тілі мен жазбаша тілде ешқандай айырма жоқ деуге болмайды. Сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің әрқайсының өзіндік ерекшелігі бар. Ол – заңды құбылыс, сондықтан қазақ тілін оқытуда оны ескеріп отыру керек.

Сөйлеу тілі адамның есту арқылы қабылдауына бағытталатын сияқты. Сөйлеу тілі екі адамның, көп адамның арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Олкөбіне тікелей жүзбе-жүз қатыста қолданылады, радио, т.б. техникалық құралдар арқылы көпшілікке бағытталады. Сөйлеу тілінің техникалық құралдар арқылы көпшілікке бағытталуы тікелей қарым-қатынасқа жатпайды. Бұл тұрғыдан алғанда сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің ұқсас жақтары бар.

Сөйлеу тілінің ең қолданылатын кезі сөйлеуші мен тыңдаушының тікелей қарым-қатынасы. Мұндағдай жағдайда сөйлеуші тыңдаушының өз сөзін, ойын қалай қабылдауын көріп отыр. Соған байланысты ойын түрлендіре алады. Жазбаша тілде ондай мүмкіндік жоқ. Олоқырманның тікелей қабылдау әрекетінен тыс тұрады.

Сөйлеуші ойын сөйлеу кезінде іштей ретке келтіріп, ойды білдіруде қате болса, ол сөйлеу үстінде түзетіледі. Жазбаша ойды білдірудің ең ұтымды жолын іздеуге, түзетуге мүмкіндік мол.

Сөйлеу тілі көңіл-күйге байланысты, экспрессивтік мәні бар. Сөйлеу тілінде дауыс ырғағы үлкен қызмет атқарады, оған тілдік құралдардан басқа ымдау, бет құбылысы сияқты әрекеттер де қатыса алады.

Жазбаша тілде мұндай мүмкіндіктер жоқ, бірақ жазбаша тілдің өзіндік мүмкіндіктер жоқ, бірақ жазбаша тілдің өзіндік басқа мүмкіндіктері, ерекшеліктері бар. Жазбаша тіл талай түзетулерден өтіп, оқырманның қабылдауына дайын түрде жетеді. Жазбаша тілде күрделі құбылыстар көбірек кездеседі, оны оқырман көру арқылы қабылдап, ойлау арқылы түсінеді, қайталап оқып мәніне түсіну мүмкіндігі бар. Сондықтан жазбаша тілдегі күрделі құрылымдардың көбірек орын алуы ойды жеткізуге кедергі жасай алмайды.

Қазақша тіл дамыту кезінде оқушының сөйлеу тілі де, жазбаша тілі де дабытылады. Олардың негізгі жолдары бар болғанымен, әрқайсысының тіл дамыту әдіс-тәсілдерінде ерекшеліктер де бар.

Оқушының сөйлеу тілін дамытуда тыңдай білуге, естігенін түсінуге жаттықтыру қажет, өйткені жазғанды бірнеше рет оқып түсінуге болса, сөйлеу тілінде ондай мүмкіндік жоқ. Сөйлеуші сөзін тыңдаушы бірден түсінуі керек. Сонымен әр сөйлеушінің дауыс ерекшелігі, сөйлеу тездігі түрліше болады. Оның бәрі тыңдаушының түсінігіне әсер етеді. Сондықтан оқушыны түрлі адамдардың сөзі жазылған магнитофон таспасын т.б. техникалық құралдарды пайдалану қажет. Сонымен бірге оқушыны сөйлеушінің сөзінің мағынасына назар аударуға дағдыландыру қажет. Сөйлесудегі әр тілдік елементті жеке қабылдау, сол арқылы сөйлемдегі ойды анықтауға болады. Сөйлеуде кездесетін таныс емес сөздер, түлғаларды сөйлемнің жалпы мағынасы арқылытүсінуге үйретудің де мәні зор.

Оны мұғалім түрлі жолмен анықтауына болады

 

Оқушыны тыңдауға үйрету үшін, мұғалім сөзі, басқа адамдар сөзін магнитофон таспасына жазып, оны сабақта оқушыларға тыңдатып, одан не түсінгендігін, қалай түсінгенін анықтау керек.

1)тыңдаған текстің не туралы екенін сұрау;

 

2) текстің мазмұнын анықтау т.б.

 

3) текске тақырып қойғызу;

 

4) текст бойынша түрлі сұрақтар қою;

 

5) текст бойынша түрлі сұрақтар қою;

 

Таңдауға үйрету мақсатында жасалатын бұл жұмыстың түрлері, сөйлеумен үйретуге байланыста жүргізілетіні есте болу керек.

Жазбаша тілді дамыту

Оқушының жазбаша тілін дамыту бастауыш кластан-ақ басталады. Тілдік жаттығуларды жазбаша түрде орындау оқушының жазбаша тілін дамытудың алғашқы басқышы деуге болады. Диктант түрлері жазбаша тілдің негізгі шартты белгісінің бірі болып саналады.

Дегенмен оқушының түрін жазбаша түрде дамытуда мазмұндама мен шығарманың орны ерекше.

Мазмұндама – тіл дамытудың өте маңызды әсері. Әдетте мазмұндама оқыған текстің ауызша әңгімелесуден басталады да, жазбаша мазмұндамаға ауысады. Бұл оқушының сөйлеу тілі мен жазбаша тілін дамытады. Текст бойынша мазмұндама жазу үшін, тексті оқығанда, ынтамен тыңдайды, есте сақтауға, түсінуге тырысады. Оқушы өзінің іс-әрекетін тексті түсініп, есте сақтауға бағыттайды. Бұл оқушының зейінін, ойын дамытады, оқушыны іс-әрекетке ұйымдастырады.

Мазмұндама негізінен оқушының жазбаша тілін дамытуда, ойынт текске сүйеніп, өзінше жазбаша түрде білдіруге үйретеді. Бірақ мазмұндаманыоқушының жазбаша тілді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін де қолдануға болады. Ол ғылымда оқыту мазмұндамасы деп аталады.

Ғылымда, тәжірибеде мазмұндама жазудың төмендегі жолы белгілі:

 

Мазмұндама жазу алдында мұғалім ол туралы әңгіме өткізеді. Мұғалім оқушының ойын, назарын ұйымдастыру үшін текст туралы оларға қысқаша түсінік береді, текстің мазмұнын түсінуге дайындайды. Бұл кіріспе әңгіменің мазмұндаманың сапасына әсері болады.

 

Мұғалім тексті асықпай, жағымды дауыспен, салмақпен оқиды. Оқушыларға түсініксіз сөздерді сөздік дәптеріне жазғызады, түсініксіз сөз тіркестерін түсіндіреді. Кейбір қиын жаңа сөздерді тақтаға жазып қоюға да болады. Жалпы мазмұндама жазатын тексте түсініксіз сөздердің болмағаны немесе бірлі-жарым болғаны дұрыс.

Мұғалім оқушылардың текстің мазмұнын түсінген-түсінбегенін анықтау қажет. Оқушылар текст мазмұнын түсінбесе, оны түсіндіру керек.
Оқушыларға мазмұндаманың жоспарын жасату керек. Бастауыш кластарда жоспарды мұғалім өзі ұсынады, кейін мұғалім көмегімен оқушы жоспарды жасап, одан соң оқушылардың өздеріне жасату дұрыс.
Мұғалім тексті екінші рет өзі оқиды, не өте жақсы оқитын оқушыға оқытады. Бұдан осы жеңіл текст болса, бір оқушыға қиын тексті 2–3 оқушыға жоспар бойынша әңгімелетеді. Оқушылар текстің мазмұнын оқуда қате жіберсе, оны түзеткен соң, оқушылар мазмұндама жазуға кіріседі. Мазмұндама жазуды оқушы ана тілінен үйренген, ол тәжірибенің екінші тілде мазмұндама жазуда пайдасы бар. М азмұндаманың бірнеше түрі бар: текске жақын мазмұндама, қысқа мазмұндама, текстің бір мәселесі бойынша мазмұндама, шығармаға жақын мазмұндама.

 

Текске жақын мазмұндамада оқушы текстің мазмұнын текстегі ретімен жүйелі түрде толық жазады. Текстегі айтылған уақиғалар мазмұндамада түгел қамтылады. Бұл мазмұндаманы жазуда оқушы текстің мазмұнын ауызша әңгімелеуде алған тәжірибесіне сүйенеді.

Мазмұндаманың бұл түрі мазмұндама жазуға үйретудің алғашқы кезінде қолданылады

Қысқа мазмұндама кейінірек қолданылады. Қысқа мазмұндамада текстің негізгі мазмұны ғана жазылады, мазмұнды толықтыратын, кейбір мәселелерін түсіндіретін, анықтайтын бөліктері қысқа мазмұндамада жазылмайды. Қысқат мазмұндама оқушанаң ой қортындысы арқылы өз сөзімен жазылады. Қысқа мазмұндама текске жақын мазмұндамаға қарағанда, ауырырақ болып саналады. Қысқа сазмұндама жазу үшін, оқушының өз ойын қазақша білдіре алатын тәжірибесі болу керек.

Текстің бір мәселесі бойынша мазмұндама жазғызуда мұғалім оқушының назарын текстегі негізгі мәселеге аударуды көздейді. Мұнда текстегі негізгі мәселені жақсы түсініп, ал ол туралы толық баяндау көзделеді. Мұғалім текстегі бір мәселенің мазмұнын байланысты түрде жүйелі баяндауды талап етеді.

Шығармаға жақын мазмұндама оқушы текстің мазмұнын өзінше жалғастырып жазады, кейде текстің басына өзінше үзінді қосады, текстің арасында текске байланысты уақиға туралы өзінше әңгіме қосады. Басқаша айтқанда, тексті кеңітіп, текске өзгеріс жасайды. Бұл оқушының өзіндік жұмысына жатады. Ол оқушы тілінің байлығын, тілдік тұлғаларды еркін қолданатын тәжірибесін керек етеді.

Шығарма – жазба тілді дамытудағы ең негізгі жұмыс. Шығарма – оқушының өзіндік шығармашылық жұмысы. Шығарма жазуға оқушыны үйрету ұзақ уақыттағы жүйелі жұмысты керек етеді. Бастауыш класта ең шағын шығармадан қысқа уақиғаны жазудан бастап, бірте-бірте шығарманы күрделендіру қажет.

Шығарма бір тақырыпқа жазылады, тақырыпты ашуға керек сөздерді оқушы өзі білу керек. Мұғалім оқушының сөздік қорын жақсы біледі, сондықтан оқушының сөздік қоры бар сөзді қажет ететін тақырып таңдау пайдалы. Қажетіне қарай сөздік қолдануға да болады. Жоғарғы кластарда оқушының сөздік қоры да молаяды, соған орай мұғалімнің тақырып таңдау, белгілеу мүмкіндігі де арта түседі. Алайда оқушы естіп-білмеген, өмірде кездеспеген уақиға, мүлде таныс емес шығарма кейіпкері сияқты тақырыпты оқушыға ұсынбаған дұрыс.

Шығарма жазуға жаттықтыруда мұғалім оқушының ана тілінен алған тәжірибесін ескеруі керек. Қай тілде де шығарма жазудың негізгі жолы бар. Ол төмендегідей:

Оқушыны шығарманың жоспарын жасауға үйретудің мәні өте зор. Ол тақырыпты толық ашуға көмектеседі. Оқушы ойын жүйеге келтіреді, ойдың байланысты жазылуына жол ашады. Шығарманы жеке тақырыпқа, мазмұнды суретке, экскурсия бойынша, оқушы өміріне байланысты уақиғаға, оқушы қалған еркін тақырыпқа жазуға болады. Оқудың қай кезеңінде қандай тақырып қолайлы екенін мұғалім шешеді.

Шығарма жазуды тілдік материалиен де байланыстыруға болады. Ол тірек сөздерді қолдану, сөйлемнің сөз тіркесінің белгілі бір үлгілерін қолдану, т.б. осы сияқты тілдік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.