Несие беру этаптары немесе кезеңдері туралы реферат

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай – ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.

Несиелік саясат — банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.

Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің «техникалық қабаты» ретінде бөліп қарастырады.

Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс – тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай – ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.

Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.

Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

  • Несиеге деген өтінішті қарау;
  • Несиелік қабілетін талдау;
  • Несиелік келісімшарт жасасу;
  • Несие беру;
  • Несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

I кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.

Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушымен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар:

  • Құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
  • Соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
  • Несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық – экономикалық есебі;
  • Несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған щарттар, тауарлы – материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с);
  • Басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме);
  • Қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;
  • Несені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
  • Қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.

Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін адын ала бағалау үшін есеп карточкесін толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты – жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен – жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есепті күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық – экономикалық есеп негізінде жасалады,

II кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.

Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:

  • Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
  • Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай – ақ келісімшартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
  • Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынды. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.

III кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу.

Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, неселік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.

Несиелік келісімшарт екә жақтың өзара міндеттемелерін және жаупкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:

  • Несиелеу мақсаты және объектісі;
  • Несиенің мөлшері;
  • Несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
  • Несиені қамтамасыз ету формасы;
  • Несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
  • Несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
  • Несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.

Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.

Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.

Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.

Материалдық – заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді

  1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
    • тауарлы – материалдық құндылықтар кепілі:
      1. шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
      2. тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
      3. валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
      4. басқа да тауарлы – материалдық құндылықтар кепілі;
        • бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;
        • сол банктегі депозиттер кепілі;
        • жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).
  1. Мүліктік құқықтар кепілі:
  • жалгерлік құқық кепілі;
  • авторлық құқық кепілі;
  • жерге құқық кепілі.

Кепіл туралы келісімшартта мынадай мәселелер қарастырылады:

  • Келісімшарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
  • Келісімшарт заңы;
  • Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
  • Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
  • Талап ету құқықтары;
  • Кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
  • Кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;
  • Тараптардың жауапкершіліктері;
  • Ерекше шарттар;
  • Дауларды шешу;
  • Басқа шарттар;
  • Кепіл туралы келісімшарт жасасушылардың заңды мекен – жайы мен өзге де мәліметтері.

IV кезең. Несие беру кезеңі.

Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар олтырылуы мүмкін), несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі беру тәсілдері болады. Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екншісі – несие алу құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші -белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).

Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.

V кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау – несиелік операцияның маңызды кезеңі. Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың өлем айналымын құраудағы рөліне байланысты.ің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ

Іс жүзінде несиеніқайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:

  • мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
  • меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
  • алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
  • түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
  • несиенің қайтарылу мерзімін созу;
  • мерзімі өткен қарызды «Мерзімі өткен несиелер» шотына аудару;
  • банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.

Несиелік қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:

Қайтаруына қарай:

  • несиені толық қайтару;
  • несиені жартылай қайтару.

Қайтару жиілігіне қарай:

  • несиені бірден қайтару;
  • несиені бөліп – бөліп қайтару.

Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:

  • несиені жүйелі түрде қайтару;
  • несиені эпизодтық қайтару.

Қайтару мерзімдеріне қарай:

  • несиені мерзімді қайтару;
  • несиенің уақытын созып қайтару;
  • несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
  • несиені мерзімінен бұрын қайтару.

Қайтару көздеріне қарай:

  • клиенттің меншікті қаражаттары;
  • жаңа несиені пайдалану;
  • кепіл берушінің шотынан шегеру;
  • басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
  • бюджеттік түсім және т.б.

Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады.

Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеру үкім – ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уықыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.

Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай – ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.

Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны – 30, ал жылдағы 360 күнмен алынады.

Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, онің қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық ақпараттар, сондай – ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.

Несиелік келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шартарын жүйелі түрде орындамаған жағдйда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы..

Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел көзі болып табылады.