негізгі капиталдың статистикалық міндеттері туралы реферат

Негізгі капиталдың жай ұдайы өндірісі амортизациялық қордың әсер етуі есебінен жасалады .Жай ұдайы өндіріс көрсеткіштері :

1.жай ұдайы өндірістің көлемі(теңге)=ұдайы өндірістің жылдық көлемі-кеңейтілген ұдайы өндірістің көлемі ;

  1. амортизациялық қор ;

3.жылдық амортизациялық аударымның сомасы ;

4.амортизация нормасы ;

5.тозу және жарамдылық коэффиценттері;

6.жай ұдайы өндірістің үлесі =жай ұдайы өндірістің көлемі *100/ұдайы өндірістің жылдық көлемі .

Амортизациялық аударымдар негізгі капиталдың ішінара қарпына келтіруін қамтамасыз ету керек , ол жөндеу жұмыстарын жаңғыртудың капиталдық кірісінде жүзеге асырылады .өнімді өткізуіне қарай амортизациялық аударымдар амортизациялық қорда қорланады . Амортизациялық қорда тағайындау –істен шыққан негізгі капиталдың толық қалпына келтіруыін қамтамасыз етуі.

Негізгі капиталды тұтынуға кіретіндер:

–берілген кезеңде тозу нәтижесінде тұтынылған негізгі капитал құнының бір бөлігі;

–жойылған негізгі капиталы амортизацияланып бітпеген минус құнды металлолом және басқа да материалдардың құндықтары;

–сақтандыруға мүмкін болатын негізгі капиталдың жоғарылауы нәтижесіндегі зиян мөлшері таза сақтандыру төлемдерінің сомасына тең болады .

Негізгі капиталдың кеңейтілген ұдайы өндірісті негізгі капиталдың ұдайы өндірісінің капитал салымы ретінде қамтамасыз ету . капитал салымы–жаңарту үшін , сонымен қатар кеңейтуге , негізгі капиталды техникалық жабдықтармен қайта қамтамасыз етуге арналған шығындар.  

Кеңейтілген ұдайы өндірістің көрсеткіштері :

  1. негізгі капиталдың жаңару және істен шығару сомалары ;
  2. негізгі капиталдың жаңару және істен шығару коэффиценттері,
  3. кеңейтілген ұдайы өндірістің көлемі-негізгі капиталдың абсолютті өсімі ;
  4. күрделі қаржы жұмсалымның көлемі мен құрылымы;
  5. жаңа негізгі капиталдың іске қосылуы ;
  6. кеңейтілген ұдайы өндірістің үлесі =кеңейтілген ұдайы өндірістің көлемі*100/ұдайы өндірістің жылдық көлемі .

Негізгі капиталдың жаңару көрсеткіштері мынаны сипаттайды:

  1. негізгі капиталдың өсу көлемін.
  2. жаңа негізгі капиталдар құру үшін күрделі қаржы жұмсауға бағытталған қаражаттың азаюы.