НАТО және Қазақстан немесе «алыптың» адымы туралы реферат

21 қазанда Прагада НАТО-ға мүше мемлекет басшыларының кезекті бас қосуы өтті. Одан кейін Еуроатлантикалық әріптестік кеңеске (СЕАП) мүше мемлекеттер басшыларының саммиті болды. Оған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты. Бүгінге дейін СЕАП-қа 47 ел қатысып отырса, оның 19-ы НАТО-ның мушесі.

Бір қарағанда НАТО мен Қазақстанды шендестіруге әрі ертерек. Алайда,күні кеше Прагада өткен НАТО-ға мүше мемлекеттер басшыларының басқосуынан кейін алыстағы «алыбын» шығысқа қарай шәнтиіп тұрып тағы бір қадам жасаса, Қазақстан НАТО-ның келесі «адымының» ішіне еніп кету мүмкіндігі байқалып қалды. «Алыптың» адымының астына бұл жолы Литва, Латвия, Эстония және Словения, Словакия, Румыния, Болгария еңбек еткен. Бұл туралы Прагада өткен саммитте НАТО-ның бас хатшысы Дж. Робертсон мәлімдеген. Осы елдер ресми түрде НАТО-ның құрамына 2004 жылы мамырда кірді. Алайда бұл қадам НАТО-ның өрісін кенейткенімен, әлдекімдердің «тынысын» тарылтуы мүнкін. 22 қарашада Буштың Санкт- Петербургке ұшып келіп В.Путинмен «Ресей мен НАТО арасындағы мәселелер төңірегінде» әңгімелесуі ойы құрғынды әр қиырға жетелейді. Ресей саясаткерлері: «Балтық жағалауы елдерінің НАТО құрамына енуі Ресейдің мүддесіне нұқсан келтірмеуі тиіс» дегенге

саятын әңгіменің шетін шығаруы да тегін емес. Бұл

Ресейдің НАТО-ның құшағына құлып түсуге ниеті жоғын байқатса керек. Дегенмен, НАТО-ның алып адымы ертең Кавказды қамтыса, одан әрі Орта Азия таяқ тастам жерде тұр. Жуырда Грузия президенті Э.Шеварнадзенің НАТО құрамына енуге дайын екенің мәлімденуіне қарағанда, келесі қадамның сол тарапқа жасалуы әбден мүмкін. Онда іргеге тұрған Ресей шетқақпай қалуы ықтимал ғой. Осы мәселе әлемдік саясатта әжептеуір орны бар Ресейдің және осының бәрін сыртынан бақылап отырған Қытайдың табанына кірген тікенектей мазасын кетіретін шығар. Дегенмен, АҚШ-тың саясатымен даусы бір ырғақты келетін НАТО-ның бұл қадамы қазірше алыстағы Ресей мен Қытайдан гөрі тұсында тұрған Иракты ойға қалдырып тұр. Өйткені, осы басқосуда АҚШ Президенті НАТО өрісінің кеңеюінің жақсы жақтарына мадақ айта келе: «Сендердің жауларың –біздің де дұшпанымыз. Сендер агрессиямен ешқашанда бетпе-бет қалмайтын боласыңдар» деп қалды. «Агрессия» деп отырғанының нақты адресі бар ма екен? Мүмкін бұлдыр меңзеуді айқындай түсетін бояу – осы басқосуда Буштың НАТО-ға мүше елдердің басшыларын Саддам Хусейнді қарусыздандыру мәселесіне қосылуына шақыруында жатқан болар.

Енді Қазақстан мен НАТО арасындағы мәселеге қайта оралайық.

Әрине , Қазақстан НАТО-ның қанатының  астына кіруге өзеурей  ұмтылып тұрмаса да , екі арада жылы

байланыс орнап  үлгерген.  ҚР  Президенті   Н.Ә.  Назарбаев НАТО-ның бас хатшысы Дж. Робертсонмен Брюссельде және Астанада кездескеннен кейін ықпалдаса шешетін мәселелердің ырғын екені ҚР Сыртқы істер министірлігінің топшылаған ойына тоқталар болсақ, НАТО мен Қазақстан арасында терроризм мен экстремизммен күрес мәселесінде байланыс орнауы мүмкін. Бұл орайда қазақстандықтар өз тарапынан НАТО-ның бағдарламасы негізінде «Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» атты оқу орталығын құруды ұсынған. Оған аймақтық статус берілсе, өзге елдердің де серіктес мүше болуына мүмкіндік бар. Бұдан соң Қазақстанда НАТО-ның «Инвестиция және қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша да бірлесе әрекет етуі жобаланған. Ал НАТО-ның «Ғылым-бейбітшілік үшін» бағдарламасы бойынша Семей, Арал мәселесі және мұнай құбырларының қауіпсіздігі қарастырылады.

НАТО Шығыс Еуропаға қарай қанатын жайды. Келесі қадам бұдан  да  кеңірек болуы ғажап емес. Бірақ ол  Шығысқа не береді? Оны  болашақ көрсетеді.

Саясат сахнасында — НАТО.

Екінші Ирак соғысы басталарда  Американың кесірінен НАТО төңірегінде көптеген жағымсыз әңгімелердің өрбігені баршаға  аян. «НАТО ыдырап бара жатыр», «НАТО-да ауызбіршілік жоқ», «НАТО-ның орнына жаңа одақтар құрылмашықшы» деген әңгімелер сол кездегі баспасөз  беттерінен түспейтін тақырыптар еді.  Жел  тұрмаса  шөптің  басы қимылдамайды демекші, Америка өзімен одақтас елдерді Ирак соғысын қолдауға мәжбүрлемегенде және соғысты жарияламағанда мұндай жағдай болар ма еді? Әлбетте өрбімес еді. Арада өткен 2 жылға жуық уақыттың ішінде НАТО жайлы күдікті ойлар күн тәртібінен түскен жоқ. Алайда 27-28 маусым аралығында НАТО-ға мүше 26 елден одақпен қарым-қатынастағы 20 елдің президенттері, премьер-министрлері, сыртқы істер министірлері және қорғаныс министрлері мен әскер басшылары Түркияның Ыстамбұл қаласында бас қосты. НАТО-ға мүше елдер арасындағы қарым-қатнасты қайта қалпына келтірілген Ыстанбұл саммиті Түркияның НАТО-дағы ықпалын да күшейткенін көрсетті. Жалпы саммитке дайындық барысы , қонақтардың қарсы алынуы, жиналыстың еш кедергісіз жасалуы қонақтар тарапынан өте жоғары бағаланды және жиналыстың басты тақырыбының бірі болған ислам елдеріне демократия орнатуда Туркия үлгі ретінде көрсетілді. Бұл ендігі жерде Туркияның мойнына жүктелер жүктің

ауырлығын көрсетеді.

Соңғы кездері үлкенді-кішілі қандай да бір халықаралық жиналыс болмасын, оның ең өзекті мәселесі – терроризммен күрес екені айтпаса да түсінікті. Әсіресе 11 қыркүйектен кейін. НАТО-ның Ыстамбұл саммитінде де террор басты тақырыптардың бірі болды.Террормен күрес үшін НАТО-ға мүше елдердің қарулы күштерінің қазіргі заманда сай жаңартылу керектігі жөніндегі ортақ шешім қабылдануы тағы да көптеген елдің бюджетінің басым көпшілігінің қаруға кететінін байқатты. Күн өткен сайын террор оқиғаларының көбеюі адам баласын алаңдатып отыр. Террормен күрестің барлық түрінін қолданылатының тілге тиек еткен НАТО лидерлері алдағы уақытта да террор тақырыбының күн тәртібінен түспейтінін аңғартты. Саммитке террорға байланысты ең өзекті мәселердің бірі Қиыр Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде демократияны орнатуға одан әрі күш жұмсау жөніндегі шешім болды.

НАТО-ның саммиті неліктен Ыстамбұлда өтті? НАТО саммитінің Ыстамбұлда өтуі түрлі

Болжамдар жасалуына себеп болып отыр. Біріншіден, АҚШ  Президенті Дж. Буштың саммит кезінде Галатасарай университетінде Түркияның дипломатиялық және зиялы қауым өкілдерімен жүздескенінде сөйлеген сөзінен Түркияның НАТО-дағы рөлі күшейетінін байқауға болады.Буш ЕУРОодақтың Түркияны қабылдау керектігін айта келіп сөзде сөйледі. Сөйлеген сөзімен арт жағындағы фонның астасып, түспе-түс келгені алдын ала ойланып істегенің байқатты.

Екіншіден, Түркияның Қиыр Шығыс, Кавказ, Орта Азия және Солтүстік Африка елдерімен НАТО-дағы мәртебесі бойынша диалогы күшейетін сияқты. Өйткені , Ауғанстандағы НАТО-ның ресми өкілі Түркияның атақты дипломаты Хикмет Четин. Четиннің осы жылдың аяғына таман аяқталатын қызметі тағы да созылатын болды. Ирак  қарулы күштерінің оқыту және даярлану істері де Түркия армиясының мамандарына берілетін сыңайлы. Ислам конференциясындағы Түркияның орнын пайдаланғысы келген НАТО бұл мүмкіншілікті дұрыс пайдаланып, Түркиядағы басқару режимін ислам сөзінде мұны жасырмай ашық айтты.

Үшіншіден, Түркиядағы үкіметтің жасаған реформаларына көңілі толған ЕУРОодаққа елдерінің белсенді басшылары : Т.Блэр,  Ж.Ширак және Г.Шредер Түркияның  ЕУРОодаққа кіруін қолдағандарын мәлімдеді. Бұл үш лидердің айтқан

сөзіне қарағанда Түркияның ЕУРОодаққа кіру жөніндегі  ұсынысы  үстіміздегі жылдың аяғына таман қабылданатын сияқты. Өйткіні, түрік үкметі ЕУРОодақтың сылтауратып айтатын, Кипр, елдегі сөз бостандығы, әскерилердің саясаттағы ықпалы, ұлттық қауіпсіздік соттарындағы әскери сот төрағаларының қызметі сияқты  мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етті. Сонымен бірге  түрмедегі  күрд депутаттары босатылып, елдегі басқа ұлт өкілдеріне өз тілдерінде ақпарат таратуға рұқсат етілді.  Міне, осындай батыл қадамдарға барған түрік үкіметінің бұл ерлігі  ЕУРОодақтың  аузына құм құйғандай болды. Бірақ та қаншама  реформа  жасалса  да сылтаулардың табыла беретіні тағы бар.

Саммитке қатысқан қонақтарды риза еткен Түркия қонақжайлығы және халқының сабырлығымен шын мәнінде де Еуропа мен Азияға көпір болуға әбден лайық екенің көрсетеді.