Н.И. Илминский мен Ы. Алтынсариннің достық қарым – қатынасы туралы реферат

Николай Иванович Ильминский 1822 жылы 21  сәуірде Пенза қаласында дүниеге келді. 1836-42 жылдарда Пензада семинарияда оқыған. Оны бітіргенен кейін 1842 жылы Қазан қаласына келіп, Академияға оқуға түседі. 1846 жылы оны үздік бітірген Николай Иванович осында жаратылыстану түркі- татар тілдері пәндерін жүргізетін мұғалім ретінде қалдырылады. Жұмысқа деген ынтасы мен ғылыми — зерттеу ісіне ас қабілеттілігінің нәтижесінде оған 1847 жылы осы академияның ағаминистірі және бакалавры атағы беріледі.

1851 жылы 26 маусымнан 1854 жылдың 14 маусымға дейін Серияда, Пакистанияда және Египетте болып , Константинополь, Дамаск, Каир сияқты қалалардың үлкен кітапханаларымен оқу орындарының және ғылыми мекемелерінің жұмысымен танысады араб-парсы тілдерін үйренеді. Бұл ғылыми командировкаға Н. И. Ильминскийдің шығысты терең білуіне үлкен көмегін тигізді, бұрыннан татарша білетін ол енді шығыс халықтары мәдениетін этнографиясымен тілдерін тереңірек зерттеуге кіріседі.

1857 жылдан бастап Н. И. Ильминский академияда шығыс тілдерінен лекция оқи бастайды. Сол жылы ғылыми совет оған осы академияны экстроординатор профессоры деген атақ береді. Бірақ көп ұзамай академияны ректорымен сөзге келісе алмай профессорлық қызметін тастап, бір жола кетіп қалады. В.В. Григорьев Ильмининскийге қазақ тілін де үйрену жолын түсіндіріп, ең алдымен Шекара комиссиясы жанындағы қазақ мектебін 1857 жылы бітірген қазақ жігіттері Құлбеков , Қоспақов және Бахтияровты таныстырды. өзі жазған біраз қатынас қағаздарды Н. И. Ильминскийге беріп, аталған қазақ жігіттерінің көмегімен таза қазақ тіліне аударып шығаруды  тапсырды. Сөйтіп, оның қазақ тіліне меңгеруіне жол ашылады да, орыс алфавитін қазақ жазуына пайдалана бастайды. Бұл жаңалық қазақ даласына тез тарады, әр жерде аудармашы болып жүрген қызметкерлер Н.И. Ильминскийге жиі келетін  болды, оның тәжірибесін зер салып үйрене бастады.

1859 жылы Каспий теңізі жағалауын зерттеп картаға түсіруге бас штабтың полковнигі В.Д. Дандевиль бастаған экспедисия жолға шықты. Н.И.Ильминиский осы экспидиссияның құрамына аудармшы ретінде енді. Жол- жөнекей жергілікті қазақ, түркімен сияқты халқатармен кездескенде экспидиссия мүшелері пікір алыса қалса, арада аудармашы Н.И. Ильминиский болды. Ол түркімен тілінде біраз материалдар жинады,экспидисия туралы жазбалай біраз документтер қалдырды.

Н,И Ильминиский қазақ халқының барлық болмысы туралы аса жоғары баға берілді. Қазақтармен етене араласып,оның өзін де, бар ынта ықыласы мен жақсы көрді, шын сүйді». Н.И Ильминиский 1861 жылдың өзінде – былай деп жазды: «Казаки- народ совершенно свежий, не исказившийся закоренелыми предрассудками и фанатизмом, и в тоже время даровитый и симпатичный и потому готовый принять лучщее образование… Народ этот ожидает со стороны русских просвещенного, гуманного воздействия»

Қазақтардың арасындағы оқу ісінің болашағын ескеріп, Н.И. Ильминиский «Орынбор Шекара комиссиясының председателі генерл В.В. Григоривтің арнайы тапсырмасы бойынша барған командировкасынан күзде оралады да қазақ мектептеріне арнап орыс және қазақ тілдерінде оқулық жазуға кірісті. Оқулықтың алғашқы нұсқасын ол Қазан университетінің ғылыми жобаларының 1860 жылғы үшінші, төртінші кітабына, 1861 жылғы бірінші кітабына «Материалы к изучению казакского наречия»— деген атпен енгізді.

Н.И. Ильминиский «Самоучитель русской грамоты для казахов» аталатын оқулық кітабын орыс және қазақ тілінде Қазан қаласынан 1862 жылы шығарды.Қазақшаға Н.И. Ильминискийдің басшылығымен Бахтияров аударма жасады, аударма араб алфавитімен жазылды.

«Самоучитель русской грамоты для казахов» кітабы екі бөлімнен тұрды . Бірінші бөлімінде әріптер, оларды атау, біріктіріп оқудың қарапайым ережелері,оқуға арналған сөздермен қысқа әңгімелер, өмірлік мәні бар шағын мақалалар болды. Олар даустап оқуға арналған, кейін қазақша аударып, оқушылар мазмұнын айту керек.

Сол жылы Н.И.Ильминиский «Самоучительдің 200 данасын аударып оларды кейіін Торғай, Орал обылысы, Бөкей ордасы орыс- қазақ училишелерінде оқулық ретінде пайдалануға берді. 1861 жылы Н.И.Ильминиский Қазаннан «Ер Тарғы эпосын арба әріпі мен қазақ тілінде бастырып шығарды. Н.И.Ильминискийдің «Ер Тарғыны жырын Марабай ақынан жазып алды. Ол асығыс ата қонысына жүріп кетті. Алғашқы ашылған қазақ метептерінде ұзақ жылдар бойы оқулық ретінде кәдеге жарады. Ә.Жиреншин «ЕР Тарғыр» эпосының бірнеше нұсқасы бола тұрсада, ең толық түрі Ильминискийдің атақты Марабай ақынан жазып алып бастырған нұсқасы.

Жоғарыда аталған Қазан унивеситетінің ғылыми жазбаларында 1860-61 жылдарда жарияланған еңбегін 1861 жылы жеке кітапша етіп, «Материали к изучению казахкого наречия» деген атпен қайта бастырып шығарды. Бұл, дәлірек айтсақ қазақ- орыс сөздігі болатын да, қазақ сөздері түгелдей орыс алфавиті мен белгіленді. Сонымен ең алғаш тәжірейбе ретінде орыс графикасын қазақ жазбасында пайдаланған Н.И. Ильминиский болды. Бірсыпыра қазақ сөздерін орыс алфавитімен түсінікті етіп беру мүмкін болмағандықтан ол қосымша онға жуық белгі алған. Мысалы: «ә» таңбасын «а», «е» таңбасын «о» етіп белгілеген. Қысқасы ол орыс графикасы негізінде қазақ сөздерін жазуға арналған тұңғыш өзіндік ерекшелігі бар алфавиттің авторы.

Шығыс халықтарының орыс графикасына көшу мәселесін, 1970-1980 жылдарда әлденешерет ресми талқыланып, әр түрлі шешімдер қабылданды. Әсіресе, Петербург университеті мен Қазан университетінің шығыс танушы ғалымдры бұл мәселеде екі түрлі бағыт ұстанды.Мысалы: Петербург университетінің шығыс тілдері факультетінің мәжілісінде, кезінде Ильминский, Радлов қолданған орыс алфавитінің қосымша енгізген түрі мақұлданбады. Қандай да болсын кітап шығарғанда орыс әліппесінің өзін ешбір өзгеріссіз, қосымшасыз қолдануды ұсынды. Бұл шешімді ресми әкімшілік орындардың қолдауы себепті бұдан кейінгі шыққан кітаптарда, газеттерде, іс – қағаздарында орыс әліппесінің көп өзгермеген түрі қолданылды.

Біз қазақ жазбасына орыс алфавитін қолдану тарихына тоқталған себебіміз- осы прогресивті істі практикада бастаған Н.И. Ильминский болатындығын көрсету.Сонымен Н.И. Ильминский қазақ оқырмандарына арналған оқулықтармен қазақ – орыс сөздігінің авторы , делік мұның бұл еңбектеріне кезінде әр түрлі сындар айтылса да , ұзақ жылдар бойы қазақ мектептерінде оқулық болып қала берді. Оған дәлел «Самоучитель русской грамоты для казахов» атты оқулықтың 1874 жылы Қазаннан екінші рет қайта басылып шығуы. Осы басылымда қысқа әңгімелер қазақ – орыс тілінде қатар берілді, бір еркшелігі мысалдар қазақ халқының тірлік – тұрмысы мен әдет ғұрпынан алынған.

Н.И. Ильминскийдің қазақ мектептеріне арналған бұл оқу құралын оқыған, шығыс халықтары арсында ұзақ жылдар болған орыс интеллигенттерінің көбі қолдап, кезінде жақсы пікірлер білдірген оны А.Е Алектров мақалаларынан көруге болады.Николай Иванович Ильминский 1861 жылдың 6 қыркүйегі күні Қазан университетінің ғылыми советінде жаңадан ашылған түркі – татар тілдері кафедрасына оқытушы болады.

Н. И. Ильминскийдің педагогикалық жұмысы мен творчестовасын терең зерттеген орыстың оқымысты қызы С.В.Чичелина былай деп жазды: «….последствием применения системы Ильминского явилось духовное слияние значительной чести этих инородческих племен с кореннным русским населением, распространение сгреди них русской высшей культурой и знания русского языка. Факт этот засведительствован всеми беспристастными наблюдениями»

Ол христиан қабылдаған «бұратана» халықтардың балаларына арнап 1863 жылы өз қара-жатына мектеп ашып, ор ұлттың оз тілінде оқуына мүмкіндік жасады. Ол аудармашы ретіндегі жұмысын да қоғамдық негізде жүргізді. Н.И. Ильминскийдің оқыту жүйесі жалпы Россия халықтарының оқу-ағарту ісіне ықпал жасады, орыс оқымыстылары оны ғалым ретінде, орыс халқына шын берілгеп ағартушы, ұйымдастырушы, шығыс халықтарының тілі мен табиғатының білгірі ретінде сыйлады, оның ұсыныстары мен пікірлеріне ерекше құлақ асты.

Н. Й. Ильминскийдің ұсынысы бойынша Қазан қаласында оқытушылар даярлайтын семинар ашу туралы мәселе 1872 жылы шешілді де, оның «Ере жесі» сол жылы 27 наурызда қабылданды. Ол осы семинарияның директоры болып 1872 жылдың 19 тамыз күні бекітілді де, «біржола халық ағарту ісі мен халықтар достығын нығайтуға ауысты». Бұл жұмысты Н. И. Ильмииский өмірінің соңғы күндеріне дейін атқарды.

1872 жылдың 26 қазанда Қазанның оқытушылар даярлайтын семинария ашылды. Семинарияның «Ережесінде» бұл оқу орнында барлық ұлт өкілдерінің оқуына болады, олардың діни сенімі есепке алынбайды делінді. Тұңғыш екі кластың орыс қазақ училищелеріне Қазаннан татар мұғалімдерін жіберді, ондағы ойы татар тілі қазақ тіліне әрі жақын, әрі олар жергілікті тілді тез үйренеді деп ойлады. Бұлардың бәрі де оқытушылар семинариясын бітірген, тапсырған жұмысына адал, ынталы, білімді жігіттер болатын. Олар Торғай мектептеріндегі алғашқы мұғалімдер — С. М. Меркурьев, И. Г. Григорьев, С. Д. Данилов, А. А. Мазохин, И. С. Спиридонов, тағы басқалары еді.

Н. И. Ильминскийдің енгізген оқу жүйесін кезінде сынаушылар көп болғанмен, ол жүйе өміршең болды, аз халықтардың көңілінен шықты. 1881 жылы Н. И. Ильминиский Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

Н.И. Ильминскийдің ең соңғы еңбегі «Ыбырай Алтынсарин туралы естеліктер» болды. Өзі аурулығына байланысты естеліктің соңғы беттерін 1891 жылдың 23—29 қазанда семинарияның әзірлік бөлімінің мұғалімі К. К. Кондратаевқа ауызша айтып жаздырды. Бұл тұс Николай Ивановичтің өмірінің соңғы күндерінің бірі және аса ауыр қалде болатын, әсіресе, демалу, мүмкіндігі азайған кезең еді. Н.И.Ильминский 1891 жылдың шілде айында денсаулығының нашарлығына қарамастан Санкт-Петербургке барып қайтты. Бұл оның астанамен, жолдас жора, дос  адамдарымен   қоштасуы   іспетті болды.

1891 жылдың күз айларында ол бір тұрып, бір жатып жүріп міндетті әкімшілік жұмысын атқара берді, қолы қалт етсе жазған ғылыми жұмыстарын реттеді. Енді сауығып кетудің жолы жоқ екенін сезген Н. И. Ильминский Қазан оқу округі басшыларымен келісіп, өзі 29 жыл бойына үзбей атқарып келген оқытушылар семинариясы директорлығын, шәкірті, әрі досы Н. А. Бобровскийге тапсырды.

Асқынған және ұзаққа созылған ауыр науқастың салдарынан Н. И. Ильминский өз үйінде отбасы мүшелері, әріптестері мен шәкірттерінің ортасында «1891 жылы 27 желтоқсан күні ертеңгі сағат 9-дан 15 минут кеткенде тұла бойына біткен сабырлылықты еш бұзбастан дүние салды». 1891 жылдың 30 желтоқсан күні түстен кейінгі сағат үштен 15 минут кеткенде «қадірлі Н. И.Ильминскийдің денесі салынған табыт Куртинск қауымының шіркеу қоңырауы ортталасқан орыстың оң жағынан қазылған лақытқа түсірілді. Жиналған халықтың есебі жоқ.

Н. И. Ильминскийдің өзінен ұрпақ болмады, бірақ ол «отбасында үлгі бола білді, дос-жолдастарының арасынан жетім қалған балаларды өз тәрбиесіне алып оқытты, жетілдірді, адам қатарына қоса білді».

Й. Й. Ильминский қазан халқын оқу-ағарту ісіне зор үлес қосты. Ашылған мектептерде сабақтың ана тілінде жүргізілуін және сол тілде оқулықтардың болуын ұсынды осы мәселелерді шешуге өзі тікелей араласты. Араб алфавитінің орнына орыс графикасын пайдаланып қазақ тілінде оқулық-сөздік жасады, қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикалық құрылысы жөнінде тұңғыш мағлұмат берді.

Бұл ретте оның өзін сынай айтқан мына бір сөзін ескертіп өткен жөн. «Шындықты айтпауға болмайды,— дейді ол,— Алтынсарин менің көп сөзділігіме асқан төзімділік білдіруші еді. Аса сүйкімді жігіт Алтынсарин садтіп менің отбасымның тұрақты да қадірлі қонағы болып сіңісіп кетті». Ыбырайдың орыс тіліп толық меңгеруіне де Н. И. Илминский мен оның отбасының көп ждәрдемі тиеді. Орыс тілін жетік білу үшін, ол талай түндер бойы Ильминскийдің үйінде көркем шығармаларды дауыстап оқып, өзінің қате айтқан сөздерін түзеттіріп отырады.

Бір айта кететін жәй, Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» орыс графикасымен жазылған алғашқы кітап деп XIX ғасырдың соңғы жылдығында ресми жұмыста болған қазақ интеллигенциясы да, оның творчествосын зерттеген советтік ғалым-жазушылар да айтып жүр. Қолда бар архив документтеріне жүгінсек «о баста қазақ жазбасына орыс графикасын енгізу идеясын орыс оқымыстылары берген сияқты. Олар қазақтарды қалайда татар ықпалынан тезірек шығаруда, қазақ тілін шағатай тілі дәстүрінен арылтуда қазақ жазбаларында орыс графикасын қолданудың зор маңызы болуға тиіс деп ойлады»

Н. И. Ильминский өзінің естелігінде,— 1870 жылдан бастап екеуміздің арамызда қазақ тіліне арнап алфавит құрастыру және басқа тілдердегі оқулықтарды қазақ тіліне аудару жолдары туралы пікір алысу мақсатында хат жазысу басталды ақыры ол 1879 жылы орыс алфавиті негізінде «Қазақ хрестоматиясы» аталатын оқулық жазып, бастырып шығарды.

«Самоучительдің» 1861 жылы және 1874 жылы басылып шыққан нұсқаларына Ыбырай Алтыысарин кезінде өзі ұйымдастырып ашқан, сабақ берген мектептерінде кең паыдалаыды және оларды жоғары бағалады!

Ыбырай Алтынсарин Н. И. Ильминскиймен 1860 жылдың май айынан 1876 жылдың сентябрь айының 7-не дейін жүздесіп, кездескен жоқ, бірақ екеуінің арасы суымады. Жиі хат жазысып тұрды, бірін-бірі аңсап сағынатын болды.

Ыбырай жазған әрбір хат жеке бір шығарма десе де артық емес. Өйткені оның мазмұны мен көркемдігінің жоғары екеніне Н. И. Ильминский әдейі көңіл аударған. Ол Ыбырайдан алған хаттарды өз әріптестеріне көрсетіп, оқытып, оның мазмұндылығымен қойып жүрген мәселелерінің ауқымды екенін қошеметтеген?

Алтынсаринді фанатизмге қарсы күресті. Ол ашқан меқтептің басты міндеті — қазақ жастарына ғылымға ұмтылдыру орыс тілін үйрету деп шешті. Ыбырай Алтынсарин барлық жағдайда да Н. И. Ильминскиймен ақылдасып, кеңесіп отырды.

Н. И. Ильминскийдің оқытушылар даярлайтын семинарияны басқаруы, оның Ыбырай Алтынсаринмен достық қарым-қатынаста болуы Торғайдағы оқу орындарының ашылуына ғана емес, оларды оқытушы кадрлармен қамтамасыз етуге де көп септігін тигізгені мәлім.