Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы унитарлық (біртұтас) мемлекет

Басқару нысаны мынадай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:

  • Мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
  • Жоғары және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
  • Жоғарғы мемлекеттік билік пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
  • Жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.

Жоғарыдағы белгілерге байланысты 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан республикасы Конституциясының 2-бабына байланысты «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет».

Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады:

  1. Президентті парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
  2. Үкіметтің парламенттің алдында емес, президенттің алдындағы жауаптылығы;
  3. Парламенттік Республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттілігінің көбірек кеңдігі.

Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, президенттің қолына мемлекет басының және үкімет басшысының өкілеттігін жинап береді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 40-бабы бойынша:

  1. Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
  2. Республиканың Президенті – мемлекеттік билік бірлігінің Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны әрі кепілі.
  3. Республика Президенті – мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

1998 жылғы 7-қазанда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.

Осы заң негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, парламентті биліктің тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын рөлін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, сотты құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. 33-баптың 4-тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады.

49-баптың 2-тармағына өзгертулер енгіліп, Парламенттің сайлану мерзімі 4 жыл болып белгіленді. 50-бапқа 5-тармақ қосылып, Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6 жыл, Мәжіліс  депутаттарының өкілеттік мерзімі – 5 жыл болып белгіленді. 50-баптың 3-тармағы өзгертіліп, мәжіліс депуттарының саны 77-ге дейін көтерілді. 10 депутат партиялық тізімдерге байланысты сайланады.

Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын өткізуге заңды түрде мүмкіндік көзделді. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 пайызынан астамының даусына ие болған кандидат, сайланғандардың есебіне кіретін болды. Сонымен, сайлаушылардың жартысынан көбі қатысса ғана, сайлау өтті деп есептелген кедергі жойылды. Соған сәйкес аралас сайлау жүйесі енгізіліп Мәжіліс депутаттарының көбі мажоритарлық жүйе негізінде, ал басқа бөліктері – пропорционалды жүйе бойынша, партиялық тізімдер арқылы сайланатын болды. Конституцияның 53-бабының 3-тармағындағы депутаттың мерзімі аяқталғанда, оның бұрынғы істеген қызметін беруге не сондай қызметтің берілмейтіндігі туралы норма алынып тасталды. Себебі, ондай норма парламент депутатының мәртебесін төмендетіп, әлеуметтік қорғалуын күшейтуге кедергі болатын. Заңда Президент сайлауының рәсімдері, еліміздің қазіргі дамуына сай демократияландырылып, сайлаушылардың 50-пайызынан астамы дауыс беруге қатынасса ғана, сайлаудың өткізілгені деп белгіленген 41-юаптың 5-тармағындағы кедергілер алынып тасталды. Себебі, дауыс беру, не бермеу жеке адамның еркі субьективті құқығы болып табылады, яғни мұнда сайлауға келгендерлдің пайызы емес, сайланатын адамға деген сенімдеріне шек қойылмай дауыс берілуі.

Конституцияның 41-бабындағы Президент өкілеттілігінің 5 жыл мерзімі 7 жылға ауыстырылды. Презденттіккке кандидаттар үшін жас мөлшерін белгілеу нормасы да алынып тасталды.

Заңда Қазақстандағы сот жүйесіне арналған нормаларға да өзгерістер, толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мынадай Конституциялық заңдармен белгіленді:

  1. «Қазақстан Республикасы Президенті туралы»
  2. «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы»
  3. «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы»
  4. «Республикалық референдум туралы»
  5. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы».

Мемлекет нысандары

Мемлекет нысандары – саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.

Егер «Мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, заңдылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейд, ол аумақтың тұрғындары қалай бірріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

Мемлекет нысанынан көп жағдайда, қоғамдағы саяси өмірдің өзі, мемлекеттік институттардың беріктігі тәуелді.

Құық нысанына – оның құрылымы, әлеуметтік-экономикалық факторлар, сонымен бірге табиғи, климат жағдайы, ұлттық-тарихи және діни ерекшеліктер, қоғамның мәдени деңгейінің дамуы әсер етеді.

Мемлекет нысандарының құрамдары (бөліктері):

  • Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік органдардың құрылуы мен ұйымдасуының тәртібі. Олардың бір-бірімен және тұрғындармен қарым-қатынастары сипатталады.Сонымен бірге, мемлекет нысанының ерекшелігіне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді;
  • Мемлекеттік құрылым нысаны – мемлекеттің аумақтық құрылысын, мемлекет пен оның аумақтық бөліктерінің арасындағы қарым-қатынастары көрсетіледі. Мемлекеттік құрылым нысанының түрлеріне унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттер жатады;
  • Саяси режим – мемлекеттік билікті іске асырудың жолдары мен әдістерінің жүйесін көрсетеді. Осы ерекшеліктеріне байланысты демократиялық, антидемократиялық және саяси режимдерге бөлінеді;

Мемлекеттік басқару нысандары

Мемлекеттік басқару нысандары – мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Жоғарғы мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады.

Мемлекет басшысының жағдайына байланысты монархияға және республикаға бөлінеді.

Монархия – басқару нысаны, өкімет түгелімен не жартылай жалғыз билеушінің қолына шоғырланады – монархтың, патшаның, шахтың, императордың, т.б.

Монархияның белгілеріне:

  • жоғарғы өкімет билігі мұра ретінде беріледі;
  • басқару уақыты шексіз болады;
  • сайлаушылардың еркінен тәуелсіз болады;

Монархияның шектелусіз түрі болады, ондайда халықтың өкілеттік мекемелері болмайды және мемлекеттің егемендігін алып жүруші жалғыз монарх болады. Мысалы, қазіргі кездегі феодализмнің абсолюттік монархиясы – Сауд Аравиясы мен Брунейде сақталған және шектелген монархия, яғни монархтан басқа қосымша мемлекеттің егемендігін алып жүруші басқа мемлекеттік органдар бар, олар өз жағынан монарх билігіне шектеу жүргізу үшін құрылған (Англия, Япония, Испания, т.б.).

Монархия бірнеше жүз жылдарға созылған уақытта, дүние жүзіндегі үстемдік құрған басқару нысаны болды. Арнайы нысанда, ол бүгінде сақталып, дүние жүзіндегі елдердің үшінші болігіне тараған.

Республика – басқару нысаны, мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі саййлаушылардың еркінен, не олардың өкілеттік органдарымен белгіленеді.

Республиканың белгілеріне:

— өкіметтің сайлануы;

— белгілі уақытқа ғана сайлау;

— сайлаушылардың еркіне тәуелділік;

Кім үкіметті құрады, ол кімнің бақылауында және кімге есеп береді, осыған байланысты республикалар президенттік, парламенттік және аралас болып бөлінеді.

Президенттік республикаларда (АҚШ, Боливия, Бразилия, Сирия, т.б.) ол рольді президенттің өзі ғана орындайды, парламенттік респуюликаларда (Германия, Италия, т.б.) – парламент, аралас – президент пен парламент бірге жүргізеді.

Президенттік республикада президент парламенттен тәуелсіз сайланады не сайлаушылар коллегиясымен, не халықпен тікелей және бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал президент – парламентті таратпайды. Дегенмен парламент қабылданатын заңдардың көмегімен президент пен үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, т.б. жағдайларда президентті жұмыстан аластатуы мүмкін. Президенттің өх жағынан заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар.

Парламеттік республикада үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс беру арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына, нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Арнайы түрде мемлекеттің басшысы – Президент не парламентпен, не сайлаушылар коллегиясымен, не халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады. Дегенмен мемлекеттік өкімет органдарының жүйесінде ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі әдетте өкілетті органдар қызметімен тежеледі. Яғни коннституциялық монархиядағы мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі мемлекет басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.

Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік ) республиканың сипатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады – президенттің және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы президент болып есептеледі. Ол үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі бөлінуінен байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдетте министрлер кабинетінің отырысында төрелік етіп, оның шешімін бекітеді.

Парламент үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мүмкіндігі бар, оған қоса үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.

Мемлекет нысаны мен кейпінің арақатынастары

Мемлекет кейпі – біртұтас қоғамдық-экономикалық формацияның мемлекеттеріне тән маңызды белгілердің жиынтығы.

Бір жағынан, әр түрлі кейіптегі мемлекеттер көптеген нысандармен қоршалады, қалыптағы тарихи бір кейіпте, әр түрлі нысандағы мемлекеттер кездеседі. Құл иелену монархиямен сипатталса, республика кейпіне – республикалар сәйкес келеді. Феодалдық кейіпке – монархиялар, буржуазиялық кейіпке – демократиялық республикалар және конституциялық монархиялар, социалистік кейіпке – Париж коммунасы, Кеңес республикасы және халықтық демократия республикалары.

Екінші жағынан, белгілі тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір нысандары тек солардың өзіне тән болады. Мысалы, сословиелік — өкілетті монархия, тек феодалдық мемлекеттің белгілі даму кезеңіне жатады, ал парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық кейіптегі мемлекеттерге тән.

Сонымен, көрсетілген кейіптегі мемлекеттер кез-келген нысандарға ауыса алмайды, себебі, олардың мазмұнына ашық қайшы келеді және экономикалық негізіне сай емес. Мысалы, құл иеленуші мемлекетті шектелген монархия нысанында, не демократиялық республиканы жалпы ұлттық өкілеттілігі бар мекемелермен бірдей ойлауға болмайды.

Нақты мемлекеттің нысаны оның тараихи кейпімен алдын ала белгіленеді. Бірақ ол басқа да факторларға: қоғамның экономикалық дамуының деңгейіне, халықаралық жағдайларға байланысты.

Сондықтан мазмұны мен нысан ретіндегі ара қатынасында белгілеуші рольді, тек мазмұны көрсетеді.

Мемлекеттік құрылым нысандары

Мемлекеттік құрылым нысандары – мемлекет нысанының құрамы, мемлекеттің ішкі құрылысын сипаттайды, саяси және аумақтық бөлудің жолы. Мемлекттің барлық органдарының белгілі қарым-қатынастарын, оны құрайтын органдардың бөліктерімен келісімділігін қамтамасыз етеді.

Осы түсінігімізге байланысты оорталық өкіметтің жергілікті жердегі билікпен арақатынасы анықталады.

Мемлекеттік құрылым нысандары.

  • Унитарлық – қарапайым біртұтас мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліктерінің мемлекеттік тәуелсіздік белгілері жоқ, олардың біртұтас жоғарғы органдары және біртұтас заңдар жүйесі бар. Орталықтанған унитарлық мемлекеттерге Швецияны, Данияны, ал орталықтанбаған унитарлық мемлекеттерге Испания, Франция жатады, ондағы өте үлкен аумақтар кеңейтілген автономиямен пайдаланады, орталықтың рұқсат берген құқықтары негізінде өз мәселелерін еш қандай тәуелсіз шеше алады.
  • Федеративтік – күрделі одақтық мемлекет, бөліктері мемлекеттік тәуелсіздікті, басқа да мемлекеттік белгілерді иемденген. Онда жоғарғы федералдық органдармен қатар федералды заңдардың негізінде субектілердің де жоғарғы мемлекеттік органдары бар. Мысалы Германияда, Индияда, Канадада аумақтық принциппен құрылатын мүмкіндігі бар. Федерациялар орталықпен субъектілердің функциялардың бөлу принцпінің негізінде құрылады, конституциядағы көрсетілгендей және федерация субъектілерінің келісімінсіз өзгертілмейді. Сонымен қатар, субъектілердің кейбір құзіреті тек кейбір органдарының құзіретіне, басқасы – федерация субьектілеріне, үшінші – одақ пен оның мүшелерінің біріккен құзіретіне жатады.
  • Конфедерация – саяси, экономикалық және әскери мақсаттарға жету мақсатында құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияның одақтық органдары құрылуы мүмкін, бірақ олар не үшін біріккендері туралы мәселелерді реттеумен шұғылданады.

Қазіргі кезде қауымдастырылған мемлекеттік бірігудің жаңа нысаны пайда болды, оларды тәуелсіз мемлекеттер достастығы деп атайды. Мысалы, қазіргі әрекеттегі ТМД мемлекеттерін айтуға болады. Ол құрылымның конфедерацияға қарағанда түсініксіз жағдайлары көптеу.

Сонымен бірге, жоғарыда айтылған мемлекеттер нысандары сияқты тарихта басқа да арнайыланған мемлекеттер нысандары болған – империялар, протектораттар және т.б.

Мысалы империя дегеніміздің түсінігіне мемлекеттік құрылымдар жатады, олардың негізгі айырмашылығына – аумағы жағынан кеңдігі, бір орталықтағы мықты өкімет билігі, орталықтың шет аумақтары мен қарым-қатынасы, тұрғындарының әр түрлі этникалық және мәдени құрамы. Мысалы, империялар (Рим, Британия, Ресей) әр түрлі тарихи кезеңдерде пайда болды.

Протекторат – мықты мемлекеттің халі нашарлау мемлекетке көрсеткен формальды көмегі, әдеттегідей, ондай мемлекеттер тәуелсіздігін жоғалтады және жерлері жауланып алынуы мүмкін.

Саяси режим : түсінігі және белгілері

Саяси режим – саси өкіметті іске асыруға арналған құралдардың, жолдардың және әдістердің жиынтығы. Берілген кейіптегі мемлекеттің негізіндегі болатын әр түрлі өзгерістер, ең алдымен оның режимінде көрініп, мемлекеттік құрылым нысанына және мемлекеттік басқару пысанына тікелей ықпал жасайды.

Саяси режим — саяси режимнің (қимылдағы), функционалдық сипаты. «Саяси режим» және «Саяси жүйе» бір-бірімен тығыз байланыстағы категориялар. Егер біріншісі қоғамның саяси өміріндегі қатынасатын комплекстегі институттарды көрсетсе, екіншісі сол билік қалай іске асырылатынын, олар қалай әрекет жасайтынын көрсетеді.

Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің құрылымын алдын-ала ойға елестетуге негіз болды. Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құру туралы шын мәніндегі принциптер талқыланады. Саяси режим — әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген саяси райды сипаттайды.

Саяси режимнің белгілері:

— саяси үкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгкйі және сондай ұйымдасудың жолдары;

— мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының ара қатынасы;

— жеке адамның бостандығының кепілдігі;

— қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;

— халық пен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі;

— ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтықт деңгейі және мемлекеттік аппараттың ашықтығы;

— мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны және ролі;

— заң шығару мен атқару биліктерінің ара қатынастары;

Авторитарлық режим – қоғамның мемлекеттік саяси құрылымы, онда саяси билік халықтың өз қатынасуымен жүргізіледі. Бұл режимнің ең басты сипатыне авторитаризм жатады, яғни билік пен басқару әдісі қоғамдық қатынастың бір түрі ретінде көрінеді (Испания, Франция,Чили).

Авторитарлық саяси режимнің белгілері:

  1. орталықта және жергілікті жерлерде билік біреудің не бірнеше тығыз байланысты органдардың қолына жиналады, бір мезгілде халық шын мәніндегі мемлекеттік биліктен қол үзеді;
  2. заң шығаруға, атқаруға және сот биліктеріне бөлу принциптері мойындалмайды;
  3. өкілетті органдар билігі билігі бар субъектімен тежеледі;
  4. шын мәнінде сот қосымша орган ретінде болады, сотқа қатысы жоқ органдар пайдаланылады;
  5. мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды сайлау, олардың халық алдында есеп буруі, принциптерінің аясы кеміп, тіпті жоққа болады;
  6. мемлекетті басқаруда әкімшілік бұйрық әдістері үстем болады;
  7. жеке цензурасы сақталады, былайша айтқанда «жартылай ашықтық» сақталады;
  8. біртұтас идеологиясы болмайды;
  9. Қоғамдық өмірдің барлық орталары тексерілмейді;
  10. жекелеген көпжақтылық (плюрализм) бар, оппозицияға жол берілмейді, барлық партиялар бастаушы партияның идеологиясына бағынуға міндетті, оған қарсылар таратылып қуылады;
  11. адамның және азаматтың құқығы, бостандығы жарияланғанмен толық түрде іске асырылмайды;
  12. жеке адам билікпен қарым-қатынаста қауіпсіздік кепілдігінен айрылған;
  13. «күштеу» құрылымы шын мәнінде қоғам бақылауында жоқ және тексаяси мақсаттарға ғана паййдаланылады;
  14. көшбасшының ролі өте жоғары, бірақ тоталитарлықтан өзгеше.

Тоталитарлық режим

Тоталитарлық дегеніміз түгел, тұтасымен, толық деген мағынаны береді.

Тоталитарлық режим – пайда болып дамыған елдердің бәрінде өзіне тән ерекшеліктері болған.

Тоталитарлық режим қоғамдық өмірлің барлық саласына бірдей мемлекеттің абсолютті түрде бақылау жасайтындығымен, адамның толық жағдайда саяси билікке және үстем идеологияға бағынуымен сипатталады (таза фашистік кейіптегі мемлекет).

Тоталитарлық саяси режимнің белгілері:

  1. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларына бірдей үстемдік жүргізуге, бәрін қамтитын билікке тырысады;
  2. Қоғам іс жүзінде түгелімен саяси биліктен бөлінген, бірақ оны мойындамайды, себебі саяси сезімділікте икемділігі күмәнсіз;
  3. Экономиканың, ақпарат құралдарының, мәдениеттің, діннің және адамдардың жеке өміріне, тіпті адамдардың қимылдарының сабептеріне дейін мемлекеттік монополиялық бақылауда болады;
  4. Абсолютті құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни «рұқсат етіледі, тек сол нәрсе, егер ол заңмен көрсетілсе» деген принципке негізделген;
  5. Мемлекеттік билік бюрократтық жолмен құрылады, қоғамнан жасырын жолдармен «ореол құпиялықпен» қоршалған, халықтың атынан бақылауға жіберілмейді;
  6. Басқарудың әдісі ретінде күштеу, қинау, террор қолданылады;
  7. Бір партияның үстемдігі – шын мәнінде мемлекеттің кәсіби аппаратын онымен қосып жіберу, оппозициялық жолдағы күштерге тыйым салу;
  8. Адам мен азаматтың құқығы бостандығы, декларативтік және формальды сипатта, оларды іске асырудың кепілі жоқ;
  9. Экономиканың негізіне үлкен меншіктер – общиналық, монополиялық және мемлекеттік меншіктер жатады;
  10. Арнайы бір ғана идеологиясының болуы көпжақтылықты болдырмау;
  11. Мемлекеттік билік бір орталықтан диктатор мен оны қоршауындағылардың қолында болады;
  12. Қоғам жағынан мемлекеттік органдардың репрессивтік әрекетіне бақылаудың болмауы;
  13. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның жоқтығы;
  14. Мемлекеттік билік тек өзінің ғана көзқарасы бойынша, көпшіліктің пікірі есепке алынбай демократиялық тетіктерге, нормалар мен институттарға қарсы жүргізіледі;

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

Тарихи-құқықтық ғылыми ойлардағы азаматтық қоғамның түсінігі

«Азаматтық қоғам» деген атауды Аристотель айтқан. Аристотель мемлекетті азаматтық қоғаммен салыстырмады, бірақ бір-біріне қарсы қоймады, себебі олардың әр түрлі жолдары ескі полистегі қоғамдық өмірде тығыз байланысты болады. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілгендей оның ойынша азаматтық қоғам жетілген демократиялық организм ретінде тек политикамен байланысты, яғни принципиалды жағынан, бұрынғы көне полистер сияқты: мемлекеттік органдардың қызмет мерзімі, биліктің бөлінуі, сөз бостандығы, баспасөз, елінде еркін жүріп-тұруы және сырт жақта да еркіндікте болу, мемлекеттің жекелеген қатынастарға қол сұқпауы, азаматтардың заң алдындағы құқықтарының теңдігі.

Азаматтық қоғамның көне модельге қайтып оралуы жаңа уақытта жүргізіліп, өте үлкен оқымыстылардың зерттейтін пәніне айналды: Гроцидің, Гобс, Дж.Локк, Пейн, Руссо, Гельвеций, Гольбах, Кант, Гегель және басқалар. XVII ғасырда азаматтық қоғам түсінігі әлі саяси қоғам түсінігінен айырылмаған кез болатын, бірақ олар сондағы мемлекеттік формалармен салыстырылмаған, оған куә Локктың сөзі: «Кейбіреулер айтып жүргендей абсолюттік монархия жалғыз ғана дүние жүзіндегі басқару нысаны емес, шын мәнінде азаматтық қоғаммен қосылмайды, сондықтан жалпы алғанда азаматтық қоғамның басқару нысаны болуы мумкін емес». Локк және басқаларда мемлекеттің пайда болуындағы келісім-шарт теориясын қолдаған, себебі ол қоғамдық келісім негізінде пайда болады, азаматтардың мүдделерін көрсетеді.

«Азаматтық қоғамның түсінігі тек индивидтердің жиынтығы және олардың арасындағы қатынастар ғана емес, кеңістік соның ішінде қызмет істейтін қоғамдық институттар»,-деп Гегель дәлелдеген болатын.

Басқару нысаны

Басқару нысанының ұғымы. Басқару нысаны мемлекет нысаны түсінігінің анағұрлым кең мағынадағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол биліктің жоғарғы органдарының жүйесіне, олардың арасындағы құзіретті бөлісу мен өзара әрекеттестік принциптеріне баса назар аударады. Басқару нысаны мемелекетті сипаттайтын басты көрсеткіштердің қатарына жатады. Ол бағыт таңдау мен мемлекеттік саясат басымдылығына және оны жүзеге асырудың тәсілдеріне, биліктің демократиялық дәрежесіне және оның халыққа түсінікті болуына айтарлықтай ықпал етеді.

Басқару нысанын анықтау кезінде мына төмендегі мәселелер ескеріледі:

  • Мемлекетте қандай органдар және лауазымды тұлғалар жоғары билікті бейнелейді;
  • Олар қандай принциптер мен бастамаларда қалыптасады және олардың арасындағы өзара әрекеттестікке тежемелік пен тепе-теңдік механизмі қолданыла ма;
  • Олардың арасындағы мемелекеттік өмірдің негізгі саласын басқару жөніндегі құзірет қалай бөлінеді;
  • Жоғары биліктің төменгі тұрған органдар мен халық үшін ашықтық дәрежесі қандай;

Осы сұрақтардың жауабына қарап басқарудың монархиялық және республикалық нысан екенін айырады.

Монархия басқарудың нысаны ретінде мемлекетте бір адамның – монархтың қолында жоғары биліктің реалды шоғырлануымен және жоғары прерогативтің (шексіз құқықтың) тек кейбір нақтылы тиістілігімен сипатталады. Монархияның ерекшеліктерінің қатарына монархтың таққа көп жағдайда мұрагерлік жолмен немесе туысқандық құқығымен, кейде сайлау жолымен келетіндігі жатады, монархтық міндетті атқарудың белгілі бір мерзімі жоқ, ол өмір бойы атқарылады.

Монархия мемлекеттіліктің дамуының пайда болған кезінен күні бүгінге дейін мемлекетпен бірге келе жатыр. Ол аз болса, алғашқы қауымдық-рулық басқару жүйесінің негізінде құрылған көптеген мемлекеттерде монархияның нысаны болды. Тарихтың келесі кезеңдерінде монархия сақталды, ол өзінің өміршеңдігін, белгілі сбір ішкі қуатын, жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға, әрине көптеген өзгерістерімен, бецімділігін тенытты. Сондықтан да оған қандай да бір түрлерінің бір біріне онша ұқсас еместігін ескере отырып, нақты-тарихи жағынан келу керек.

Ежелгі монархиялар (шығыс деспотиясы, ежелгі рим монархиясы) бір басқа джа, ортағасырлық монархиялар және, ақырында, олардың мүлдем басқаша бүгінгі күннің монархиясы – бір басқа. Тіпті ежелгі рим монархиясының әр кезеңде әр түрлі айырмашылыықтары болды: принципат кезеңіне тән республикалық және монархиялық институттардың үйлесімділігі монархтың шексіз билігі үстемдік құрған кезде, доминат кезеңінде толық жойылды. Ортағасырлық монархиялар үшін абсолютті және шектеулі деп юөлу дәдірек келеді. Абсолютті монархтың ролі басшылық ету болды, көбінесе – шектен тыс, тіпті қалыптан тыс басшылық деуге болады: өзі жүзеге асырған жоғары биліктің шексіз құқығы мен өкілеттігін ешкіммен бөліспей, жеке дара иемденді. Мемлекет өмірінің түбірлі мәселелері срның қарауына жататын еді. Барлыфқ басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар оған сөзсіз бағынды, оның жарлықтарын орындауға міндетті болды. Ортағасырлық шектеулі монархиялар (мысалы, сословиелік-өкілдік) монархтың билігі шексіз емес, белгілі бір органмен (мысалы, сословиелік-өкілдік жиналыспен) шектелетіндігімен ерекшеленеді, оған бұрын монархтың құзіретіне кіретін жекелеген өкілеттіктер ауысқан.

Қазіргі кезеңде басқарудың монрхиялық нысаны кеңінен тараған. Англия, Швеция, Жапония, Бельгия, Нидерланды, Норвегия сынды алдыңғы қатарлы елдер монархиялық мемлекеттер қатарына саналады. Оларда конституциялық монархия жұмыс істейді, ол монархтың билігі шынайы емес, номинальды болып табылатындығымен ерекшеленеді. Монархтың мемлекеттік саясатты жасап, оны жүзеге асыруға, маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауға әсері әлсіз. Монархтың қызметін жауапты дегеннен гөрі құрметті деген лайық. Көбіне олар қажеттіліктен гөрі дәстүрге адалдығын танытуға тырысады. Парламент монархтың пікірін ескере алады, бірақ елемеуге де хақылы. Монархтың алдында емес, парламенттің алдында жауапты болатын үкімет сайлауда сайлаушылардың көпшілік дауысын алған партияның өкілдерінен құрылады, ал оның көсбасшысы үкімет басшысы болады.

Бүгінгі күндері монархиялық басқару нысанын кеңінен пайдалану, басқарудың осы нысанындағы көптеген елдердің демократияны дамытудағы табыстары монархияның пайдалы потенциялы әлі де бар екендігін және ол халықтың белгіл бір тобының қолдауына ие болып келе жатқандығын дәлелдейді.

Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе басқару нысаны ретінде монархияға мына төмендегідей қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық ерекшеліктер тән деп қорытынды жасауға болады:

  • Монарх (король, император, патша, хан, шах) бейнесінде мемлекеттің дара басшысының болуы;
  • Монарх өзінің функциясын мұралық жолмен, туыстық құқығы жолымен, кейде сайлау жолымен алуы мүмкін;
  • Монархтың өз қызметін мерзімсіз, яғни өмір бойы атқаруы;
  • Монархтың ішкі және сыртқы қатынастарда мемлекетті кепілдік (мандат) бойынша емес, өз құқығы бойынша көрсетуі;
  • Монархтың өзінің әрекеті мен қылығына заңмен көзделген жауаптылығының болмауы.

Республика үшін басқару нысаны ретінде мемлекеттегі жоғарғы биліктің заңмен белгіленген мерзім ішінде қызмет ететін бір немесе бірнеше сайлау органдарының қолына шоғырлануы тән. Олар әдетте жоғарғы заң шығару органы және мемлекет басшысы болып табылады.

Республиканың, тұтастай алғанда мемлекеттіліктің өзі сияқты тарихы ұзақ, алайда ол мемлекеттік ұйымдасқан қоғамның алғашқы кезеңдерінде кең тарала алмады, басқарудың басқа нысаны – монархияға жол берілді. Ежелгі Грецияда республикалық мемлекеттіліктің неғұрлым жарқын тәжірибесі Афины мен Спартада жинақталған. Афины республикасы демократиялық болды, оның кейбір институттары демократиялық дәстүрлерді жетілдіру үшін пайдалы болғандықтан дамудың кейінгі кезеңдерінде де қызығушылық туғызды. Спартада аристократиялық республика нығайды. Бағыты бойынша оған Рим аристократиялық республикасы жақын еді. Ортағасыр қала-республикалар (Венеция, Генуя, Флоренция, Новгород) сияқты мемлекеттілік нысанын туғызды. Капитализмге өтуіне байланысты республиканың танымалдығы мен беделі өсіп, ол монархияны ығыстыра бастайды, оның позицияларын бірінен кейін бірі ала бастайды. Біртіндеп алға жылжып, мемлекеттің ең көп тарған нысаны болып алады. Капитализм оның теңдік және бауырластық идеяларымен, халықтық егемендігімен және билікті юөлісуімен, бостандығымен, әділеттігімен республика үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызды, жаңа өмірге талпындырды.

Бүгінгі күні республика өмірді демократияландыру процестеріне мүмкіндік туғызатын құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның принциптерін жүзеге асыруда басты арена болып табылады.

Көріп отырғанымыздай, дамудың ұзақ жолынан өте отырып, республика түрленді, өзгерді, жетілді. Ежелгі грек республикалары ме бүгінгі республиканың арйырмашылық жер мен көктей. Олардың дамуындағы кейбір сабақтастықтың болуы қазіргі республикалар мен бұрынғы республикаларға белгісіз жаңа белгілер мен сипаттарды жоққа шығармайды. Даму процесінде республикаға тән институттар жиі-жиі демократияландыратын немесе либералдандырылатын, кейде консервативті мешеу және тіпті реакциялық сипат алатын. Тарихты әлімештеудің қажеті жоқ.

Қазіргі Республикаларды президенттік және парламенттік деп бөледі. Аталған Республикаларда жоғары билік эшалоны арасындағы күштердің шынайы қатынастары мен құзіретті бөлісуі, олардың өзара қарым-қатынасының ұйымдастыру-құқықтық механизмі әртүрлі.

Парламенттік Республикада жоғары билік органдары жүйесіндегі түйінді орындардың бірін парламент иемденеді, ол заңдар қабылдайды және жалпымемлекеттік мәселелерді шешеді. Ол елдің мемлекеттік бюджетін бекітеді, өзінің алдында жауап беретін үкімет қызметін бақылап отырады. Егер парламент үкіметке сенімсіздік вотумын шығарса, соңғысы отставкаға кетеді. Кейбір елдерде парламент, сондай-ақ мемлекет басшысын сайлайды (Италия, Германия), алайда бұл үнемі бола бермейді – мысалға, Австрияда президент жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде сайланады. Сөйте тұра көпшілік парламенттік Республикаларда мемлекет басшысы құқығының шегі аса кең: оның парламентті таратуға құқығы бар үкімет басшысын тағайындайды, елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болып табылады.

Президенттік республиканың айрықша ерекшелігі – мемлекет басшысының өте күшті билігі болып табылады. Мұнда президенттік парламенттен тек премьер-министрді (кейде үкіметтің басқа да кейбір маңызды мүшелерін) тағайындауға келісімін ала отырып үкіметті тағайындайды. Сондықтан үкіметтің парламент алдындағы бақылауға алынуы мен есеп берушілігі босаңдау, ал мемлекет басшысы алдында парламенттік республикаға қарағанда әлдеқайда күшті. Оның үстіне президенттікреспублика үшін мемлекет басшысының функциясын үкімет басшысының функциясын үкімет басшысының функциясымен толық қосып жіберу (АҚШ), немесе мемлекет басшысының үкіметтің қалыптасу және қызмет істеу процесіне шешуші ықпалы (Франция, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Өзбекстан) тән. Соның арқасында атқарушы биліктің маңызы арта түседі. Мұның заң және сот биліктерінің қызметіне зияны тимес үшін конституцияда биліктің барлық тармақтарының іс-әрекетінің келісіп істелуін және балансын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тежемелік және тепе-теңдік жүйесі көзделген. Президенттік республикада мемлекет басшысын әдетте халық тура немесе жанама(сайлаушылар алқасы) сайлаулар жолымен сайлайды. Жоғарыда аталған өкілеттіктерден басқа мемлекет басшысының сондай-ақ парламентті мерзімінен бұрын тарату құқығы, мемлекетте маңызды лауазымды тұлғаларды тағайындау, кешірім жасау құқығы, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы өкілеттігі және т.б. құқықтары бар. Үкіметті құру кезінде мемлекет басшысы парламенттік республикалар үшін міндетті болып саналатын, оған тек парламентте басым болған партия өкілдері ғана кіретін ережелерді сақтамайды.

Осылайша республиканың қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық ерекшеліктерімен мына төмендегі жағдайлар басқару нысаны болып табылады:

  • Мемлекеттің жоғарғы органдарының сайланатындығы;
  • Бұл органдардың қызметінің дәл мезгілдік параметрлермен (мерзіммен) шектелуі;
  • Мемлекет басшысының кейбір әрекеттеріне жауапкершілік белгілеу;
  • Мемлекеттің жоғарғы органдарындағы билікті жеке құқығы бойынша емес, халықтың тапсыруы бойынша жүзеге асыру;
  • Азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар алдындағы екі жақтан жауапкершілік.

Мемлекеттік құрылыс нысаны

Мемлекет құрылыс нысанын қарауға кірісе отырып, ең алдымен оның мемлекет нысанының тағы бір компоненті (жоғарыда айтылған басқару нысанынан, сондай-ақ мемлекеттік-саяси режимнен басқа) болып табылатындығын айта кетейік. Осы ұғымды пайдаға асырудың мәнісі, ол мемлекеттің ішкі құрылымын, ондағы ұлттық-мемлекеттік, аумақтық-мемлекеттік құрылулар мен әкімшілік-аумақтық бірліктің болуы тұрғысынан ашатындығында болып отыр, орталық мемлекеттік билік пен жаңа ғана аталып өткен мемлекеттің барлық құрамдас бөліктерініңбиліктері арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді. Мемлекеттік құрылыс нысанының маңызы аса зор: оны қарамайынша орталықпен жергілікті органдардың қарым-қатынастар проблемасының шешілуінің демократиялық дәрежесі мен мемлекеттегі орнын обьективті бағалау, аймақтық саясаттың ықпалдылығы мен тиімділігін анықтау, ал көп ұлтты мемлекеттерде — әрбір ұлттың жағдайы мен мәртебесін анықтау, ұлтаралық қарым-қатынасты сипаттау қиынға соғады.

Егер бастапқы критерий етіп мемлекеттік құрылыс нысанын алатын болсақ, онда барлық мемлекеттер унитарлық және федеративтік болып бөлінген болар еді. Олардың нақтылы құрылымдарына, мемлекеттік жүйенің түрлі қабаттарының арасындағы күзеттерінің бөлінуіне, билікті жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық институттарға, сондай-ақ халықты басқару ісіне тартудың нысандары мен әдістеріне келер болсақ, олардың арасындағы айырмашылық айтарлықтай.

Унитарлық (unitas – бірлік, біртұтас деген латын сөзінен шыққан) мемлекет бұл біртұтас, өзінің құрамында автономды-мемлекеттік құрылымдар жоқ әкімшілік-аумақтық бөліністерден тұратын мемлекеттер. Осыған қарай жоғарғы билік органдары, басқару және сот бүкіл ел үшін біртұтас болып табылады. Бұл бүкіл елге қызмет көрсететін және жалпы мемлекеттік органдармен басқарылатын армияға да қатысты. Унитарлық мемлекетте бір конституция, бір құқықтық жүйе, бір азаматтылық болады. Әкімшілік-аумақтық бөліністердің өкілдік, атқару және сот органдары унитарлық мемлекеттің жоғарғы органдарына бағынады.