Матриархат

Бұл өтпелі дәуір салттарының ерекше комплексі матрилокальдылық патрилокальдылықпен ауысқанда, әдетте біраз уақыт әлі де, туыстықты ана жағынан есептеумен байланысты болды. Бұл кезде әйел ерінің, семьясы мен руына келіп ірге тепкенде, оның балалары сол руға жатпайтын және белгілі жас мөлшеріне жеткенде шешесінің семьясы мен руына қайтып оралатын. Мұнда олардың ең жақын нақтылы туысы анасының бауыры болатын, оның баласы осындай тәртіп бойынша өзінің анасының аға-інісіне барады. «Жиені нағашы ағасының үйінде тұрады. Соның шаруашылығында жұмыс істейді, оның өсиет ұстаздығына құлақ асады. Семья, немесе ең жоқ дегенде, оның қабілетті бөлігі соншама туғандары мен олардың балаларынан емес, нағашы ағалары мен олардың жиендерінен тұратын еді. Бүкіл осы тәртіп, сондай-ақ оның осы қалпында ұзаққа сақталып келген сарқыншақтары (көбіне жиендер мен оның нағашы ағасының арасындағы ерекше жақындық туралы ұғым) авункулат деген атқа ие болды. Кейбір совет этнографтары балаларды өз семьясында емес бөгде семьяда тәрбиелеуді бұйыратын кавказдық келттердің, славяндардың және басқа халықтардың белгілі аталықтың салтын авункулаттың түрі өзгерген реликті, деп санайды.

Өз шаруашылығын жүргізетін жеке семьялардың пайда болуы рулық меншіктен жекеленіп бөлінген, оқшауланған семьялық меншіктің пайда болуымен қосарланды. Бұл меншіктікті ер адам өз балаларына беруге тырысты. Бірақ руды аналық жақтан санау мен мұралану мұндай мүмкіндікті жоққа шығарды, ал авункулат жағдайларында дамыған ымырашылдық салт — нағашы ағалардан жиендердің мұралануы — авункулаттың бүкіл жүйесі сияқты жеке семьяның тұтас болуына жол ашпады. Қарама-қайшылық туыстықты ана жағынан санап, мұраланудан әке жағына, ана бағытынан әке бағытына кешумен аяқталатын ескі тәртіптерді түбірінен өзгерту жолымен ғана шешіле алатын.    Патрилокальдыққа қарай көшу сияқты бұл да өзгеше формалар тудырған ұзақ процесс болды. Туыстық пен мұраланудың осындай қосарлық есебі, немесе билинейлық адамның аналық руға да, аталық руға да тиісті болып есептелуі, әрі осыған сәйкес екі руда да мұрагерлікке үміткерлік туғызды. Көптеген тайпаларда (меланезийліктер, Оңтүстік Африканың гереро, Сахараның туареттері және басқаларда) туысқандардан ” мураланған меншік, ана жағы бойынша ауыстырылып берілетін болған, өз басының еңбегімен табылғандар әкеден балаға ауыстырылып берілетін салттар кеңінен тараған. Дегенмен мұраларды бөлісу өлген адамның балалары мен жиендері арасындағы соқтығыстармен қосарланып отырды, әрі, әдетте, мүлікті өз балаларына көбірек беріп кетуге әкесі өзінің тірі кезінде-ақ түрлі тәсілдерді қолданып, тырысып бақты. Ескі тәртіп жаңаға қатты қарсылық көрсетті, бірақ қоғамның экономикалық ұясы ретінде жеке семьяның нығая түсуіне қарай туыстық пен мұралануды ана жағынан санауды әке жағынан санау бірте-бірте ығыстырды.

Матриархаттың патриархатқа айналуы, Энгельстің сөзімен айтқанда, адамзат басынан өткерген ең радикалды революциялардың бірі болды. Табиғи түрде мінез-құлқы мен санасында дәстүр күші ерекше көрініп отырған алғашқы тұрмыстың адамға, бұл айналу онша оңайға түсе қойған жоқ.

Ата-бабалардың өсиеттерінен таюды ақтау үшін ол дәстүр шеңберінде, оны өзінің бұзуына көмектескен мың сан алуан амал-айлалар мен қулық-сұмдықтарға бой ұруға тиіс болды. Мүмкін, бүкіл өзінің дүдәмал қисынсыздығын жаңа негіздердің салтанат құруын жеңілдете алатын кейбір салттар, өзінің төркінін нақ осыдан алатын шығар. Ескі және Жаңа Дүние халықтарының тарихи өткен шағындағы «кувада»—бала туу актын ер адамның симуляциялауының кеңінен таралу салты осыдан. Амазония үндістеріндегі куваданың айқын сипаттамасын XIX ғасырдың бірінші жартысындағы саяхатшы д’Орбиньи қалдырды: «Іле-Шала туу аяқталғаннан кейін ана мен баланы суға шомылдырады және келесі күні-ақ үндіс әйелі жұмысқа аттанады… Егер туғаннан кейін әйелдің денсаулығы жақсы болып шықса, оның күйеуі ауыру іспеттенеді. Салт оның өз гамагында жатуын, ыңқылдауын, біздің европалық аналардай қалжалануын әбден сақтауын талап етеді. Оның төңірегінде айналсоқтап, көршілері оны аман-есен босануымен құттықтап, оның тезірек аяғын басуын көруге тілек білдіріп келіп кетеді. Ол мұны тиісінше қабылдайды және шынында да толғақтың бүкіл азабын тартқандай бәрін құлақ қойып тыңдайды». Бахофен заманынан бері зерттеушілердің көпшілігі, куваданы топтық некеден қосақтық некеге көшуге саятын екінші түсініктеме (В.К.Никольский) ұсынылғанына қарамастан, кувада салтын ер адамдардың өзінің әкелік праволарын мойындап туыстық әкелік есебін орнату жолындағы күресі ретінде түсіндіреді. Кейбір этнографтар, бірқатар үндіс және сибирь тайпаларында болып келген және мәні ер адам өз жынысынан бас тартып, әйел киім-кешегін киюінде және әйел міндеттерін орындап, кейде зайыптық күйге дейін түсуінде болған «Жыныс алмастыру» салтын да матриархаттан патриархатқа өтудің көрініс беруі («травестизм») деп санайды.

Бірақ патриархаттың болуы тек дәстүр шеңберінде ғана жүре алмады: ерте ме, кеш пе, бұл неғұрлым тура да қатал форманы қабылдауға тиіс болды. Жоғарыда айтылғандай, ертедегі рулық қауымның өзінде-ақ жыныстардың белгілі бір оқшаулануы, соның ішінде олардың тұрақтардағы өз ара оқшаулануы туады. Дамыған рулық қауымдардың отырықшы поселкелерінде тамақ ішетін, ұйықтайтын, инициация дәмін тататын, рудың үйленбеген жастары жұмыс істейтін, ер адамдардың арнаулы үйлері болған. Бұдан да гөрі кейініректе матриархатқа қарсы күрестің барысында ер адамдардың үйлері осылардың негізінде ер адамдардың немесе құпиялық одағы дейтін ұйымдық орталықтарына айналды.

Ер адамдар одақтары Меланезия мен Батыс Африка тайпаларында жақсы сақталған, Микронезия мен Америка тайпаларында белгілі, Азия мен Европаның бірқатар көне және осы заманғы халықтардың сарқыншақтарынан қадағалауға болады. Бұл олардан матриархаттан патриархатқа өту дәуірінің жан-жақтың дерлік таралған қоғамдық институтын көруге мүмкіндік береді. Одақтың өз басшысы, өзінің жиыны мен той-томалағы, жыр жырланып, би биленіп қосарланатын өздерінің рух — билеп-төстеушілері мен діни рәсімдері, кейде тіпті өзінің ерекше «тілі» де болды. Мұның бәрі әйелдерден және бейхабарлардан құпия ұсталды, бірақ құпия, әрине, салыстырмалы түрде ғана болатын, өйткені одақ қадам басқан сайын өзін көрсетіп, тіпті аналық-рулық құрылыстың тірегін бүлдіруге бағытталған өзінің қызметін баса көрсеткен. Осы дәуірде, әдетте жас жігіттің инициациясының салтымен дөп келіп отырған одаққа кірудің таралған салты аналық ру мүшесінің «өлуі» мен әкелік ру мүшесі «тірілуінің» символикалық маңызы болды. Ер адамдар одақтарының әдіспен Меланезияда Дук-дук пен Ингиет одақтарының мүшелері, оларға аруақ бет пердесін киіп шабуыл жасап, зорлық-зомбылық көрсетіп, тіпті өлтіріп жіберіп, әйелдер мен бейхабарларды ығы-жығы етті. Сонымен, ер адамдар одағы олардан өз меншігін қорғап, күзетті, олардың ықпалды жағдайын қамтамасыз етті. Шынына келгенде, бұл аналық рудың праволарының берекесін кетірген және оның бүлінуіне жол салған рудан тыс ұйымдар болды.

Кей жерлерде ер адамдар одақтарына қарама-қарсы оларға азды-көпті ұқсас келетін әйелдер одақтары құрылды. Алайда, олар дәуірдің экономикалық тенденциясына қарсы тұра алмады да, әдетте қандай да болсын елейтіндей қоғамдық ықпалға ие бола алмады.

Матриархаттың орнына келген патриархат күрделі де қарама-қайшы қоғамдық форма болды. Сырттай, ол көп жағынан рулық құрылысты еске түсірді, іс жүзіне келгенде оның ыдырау формасы болды. Бұл, ең алдымен, патриархалдың руға әуел бастан-ақ өзінің өмір сүру фактісінің жалғыз өзімен рулық қоғамның негізін бүлдірген, экономикалық жағынан дербес семьялар қарсы тұрғандығынан көрінді. Мұндай семьяның алғашқы формасы, сондай-ақ үлкен семья, семьялық, үлкен семьялық немесе үй-жайлық қауым деп аталған патриархалдық семья болды. Бұл әке тарапынан ең жақын туыстардың бірнеше, әдетте үш-төрт ұрпақтарынан—олардың балаларын, немерелері мен шөберелерін және семьяның барлық ересек ер адамдар мен әйелдерді қоса алғанда бір немесе бірнеше бауырлардан тұратын. Сондай-ақ семья құрамына құлдар да кіретін. Патриархалдық семьяға 200, тіпті 300-ден адам кірген жағдайлар мәлім. Семья мүшелері жерді, мал мен басқа да өндіріс құрал-жабдықтарын ынтымақтасып биледі, шаруашылықты бірігіп жүргізді және жалпы қордан тамақтанып, киім киіп, ендіргендерін ынтымақтаса отырып тұтынды. Семьяны «ақсақал», ал әйел белігін «бәйбіше», әдетте ақсақалдың әйелі басқарды. Көбіне олар шынында да жас жағынан үлкен болды, бірақ олардың қаусауы немесе жарамсыздығы жағдайларында семья басқа біреуін сайлай алатын еді. “Ақсаңал” мен «бәйбіше» семьяның жеке мүшелері арасында шаруашылық жұмыстарын бөлді және бұлардың орындалуына басшылық етті, қорлардың жұмсалуына әмір етті, тәртіп пен адамгершілік жағын бақылап қадағалады, семьялық жеке бір кісіге табынуды басқарып мадақтады. Семьяның аса маңызды істері, мәселен, мүліктерді аулақтату немесе сатып алу, әйел алу немесе күйеуге беру барлық ересек ер адамдар мен әйелдерден тұратын жалпы советте шешілді.Сонымен бұл рудан оқшауланғанымен, одан өзінің құрамы мен сапалық айырмашылығы бар, бірақ өз ішінде әлі де алғашқы түрмыстық қауымдық коллективизмді сақтаған ұя болды. Бұл дәуірдің экономикалық жағдайларымен: басталған, бірақ өздерінің экономикалық мүмкіндіктерінде әлі тежеулі еңбек парцеллизациясымен анықталатын. Осы сияқты патриархалдық семьялар этнографиялық та, тарихи материалда да жақсы мәлім. Мәселен, Полинезияда таяудағы уақытқа дейін 30—50 адамнан тұратын, көршілес орналасқан бір немесе бірнеше үйлерден құралған үлкен семьялар (фале, пайто және басқалар) болып келді. Фаленің өз жер учаскесі, қайықтары болды, ортақ шаруашылық жүргізді және өз еңбегінің өнімдерін бірігіп тұтынды. Фалеге ер адам ағалық басшылық етті, алайда, бұл семья советінің пікірімен есептесуге тиіс болды. Маңдай алды, әдебиетте сан рет сипатталып жазылған үлкен

семьяның үлгісі оңтүстік славян задругасы болды. Үлкен семьялар, көшпелі малшыларды да, мысалы, оңтүстік африкалық бантуда, герерода, готтентоттарда белгілі болды.

Өсіп ұлғая келіп, патриархалдык семья жақын туысқандығымен байланысты басқа патриархалдық семьяларға болінді, әдетте, олар жеке поселке немесе елдім екен жеке кварталын құрап, көршілес болып тұра берді, әрі жерді бірігіп билеуді, мәселен, шабындыңтарды немесе семья араларында оқтын-оқтын бөлісіп отыратын жыртатын жерді сақтады. Олар шаруашылық жағынан өз ара көмегімен, қоғамдық ынтымағымен, ортақ ата-бабаларының атына саятын ерекше атауымен бірігетін, совет этнографы М.О.Косвен тұңғыш жақсы зерттеген мұндай топтар патронимия деген ат алды.

Өзінің тегін бір атадан бастайтын патриархалдық семьялар мен патронимияның барлық мүшелері патриархалдық ру құрады. Бұған да ішкі ортақтықтың белгілі бір сипаттары тән болды. Руға патронимиялар мен семьялар арасында қайта бөлінетін немесе бөлініп қойылған жерге жоғары меншіктік тиісті болатын, тура мұрагері жоқ болып қалған жағдайда мал-мүлікті туысқандары мұраланды, басымырақ сатып алу правосына преэмпцияға т. б. ие болды.

Әдетте, ру экзогендік болып қала берді, бірақ бірқатар халықтарда (бантудың бір болігі, арабтар, мадагаскардың мальгаштары) патриархатқа көшу экзогамияны бұзды, ал патриархалдық семья мен патронимия ішінде мүліктерді сақтап қалуға тырысу тіпті кері тәртіпті — әке жағынан немере және шөбере бауырлар мен қарындастар арасында некелесу түріндегі рулық эндогамияны тудырды (ортокузендік некелер дейтіндерді). Қоғамдық жағынан ру мүшелері өзара көмек көрсету, өз ара жауапкершілік және қорғау міндеттілігімен, идеологиялық жағынан — ата-баба ру басыларына, ендігі – жерде тотемикалық емес, антропоморфтық ортақ жеке адамға табынумен, жалпы діни рәсімдерімен, той-томалақтарымен т.б. байланысты еді.

Бірақ бүтіндей алғанда патриархалдық ру ішіндегі байланыстар экономикалық сипаттан гөрі тезірек қоғамдық та идеологиялық сипатта болды. Я, олар да тез айырылысты, өйткені матриархаттан патриархатқа өту процесінде ру көптеген жағдайларда қандай да болсын территориялық тұтастығымен айырылып қалатын еді. Матрилокальды некенің патрилокальды және туыстықты ана жағынан есептеуден әкелікке ауысуы, өр елді-мекен бытырап жатқан, осында нақ осындай басқа топтармен араластырған туыстардың жекелеген топтарына рудың түпкілікті бөлінуіне әкеп соқты. Барлық жерде алғашқы тұрмыстфқ қауымдық құрылыстың ыдырауы созылыңқы сипатқа ие болмаған әр жерде қоғамдық ұя ретінде патриархалдық рудың функциясы, бір жағынан патриархалдық семьяға, екінші жағынан территориялық қауымға біршама тез өтіп кетті. Патриархаттың орнауы әйелдердің семьялық және қоғамдық жағдайының бірте-бірте нашарлауымен ңосарланды. Бұған атап айтқанда, сатып алу некесінің дамуы мүмкіндік жасады. Егерде өуелгі некелік алым біраз дәрежеде, әлі де болса қалыңдықтың туған-туыстарына берілетін дәстүрлі сыйлықтарды еске салса, енді бұдан арғы жерде алым көлемі артты да әйелге кәдуілгі сату-сатып алу заты ретінде қарай бастады. Бой жеткен қыз, өэінің аға туыстарына күйеуге шыққан әйел өзін сатып алған семьяға: өз еріне, “ақсақалға”, «бәйбішеге» сөзсіз бағынуға тиіс болды. Егер әйел төркін-жұртына қайтып оралғысы келсе, оның туыстары алымды қайтып беруге тиісті болды; сондықтан да айырылысу айел үшін іс жүзінде мүмкін болмады. Тіпті күйеуі өлгеннен кейін де ол сатып алған семьяда қала берді. Леврит салты орнықты, бұл салт бойынша, жесір әйел өлген адамның туыстарының біріне күйеуге шығуға тиіс болды. Әйелдердің мүліктік және мұрагерлік праволарының қымтырылуы, көптеген халықтарда оның меншігінің жалғыз қалыңдық мүлкіне ғана келіп тірелуіне әкеп соқты: айырылысу жағдайында әкеден қалған өзінің балаларына деген оның праволары да шектелді. Мұралық етудің патриархалдық тәртібі әкелік фактінің даусыздығын талап ете отырып, некелік моральдің жаңа ережелерін тудырды. Әйелдің зайыптық опасыздығы төркініне жіберіліп, мүшесін зақымдап, тіпті өлтіріліп, жазаланды, керісінше ер адам бұрынғысынша жыныстық бостандықтың қалдықтарымен пайдалана берді. Ауқатты адамдар қосалқы әйелдерді алды, кей жерлерде некенің жанама түрі ретінде көп әйелділік туды. Мұның бәрі әйелдердің тұрмыс жағдайына әсерін тигізбей қала алмады, әйелдерге ер адамдардан кейін тамақ ішуді, оларға жол беруді т. б. таңған бірқатар арнайы патриархалдық салттар пайда болды. (Семьялық сферадан кейін әйелдің тең правосыздығы қоғамдық өмір мен идеология саласына тарады. Әйелдер азды көпті дәрежеде қауымдық жиындарға, сот істеріне, діни табыну істеріне қатынасудан шеттетілді; көптеген патриархалдық рулар, әйелге лас тіршілік иесі ретінде қарады, ол өзінің қатысуымен ғана, әсіресе өзіне тән әйелдік белгілер-менструация, бала туу кезінде төңірегіндегілерді қорлайтын тәрізді еді. Мәселен, Гольдтарда әйелдерге аңшылықта, балық аулауда кәсіпшілік қаруларын аттауға, менструация кезінде аңшыларға жақын келуге және нарттарды үюге, үйде босануға т. б. тыйым салынған.

Энгельс, патриархаттың орнауын әйел жынысының бүкіл дүние жүзілік тарихи жеңілісі ретінде сипаттап берді. Ер адамдар билеу кеспегін тартып алды, ал «әйел өзінің қадірменді жағдайынан айырылды, кіріптарлыққа түсті, оның тілек-талаптарының құлына, бала туудың жай қаруына айналды».

Кейінгі матриархат

Жоғарыда айтылғандай, алғашқы тұрмыстың қоғамныц ыдырауы матриархалдық рудың патриархалдыққа айналуы түрінде дайым өте бермеді. Совет этнографтары (А. М. Золотарев, С. П. Толстов) алғашқы тұрмыстың қоғам ыдыраған аналық ру жағдайларында тікелей таптық қоғамға жиі ұласып отырғанын анықтады. Дамудың бұл варианты, кейінгі матриархат патриархатқа қарағанда әзірге нашар зерттеліп, бірақ қазірдің өзінде-ақ бірқатар этнографиялық қоғамдарда даусыз тіркеліп отыр. Мәселен, Суматраның микронезийліктері, малайлықтар — минангкабауы, таулық Ассамның гаро мен кхастары, ашантилер, дагомейліктер және тропикалық Африканың кейбір басқа, халықтары осындай. Бұл халықтардың барлығында азды-көпті едәуір әлеуметтік жіктелу жағдайларында жеке меншіктілік, таптар мен мемлекет, мұнда аналық рудың әкелік руға алдын ала айналуынсыз-ақ пісіп жетілгенін көрсететін матриархаттықтың аса кушті ңалдықтары сақталған.

Микронезийліктер отарлау кезеңіне қарай және оның бас кезінде бір аралдарда көбіне кетпендік егіншілікпен, екіншілерінде көбіне балық аулаумен шұғылданған; олардың бірден-бір үй жануары тауық болған. Аралдардың жұпыны табиғаты қолөнерін, негізінен алғанда, тас пен қауашықты, ағаш пен өсімдік талшығын өңдеумен шектелді. Мұның есесіне жеткілікті дамыған айырбас болды. Бүтіндей алғанда аралды мекендеушілер алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстан таптық құрылысқа көшу шегінде тұрды: олар жеке меншіктікті, қоғамдық теңсіздікті, мұрагерлік аристократияның өкіметін, кей жерлерде құлдықты білді. Бірақ сонымен бірге бұларда әлі де болса аналық-рулық ұйым да жойылмады. Мәселен, Шығыс Микронезия аралдәрын мекендеушілер делокализацияланған аналық бағыт рулары мен аналық үй-жайлық қауымдарға бөлінді. Соңғылары матрилокальдық немесе дислокальдық некеге негізделді және аға ер адам мен бәйбіше әйелдің басшылығымен жалпы шаруашылықты жүргізген 30—40 адамнан тұрды. Мұрагерлік тәртібі қатал аналық жақтан болды, Әйелдер некеден тыс байланыс жасау бостандығына дейін тең праволылық пен тәуелсіздігін сақтады: айырылысқан жағдайда балалар әрқашан да анасымен қалды.

Минангкабу, ең болмаған күнде біздің эрамыздың алғашқы ғасырларынан, негізінен алғанда, күріш, кокостік пальма, және әр түрлі огородтық дақылдар өсіріп ирригациялық егіншілікпен шұғылданды.Егіншілік кетпендік болатын, бірақ кей жерлерде ағаш плуг те қолданылды. Шаруашылықта мүйізді ірі қара мен жылқы өсіру, сондай-ақ балық аулау мен аңшылық қосалқы роль атқарды. Қолөнершілік қызмет, атап айтқанда, мыс пен асыл-құнды металдарды өңдеу, қыш ісі мен тоқымашылық жоғары дамуға жетті; елдің түрлі аудандары арасында, сондай-ақ Индонезияның басқа аралдарымен де қызу айырбас жүргізілді. XII ғасырдың өзінде-ақ минангкабу ерте таптық князьдігі қалыптасты, бірақ сонымен бірге мұнда XX ғасырдың басына шейін кейінгі матриархалдық құрылыстың негізгі сипаттарын қайта құруға мүмкіндік беретін, толып жатқан рулық қалдықтар сақтала берді. Бүкіл минангкабу екі фратрияға («ларас») және төрт руға («суку») бөлінді, бұлар ең таяу туыстық бес ұрпаққа дейін саналатын, неғұрлым ұсақ рулық топтарға («кампуэнг») және үй-жайлық қауымдарға («сабуа паруи» — дәл мағынасында — бір жатырдан шыңқан) бөлінді. Ру мүшелері экзогамия және қан қосу нормаларымен байланысты болды, бірақ енді түрлі көршілес қауымдарда («нагари») делокализацияланған шаруашылық бірлігін жоғалтқан еді. Жерге меншіктілік сабу паруиға, жоғары меншіктілік — нагариге тиісті болатын. Шаруашылықты сабуа паруи, немесе соңғылар өсіп ұлғайғанда, жалпы бір үйде тұрған олардың ірі бөлімшелері жүргізді. Минангкабудың барлық сарқыншақ рулық ұйымы қатаң ана тарапынан болды: туыстық есеп, ортақ ру басы, әйелден және тек әйел тарапынан ғана жүргізілді, мүлік ана тарапынан туыстарға берілді. Неке матрилокальды немесе дислокальды болып қала берді, үй-жай қауымы өз балаларымен және бауырларымен әйелдерден құралды, демек бүтіндей аналық қауым болды. Әйелдер семья мен қоғамда ықпалды пайдалана берді. Үлкен семьялы қауымның советінде әйелдер ең үлкені белсенді роль атқарды («индуа» — ана), ал оның ағасы қауымның ресми басшысы болып саналды.