Материалдық құндылықтар, оларды жіктеу және бағалау

Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар өндірістік болсалқы  қорлар, еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы, еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін материалдық негізін құрай отырып, оның өзіндік құнына кіреді.

Тауарлы-материалдық босалқылар келесі активтер түрінде болады: өндірісте пайдаланылуға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын,  ыдыс және ыдыстық  материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған  дайын өнім, тауарлар.

Материалдық құндылықтарды есепке алу үшін мына төмендегі негізгі міндеттемелердің орындалуы шарт: босалқылардың кіріске уақытында және толық енгізуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды талық және уақытында құжаттау; көліктік-дайындау шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және анықтау; КДШ-ны өндірістің  шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресуостарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқы қорларды тауып сату; сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәлеметтерді алу. Өндіріс  барысындағы функциональдық (қызметтік) ролі мен  мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай матермалдық негізін (нан пісіргенде ұн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің құрамына кіргенмен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті  қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша  пайдаланылады.

Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін, есепке алу 20 «Материалдар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттарында  жүзеге асады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді:

201 «Шикізат және материалдар;

202 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар»;

203 «Отын»;

204 «Ыдыс және ыдыстық  материалдар»;

205 «Қосалқы бөлшектер»;

206 «Басқа материалдар»;

207 «Қайта өңдеуге берілген материалдар»;

208 «Құрылыс материалдары».

Шаруашылық жүргізуші субъектілер әрбір шот бойынша материалдарды есепке алатын қажетті аралық шоттар мен талдамалы шоттар аша алады.

Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар  баланста олардың нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға  бойынша құндылықтар синтетикалық есепте көрсетіледі; талдамалы есепте-тұрақты есеп бағасымен (келсімді немесе жоспарланған есеп бағасы) көрсетіледі.

Егер субъект материалдық  құндылықтарды келісімді бағамен есепке алса, онда олардың нақты құны материалдардың осы бағалар бойынша құнына және КДШ-ның  қосындысына тең болады. КДШ құрамына теміржол тарифі, автомобиль, ұшақтар және  басқа да көлік түрлері арқылы тапсымалдау түрінде,  жарналардың  барлық түрі кіреді; жабдықтаушылардың теміржол және басқа  көлік  мекемелерінің қоймаларынан материалдары жеткізу; қорларды алу және дайындауға байланысты іссапарлардың шығындары,  қоймалардағы тұрақты қойма жұмыскерлерінің еңдек ақысынан  басқа тиеу, түсіру және қаттау шығындары; делдал  мекемелерге төленген комиссиялық сыйлықтар, және босалқыларды  алумен тікелей байланысты басқа шығындар жатады.

Артық төленген тарифтік сомалардың қайтарылуы мен басқа  түзетулер КДШ сомасынан шығарылады.

Егер құндылықтардың талдамалы (аналитикалық) есебін жоспарлы-есептелген бағалармен жүргізсе, онда олардың  нақты өзіндік құны-материалдардың осы бағалар бойынша құнынан және осы  есептегі бағалардың нақты өзіндік құнынан ауытқуларынан тұрады.  Бұл бағаларды субъектілердің өзі КДШ жоспардағы көлемін ескере отырып,  келісімді бағалар негізде тағайындайды.

Жұмсалған  материалдарға тиісті КДШ немесе  ауытқуларды (+, – ) ай сайын келісімді  есеп бағалары бойынша материалдық құндылықтардың шығындарын көрсететін  шоттарға енгізеді. КАД немесе  ауытқулардың (+, – ) процентін ай басында, олардың ай  басындағы қалдығы мен ай бойғы түсімінің сомасын ай басындағы  материалдардың қалдығы мен ай келісімді бағалар  бойынша түскен материалдардың сомасына бөліп, алынған нәтижені 100-ге көбейту  арқылы анықтаймыз.

КДШ немесе ауытқулықтар (+, – ) бойынша есептелген проценттер  тиісті шоттарға енгізіледі. Материалдардың түрлері немесе топтарының аз ғана көлемінен КДШ немесе ауытқуларына (+, – ) процент көрсету керек болады және жабдықтаушылармен тұрақты қатынастар орнағанда өткен айдың бухгалтерлік есеп мәліметтері  бойынша процент қолданылуы мүмкін.

Анықталған бағаларды номенклатура-баға көрсеткіші  ретінде қолданады. Материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысын есепке алатын барлық құжаттар мен регистерлерде және ағымдағы есеп кезінде осы бағалар мен номенклатуралық нөмірлері қойылады.

Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық құндылықтарды бағалаудың келесі әдістері ұсынылған: арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған  босалқылардың  бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісә, соңғы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша бағалау әдісі («ЛИФО»). Төменде келтірілген мысалдар арқылы осы бағалау әдістерінің мәнін қарастырайық.

Материалдық құндылықтардың қалдығы және қозғалысы туралы мамыр айындағы мәліметтер.

КөрсеткіштерСаны, данаБағасы, (тг)Сомасы (тг)
1 мамырдағы қалдық

Мамыр айында алынды:

1 партия

2 партия

3 партия

4 партия

1000

 

200

300

600

200

20-00

 

21-00

23-00

20-00

22-00

20000

 

4200

6900

12000

4400

Кіріс бойынша БАРЛЫҒЫ1300х27500
Қалдықпен БАРЛЫҒЫ2300Орташа баға

20-65

47500
1-ші маусымға қалдық900хх

Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі. Бұл әдіс босалқылардың  партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда  қолданылады. Қоймадағы қалдық, мысалы 1 мамырдағы саны 300 данадан тұрды делік, әрқайсысы 20 теңгеден болғанда 6000 теңге,  бірінші партиядан 100 данасы 21 теңгеден 2100 теңге, үшінші партиядан 300 данасы 20 теңгеден 6000 теңге және 200 дана төртінші  партиядан 22 теңгеден 4400 теңге қойылды делік. Сонда қалдықтың  жалпы құны 18500 теңге (6000+2100+6000+4400) құрайды. Ай  бойындағы материалдар шығындарының  құны-29000 теңге (47500-18500) болады.

Орташа құн әдісі. Бұл әдіс материалдық құндылықтардың құны ай (кезең) басындағы қорлардың қалдығы мен осы ай (кезең) барысындағы түскен босалқы қорлардың құнының орташа қосындысы деп түсіндіріледі. Біздің мысалымызда, материал бірлігінің орташа құны 20 теңге 65 тиын (47500:2300) болады: материалдардың  ай бойындағы шығындары – 28913 теңге (2300-900=1400; 1400х20-65); қалдық 18587 теңге (900х20-65).

Материалдық құндылықтардың есебінде соңғы кезге дейін отындақ практикада осы әдіс кеңінен қолданылады.

«ФИФО» әдісі – босалқылады алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі.

Ай соңындағы қорлардың өзіндік құны соңғы жеткізілгендерге жатқызылады, ол олардың шығарылуы бастапқы әкелінгендерге  жатқызылады. Біздің мысалымызда, ай соңындағы босалқы қорлардың 900 дана қалдығы мына төмендегі мәліметтер бойынша  бағаланған: төртіншіпартиядан 200 дана 22 теңгеден 4400 теңге, үшінші партиядан 600 дана 20 теңгеден 12000 теңге, екінші партиядан 100 дана 23 теңгеден 2300, барлығы 18700 теңге болады. 1400 дана (2300-900) қорлардың шығыны болып 28800 теңгеге  бағаланады. (47500-18700).

«ЛИФО» әдісі – босалқыларды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны, бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын  анықтау үшін қолданылады,  ал ай (кезең) соңындағы қорлардың өзіндік құны, бірінші сатып  алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс. Біздің мысалымызда, ай соңындағы қалдық 900 дана, ай басындағы қалдық бағасымен (20 теңге) 18000 теңгеге  бағаланды. Бір айдағы жұмсалған шығын-29500 теңге (47500-18000).

Қорларды бағалауға әртүрлі әдістер қолдану арқылы алынған мәліметтерді салыстырып көрейік.

КөрсеткіштерАрнайы (жалпылама)

Ұқсастыру әдісі

Орташа құн әдісі«ФИФО» әдісі«ЛИФО» әдісі
Қорлардың жұмсалуы:
Данасы (саны)1400140014001400
Құны, теңге29000289102880029500
Ай соңындағы қалдығы: данасы900900900900
Құны, теңге18500185851870018000

Материалдық қорлар мен КДШ сомасын бағалау тікелей  сатылған өнімнің өзіндік құны арқылы жалпы табыс мөлшеріне әсер  етеді, олай болса, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы  көлеміне де әсерін тигізеді. Сондықтан материалдық қорларды  бағалаудың дұрыстықын салық органдары тексеріп отырады.

20 «Материалдар» бөлімшесінің шоттарында (201-208 шоттары) құндылықтардың төмендегідей түрлері есепке алынады:

201 «Шикізат және материалдар» – өндірілетін өнімнің негізін жасайтын немесе оны дайындаудың комитеттері болып табылатын шикізат пен материалдар. Сондай-ақ, осы шотта мұндай өнімді  жасауға қатысатын арналған және өндіріс барысына атсалысатын  көмекші материалдар да есепке алынады.

202 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер» – өндірістік кооперация  тәртібі мен өндірілуші өнімді жабдықтау үшін алынған және өндеуге  немесе жинауға шығындарды талап сатып алынған жартылай шикізаттар мен  дайын құрастырушы бұйымдар.

203 «Отын» – мұнай өнімдерінің, қатты және басқа отын  түрлерінің бәрін есепке алады. Мұнай өнімдеріне көлік құралдарын  пайдалану үшін, өндірістің технологиялық қажеттіліктеріне, қуат және жылу  алу үшін пайдаланылатын жанар-жағар майдың барлық түрлері кіреді.  Қатты отынға осы отынның барлық түрлері,  яғни көмір, шымтезек, ағаш, сексеуіл жатады. Отынның басқа түрлерін газ отыны, жанатын тақта тас құрайды.

204 «Ыдыс және ыдыстық материалдарға» – жабдық-ыдыс және шаруашылық мүліктері (цистерналар, бөшкелер, флягалар) сияқты  пайдаланылатынан басқа ыдыстардың  бәрі, соның ішінде ыдысты  дайындау мен жөндеуге арналған (жәшіктерді құрастыратын  бөлшектер, бөшкелік жапсырма, дөңгелек темір) материалдар мен бөлшектер де кіреді.

205 «Қосалқы бөлшектер» – машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдары мен техниканың басқа түрлерінің (деталдар, агрегаттар, аккумляторлар,  автомообиль шиналары) тозған бөліктерін ауыстыру, жөндеу үшін арналған  қосалқы бөлшектерді;

206 «Басқаматериалдар» – өндірістің жарамсыз  қалдықтары, жөнделмейтін ақау, негізгі құралдарды жоюдан алынған құндылықтар, тозған шиналар, ескі резиналарды;

207 «Қайта өңдеуге берілген материалдар» – басқа жаққа қайта өңдеуге берілген  және қайта өңдеуден кейін алынған бұйымдардың  өзіндік құнына енгізілетін матреиалдарды;

208 «Құрылыс материалдары» (құрылыс салушы кәсіпорындар пайдаланады) – құрылыс бөлшектерін дайындау үшін, құрылыс және монтаждау жұмыстарын тікелей жүргізу кезінде пайдаланылатын құрылыс материалдары. Бұл шотта құрылыс қажетіне керек басқа да  құндылықтар есепке алынады. Мысалы: қопарғыш заттар, қағаз.

20 «Материалдар» бөлімшесі шоттарының дебиті бойынша айдың  басы мен соңындағы қалдықты, материалдардың түсуін көрсетеді; кредиті бойынша-олардың жұмсалуын көрсетеді. Материалдық  қорларды заттай және ақшалай өлшемдермен есептейді.

Материалдық құндылықтардың бухгалтериядағы есебі.

Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен  жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталып, содан олардың деректерін  бухгалтериядағы мәліметтерімен салыстырады. Қжаттардың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайдаланылады, ал екінші даналары-материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары  және номенклатуралық нөмірлер бойынша  орналасады. Олар анықтамалық мақсаттарда және қоймалар мен  бухгалтериядағы есеп деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланылады.

Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында  белгіленген есеп топтары бойынша /материалдар, метиздер, ағаш  материалдары және т.с.с./ материалдаоды жинақтап есепке алудың  жинақтаушы тізімдемесінде топтастырылады, ол тауарлық-материалдық құндылықтарының кірісі мен шығысы бойынша «Материалдар» 20-шы және «Тауарлар» 22-ші бөлімдердің жинақтаушы  шоттары материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бұл  тізімдемеде материалдардың әрбір тобы бойынша өткен айдағы  тізімдемеден келесі айдың басындағы қалдық, ағымдағы құжаттар өткізу тізімдерінен топ бойынша материалдардың кірісі мен шығысы  сомалық сипатта көрсетіледі және айдың аяғындағы әрбір жинақтау шоты мен материалдар тобы бойынша қалдықты табады. Материалдарды жинақтап есепке  алудың жинақтаушы тізімдемесі төменде келтірілген.

Жинақтаушы тізімдеме материалдары есепке алу нәтижесінде және материал қалдықтарының кітабында жүргізілетін бухгалтерлік және қоймалық есептің деректерін салыстыру үшін пайдаланылады.

Материал қалдықтарының кітабы бір ай бойы бухгалтерияда  сақталады және онда материалдардың қалдықтары туралы мәліметтер алу үшін пайдаланылады. Айдың аяғында кітап бухгалтериядан  қоймаға беріледі, онда қойма меңгерушісі /қойашы/ есепті жылдың аяғындағы материалдық құндылықтардың қалдықтарын оған  түсіріп, өз қолын қойып оны растайды. Материал қалдықтарының кітабы есепті айдан кейінгі айдың 1-3 күні бухгалтерияға  тексеруге және топтар мен тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу  жөніндегі шоттар бойынша /»Материалдар» және «Тауарлар» ішкі  бөлімдердің шоттары/ жиынтығын есептеуге беріледі. Материал қалдықтарының кітабы төменде көрсетілген.

Айдың аяғында материалдарды жинақтап есепке алудың  жинақтаушы тізімдемесіндегі қалдықтар туралы әрбір есептік топ  бойынша сомалық түрдегі деректер материал қалдықтарының  кітабындағы топтар бойынша жиынымен салыстырылады.  Бұл деректер сәйкес келуге тиіс, өйткені қоймадағы /карточкалардағы, сонан соң материал қалдықтарының кітабындағы/ және  бухгалтериядағы  /материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы  тізімдемесіндегі/ жазбалар бір құжаттың негізінде жазылады, бұған қоса, тексеру кезінде бірыңғай берік есеп бағалары қолданылады.  Нәтижесінде есепті айдан кейінгі айдың алдың алғашқы күндерінде бухгалтерияда қойма деректерімен салыстырылған, материалдық  құндылықтардың барлық шоттары мен топтары бойынша материалдық қалдықтар болады.

Бухгалтерия материалдың жинақтама есебінің  жинақтаушы  тізімдемесінің негізде /сальдо әдісі қолданылғанда/ немесе материалдық жағынан  жауапты  адамдардың материалдық  құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулеріне /егер сальдо әдісі қолданылмаса/ «Материалдардың  ақша түріндегі қозғалысы» деген тізімдеме жасалады. Бұл  тізімдемеде материалдық құндылықтардың қоймалар немесе материалдық  жауапты адамдар арасындағы қозғалысы көрсетіліп, нақты өзіндік құны  мен есептік бағалары бойынша бір айдағы материалдық құндылықтардың қалдықтары мен кірісі туралы деректерге орай КДШ-ың орташа  процентін /нақтылы өзіндік құнының  есептік бағадан ауытқуын -, + / есептеп шығарады. Табылған процент бойынша жұмсалған материалдық құндылықтардың құны нақты құн  деңгейіне дейін жеткізіледі. Тізімдеме екі бөлімнен тұрады.

Бірінші  бөлімде кәсіпорынға нақты өзіндік құны мен есептік құны  бойынша материалдардың түсуі туралы деректер жинақталады, КДШ немесе ауытқулардың /+, -/ сомасы мен проценті  айқындалады, есептен шығарылуға тиіс материал қалдықтарына КДШ /ауытқу/ сомасы болады. Тізімдеменің бірінші бөлімі төменде келтірілген.

Тізімдеменің екінші бөлімінде «Материалдарды жинақтама есепке алудың  жинақтаушы тізімдемесі» немесе материалдық жағынан жауапты адамдар жасаған материалдық құндылықтардың  қалдықтарды мен қозғалысы туралы есеп берулер деректерінің негізнде, құндылықтардың есептік бағасы мен нақтылы өзіндік құны  бойынша қалдықтары мен қозғалысы туралы  деректердің жиынтығы  жасалады. Бұл бөлімінің деректері «Материалдар» 20-шы немесе  «Тауарлар» 22-ші ішкі бөлімдердің шоттары жөніндегі Бас кітаппен салыстырылады. Тізімдеменің екінші бөлігі төменде келтірілген.

Көліктік-дайындау шығыстары немесе  жұмсалған материалдық  құндылықтардың 901, 921, 931, 951 шоттардың дебетіне  жатқызылған есептік бағалар бойынша құнынан ауытқу /+, –/ сомасын 901-ші шоттың дебетіне жазамыз. Бұл  өндірістік шоттар арқылы осы шоттардың тобына есептеп шығаруға  жатадын  КДШ немесе ауытқулар /+, –/ ең соңында 90-шы бөлім  шоттарының дебетіне есептен шығарылуымен байланысты.  Осылайша 92, 93 және 95-ші бөлім шоттарының дебетіне КДШ немесе  ауытқулар /+, –/ есептен шығарылмайды, ал құндфылықтардың шығыстары есептік бағалар бойынша бейнеленеді.

Бухгалтерияда материалдың шығысына арналған құжаттардың  бірінші даналарының негізінде «Материалдардың шығысын бөлу» деген әзірлеме  кесте жасалады, онда цехтар мен шоттар  тұтынушылар, тапсырыстар, жұмсау баптары және есепке алу мен  калькулляцияның басқа да объектілері мен есептік бағасы бойынша материаллдардың жұмсалуы көрсетіледі. Кестенің негізінде «Цехтардың шығындары» тізімдемеге /90, 92, 93, 95 ішкі бөлімшелерінің  шоттарының дебиті/, «Материалдар» 20-шы ішкі бөлімінің кредитіне  201, 202, 203, 204, 205, 206 208-шоттар/ жазба жазылады.

Құндылықтардың сақталуына жүйелі бақылауды жүзеге асыру шін бухгалтерия материалдардың жекеленген түрлерінің  қалдықтарына заттық қалпында іріктеме-бақылау жүргізуге тиіс. Материалдардың өндірісте пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру да бухгалтерияның маңызды міндеті болып табылады.

Цехтарда айдың аяғында пайдаланылмай /қиып-пішілмей, өңделмей/ қалған материалдар өңдіріс шоттарынан материалдардың тиісті  шоттарына олардың түгелдеу және бағалау деректері бойынша  /20-шы бөлімше шоттарының дебеті, 901, 921-шоттардың кредиті/  тиісті шоттарға есептен шығарылуға тиіс. Жаңа айдың бірінші күні  бұл материалдардың қалдықтары бухгалтерлік жазба арқылы  өндіріс шоттарына /901, 921-шоттардың дебеті, 20-шы бөлімше шоттарының кредиті/ есептен шығарылады.

Өдірісте материалдардың пайдаланылуына бақылау жасау үшін  мынандай әдістер қолданылады: нормадан ауытқушылықтарды  құжатпен рәсімдеу, партиялар бойынша ашып-санап-өлшеп көру  есебі, түгелдеу /түгелдеу әдісі/.

Бір материалдарды  екіншімен ауыстырғанда нормадан  ауытқушылықтарды құжатпен  рәсімдеу кезінде, сондай-ақ материалдар нормадан тыс босатылғанда «Материалды ауыстыруға /қосымша босатуға/ арналған талап-актысымен» /ү.№ М-10/ рәсімделеді.

Ашып-санаған материалдардың әрбір партиясы бойынша ауытқушылықты анықтау үшін партиялар бойынша ашып-санап-өлшеп көру әісін пайдаланады. Бұл есепті өндірістегі бөлуші-шеберлер, жоспарлау-диспетчерлік бюросы, яғни ашып-санап көруге құқысы бар адамдар материалдардың әрбір партиясына арнайы  ашылатын есептік  /ашып-санап-өлшеп көру/ карталарында  жүргізіледі. Есептік партияларда ашып-санап-өлшеу көрудің технологиялық карталарына сүйене отырып, осы партияны  ашып-санап-өшеп көру нәтижесінде қандай көлемде және қайда дайындалғанын  сондай-ақ қалдықтар саны /нормалар бойынша/ анықтап, қаншасы  алынуға тиіс екені, сондай-ақ қалдықтары көрсетіледі. Бұған қоса, корточкаларға жұмыс орына берілген материалдардың саны, осы партиядан нақты жасалған, дайындалған /бөлшектер/ саны, сондай-ақ қалдықтардың нақты саны да еңгізіледі.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!