Мақта өнімдерінің химия саласында қолдануы және алынуы

Мақта техникалық мәдени өсімдік, талшық алу үшін өсіріледі. Мақта өсіру – тоқыма өнеркәсібі мен басқа өндіріс салалары үшін құнды техникалық шикізат беретін өсімдік шаруашылығының бір саласы. Заводтарда шитті мақтаны өңдегенде шитті мақтаның жалпы салмағынан 29 – 40 % (кейде бұдан да көп) таза мақта, 24 – 26 % май болатын тұқым және бұдан басқа мақта мамығы алынады.

Бір тонна мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400 кг күнжара, 300 кг қауыз, ондаған килограмм мақта мамығы, олифа, стеарин, глицерин және тағы басқа құнды заттар алынады. Соның барлығын санап есептегенде мақтадан 1200 аса әр – түрлі зат алынады.

Мақта осы кездегі Орта Азия республикаларында, Үндістан, Иран, Қытай, Мексика, Перу територияларында біздің ғасырға дейін өсірілген. Закавказья мен Балқанда мақта б.з. 10-11 ғасырларында егіле бастаған.

Қазақстанның мақтасына келсек, Қазақстанның оңтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген, Келес, Киров, Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, Түркістан аудандарында өсіріледі.

Бұл аудандарда 29 колхоз, 24 совхоз мақта өсіруге маманданған.

Қазақстанда 1919 жылы мақта егісінің көлемі 15 мың га болды, әр гектардан 6,6 ц өнім алып, мемлекетке 9,9 мың тонна ғана шитті мақта өткізілсе, 1973 жылы егіс көлемі 114,3 мың гектарға жетті. Әр гектардан 27,3 центнер өнім алынып, 313 мың тонна мақта өткізілді.

Қазіргі таңда 1 тонна шитті мақтаның құны Ливерпульдік баға бойынша 1273 АҚШ долларына тең келеді.

Биологиялық ерекшеліктері

Мақта көп жылдық өсімдік болып саналады, алайда СССР-де ол бір жылдық дақыл ретінде егіледі. Гүл түйінінен ұрық-қауашақ өсіп шығады, Оның ішіндегі дәнді талшық жауып тұрады.

Мақтаның советтік орташа талшықты сортының пісіп жетілген қауашақтарынан алынатын таза талшықтың мөлшері шитті мақтаның кептірілгендегі салмағының 34—39 проценті шамасында ауытқып отырады.

Мақтаның білеу тамыры топыраққа 1,5—2 м тереңдікке дейін бойлап кетеді. Оның жан-жағындағы тамырлары топырақтың жоғары 40—50 см қабатына орналасады да бүйірге қарай 1,5—2 метрге дейін жайылып кетеді.

Өсімдік сабағының ұзындығы сортына және өсу жағдайына қарай 70—80, тіпті 120—140 сантиметрге дейін жетеді. Сабақтарда әуелі жапырақ бүршіктері өседі, олардан бірінші нағыз жапырақ, оның соңынан сабақты айнала екінші жапырақ тағы басқа жапырақтар пайда бола береді.

Алғашқы тармақтары үшінші және төртінші жапырақтарының қойнындағы бүршіктерден пайда болады. Ал өнім беретін алғашқы тармақтары негізгі сабақтағы бесінші немесе алтыншы жапырақтың қойнына орналасқан бүршіктерден өсіп шығады.

Мақта өсімдігі тармақ-тармақ болып өседі, бұл оның биологиялық ерекшелігі, яғни екінші тармақ біріншісінен кейін іле-шала, бірінші шанақ пен өнім беретін тертінші тармақтың бірінші гүлі шыққан кезде пайда болады.

Мақта — жылылықты қалайтын дақыл. Оның тұқымы топырақтың жылылығы кемінде 12 градусқа жеткенде өне бастайды, ал бой тартып өсуі үшін жылылық 16 градустан төмен болмауы керек.

Түйін тастай бастаған кездегі неғұрлым қолайлы жылылық 30—36 градус. Мақта шамалы суықтың өзіне төзе алмайды.

1-таблица

Мақтаның өсіп-жетілуі үшін қажетті тиімді жылылықтың мөлшері

Пісіп жетілу мерзімі

 

 

Тиімді жылылықтың мелшері: тұқым себілгеннен бастапӨсімдік  гүлде-геннен бастап 50 проценті піскенге дейін-гі   тиімді   жы-лылықтың мөлшері
көктеп шыкканға дейіншанақтан-ғанға дейінгулдегенге дейін
Тез піседі…..

Орташа мерзімде пі-седі…..

Кеш піседі…..

84

84

84

485

500

500

900

950

1050-1200

660

675-685

720-800

Мақта — күн сәулесін ұнататын, қысқа мерзімде өсіп-жетілетін өсімдік. Сәуле шашырап түссе, ол тым баяу өседі және дәні тегіліп түседі.

Мақта өсімдігі сумен жеткілікті қамтамасыз етілсе, өнім беретін қауашықты тармақтар көп пайда болады, яғни шитті мақтаның өнімі молаяды. Мақтаның ылғалды буландыру коэффициенті – 600-700. Өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңінде жалпы алғанда 1 гектарға 6 000-8 000 текше метр суды мейлінше көп керек етеді. Егер мақта нағыз қос жапырақ пайда болу кезеңінде бір тәулікте гектарына 11-12 текше метр су тұтынатын болса, гүлдену кезеңінде 90—120 текше метр су тұтынады.

Мақта өсімдігінің өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы сыртқы жағдайға, қолданылатын агротехникаға, сортына және басқа факторларға байланысты.

Әдеттегі мерзімде себілген мақта тұқымы 10—12 күннен кейін көктеп шыға бастайды. Көктеуінен бастап бірінші нағыз жапырақ пайда болғанға дейін 12—15 күн өтеді. Бірінші жапырақ есіп шыққан соң, жылылық 24—30 градус болған жағдайда, алғашқы шанақ әдетте 20—24 күннен кейін пайда болады. Бірінші шанақ пайда болған кезден бастап ол әбден қалыптасып, гүлі ашылғанға дейін 25—28 күн өтеді. Түйір тастаған кезден бастап қауашақ  ашылғанға дейін кезең — 50—65 күн.

Мақта – химия саласындағы шикізат көзі

Мақта химия саласы үшін таптырмас шикізат болып табылады. Мақтадан және оның өнімдерінен 1200 – ден аса әр-түрлі зат алынады. Бір тонна мақта шикізатынан 340-350 кг талшық, 620 кг тұқым алынады. 340 кг талшықтан 3500 кв.метр мата немесе 140.000 каток жіп өндіріледі. 620 кг тұқымнан 110 кг мақта майы, 10 кг сабын, 270 кг жмыха, 170 кг шұлқа (щелуха) және 8 кг шыт алынады.

Шыт – бұл қысқа талшықша мақта тұқымынан шикізат алынып болғаннан кейінгі өнім.

Мақта талшығы 90 % таза табиғи целлюлозадан тұрады. Мақта талшығын өңдегенде азот қышқылы мен қатар целлюлозаның нитроэфирі целлюлоза нитрлеуі арқылы өнім қоспасы   13%   азот   болатын   пироксилин   жарылғыш   зат ретінде қолданылады.

Химиялық әсер ету арқылы мақта қалдығынан ацетатты, масамшақты талшық алынады.

Нитроцеллюлоза 11 % азоттан тұратын коллоксилин деп аталады. Коллоксилин ерітіндісі – спирт пен эфир қоспасы медицинада қолданылады.

Органикалық еріткіштердегі колликсилин ерітіндісінің арнайы қоспасын – нитролак деп атайды.

Нитролактың құрамына минералды және органикалық пигменттерді қосу арқылы нитрокраскі және эмаль алынады.

Мақта құрамынан 40-тан аса химиялық элемент табылған. Целлюлозадан басқа мақта құрамында макро және микро элементтер; темір, фосфор, азот, күкірт, көміртегі, магний, калий, кальций, т.б.

Одан басқа мақта құрамынан көмірсутектер, спирттер және органикалық қышқылдар (барлығы 17: оның ішінде лимон, алма, янтарь, фумарь, пирожүзім, валериан, сірке, сомщил т.б. қышқылдар).

 Салыстырмалы майлы дақылдар

Қазақстанда майлы дақылдардан күнбағыс, бұйра зығыр, қыша, рыжик (саңырауқұлақтың бір түрі), сафлор және оның басқа кейбір түрі егіледі. Бұл өсімдіктердің барлығының тұқымында, өздерінің түріне және сортына қарай, 32—51 процент май болады.

Майлы дақылдардың басым көпшілігін өсіру үшін солтүстік шығыс облыстарда барлық жағдай бар; сондықтан бұл облыстардың жеріне майлы дақылдардың 85 проценті егіледі де, техникалық мақсатқа да кеңінен пайдаланылады. Майдың құрамы мен сапасының қандай болатыны дақылына және оның сортына, ауа райы және топырақ жағдайы мен агротехникалық тәсілдерге байланысты. Күнбағыстың майлылығы оңтүстікке және шығысқа жақындаған сайын арта түседі. Қуаң аудандарда жерді суландыру өсімдіктің тұқымында майдың жиналуына жағдай жасайды. Ал өсімдік тұқымында майдың жиналуына құрғақшылық кедергі жасайды, бірақ оның белогын молайтады.

Егіс егу мерзімі де майдың сапасы өзгеруіне ықпалын тигізеді. Күнбағысты ерте еккенде тұқымдағы майдың мөлшері де арта түседі. Фосфор және калий тыңайтқыштары енгізілсе, көптеген майлы дақылдардың тұқымында май көбірек жиналады. Мұның керісінше топырақта азоттың шамадан тыс көп болуы майдың жиналуына кедергі жасайды.

1-таблица

Майлы дақылдардың жылылық режимі   мен   өсіп-жетілу   кезеңінің  ұзақтығы

Дақылдар

 

 

Тұқымның енуіне керекті ең төменгі жылылықКөк өркенді зақымдайтын температураӨсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы
градус   есебіменкүн есебімен
Күнбағыс

Бұйра зығыр

Қара құмық

Рыжик

Сафлор

+ 2-5

+ 2-5

+ 1-2

+ 1-2

+ 2-3

– 5 – 6

– 5 – 7

– 6 – 7

– 8 -10

– 6 – 7

80-130

90-100

70-100

65-80

70-105

Бұл майлы дақылдар биологиялық жағынан әр алуан болып келеді. Олардың жылылықты керексінуі мен өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 1-таблицада келтірілген.

Бұл айтылған дақылдардың көпшілігі ылғалды онша керек ете қоймайды. Олардың кейбіреулері, мысалы, сафлор, күнбағыс және қара құмық құрғақшылыққа мейлінше төзімді келеді.

Майлы дақылдар топырақ талғайды, өйткені қоректік заттарды өте көп керек етеді. Олар үшін кірігуі орташа қара және қызыл топырақты органикалық заттары мол жерлер неғұрлым құнды деп саналады. Майлы дақылдар органикалық және минерал тыңайтқыштар енгізілсе, өте жақсы өседі. Майлы дақылдардың тұқымында маймен бірге белоктар да көп болады. Сондықтан бұл дақылдар фосфор мен калийді ғана емес, сонымен бірге азотты да мейлінше көп керек етеді. Алайда азоттың бірыңғай көп берілуінен аулақ болу керек.

Майлы дақылдардың көпшілігі аралық топырақта жақсы өседі, сонымен қатар олар әсіресе сафлор мен қыша, күнбағыс аз мөлшердегі сілтінің әсеріне де тым төзімді келеді.

Күнбағыс

Күнбағыс —тоғыса тозаңданатын күрделі гүлділердің тұқымына жатады. Ұрығы, тұқымы сопақша болып келеді. Морфологиялық белгілері бойынша тұқымы үш топқа бөлінеді: шағатын, май тартатын және екі аралық жалпақ дәнді. Май тартатын топқа дәнінің ұзындығы 1,4 сантиметрге дейін жететін, шағылатын топқа дәнінің ұзындығы 1,4 см келетін және одан да ұзынырақ күнбағыс тұқымы жатады. Оның аралық тобына, әдетте шағатын, дәні жалпақ, майда күнбағыс жатады.

Майлы   күнбағыстың биіктігі 2-2,5 м  сабағы жапырақты, күнқағарының диаметрі 15—20 см болады.

Майлы күнбағыстың дәні түрі жөнінен қара қоңыр және сұрғылт қоңыр (көбінесе ақшыл жолағы бар) болып екіге бөлінеді.

Күнбағыстың көптеген сорттарының дәнінде жұқа қатты қабыршақ пайда болады.

Қатты қабыршақты күнбағыс дәні қара күйеге шалдықпайды.

Күнбағыс майы шамалы ғана құрғайды, негізінен тамаққа сол күйінде және де өңделген маргарин күйінде пайдаланылады. Күнбағыс күнжарасы мал мен құс үшін тамаша жем. Онда 30—36 процент белок, 8—11 процент май, 19—20 процент углевод бар. Дәнде 32 проценттен 54 процентке дейін, ал ядроға есептегенде — 50 проценттен 65 процентке дейін май болады.

Күнбағыс сабағының күлінде 4 проценттей фосфор қышқылы (Н3РО4) және 15 процентке дейін калий тотығы (К2О) болады, сондықтан ол сақар (поташ) әзірлеу үшін қолданылады.

Күнбағыс құрғақшылыққа тезімді өсімдік болып есептелгенімен ылғалды едәуір көп керек етеді, оның ылғалды буға айналдыру коэффициенті — 470-570. Күнқағары пайда болған кезден бастап гүлдену кезеңі аяқталғанға дейін, күнбағыс ылғалды барынша көп тұтынады. Бұл кезде ылғал және қоректік заттар жетіспесе, күнқағары жетілмей қалады. Топырақ пен ауада ылғал жеткілікті болған жағдайда күнбағыстың өнімі молаяды, сонымен қатар оның дәніндегі майдың мөлшері көбейеді. Өнімді мол берген жылы күнбағыс топырақты қатты құрғатып жібереді, басқа дақылдар үшін оны алғы дақыл ретінде пайдаланғанда бұл жайды ескерген жөн.

Күнбағыстың өсіп-жетілу кезеңі сортына қарай 80— 130 күнге созылады. Бұл кезеңнің ішінде ол жалпы алғанда 2 000 градусқа дейін жылылық болуын керек етеді. Қүнбағыс күн сәулесінің мол түсуін ұнатады. Жаңа өсіп келе жатқанда оған көлеңке түссе, өсімдіктің өсуі баяулайды және ұсақ күнқағарлар көбейіп кетеді. Күнбағыс — қысқа мерзімде өсіп-жетілетін өсімдік. Солтүстікке қарай жақындаған сайын, оның өсіп-жетілу мерзімі ұзара түседі.

Күнбағыс топырақтың құнарлы болуын керек етеді. Ауыр саздақ топырақты жерлерде ол өспейді, сондай-ақ өте әкті, сортаң және қышқыл   топыраққа  да төзімсіз.

Органикалық және минерал тыңайтқыш енгізілгенде жақсы өседі. Көктеп шыққаннан бастап күнқағар пайда болғанға дейінгі кезеңде фосфорды, күнқағар пайда бола бастағаннан гүлдену кезеңі аяқталғанға дейін азотты, күнқағар пайда бола бастағаннан дәні қамырланып піскенге дейін калийді бойына мейлінше мол сіңіреді. Күнбағыс былай тыңайтылады: негізгі тыңайтқыш зябь жыртқанда, қатарларға егіс кезінде енгізіледі, сондай-ақ ол үстеп қоректендіріледі.

Майлы зығыр

Майлы зығыр —құрамында 40,9—42,9% майы бар, тағамға және техникалық мақсатқа пайдаланылатын дән алу үшін өсіріледі. Мал азығы болып табылатын зығыр күнжарасында 34 процентке дейін белок болады.

Бұйра зығыр — қауашағы көп, бұтақтармағы мол шағын (50 сантиметрге дейін) өсімдік. Ол — құрғақшылыққа төзімді дақылдардың қатарына жатады.

Агротехникасы. Зығыр зябьке жыртылған топырағы құнарлы жерге егіледі. Оны ерте егілетін дәнді дақылдармен бір мезгілде еккен жөн. Егудің ең жақсы тәсілі — тарқатарлы әдіс. Тұқым себу нормасын гектарына қара топырақты өңірде — 50-60 кг, қызыл қоңыр топырақты жерде — 30-40 кг. Тұқым 3-5 см тереңдікке сіңіріледі. Түйіршік суперфосфатты тұқыммен бірге еңгізу өте тиімді болады. Зығыр бөлектеп жиналады.

Қазақстанда ВИР 1647, ВИР 1650, Воронежский 1308, Карабалыкский 3, Сибиряк сорттары аудандастырылған.

Қыша

Сарапетск қышасы —майлы дақыл ретінде өсіріледі. Оның дәнінен өте бағалы тағамдық май алынады. Сапалы маймен қатар қыша дәнінде химия енеркәсібі мен медицинада қолданылатын эфир майы да болады. Қыша күнжарасынан асханада пайдаланылатын горчица әзірленеді.

Қыша — құрғақшылыққа біршама төзімді, жылылықты онша керек етпейтін, топырақты тым талғамайтын өсімдік.

Агротехникасы. Отамалы дақыл қышаның жақсы алғы дақылы болып саналады. Оны басқа айқыш гүлді өсімдіктер орнына егуге болмайды. Тыңайтқыш, әсіресе азотты-фосфорлы тыңайтқыш берілгенде өте жақсы еседі. 1 гектарға 8—12 кг қыша тұқымы себіледі және туқым 4 сантиметрге дейінгі тереңдікке сіңіріледі. Қыша піскен кезде көп төгіледі, сондықтан оны бөлектеп жинау керек.

Қазақстанда қышаның Неосыпающаяся 2 және Волгоградская 189/191 деп аталатын екі сорты аудандастырылған.

Жоғарыда айтылған майлы дақылдардан басқа республикада жаздық рыжик және мақсары әсіріледі. Атап айтқанда, рыжиктің ВНИИМК 17, Воронежский 349, Киргизский 1 және Шортандинский сықылды сорттары, мақсарының бір ғана Милютинский 114 сорты егіледі.

Мақтаны өнеркәсіпте қолдану жолдары

Мақта — тоқымалық (техникалық) дақыл, СССР-дің халық шаруашылығында оның зор маңызы бар. Мақта талшығы өнеркәсіптің көптеген салаларында кеңінен және әр алуан мақсатқа қолданылады. Мақтадан кәдімгі тоқыма бұйымдар мен әр турлі мата (сырт және іш киімдік) тоқып шығарумен қатар, автомобиль және авиация өнеркәсібіне керекті техникалык мата, сондай-ақ әр түрлі сүзгі, белбеу, балық аулайтын тор, қағаз, жарылғыш заттар т. б. әзірленеді.

Мақтаның дәнінде 22—25 процент май болады, ол май тағам үшін және техникалық мақсатқа пайдаланылады. Оның күнжарасы мен шроты малдың ерекше жемі болып есептеледі.

Мақта дәнінің түгі (линтерлі мақта) тұрмыс қажетіне, сонымен бірге электр тогын өткізбейтін бұйымдар, целлюлоид, жасанды былғары және жібек, фото және кино пленкалары, пластмасса, техникалық лак, эбонит, целлофан және басқа да бұйымдар жасап шығару үшін кеңінен пайдаланылады.

Мақтаның сабағы (қозапаялары) отынға пайдаланылады, сонымен бірге оны құрылыс материалы ретінде пайдалануға болады. Соцғы жылдары мақтаның сабағы мен    қауашағынан   тиісті өңдеуден    өңкізгеннен    кейін техникалық спирт, көмір және сірке суы қьшқылдарын, жіп және арқан әзірлеп шығаратын болды.

Мақта жапырақтарынан лимон, басқа да органикалық қышқылдар даярланады. 

ІІІ Зерттеу бөлімі

 Мақта майын адсорбциялық әдісімен ағарту

Нарықтық эканомика заңы бойынша, май өндіріс саласында да сұраныс талаптарына жауап бере алатын, ұсынысы бар кәсіпорындар ғана өз тауарларын сата алады. Қазіргі кезенде біздің республикамыздың өсімдік майлар сауда алаңында 83% сұранысты қамтамасыз ететін шетел майларын отандық өсімдік май өнімдерін артта қалдыруда. Сондықтан отандық май өнімдерінің бәсекелестікке тойтарыс бере алуы үшін майдың тауарлы көрінісі мен сапасына себепші болатын адсорбциялық ағарту, гезодорация, гидрогенизатция сияқты процестердің толық орындалуына, сонымен қатар оларды жетілдіру жолдарын іздестіруде май зауттары белсенді жұмыс атқару қажет.

Өңдірілген шикі мақта майы басқа өсімдік майларына қарағанда қара түсті болып келеді, мұның себебі құрамында улы госсиполдың болуы. Сондықтан мақта майын стандартты сілтілік рафинацимен толық тазалап шығару үшін сілтіні көп мөлшерде жұмсау қажет, ал бұл болса сабынның белгіленген мөлшерден көп түзілуіне әкеп соғады да, тазаланған май шығымын бәсеңдетеді. Тағам ретінде пайдаланатын 1-ші сапа дәрежедегі мақта майларының түсі 7 қызыл бірлікке жақын болуы қажет, ал сілтілік рафинациядан шыққан майдың түсі 19 қызыл бірлікке, сондықтан майдың сапасын жақсарту мақсатында ағарту процесін май өңдеу технология тізбегіне енгізу дұрыс болып келеді.

Мақта майын адсорбция әдісімен ағарту процесінің негізгі мақсаты, майдың құрамындағы сілтілік рафинациядан соң тұрақты эмульсия қалпында қалыптасқан мөлшері 3-4% жететін келесі заттардан тазалау болып саналады:

■ майдың қышқылдануына себеп болатын, бос қышқыл майлар қалдықтарынан тазалау;

■ сілтілік рафинация барысында түзілген фосфатид қалдықтарынан тазалау;

■ майдың түсі қара болуына себепті бояғыш заттармен госсиполдан тазалау.

Майларды табиғи адсорбенттермен ағарту процесіне көптеген зерттеу-ғылыми жұмыстар арналған, бірақ әлі де болса теориялық тұрғыдан негізделген қорытынды қойылмаған. Зерттеулердің көпшілігінде табиғи минералды балшықтарымен пигменті заттарды адсорбциялау механизімінің және ағартылған майдың сапасының өзгеруінің табиғатын ашатын маңызды теориялық мәселелер аз қозғалған.

Оңтүстік   Қазақстанның    Оңтүстік бөлігіндегі балшықтарды мақта майын ағартуда пайдалану туралы

Егерде өсімдік майларын адсорбциялау мақсатында пайдаланған адсорбенттер тарихына шолу жасасақ, бірінші рет осыдан 200 жылдан астам бұрын табиғи балшықтар пайдаланылғандығы анықталады, кейінірек минералды балшықтардың арасында адсорбциялық қасиетімен ерекшелігі және оларды эффективті адсорбенттер ретінде әр-түрлі салада пайдалануға болатындығы ғылыми дәлелденген. Майды ағарту процесінде, адсорбент ретінде қолданылатын бентонит балшықтарының, басқа адсорбенттерден ерекшелігі, оның құрамындағы жоғары адсорбциялық қасиетіне ие, 60-70% кем емес монтмориллонит тобына жататын минералдардың болуына байланысты. Қазіргі кезеңде бүткіл әлем сауда алаңыңда сатылатын адсорбенттерді бірнеше топқа бөлуге болады. Біріншісіне жоғары сапалы орташа есептелген бағасы 850-900 $/тн европалық адсорбенттерді жатқызуға болады. Екінші түр адсорбенттер ол-“Оил драит” минералды балшықтарды өңдіру және өңдеумен айналысатын АҚШ фирмасының тауары бағасы 650-700$/тн.

Үшінші түрі ол-май жоғалымын көбейтетін майсыйымдылық көрсеткіші біршама жоғары ағарту дәрежесі европалықтардікінен 2-3 есе төмен, бағасы 40-50$/тн ресейлік адсорбенттер. Өсімдік майларына адсорбциялық әдісімен пигменті және басқа да заттардан тазалау техналогиясы, әлемде май өндіріс саласында жетекші орындарға ие пигментті заттардан адсорбциялау мәселесіне арналған басқа теориялардан үстем әрі мағыналы. Сонымен мақта майының каротин молекуласы адсорбенттің базалық кеңестерінде орналасады. Майдың құрамындағы пигментті заттарды адсорбциялау процесін зерттеуде әлі де бір негізделген дәлелденген заңдылық қойылмаған.

Мақта майының адсорбциялау процесінің механизімі туралы

Майларды адсорбциялау процесінің механизімінің табиғатын толық сипаттап ашатын теориялар жоқ, бар болса да кемшіліктері көп  және бір-біріне деген қарама-қайшылықтары жеткілікті болып келеді. Зерттеу мәселесін қарастыра отырып, тәжрибелік мәлеметтермен дәлелденген жетекші бірнеше ғалымдардың көз қарасына кеңірек тоқтайық. Мысалға М.Л.Благодаровтың пікірі бойынша бентонит балшықтарының химиялық құрлысы, оның адсорбциялық және ағарту қасиеті арасында ешқандай байланысы жоқ. Адсорбциялық процестің жүруі ол адсорбцияланатын заттың физикалық құрлысына байланысты деп тұжырымдаған. Сонымен бұл физикалық теорияны қолдайтын ғалымдар ағарту процесі молекулалар арасындағы тартылыс күшінің нәтижесінде, Фрейндлих заңына   сәйкестіреді:

n

А=КС

бұл жерде А-адсорбцияланған заттың мөлшері.

С-адсорбцияланатын заттың тепе-теңдік кезіндегі қоюлығы.

К және n-тұрақтылар.

Мақта майын ағарту процесін орындау барысында ең, бірінші зерттеуге алынған мақта майдың физико-химиялық бастапқы көрсеткіштерін анықтаған жөн. Себебі ағарту кезінде бұл көрсеткіштердің өзгеруі ықтимал негізінен пигменттік құрамасының өзгеруінен тыс жүретін және майдың қышқылдануына әкелетін реакциялардан Г.П.Кеглер ағартудан соң майдың қышқылдық санының өсуіне зерттеулерінің нәтижелері бойынша қышқылдың саны негізінен жандандырылғанда адсорбенттің құрамында қышқыл іздерінің болуымен байлансты. Шынында да жандандыру кезінде адсорбенттің кристалдық торы біршама қышқылдың әсерінен өзгеріске ұшырап бос валенттік түзеді және қышқыл оларды қанағаттандыруға асығады. Сондықтан ағартуда қолданылатын адсорбент бастапқы қышқылдық пен келеді және майдың қышқылдық санының ағартудан соң өзгеруін бақылау өте маңызды. С.Ф.Быков пен Ф.Д.Овчаренко бентонит балшықтарын бірнеше қышқылдармен жандандыруын зертеу барысында сірке қышқылы мен өңделген бентонит жоғары адсорбциялық қасиеттерді көрсеткен, сондықтан бізде балшықтарды сірке қышқылын басқалармен салыстыра ең эффективті болғандықтан таңдадық.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!