Мұқағали Мақатаев

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») 1963-1965, «Жұлдыз» (1965-1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973) қызмет атқарады.

Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.

Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.

Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер тындыра алды. Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Біртуар дара дарын Мұқағали Мақатаевтың қаламынан туған қанатты жырлар халқымен бірге мәңгі жасай бермек.

Мұқағалимәңгілік жыр

ХХІ-ғасырдың төл перзенті және қазақ поэзиясындағы творчествосы күрделі нар ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев.

Бүгінгі таңда Мұқағалидың поэзиясы адамның жансарайын жаңғыртып, ой-санасын сәулелендіріп, болмыс-бітімін жаңаша жасандыра, жарқырата түсетін нақты рухани күшке айналып отыр.

М.Мақатаев қай өлеңінде, қай дастанында болсын ел алдында еркін сөйлеп, емірене еркелеп, тосылмай толғап, жан сырын жайып салатын жомарт ақын.

Қазақ халқы өзінің бар арман-мақсатын, мұң-қайғысын, үміт-тілегін Мұқағали мұрасы арқылы жалғанның жарығына жария етті. Оның өлеңдеріндегі образ — кілт сөздің қайталанып келуі музыкалық өрнектің де міндетін атқарғанын, кейіннен ақын жырларына жазылған әуен-саздарынан байқалады.

М.Мақатаев бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақыны. Ақын жүрегін жарып шыққан ойлы жырлар кім-кімнің де көңіл пернесін дөп басып, жанына майдай жағып, сыр бөлісуге шақырып тұруы қандай ғажап. Жырларының бағасын, құдіретін ақынның өзінен асырып айта алмаспыз.

Мұқағали өзінің туған жері «Қарасазды» былай жырлаған еді:

Мен туған жер-Қарасаз, баурайдағы,
Жалғанда жер біткеннің бал қаймағы.
Есім кетіп жүргенде ес білдірген,
Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы.
Бақытым ғой «Қарасаз» келіп, қонған,
Кисем-киім, ішсем-ас, көлік болған,
Мендей ұлдың осы жер мыңын туып,
Әлі күнге мыңына жерік болған.

Иә, өлең үшін өмірімен де, кеудесі өр, көңілі көр кейбір «пенделермен де» күресіп өткен ғажайып ақынның қай қырын айтып тауысарсың. Мұқағали туралы ойлағанда оның еркелігі, Қарасаздың Қарасуындай мөлдірлігі, қазақ даласындай жомарттығы, баладай сенгіштігі, әсіресе өзінен кішілер алдындағы инабат-ізеті алдымен есіңе түсіп, жан-жүрегіңді елжіретеді.

Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. Сол шындықты шын жүректен түсінсек тек қана тарлан талант, жыр жампозы Мақатаевтың ұлттық мақтанышымыз екенін мойындаймыз. Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметтің, берілмеген сый-сияпаттың орынын толтырудың бір жолы, бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу.

Туған халқының арман-мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанының жыршысы болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екінші өмірі-мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр. Өлмес өнері — өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы анық.

Міне, 2006 жылы Мұқағали Мақатаевтың 75 жасқа толуына орай, Ақтөбе облыстық Сақтаған Бәйішев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының ғылыми-әдістемелік бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мұқағали-мәңгілік жыр» — атты «ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК» облыстық байқауы өткізілді. Облыстық байқаудың мақсаты — мыңдаған оқырман қауымға өздері өлеңдерін сүйіп тыңдайтын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен творчествосын ашып көрсету, кең жариялылықпен жарнамалау,

ақын өлеңдері арқылы жыр сүйер оқырман жастарды туған жерге деген сүйіспеншілікке, ұлтжандыққа, өмір шындығы, ақиқатқа тәрбиелеу, кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық мәртебесін арттыру, көпшілік шаралардың түрлерін ұйымдастыру.

Үстіміздегі 2006 жылдың 1 наурызы мен 10 қазаны аралығында облыс кітапханалары арасында қазақ поэзиясының тарланы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 75 жылдық мерейтойы аясында «Мұқағали мәңгілік жыр» атты үздік әдістемелік жұмысы облыстық байқауы жарияланып, қорытындысы шығарылды. Облыстық байқауға 15 әдістемелік ұсынылды.

Сәлем Ғабит! Сен Мұқағали жайлы не білгің келеді? Мен саған бұл ақынның бір өлеңін жазып жіберейін.

Пай, пай, Өмір!

Пай, пай, өтір!
Өтесің-ау бір күні.
Тиясың-ау қуанышты клкіні.
Өмір деген- бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген -көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні!

Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ау, әй, кетеміз… пендеміз.
Ұрпақтарғабереміз де кезекті,
Біз кетеміз. Кету үшін келгенбіз.

Өмір-деген бұйым емес қолдағы,
Өмір-дейтін ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталғанда кезінде
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.

Мына күн де, мына аспан да, дала анау,
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір-дейтін- өлемін деп қарамау.

Махаббат па?

Өлеңді жазған: Мұқағали Мақатаев

…Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да,түсірдіғой торға мені.

Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге,
Ал кәзір тоңған жүрек,солған кеуде.

Ғашықтық па?
Ғашық та бола білгем.
Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен,
Жанымменен сүйемін,жанарыммен.

Сағыныш па?
Қалай оны тауыса аламын.
Сағынғанмын,шөлдегем,
Ақыры шаршағаным,шаршағаным.

Сүйгенім бе?
Сүйгенім өмірде емес
Ұйықтасам,түнде түсім,көңілде елес,
Өлгенше кетер емес көңілден еш…