Ландшафты зерттеу

Табиғатта шындарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтармен, түгін тартса, майы шыққан құнарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткісіз ормандар құм-шағылды шөлейттермен алмасып жатады. Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әр түрлі географиялық кешендер деп аталады. Бұлардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінен зат пен энергия алмасуы арқылы біртұтас жүйе құрылады. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқаның өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жергілікті жағдайға байланысты әр түкпірде әрқилы территориялық табиғат кешендері түзіледі.

Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді.

Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы В. В. Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Ол территориялардың табиғат жағдайларын зерттеуге кешендік принцип қолданды. Табиғи процестерді меңгеру үшін табиғаттың жеке бөлігін емес, тұтас бірлігін тани білу керек деп көрсетті. Ғалым табиғаттың геогендік және биогендік құрамдас бөліктерінің арақатынасы мен өзара әрекеттесу заңдылықтарын ашатын ғылымның керектігін ұғынды. Табиғат зоналары туралы 1898—1900 жылдары жазған көптеген мақалалары осы ғылымға негіз қалады.

Бұдан кейінгі кезде «ландшафт» ұғымын Л.С.Бергтің еңбектерінен кездестіреміз. Л.С.Берг ландшафтыға кең мағына берді. Ол географиялық кешендердің белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін де (батпақ, құмды шағыл, шыршалы орман, т.б.) немесе нақтылы бір территориямен шектелетін аймақгарын да (Сарыарқа, Бетпақдала, т.б.) ландшафт ден ұқты. Оның бұл тұжырымдары кейін ландшафт туралы теорияның дамуына негіз болды. Сөйтіп, XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап ландшафтыны типологиялық және аймақтық мағынада ұғыну география ғылымына берік енді.

Ландшафтыны территориялық кешендердің типі деп санаушылар жаратылысы бір текті, бірақ құрылымдық бөліктері әр түрлі болатын жер бөліктерін бір ландшафт түріне немесе территориялар типіне жатқызады. Мысалы, көк терек аралас қайыңды орман шоқтары өскен далалы ойыстар меи қара топырақты жазық жерлердегі астық тұқымдас шөптесінді дала екі түрлі ландшафтыға жіктеледі.

Ландшафтылы аймақты жеке-дара территориялық та-биғат кешені деп санаушылар оны бір-бірімен территориялық жағынан тұтасқан қарапайым табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипаталатын, қайталанбайтын күрделі территориялық жүйе ретінде таныды. Демек, жекелеген ландшафтының геологиялық негізі, жер бедерінің түрі, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, биоценоздары бір-бірімен үйлесім тауып, көршілес жатқандарынан табиғи шекарасы арқылы межеленеді.

Ландшафттану ғылымының дамуы ландшафт картасын жасау ісімен тығыз байланысты. Бұрынғы КСРО-да жаппай ландшафт картасын жасау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Кейіннен ірі, орта, ұсақ масштабты ландшафт картасын жасауға Ленинград, Латвия, Воронеж, Львов, т.б. университеттердің ғалымдары мен Қазақстан ғалымдары атсалысты. Ландшафт картасын жасау мен далалық ландшафт зерттеулерінің қарқынды жүргізілуі, ландніафт іуралы теорияның терең талқылаиуы лаидшафттапу гылымы ауқымының кеңеюіне жолашты.

Қандай ғылымның болсын дамуында ғалымдар арасындағы пікір-таластың, өзекті мәсслелерді ауық-ауық бас қосып, талқылап отырудың маңызы ерекше. Ландшафттанушы ғалымдардын1963 жылы Алматыда өткен Бүкілодақгық кеңесі, 1965 жылы «Таулар мен шөлді аймақтардың ландшафтарын зерттеу» проблемаларыпна арналған аймақтық ғылыми симпозиум және басқа шаралар Қазақстан ландшафты туралы зерттеулердің өріс алуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл орайда қазақстандық зерттеушілерден В.М.Чунахинді, М.Ш.Ишанқұловты, А.В.Чигар-кинді, Г.В.Гельдиеваны, т.б. атауға болады. 70—80-жылдарда

Қазақстандағы мұндай зерттеулер «Ертіс—Қарағанды» каналы мен Іле, Ертіс өзендеріндегі су техникалық кешендер құрылыстарына байланысты жүргізілді.

Ландшафты зерттеу барысында территориялық табиғат кешендерінің түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді түлетіп, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты мәселелер тиянақты сөз етіліп, Қазақстанның ландшафтық географиясы ғылыми жағынан терең және ауқымды қарастырылды. Оқырмандарға ұсынып отырған осы еңбекте де бұл мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталамыз. Ал кітаптың соңғы тарауында республика территориясындағы ландшафтылардың географиялық таралу заңдылықтарын айқындайтып олардың зоналық жүйесі де, аймақтық және биіктік белдеулік жүйесі де сипатталады.

Құрметті оқырмандар! Кітап мазмұны туралы ой-пі-кірлеріңізді, әсіресе байқалған кемшіліктердің орнын то-лықтыруға бағыт сілтейтін ақыл-кеңестеріңізді зор ықыласпен қарсы аламыз.