Спорт алаңдары мен ойын алаңдарын жабдықтау

Спорт алаңдарының сипаты анықтағанда оның ойын және құрылыс өлшемдерін білу қажет. Ойын өлшемдері ойын ережелері арқылы тағайындалады. Құрлыс өлшемдері ойын өлшеміне гөрі қауіпсіздік аймағының көлемі жағынан үлкен болып келеді. 1- кестеде спорт алаңдарының негізгі өлшемдері мен есептік бір уақытқа жіберу қаблеті берілген.

Ойын алаңдары жеке және бөгеттер арқылы бөлініп орналасуы мүмкін. Мысалы алаңның бір немесе бірнеше спорт түріне арналып бөлінуі тәжірибеден өтті. Қажет болған жағдайда белгілері бар құрамалы алаңдарды әр ойынға арнап және ауыспалы жабдықпен орнатуға болады. Алаңды кесіп өту сызығының бағдары күн ойын барысында жанынан (қапталдан, оның ортаңғы сызығына жақын) түсетіндей етіп өтеді осыған байланысты кешкі мезгілде пайдалынатын алаңдар меридианды бағдарланады, яғни, олардың кесіп өту сызығы солтүстіктен оңтүстікке 15 ° — тай ғана ауытқып орналасады. Игеріп бірнеше алаңды бірғана спорт ойыны түріне арнап орналастыру қажет болса, онда оның үш тен бір бөлігін ғана экваторлы бағдармен орнатуға болады.

Көп қабатты үйлер бар аудандарда алаңдарды түгелдей үйлердің шығыс жағына салып, экваторды бағдарлайды. Бұлай бағдарлағанда күн ойынға кешкі мезгілде де, күндіз де кедергі келтірмейді.

Спорт түрлерінен спорт алаңдары Спорт алаңдарының мөлшері (метр) Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын алаңдарының мөлшері Бір уақыттағы есептік жіберу қасиеті
Ойындық құрлыстық
Ұзындығы Ені Ұзындығы Ені Ұзындығы Ені
Бадминтон 13,4 6,1 15 8 12 5 2-8
Баскетбол 26 14 31 18 24 10 10-24
Волейбол 18 9 24 15 15 7,5 12-24
Қол добы (7:7) 40 20 44 23 36 18 14-22
Тенис     40 20 36 18 2-8
Үстел тенис 2,74 1,525 8 4,5 2,5 1,2 4-8

Алаңды жоспарлау.

Волейбол және тенис алаңдарының беткі қабатын жоспарлауда ортанғы сызықтан беткі сызыққа қиғаштап жасаған дұрыс. Баскетбол алаңы мен қол добы алаңдарындағы қиғаш ылдиды орталық кесіп өту сызығынан қатпал сызығына екі скатьқа жасаған жөн. Алайда алаңның орналасуы, жергілікті жер ерекшелігіне байланысты кешеннің басты құрлысының орналасуына (егер алаң оның құрамында болса) қарай тік жоспарлау өзгеруі мүмкін.

Волейбол. Волейбол алаңы ұстанаға керілген тормен жабдықталады ол шешіліп алынады. Ұстындар қаптал сызығынан 0,5 метр қашықтықта орналасады.

 
 
 
 

9 метр

18 метр

Баскетбол. Баскетбол алаңы ұстынға шеңбері бар, мөлшері 1,80х1,20 метр екі қалқанмен жабдықталады. Қлқандар ағаш немесе қалың шыныдан жасалады. Ағаш щиталарды ақ түспен сырлайды.

 

 

 

Футбол алаңы.

Футбол алаңы деп тік төртбұрышты беті тегіс, ойын алаңы және оны қоршаған басқа заттардан бос аймақ, яғни ойын қауісіздігі аймағы орналасқан алаңды айтамыз.

Футбол алаңының сиаты мен бағдары.

Жүргізілетін жарыс ережелеріне сай халықаралық және бүкілодақтық дәрежедегі ойындарды өткізуге арналған футбол алаңдарының ұзындығы 100-ден 110 метрге дейін, ені 64-тен 75 метірге дейін болуы қажет. КСРО-дағы спорт ядросының типтік жобасы ретінде 69х104 метр мөлшерлі алаң қарастырылған. Осындай алаңдар біздің елімізде кең таралған

Футбол алаңдарын пайдалану және оны күтіп баптау.

Футбол алаңының шөптерін күту бір деңгейлі ұйысқан тығыз шөп жамылғы мен серпімді әрі мықты сазды баптауға бағытталған жұмыстардан тұрады.

Беткі қабатты тегістеу зақымдалған сазды бөліктерді өңдеп, төмендегінің тегістеумен жасалады. Футбол алаңы суару қара топырақтың сіңіру мөлшері арқылы яғни, ол 10-15 см тереңділікке дейін су ішкенше жүргізіледі. Ойын алдында топырақ құрғақ болуы тиіс. Футбол алаңын ойын басталардан 1-25 күн бұрын суарған дұрыс кешке немесе түнде суарған пайдалы.

Шөпті ору шөптің тегістегін қамту мақсатында жүргізіледі және қалыңдауына жағдай жасайды шөбін қырыққаннан кейін көкалды суарып, миниралды тыңайтқыштар сепкен дұрыс. Қырқу арасындағы уақыт көктемде 7-10 күн жазда 3-4 күн күзде 8-12 күн көк алды ерте қырқуға болмайды. Қырққанда шөптің биіктігін 6 см ден төмендетуге болмайды.

Тік жоспарлау бойынша жұмыс жасағанда жер тегістеу жұмыстарының картограммасын құрып алу қажет, ол үлкен жерді 2х2 немесе 2х3 метр мөлшерде квадраттарға бөліп содан кейін себу биіктігін немесе құм төгу тереңдігін әр бөлшегіне белгі қағылады. Осы белгілердің, деңгейдің, қазықтың және жіптің көмегімен құм себу, толтыру тереңдігін дәл өлшеп, қазықтарға белгі салу қажет және осылар арқылы жұмыс жүргізуге болады.

Алаң жамылғысының құрлымы.

Ойын алаңдарының құрлымы мынадай болуы шарт:

  1. Тегіс, тығыз, доп жақсы ұшатындай серпімді, ылғалды тез сіңіретіндей су өткізгіш.
  2. Ауа райы тұрақты
  3. Үнемді.

Табиғи топырақ жамылғысын орнату. Табиғи топырақ жамылғысын төгуде топырақты алаңның бүкіл беткі қабаты бойынша 10-15 см піспіктеп шығады. Одан кейін оны керексіз заттардан тазартады (тас, түбір, т.б) оған ағаш жақтауға керілген торды пайдаланады (тесіктері 6х6 мм.) Тазартылғаннан кейін топырақ алаңның қиғаш ылди, жергілікті жер ерекшелігі және оның басқа құрлыстары мен орналасу жобасына қарай қатпал және беткі сызықтары бойымен дренаж арықтары орнатады. Арықтар 30 см тереңдікте және жер ерекшелігінің табиғи қиғаштығына сәйкес жағына қарай 0, 001 ылдилап орналасады.