Өзін-өзі тану кіріспе

Аталмыш курс «Бөбек» ҰҒПББСО адамгершілік-рухани даму жобасының шеңберінде «Білім беру» тобының мамандықтары үшін құрыстырылып, сана сезімнің, өзін-өзі тану және өзін-өзі реттеу қабілеттерінің дамуын болжайтын жеке-дара даму жүйесін анықтайды.

Курс жоғарғы рухани ақиқатпен тікелей байланысты бастапқы құндылық ретінде «Адам жаны» феноменінің шартсыз мойындалуына негізделеді.

«Өзін-өзі тану» курсын оқытудың қағидалары:

  • тұлғалық белсенділікке ынталандыру қағидасы. Адамның жан дүниесінің дамуына жүгіну курстың басты қағидасы болып табылады. Адамның жаны — үйлесімді құрылған және мейірімнің, қайырымдылықтың, биязылықтың, жанашырлықтың, сүйіспеншіліктің нұрын төккен бастапқы құндылық.
  • «Зиян келтірме!» талабы ретінде анықталуы мүмкін гуманизм және педагогикалық оптимизм қағидасы. Тұлға өзіне тілектестікті, назарды, қамқорлықты талап етеді, сондықтан оқытушы оның жағымды негізіне, нәтижеге бағдарланып, рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал етуі тиіс.
  • Психиканың, сананың және іс-әрекеттің даму қағидасы. Тұлғаның барлық психикалық ерекшеліктері қалыптасу процесінде болғандықтан, дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет дамудың негізгі шарты болып табылады деп тұжырымдайтын Л.С.Выготскийдің және оның мектебінің бағытымен негізделген. Сана бұл – жүйе, таным негізі. Ойлау тұлға санасының орталығында орналасқан, қалған барлық психикалық процестер санадағы басым қызметтің ықпалында дамиды;
  • Кешенділік, жүйелілік қағидасы тұлғаның бірізді және біртұтас зерттелуіне бағарланады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының шеңберіндегі оқыту тұлғаның жеке-дара өлшемдерінің дамуына ғана емес, сонымен қатар дамудың жалпы құрылымындағы тұтастай дамудың барысын болжауға да бағытталады.
  • Детерминизм қағидасы тұлға психикасының барлық көріністерінің тұлғаның оңтайлы әлеуетін жүзеге асыру үшін жағымды жағдай жасай отырып, мінез-құлқын, іс-әрекетін түсіндіру үшін анықталуы және түсіндірілуі тиіс бірқатар себептермен өзара байланысқан және өзара міндеттелген;
  • Л.С. Выготский негіздеген және Д.Б. Элькониннің, В.В. Давыдовтың және т.б. зерттеулерінде жалғасын тапқан дамытпалы оқыту және тәрбиелеу қағидасы. Жағдайдың мәні оқыту мен дамытудың арақатынасында анықталады. Оқыту дамудың алдында жүріп, жақын даму аймағына, яғни әрбір жас ерекшелік кезеңнің психологиялық жаңа құрылымдарын ескере келе, тұлғаның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс;
  • жеке-дара және тұлғалық тұрғы қағидасы әр тұлғаның өзіне тән даму жолы болып, олардың әрқайсысы еркін де қайталанбайтын дамудың бір жолымен өтетіндігін тұжырымдауға мүмкіндік беретін психикалық дамудың жалпы онтогенетикалық заңының бар екендігін білдіреді. Ол Л.С Выготский және оның мектебінің, К. Бюллер мектебінің. В. Штерннің, Ж. Пиаженің және т.б. зерттеулерімен дәлелденді;
  • тілектестік, өзара көмектесу және ынтымақтастық ахуалын құруға негізделген оңтайлылық қағидасы;
  • жоғарғы құндылықтар: мейірім, жан тазалығы, денсаулық, тұлғаның ішкі жан дүниесінің байлығы, өмір мәнінің арасындағы байланысты орнататын руханилық қағидасы;
  • адамның қиын-қыстау жағдайлардың өзінде өзінің өмірлік ұстанымдарына және құнды бағдарларына берік болып, өмірлік стратегиясын сақтап қалу қабілетін сипаттайтын тұлғаның біртұтастылығы қағидасы;
  • шығармашылық мүмкіндіктердің, өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру қабілеттерінің іске қосылуын алдын ала жоспарлайтын тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы қағидасы;
  • объективтілік және ғылымилық қағидасы тұлғаның дербес заңдылықтарында кемелденген даму мүмкіндіктерін ашуды, даму психологиясы тұрғысында тұлға психикасының даму заңдылықтарын түсінуді болжайды;
  • отбасылық-орталықтанған тұрғы бізді тұлғаның дамуын бағалауда жоғары оқу орындарындағы педагогтар мен отбасының өзара әрекеттестігіне, «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыруда тікелей отбасының қатыстырылуына бағыттайды;

Пән мазмұнының қисынды құрылымы келесі жағдайларға негізделе отырып, анықталады:

  • адамзатқа ортақ құндылықтардың жүйесі;
  • тұлғаның оңтайлы қасиеттерін;
  • қалыптасқан мәдениет пен қарым-қатынастың құндылығы;
  • педагогтың гуманистік бағыты.

«Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының әдіснамалық негізі: рухани-адамгершілік тәрбие процесі туралы философиялық көзқарастар, тұлға қалыптасуының психологиялық негіздері, дәстүрлі этнопедагогика және қазіргі заманғы педагогика. Руханилықтың артықшылығы оқыту мазмұнының, әдіс-тәсілдерінің таңдауын анықтайды.

Адам субъективтілігінің, даралығының қалыптасуы, яғни жоғарғы деңгейдегі ақиқаттың таным жолына бет алып, соған сәйкес өзінің өмірлік жолын анықтайтын тұлға «Өзін-өзі тану» курсының өзекті мәселесі болып табылады. Аталмыш ұстанымдар мәдени-тарихи дамудың тұжырымдамалы теорияларында, тұлғалық-іс-әрекеттік тұрғыда, психиканың жүйелі түсінігінде, сана сезімнің және тұтастай тұлғаның біртұтас дамуында сипатталады.