Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні

Құқық – қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Сонымен бірге, құқық азаматтардың бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап және оларды жүзеге асыруда заң жүзінде кепілдікті қамтамассыз етеді.

Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс- әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтан да осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек ету және т.б. әрекеттерге бару үшін, оларды білу әрбір азаматтың борышы, міндеті.

Олай болса, оқушы жастарға құқықтық білім беріп, олардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:

  1. Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу.
  2. Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға жаттықтыру.
  3. Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға мемлекет, мемлекеттік құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан – жақты білімдерді меңгерту.

Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықытық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Міне, осы қарапайым құқықтық нормалар төменгі сыныптан бастап жоғарғы сыныптарға дейін оқу-тәрбие процесінің барлық құрылымында түсіндіруден, білім беруден, оқытудан басталады.

  1. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе – бүгінгі таңдағы елімізді қайта құру кезеңінде парламетте қабылданып жатқан заңдарды таныстыру, олардың қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана – сезімдерін және қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерін тәрбиелеу.
  2. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға тәрбиелеу. Демек, құқықтық тәрбие арқылы оқушыларды күнделікті өмірде өздерінің жүріс-тұрысына басшылық жасауына дайындауы тиіс. Еліміздің өндіріс құралдары мен қорын қоғамдық меншік ретінде көздің қарашағындай сақтап, Отанымыздың қуатын арттырып, халықтық әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге талпынатын талапкерді тәрбиелеу.
  3. Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын жан болу керек. Ата – заңның 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп атап көрсетілген. Олай болса, адам баласы Қазақстан Республикасының азаматы болған жерде бір- біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысуы тиіс. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті –жас өспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әр түрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.
  4. Жоғарыда аталған міндеттер (талаптар), біріншіден, мектеп практикасында іске асырылған жағдайда ғана құқықтық тәрбие дұрыс жолға қойылды деп атауға болады.

Сонымен қатар, екіншіден, жалпы білім беретін мектеп әлеуметтік мекемелердің бірі ретінде оқушыларға заман талабына сай, лайықты құқықтық білім беру, олардың құқықтық сана – сезімін қалыптастыруда шынайы ағартушылық орны болған жағдайда ғана іс жүзіне асады. Себебі, балалардың мектепте оқитын шағы – адамның сана сезімінің қалыптасуының ең бір нәтижелі кезеңі. Сондықтан, мектеп оқушыға алғашқы күннен бастап қоғамның қатаң және шүбәсіз талаптарын қойып, оны лайықты мінез-құлық ережелерімен ұштастыру қажет.

Бұл жұмыс қоғамдық сананың қол жеткен табыстарын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-саналарының дәрежесін т.б. жағдайларды ескеріп жүргізілуі керек.

Қазіргі жағдайда жас ұрпақтардың сана – сезіміне, әрекет-қылығына әсер ететін жағдайлар сан алуан. Сондықтан да, құқықтық тәрбие жұмысын жүргізгенде оның түрлерін, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру жолдарын алдын-ала анықтап, белгілеп алу қажет.

Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, тек қана құқықтық тәрбие жұмысы арқылы ғана жүзеге асырылмайды. Мектепте күнделікті жүріп жатқан барлық оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру жұмысының да тікелей немесе жанамалап қатысы бар.

ә) Мектеп жасындағы жастардың құқық нормаларын бұзу факторлары

Балалардың мінез-құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайы боп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман жақсы қасиеттерінің негізгісі отбасынана қалыптасады. Сондықтан да балалардың өнеге алып үлгі тұтары – ең алдымен өздерінің ата – аналары.

Жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. Әке, шеше және отбасының басқа да мүшелері жеткіншектерге тек сөз арқылы ғана емес, жеке бастарының өнегесімен, іс-әрекеттерінің үлгісімен де ықпал жасайды.

А.С. Макаренко сөзімен айтқанда, тәлім-тәрбие кең түрде алғанда әлеуметтік процесс. Адамдар да, заттар да тәрбиелейді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата – аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан-жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысты жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.

Кейде отбасының көп жыл бойы балаға жасаған ықпалы, оны қоршаған ортаның жағымды әсерінен басым түсуі әбден ықтимал. Сондықтан, отбасы тәрбиесіне теріс ықпал ететін жағдай жеткіншектің бойында ұнамсыз қасиеттердің болуына, қоғамға жат ой –пиғылдардың қалыптасуына әсер ететін басты себептердің бірі болып табылады.

Атап айтсақ, солардың ішінде оқушылардың ішімдік пен нашақорлыққа құмар болуы.

Балалардың ата қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді. Ал, жастардың қай –қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол-бала көргенін істеп, ішкілікке бой ұрады.

Ата – аналар және басқада ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жанжал, төбелес болғандыұтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес бола бастайды.

Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді. Демек мұндай ата – аналар өз балаларын өнер-білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.

Үшіншіден, ата – ананың немесе сол отбасындағы қайсібір мүшелерінің ұнамсыз әрекеттері де баланың бұзылуына әсерін тигізеді.

Кейбір балалардың ерік-жігері әлсіз болып келеді. Олар ойланбай әрекет жасауға, зиянды ықпалға оңай берілуге оңтайлы болады. Баланың мұндай жігерсіздігі мен еркінің бостығы, оның келеңсіз оқиғаларға тап болуына әсерін тигізеді.

Елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы отбасындағы күнкөріс, тіршілік ету жағдайында өз ықпалын тигізеді. Ол өз алдына отбасында қаржы тапшылығына әкеп соғады. Сондықтан да, отбасындағы жетіспеушілік балалардың оқуға бармай, дала кезіп, ұрлық жасап, кісі тонау секілді қоғамға жат қылықтармен айналасуына әкеп соғады.

Мектеп өмірінде мінез-құлқы күдік келтіретін «қиын» деген балалардың барлығы бәрімізге аян. Қоғам, мемлекет ұйымдары, жұртшылық боп «қиын» балалардың тағдырына ерекше көңіл аударды. Соған қарамастан олардың саны жылдан жылға азаймай келеді.

«Қиын» балаларға тән қасиет сабаққа кешігіп келу немесе мектептен кетіп қалу, өзінен әлсіздерді жәбірлеу, үлкендерді сыйламау, дөрекілік мінез көрсету. әдетте мұндай оқушылар бір сыныпта екі жыл отырады. Көбінің оқығысы келмейді. Себебі, оқуға ықыластары азайған, қоғамдық белсенділігі төмендеген. Мұндай балалар өзінен басқа жолдастарын да қоғамдық тәртіпті бұзуға немесе басқадай іспен айналысуға мұрындық болуға ыңғайлы келеді. Тіпті өз қатарларына жәгерсіз балаларды тартып әкету икемділіктері де басым болады.

Оқушылардырдың құқықтық білімдері мен тәрбиесінің жеткіліксіз болуына бір жағдайда мектеп те кінәлі. Оқушылардың отбасындағы жағдайын жете білмегендіктен, оның жағымсыз әрекетіне қажетті тойтарыс бере алмайды. Оған қосымша сол «қиын» деген балалармен тәрбие жұмысын жүргізуде елеулі кемшіліктер баршылық. Бола тұра, оларға жете көңіл бөлмейді. Олардың жүретін ортасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, мүддесін зерттемейді. Сыныптан және мектептен тыс қоғамдық жұмыстарға тартпайды.

Мектепте де баланың жеке басын сыйламау, өктемшілік көрсете беру баршылық. Мектеп мұғалімдері мен қиын балалардың қарым-қатынастары «ақыл» айтумен, ұрысу, арожданына тию тәрізді педагогикаға жат әрекеттермен сипатталады. Сондықтан да, отбасында мектепте жіберілген кемшіліктер жинақтала келе қоғамдағы келеңсіз жағдайларен ұштастырып, тәртібі нашар немесе қиын балалардың одан әрі қоғамдық тәртіпті бұзуына түрткі болды.

Мектепте құқықтық насихат жұмыстарын жүргізудің кешенді жүйесінің қамтамасыз етілмеуі, оқушылар Жарғысы мен мектеп ережелерінің өз дәрежесінде орындалмауы секілді мәселелерде құқықтық тәрбие жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыруға кері ықпалын тигізеді.

б) Мектепте жүргізілетін құқықтық тәрбие жұмысының жүйесі

Оқущыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық сананың ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдықпен тәрбиешілікті нығайту – мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты.

Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1-ші сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізу қажет. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс-тұрысын, мінез-құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым –қатынасын реттейді.

Тарихтан бізге мәлім Маңу Заңы және ХІІ кесте Заңы, Напалеон кодексі, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» т.с.с. құқық жайында жазылған жазба ескерткіштердің болғаны. Яғни, қай қоғамды алмасақ та, оның өзіне тән құқық қорғау ережелерінің болғаны.

Әсіресе, құқық туындап отырған күрделі мәселені шешуде моральдық нормалардың дәрменсіздігі жағдайында адамдардың қарым – қатынасын реттеуге көмектеседі, көптеген сұрақтарға жауап беріп, сол жағдайдан шығудың жолдарын кқрсетеді. Сондықтан да оны білу, әрбір азаматтың парызы.

Құқықтық тәрбиенің нәтижелі болуы үшін оқушылардың жасын, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың жеке басының қасиеттерін ескеру керек. Сол себептен де құқықтық тәрбие беру жұмысы бірнеше сатыдан тұрады: 1-4 сыныпта; 5-7 сыныпта; 8-9 сыныпта; 10-11 сыныптар аралығында. Сатыдан сатыға көшкенде құқықтық тәрбие күрделеніп, тереңдей береді. Оқушылардың құқықтық сана – сезімін қалыптастыруда бір сатыда қол жеткен табыс келесі сатыда баянды етіліп, молая беруі тиіс.

Тәрбиенің негізі мектептегі оқу болса, оқушыларға оқу пәндерінің құқықтық тәрбие берудегі қызметі айрықша. География, табиғаттану, зоология пәндерін оқытқанда балаларға қоршаған ортаны сақтап, тиімді пайдалануға, қорғауға арналған заңдар туралы мәлімет беруге болады. Ол Ата Заңның 38 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» деп атап көрсетілген.

Тіл туралы ілімді алатын болсақ, оның өзінде де заңға байланысты мәселелердің бар екенін байқаймыз. Заңға сәйкес халыққа білім берудің негізгі принциптерінің бірі -әрбір баланың оқу тілін өз тілімен таңдауы. Бұл ұлттық мәдениетті көркейтіп, халықтар достығын нығайтуға бағытталған заңдық принцип.

Әдебиеттің де құқықтық тәрбие беруде маңызы аз емес.

Тікелей құқықтық тәрбие беру-арнайы жүргізілетін сабақтар, әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Осы жұмысты жүргізуге арналған пәндер «Мемлекет пен құқық негіздері», «Қоғам тану», «Отбасы өмірінің этикасы мен психологиясы».

Заң туралы мәліметтерді оқушылардың құқықты оқу факультативінде де алу мүмкіндігі бар. Бұл факултатив негізінен оқушылардың жоғарғы сыныбтарында ұйымдастырылып, олардың бұрын алған білімдерін толықтыруға септігін тигізеді.

Мектептегі «Құқық» кабинеттерінің де атқарар қызметі ерекше. Осындай кабинеттер құқық бұзушылықтың алдын алудың орталығына айналуы тиіс. Кабинетте әртүрлі заңдар, оларды түсіндіруге арналған кітапшалар, мақалалар, анықтамалар, көрмелер қойылуы қажет. Сонымен бірге құқықтық жұмыстарға қатысты әртарапты жұмыстар да осында жүргізіледі.

Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың да алатын орны ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарға жататын тәрбие берудің жолдары мыналар:

  1. Моральмен құқық мәселелеріне арналаған лекциялар, әңгімелер өткізу;
  2. Сот, әділет, прокуратура, полиция, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;
  3. Құқық мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру;
  4. Құқықтық үйірмелер, білім мектептерін, университеттерді ұйымдастыру;
  5. Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершілік және құқық тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем әдебиеттерді талқылау;
  6. Құқықтық тақырыптарға арналған деректі және көркем фильмдерді талқылау;
  7. 16 жасқа толып, куәлік алған оқушыларды құрметтеп, құттықтау;
  8. Мектептегі құқық сақтау жұмысының хал-жағдайы туралы қабырға газет, бюллетень шығару;
  9. «Жас заңгер» клубын ұйымдастыру;
  10. Ай сайын «құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алудың бірыңғай күндерін» жүргізу.

Бұл жұмыс 1986 жылы Қазақ ССР-і Оқу министрлігінің ұсынысы бойынша барлық мектептерге енгізілген.

Құқықты насихаттау күндерін дайындап, жүргізгенде балалардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн және оны жеке немесе бірнеше сыныпта топтастырып жүргіген ұтымдырақ.

Құқықтық тәрбие беру жүйесінде баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдарының тигізіп отырған ықпалы орасан зор. Мұндай ақпарат көздерінде негізінен елімізде қандай заңдар қабылдануда және олардың ерекшеліктері қандай, соны алып көрсету немесе оларға түсіндірме насихат жұмыстарын жүргізу тиімді болмақ. Сол заңдар өмірде қалай орындалуда, сонымен қатар заң бұзушылық көріністерін, себептерін түсіндіру, алдын – алу жұмыстарын халыққа жеткізу де орасан көмек көрсетіп, құқыұтық сана сезімдерін қалыптастыруда ерекше қызмет атқарады.

Оқушы жастарға құқықтық білім беруде саяси оқу да өз нәтижесін береді. Онда парламентте қабылданған заңдарды оқып үйрену, жастардың арасында қоғамға жат әрекеттердің болу себептеріне талдау жасау секілді жұмыстарды атқарудың маңызын атаған жөн. Кейінгі кезде осы бағытта «Қалқан мен семсер» атты құқықтың білім беру клубтарының жұмысы кеңінен қолдануда. Мұның жұмысында әр тарапты құқық қорғау тақырыптарына арналған дәрістер, әңгімелер, сұрақ-жауап кештері, кездесулер өткізіліп отырады.

Құқықтық тәрбие жүйесіне қатысты жұмыстар мен оның тәсілдерін сапалы түрде оқушы жастардың жас ерекшеліктерін ескере отыра пайдаланған жағдайда ғана оның жұмысы нәтижелі болмақ.

в) Құқық тәрбиесінің адамгершілік және халықтық тәрбиемен байланысы

Оқушы жастарға адамгершілік тұрғысында тәрбие беруде ата – бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегенің мәні зор. Сөз қадірін білетін заманда бір ауыз сөздің ішкі мағынасын жете түсініп, содан өзіне тәлім – тәрбие алған бабаларымыздың қасиетіне бүгінде не жетсін!

«Арақ пен ұйқы кедейліктің төте жолы», «Байлық бір жұттық», «Өнерлі өрге жүзеді», «Ата – анасын сыйлаған адал бала, отырады жұмақтың төрін ала» т.с.с. тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бере отырып, ұрпақтарды адамгершілік пен құқықтық тәрбиеге баулыған. Бірінен екіншісіне үлгі болған. «Әкесін көріп қыз бер де, шешесін көріп қызын ал» деген мақалдың ішінде қанша философиялық ой жатыр.  Осыдан, ұл мен қызды тәрбиелеуде әке-шешесінің міндетінің қоғам алдында қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.

Халық кейінгі кезде «Әкім бол, халқына жақын бол», «Балық басынан шіриді»- деген мақалдарды жиі айтып, қызмет төрінде отырған әкімдер мен шенеуніктерге және халық қалаулыларының адамгершілік қасиеттеріне ерекше назар аударып жүр. Олай болса, ата – бабамыздың үлгісін, жол-жоралғысын еске ала отырып, тарихта өткен хандарды, олардың жарлықтарын, билердің әділ шешімдерін өскелең жас ұрпаққа меңгертудің де мәні зор. Сондықтан, мектеп қабырғасынан өмірге, еңбекке аттанатын жастардың бойында адамгершілік қасиет пен құқықтық мәдениеттің негіздері бірлікте қалыптасуы тиіс.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді халқымыз бекер айтпаған. Бұл тәлімгерлік мақал білім – тәрбие беретін мектеп пен отбасына ортақ қағида. Ол үшін әр отбасы, әр ата – ана құқықтық нормалар туралы ұғымдарды жете түсініп, мемлекеттік заңдарды кұрметтеуі, оларды мүлтіксіз орындап, жауапкершілікпен қарауы, өз балаларын құқықтық мәдениет пен білімді меңгеруге бағыттай отырып, ата – баба тәжірибесін үнемі назарда ұстап тәрбиелеуі тиіс.

Халқымызда 13 жастағы бала отау иесң деп айтады. Ал, қазіргі Қазақстан Респібликасының Ата Заңы бойынша қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. Сондықтан да бала тәрбиесінде ата – ана болсын, мектеп болсын осы кезеңге айрықша зор мән берулері тиіс. Себебі психологиялық зерттеулерде біріншіден, 14-15 жасар оқушылардың ақыл –есі толып, өздерін қоршаған ортаны, өмірді тану мүмкіндіктерінің көлемі кеңейе түсетіндігі, екіншіден, оларда өздерінің жасаған әрбір қылықтарына, әрекеттеріне әлеуметтік тұрғыдан жауапкершіліктерінің артатыны дәлелденген. Соған сәйкес, осы кезеңде оларға құқықтық білім беру жүйесінде құқықтық ұғымдарды, идеяларды, түсініктерді талдап, құқықтық актілердің мазмұнын дұрыс ұғынуға жағдай тудырып отыру арқылы, жеткіншектердің сана – сезімдерін, ой – парасаттарын, құқықтық нормаларын қатаң сақтай білуге, қоғамдық орындарда жүріп- тұру ережелерін қатаң сақтауға, сонымен бірге айналасындағы адамдардың ар-ожданын, адамгершілік сезімдерін қорламауға тәрбиелеу басты назарда болуы шарт.

Заң – қоғамдық пікірге, оның мүшелерінің көзқарасы мен қалауына байланысты туындап, барлық азаматтарды мойындайтын жалпы ережелер жиынтығы.

Негізінде қоғамды адам емес заң билеу керектігін ежелден философтар тұжырымдаған. Сондықтан да заңды білу – замана талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясын жүзеге асыру, ондағы әр бір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімін қалыптастырып, мінез-құлық пен түрлі әрекеттерінде құқықтық нормаларды басшылыққа алу дағдыға айналуы тиіс. Ол үшін:

  1. Оқушыларға жалпы орта білім беру жүйесінде құқықтық білім мен тәрбие беруді жан-жақты тереңдету.
  2. Оқушылардың құқықтық мәдениеті мен адамгершілік тәрбиесін бірлікте қалыптастыру.
  3. Әрбір оқушының осы бағытта жеке сауаттылығын үнемі ынталандырып отыру.
  4. Оларға қылмыстың кез-келген түріне жиіркенішпен қарап, төзбеуге бағыт –бағдар беріп отыру.
  5. Мектепте құқық негіздерінен алған білімдері мен тәжірибелерін практика жүзінде қолдана білуге үйрету қажет.

Осы бағытта жұмыс істеу үшін, жалпы жұртшылық болып қатысып, еліміздің өркениетті құқықтық мемлекеттер қатарына қосылуына әрбір азаматтың қажетті борышы деп ат салысуы тиіс.

г) «Ғасыр індеттері» атты сыныптан тыс сот сабағы

  1. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері, қоғам пәндерінен алған білімдерін анықтау, салауаттылық өмір салтына байланысты алкаголь, темекі шегу, нашақорлық, СПИД-ВИЧ ауруларының адамға, қоғамға тигізетін әсерін заң жүзінде әшкерлеу.
  2. Оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, өзара пікір таластыра білуге дағдыландыру.
  3. Осы құқықтық тәрбие бере отырып, оқушыларымызды адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер, рефераттар, үн қағаздар, қанатты сөздер («Арақ-атаңнан қалған ас емес» т.б.)

Сабақтың түрі: Сот сабақ (дәстүрлі емес)

Сабақтың типі: Білімдерін практикада қолдану сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсаты мен түрімен таныстыру.

ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзінен бастау:

  1. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасына сай «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімдері мен әл-ауқаттары» атты басымдықты басшылыққа ала отырып, спирттік ішімдіктердің, нашақорлықтың, темекінің, СПИД-ң адам мен қоғамға, экологияға тигізер әсерін әшкерлеу. Осы мақсатта сабағымызды ашық деп жариялаймыз.

Хатшы:

  • Сот келе жатыр. Орындарыңыздан тұрыңыздар!

(Сот мүшелері орындарына келіп отырады)

  • Сот процесі ашық.
  • Сот кеңескерін, жәбірленуші, қорғаушы, айыптаушыларды таныстырады.

Айыптаушы:

  • Бүгінгі сот процесінде қаралатын мәселе ХХІ ғасырдың басты індеттеріне айналып бара жатқан темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ ауруы және бұларды таратушы туралы іс қозғалады.
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96 бабы (кісі өлтіру), 102 бабының 1-ші тармағы (жәбір көрушінің адамгершілік қасиеттерін жою арқылы өзіне – өзі қол жұмсауға жеткізу), 103 баптағы (денсаулыққа ауыр түрдегі зиян келтірушілік, еңбек қабілетінен айыру), 178 бап (тонау), 179 бап (қарақшылық) қылмыстық іс қозғалады.

Есірткінің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыс кодексінің 259-бабына (анашаны жасау, тасымалдау, сақтау) сәйкес іс қозғалды.

СПИД-ВИЧ ауруының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 102-121 бабының 3 тармағының 6 пунктіне (ауруды таратушы) сәйкес іс қозғалды.

Темекінің үстінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 174 бабының 1-ші тармағына (қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті бұзушы, денсаулыққа зиян келтіруші) сәйкес іс қозғалуда.

  • Сот алдына жәбір көруші қоғамды, яғни қылмыскерлерге арыз берушіні шақырамыз.

Сот төрағасы:

  • Жәбір көруші – қоғам! Айыпталушы қылмыскерлердің Сізге қарсы іс – әрекеті туралы не айтасыз?

Қоғамдағы экология саласы:

-Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары денсаулыққа зиян келтіріп қоймайды, сонымен экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: -темекідегі никатиннен басқа улы заттар  болады. Олар ауамен араласып, ағзаға зиян келтіреді, атмосфераны ластайды.

Ал, кокоин, марихуана, апиын тәрізді есірті заттардың алқаптарын жою үшін алдындағы үлкен міндетке айналып отыр.

Қоғамдағы мәдениет саласы:

  • Кез – келген мемлекеттік, ұлттық даму дәрежесінің көрсеткішінің бірі – білім мен мәдениет.

Мәдениеттің дамуына зиянын тигізіп отыратындар – арақ, темекі, есірткі. Адамдардың осыған жаңын болуынан кітапхана, мұражай, мәдениет сарайлары бос қалуда. Мен бұларға ұлтты азғырушы деп қараймын. 

Қоғамдағы демография саласы:

  • Дүние жүзінде қандай да болмасың ұлттық дамуына, табиғи өсуіне арақ, темекі есірті, СПИД-ВИЧ кері әсерін тигізуде.

Осыған қатаң жаза бермейінше, дерттің алдын алмайынша болашағымызға балта шабылғаны.

Сот төрағасы:

  • Қорғаушы мына қоғамның қылмыскерлерге таққан айыбымен келісесіз бе?

Қорғаушы:

  • Мен келіспеймін. Себебі толық түсіндіру үшін, айыпкерлердің өздеріне сөз беруді сұраймын.
  • Құрметті сот мүшелері мен өзіме тағылған айыппен толық келіспеймін. Менің қоғамға пайдалы жақтарым бар. Мысалы: мені өндіруші «Бахус» ашық акционерлік қоғамының қоғам мүшелері яғни 1023 адамы жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Мысалы: Еңбекші қазақ ауданында (Алматы облысы) тұрғындарының біразы жүзім шаруашылығымен айналысады. Мен мемлекеттің қазынасына пайда түсірудемін.

Темекі:

  • Мен де әріптесім сияқты, кқптеген адамдарға жұмыс берудемін. Мысалы: Іле ауданының Энергетиктер ауылында темекі комбинаты бар. Темекіні жарнамалауда адамдар пайда көріп отыр.

Есірткі:

-Адамзат ертеден қазірге дейін кейбір дерттерге қарсы мені шипа ретінде пайдалануда.. Мен адамдар тобының баю көздерінің бірімін. Бұрынғы кезде апиынды валюта ретінде қолданғаны мәлім. (ұлттық төлем құралы).

СПИД-ВИЧ ауруы:

  • Менің жұқпалы вирус екенім де, ХХІ ғасырдың басты дерті екенімде рас. Бірақ, мен өздігімнен таралмаймын. Мені тарайтын-адамдар. Мен сондықтан өзіме тағылған 1 қатар айыптармен келісе алмаймын.

Сот төрағасы:

  • Айыптаушы, қорғаушы – сот процесінде қаралған іске қатысты куәларыныз бар ма? Сот залына келсін!

Айыптаушы:

  • Сот залында: Куәгер Ерденова Нурбала Әбдікерімқызы –Көрген білгеніңізді айтйп беріңіз.

Хатшы:

Куәгердің сот алдында берген мәліметтері тек шындыққа жанасуы керек. Егер мәліметтер жалған болса, Қазақстан Республикасының Қылмыс кодексінің 15 тарауының 352 бабының 1-ші тармағына сай (жалған мәлімет бергені үшін) жалақы мөлшерінде айып тағылатыны және 2 жылға бас бостандығынан айырылатынын ескеріп, танысқаны туралы қол қоятындығын сұрайды.

  • Осы жылдың 23 қаңтарында, түс кезінде 11 ықшам ауданында 14 үйде өрт болды. Мен осы оқиғаның куәсі болдым. Өрттің шығу себебі (БОМЖ) мекен жайы тұрақты емес азаматтың суықтан тонып, (подвалға) төменгі қабатқа кіріп, жылыну маұсатында от жаққан. Сонын салдарынан өрт шыққан. Үй тұрмыстары материалдық, рухани шығындарға ұшырады.

Айыптаушы:

  • Сот залына куәгер Сағымбеков Тимур Нұрланұлы келіңіз!

Куәгер:

  • Осы жылдың 21 қаңтарында Алмалы ауданының Әди Шаріпов пен Құрманғазы көшесінің қиылысында (арақтың қатысы бар оқиға) кешкі сағат 18 да А.Г. Козлов пен А.Г. Гальцевтың тұрғанын байқадым.  Нәтижесінде, Козлов Гальцевқа пышақ салып алыпты. Дәрігер келгенше Гальцев өліп кетті.

Қорғаушы:

  • Кешіріңіз жолдас куәгер арақтың сіз баяндаған оқиғаға қандай қатысы бар екенін баяндасаңыз. Мұны қалай түсіндіресіз.

Куәгер:

  • Мен олардың сөздерінен, қимылдарынан байқадым және олардың қасынан босаған шөлмекпен 2 стақан жатқанын көрдім.

Айыптаушы 21 қаңтар күні Гальцев пен Козловтың арақ ішкендігін дәлелдейтін анықтама тапсырды.

Хатшы:

  • Сот алдында сараптамашы дәрігер Ниязбекова Гүлнұр Кеңесқызы, темекі, арақ, СПИД-ВИЧ-ң адамға әсері туралы маман ретінде не айтасыз?

Сараптамашы дәрігер:

Темекі, никотин, алкаголь, наша түрін, СПИД туралы баяндайды.

Хатшы:

  • Сот алдында психолог маман шақырылады.

Сот төрағасының 2-ші кеңесшісі:

-Психолог Сүйгенбаев Ерлан Ермекұлы темекі, арақ, есірткінің адамның мінез-құлқына әсер етуін баяндап берсеңіз.

Психолог:

  • Мектеп жасындағы балалар темекі, арақ ішетін балалар, мектепте ешқандай қоғамдық жқмыстарға араласпайды, сабақ оқымайды, елеусіз жүреді. Мұндай адамдар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен, бет – әлпеті өзінің табиғи өңінен айрылады.

Статистика бойынша дүние жүзінде жылына 2,5 миллион адам өледі. Әр отбасына шығын келеді. Өкпе рагы 20 % көп болды. Әрбір шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады. Шылым шегетін адамдар 80 % өкпе ауруына шалдығады.

Сот төрағасы:

  • Айыптаушы, сізге кезек, өз сөзіңіз.

Айыптаушы:

-2002 жылдың 1 ақпанында Республикада ВИЧ жұқтырған 2584 адам тіркелген, олардың 58-і СПИД пен ауратындар.

– Бүгінгі Қазақстанда 30 мың нашақор бар, кәмелетке толмағандары -2,5 мың.

– 40 тонна есірткі мен оған керекті шикізаттар қолға түсірілді.

Айыптаушы:

  • Спирттік ішімдікті сатқызбай, маскүнемдіктен 1 жола айырылуға болмай ма?

Қорғаушы:

  • Бәз тарихта білеміз спиртті ішімдіктерді сақтауға тиым салудан нәтиже шықпағанын білеміз. Мысалы: 1914 ж. Ресейде, 1917ж. АҚШ-та спирттік ішімдіктерді қылмыстық топтардың қолына көшіп баюдың бір жолына айналды.

ХХ ғасырдың 80 жылдардың екінші жартысында (М.С. Горбачевтың кезінде) сапасы төмен, түрлі қоспалардан тұратын арақ өнімдері пайда болды.

  • Құрметті сот мүшелері, қоғам, Сіздердің айыптарыңыз шектен тыс. Мынаған көңіл аударыңыздар, менің қорғаушыларым өздігінен тарамайды, оларды таратушы – адам. Адам қоғам мүшесі.

Сот шешім шығаруға ақылдасуға кетеді.

Хатшы:

  • Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келе жатыр!

Орындарына келіп тұрған күйінде сот тқрағасы шешімін оқиды.

Хатшы:

  • Сот процесін жабық деп жариялайды.

Қорытынды:

  • Сабағымызды қорытындылай келе, балалар «ХХІ ғасыр әндеттері» тақырыбымен өздерің байқағандай қоғамға әсері көп екенін байқадық. – Осындай жат қылықтардан оқушыларды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстауымыз керек.

Бүгінгі сабақтан көп, тың дерек алдыңдар деп ойлаймын.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!