ҚҰҚЫҚҚА САЙ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

Қоғамдық қатынастар құқық нормаларымен реттелетін құқықтық қатынастарды қалыптастырады. Құқықтық қатынастар арқылы құқық нормалары іс жүзіне асады, қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау функциялары қалыптасады. Қоғамдық қатынастардағы субъектілердің мінез-құлықтары сан-алуан, көп жағдайда құқыққа сай келмейтін мінез-құлықтарды қалыптастырады, құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттер жасалады. Құқық бұзушылық қоғамға, мемлекетке жалпы басқару ісіне өлшеусіз нуқсан келтіреді, орны толмас, ешқандай өлшеммен өлшенбейтін зардаптар мен адам психологиясын мәңгі жаралайтын іздер қалдырады. Сондықтан қоғамның, мемлекеттің стратегиялық мақсаты барлық әлеует, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, адамдардың құқыққа сай мінез-құлықтарын қалыптастыру болып табылады. Бұл өте күрделі процесс. Себебі субъект, жеке адам тек ғана әлеуметтік жан ғана емес, сонымен қатар биологиялық қасиеттерге ие табиғаттың да ажырамас жаны бар организмі. Сондықтан жеке адамның құқыққа сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін аталмыш жағдайларды бөліп зерттемей, бір мағанада, тұтастық ұғымында тану ғана ақиқатты ғылыми нәтиже бермек.

Құқыққа сай мінезқұлық деп жеке адамның ішкі сезімінің психологиялық бағыттарынан, сырттан қабылданған информациялықтәрбие және әлеуметтікэкономикалық, микро, макро орта әсерінің тиімді нәтижесінде қалыптасқан мінезқұлықты айтады.

Е.К.Нүрпейісов өзінің зерттеулерінде құқыққа сай мінез-құлықты әлеуметтік бағыттағы құқыққа сай мінез-құлық жеке бағыттағы құқыққа сай мінез-құлық және эгоистік бағыттағы мінез-құлық — деп бөліп қарайды. Құқыққа сай мінезқұлықтың формалды нышаны құқық формаларының талаптарын сақтау, ап теориялық мәні күрделі тартыстар мен шиеленістерден қалыптасады.

Мемлекет және құқық теориясында құқыққа сай мінез-құлықтың мынандай түрлері белгіленген:

  1. Әлеуметтікбелсенді мінезқұлық – жеке адамның қоғамдық қатынастар қалыптастырған барлық құндылықтар мен мүдделерді саналы түрде мойындап, құқық нормалары бекіткен, міндеттеген ережелерді орындауды өмірінің қажеттілігі деп тануы. Белсенді мінез-құлықты екі мағанада түсінуге болады. Біріншіден, жеке адам өмірден алған тәжірибесіне, біліміне, өзінің белсенді ұстанымына мүмкіндіктеріне сүйене отырып, әрекеттерімен құқық қорғау ісіне белсене араласады, айналасындағы субъектілердің де әлеуметтік белсенділік танытқанын жан-тәнімен қалайды. Екіншіден, пассивтік мінез-құлық таныта отырып, құқық, нормалары бекіткен ережелерді бұлжытпай орындайды (салықты, пәтер ақысын уақытында төлейді, жан-жал, ұрысқа араласпайды, біреуге қиянат жасамайды). Пассивтік мінез-құлықтық қоғамда құқыққа сай мінез-құлық қалыптастырғанмен субъектінің саяси белсенділігін тежейді. Мысалы, заң шеңбері талабы бойынша пассивтік мінез-құлық танытатын жеке адам сайлау болған сәтте тек ғана дауыс беруі мүмкін, ал бірінші беленді санат дәрежесіне көтерілген жеке адам сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырып, үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласады. Бұл белсенділік құқық мүмкіндіктерін пәрменді және тиімді пайдалануға шақырады.
  2. Маригиналдық құқыққа сай мінез-құлық танытқан субъект қоғамның құндылықтарына немқұрайлы қарайды, құқықтық белсеңділік танытуға зауқы жоқ, бірақ заң бекіткен талаптар мен тыйым салынған әрекеттерге жазаның қаһарынан қорқып бармайды. Бірақ, аумалы-төкпелі сәт, уақыт бола қалған жағдайда құқық бұзушылыққа бару қаупі сақталады.

Жеке адамның мінез-құлықтың қалыптасуына көптеген объективтік және субъективтік жайттар орасан зор ықпалын тигізеді. Схема жүзінде былай көрсетуге болады.

Көрсетілген схема жеке адамның санасына, оның мінез-құлқына қандай факторлардың әсер ететінін нақтылы айқындап тұр. Бір фактор басқа әсерлерден артық басымдырақ көрініс беруі мүмкін. Мысалы, құқыққа сай мінез-құлықты қалыптастыруда дін факторының рөлі өлшеусіз. «Дін, құранды жақсы түсінген, оның барлық имандылық, адамгершілік шартары мен талаптарын бойына сіңірген, бұлжытпай орындаған адам қылмыстық жолға түсуі мүмкін емес. Дін адам бойына нұр құяды, ол сондайақ құқық бұзушылыққа жол бермейтін сиқыры бар рухани тосқауыл іспетті дүние. Абай осы орайдағы өз ойларын «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты жырында былайшы ұғындырады:

Руза, намаз, зекет, хаж-талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті

Қылғаның мен татымды бермес жеміс.

Имандар ғибадаттан сөз қозғаған,

Хуснизән мен иманды білді ойлаған.

Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,

Сыртын қанша жусаң да, іші оңбаған.

Абайдың ойынша имандылыққа сендіру арқылы қылмыстық әрекеттердің тамырына балта шабуға әбден болады. Тек сол бағытта жұмыла жұмыс істеу парыз». Орыстың ұлы ойшылы Л.Толстой мемлекеттік – құқықтық институттарға (сот, прокуратура, құқық, түрме, жаза) өте сенімсізділікпен қараған. Тіпті құқықтың өзін құлықтылық еспеттерімен алмастыруға талап еткен, ал заң ғылымын құқық туралы «мылжың» деп бағалаған. Бұл жерде Л.Толстой мемлекеттік бюрократияны, кеңсе үстемлілігін шенеуниктердің парақорлығын, дөрекілігін, адам тағдырына деген немқұрайлығын көріп, олардан түңілгенін айқын аңғартады. Қоғамды түзеудің жолын діннен, адамның құлықтылық қасиеттерін уағыздаудан іздейді және соған сенеді.