Қос сөздер

Қос сөздердің құрамындағы компоненттер я бір сөздің өзінің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, я оның бір сыңарының не бір буынның, бір дыбысының өзгеріп жамалуынан құралады немесе морфологиялық жағынан бір тектес я синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады.

Қос сөз: қайталама, қосарлама

Қайталама қос сөздер – белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайталануы арқылы, не сол сөздің не бір дыбыстың немесе бір буынның өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. М, қора – қора, мая – мая, үлкен – үлкен, қолма – қол, қап – қара т.б.

Қайталама қос сөздер компонентерінің ерешеліктеріне сәйкес, қалыптасқан сыртқы дыбысының және морфологиялық формаларының өзгешеліктеріне қарай төрт түрлі болады.

  • қосымшасыз түбірдің қайталануынан тұратын сөздер
  • қосымшалы түбірдің қайталануынан құралатын қос сөздер
  • түбірдің бір дыбысы өзгеріліп құралатын қос сөздер
  • түбір ықшамдалып құралатын қос сөздер
  • бұл топты жай қос сөз дейді: жол – жол, биік – биік.
  • Қосымшалы қос сөздер: үйдей – үйдей, айта – айта, қолды – қолына, үй – үйдің, мүй – үйге.
  • қағаз – мағаз, шай – пай, қалт – құлт.

Бұл өзгерістердің заңдылығы:

а) Егер сөздердің бірінші дыбысы дауыссыз болса болса, ол дыбыс қайталанғанда көбінесе, м (тас – мас, қол – мол, ) әредік с (кемпір – семпір, мәре – сәре), неме,се п (шай – пай, нан – пан) дыбысына ауысады.

Компоненттерінің ара қатынасына байланысты күрделі сөздерді біріккен, тіркескен, қос, қысқарған сөздер деп бөлеміз.

Компоненттерінің ара қатынасы деп бірігу, қосарлану, тіркесу арқасында туған күрделі сөздердің сыртқы фонетикалық түр-тұрпаты мен ішкі семантикалық құлымында, олардың араларында заң ретінде орнығып қалыптасқан қарым-қатынастардың нәтижесін я оның жиынтығын айтамыз.

Кіріккен сөз деп компоненттерінің я бірігуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағынасынан айырылып (делексикаланып), тұтассымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін оның, сонымен бірег, сол компоненттері фонетикалық (дыбыстары, екпіндері) жағынан әрқилы өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді айтамыз.

Біріккен сөз деп компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырамай-ақ, өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөздерді айтамыз.

Компоненттерінің бастапқы кездегі мағыналық (я синтаксистік) қатынастарының ерекшеліктеріне қарай , қазақ тіліндегі біріккен сөздер не сабақтаса не салаласа құралады.

Кіріккен сөздер: бүгін, ендігәрі, биыл, білезік, қарлығаш, қызғыш, әкел, апар, бүрсігүні, былтыр.

Кіріккен сөздердің тууына, біріншіден, әуелгі жай тіркестің құрамындағы компоненттерінің мағыналарының жоғалуы, екіншіден, олардың формасының өзгеруі себеп болды.

Біріккен сөздер: шекара, демалыс, ақсақал, әлдекім, әркім.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!