Қоғамның әлеуметтік құрылымының проблемасы туралы ұғым

Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас болып бөлінеді.Мысалы, таптық-антагонисттік қоғамдардағы қоғамдық қатынастар теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық қатынастар тағы да ынтымақтастық және бәсекелестік, материалдық және рухани, мақсатты және мақсатсыз (стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік болып табылады.

Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының жиынтығы ретінде онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, -адамдардың материалдық өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен , қоғамдық мекемелер мен іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста және бірлікте болады. Сондықтан адамзат қоғамын ішкі және сыртқы байланысын , өзара тәуелдіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта зерттеу қажет.

Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап, талдау қажет, қоғамдық құбаластарды белгілі бір жұйеге келтіру керек. Бұл классификациялау, жүйелеу, оладың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.

Қазіргі кезде социологиялық теориялардың бәрі қоғамдық құбылыстарды, қоғамның әлеуметтік құрылымының өздігінше классификациялауға әрекет жасап, құбылыстардың топтары арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен байланысты.

“Структура” термині латын тілінен алынған ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір тұтастағын білдіретін термин.

Қоғамның эконмикалық базисін шын мәнінде келгенде бір-бірімен айырғысыз байланыстағы екі элементтің-өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі құрады, ал бұл екеуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып табылады.

Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек нәрсесі. Еңбек дегеніміз белгілі бір материалдық игіліктерді өндіруге бағыттталған адамның саналы қызметі. Еңбек нәрсесі деп адамның өндіріс құралының көмегімен өнделуге тиісті заттарды айтады. Еңбек құралы дегеніміз- еңбек нәрсесін өндеу үшін қолданатын құрал-саймандар жиынтығы. Еңбек құралы мен еңбек нәрселері, қоса алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары деп аталады.

Бірақ еңбек нәрселері мен құралдарын адамның іс-әрекетінсіз “өлі зат” деуге болады. Оларды қимылға келтіріп, өндіріс процесін жандандыратын- адамның ”тірі” еңбегі, іс-әрекеті. Сондықтан өндіріс процесіне адам шешуші фактор болып табылады- ол басты өндіргіш күш болып табылады

Қондырманың құрамына енетін қоғамдық құбылыстардың материалдық игіліктер өндірісіне тікелей қатысы болмайды. Қондырманың құрасын екі салаға: әлеуметтік-саяси қондырма мен қоғамдық сананың формаларына бөлуге болады.

Әлеуметтік-саяси қондырмауға қоғамдық өмірдің түрлі формалары: ру, тайпа, ұлт, мемлекет т.б және қоғамдық ережелер мен нормалар жатады. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі ретінде бірнеше формада көрінеді: саяси, құқықтық, философиялық, діни, моральдық, эстетикалық және ғылыми саналар формасында бейнеленеді. Қоғамдық сананың формалары өзара бір-біріне әсер етеді және қоғамдық болмысқа кері әсерін тигізеді, ал базистің қондырмаға тигізетін әсері сайып келгенде ғана шешуші рөл атқарады.

“Әлеуметтік топ” ұғымы жайлы бірыңғай пікір жоқ, сондықтан оның анықтамасы да көп. Солардың ішінде, біздің пікірімізше, мына анықтама ең дұрысы сияқты: әлеуметтік топ адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым-қатынас орната отырып, түрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыратын көптеген адамдардың үлкенді-кішілі жиынтығы. Бұл топ айтарлықтай тұрақты, ортақ мүддесі бар және әдет-ғұрпы бірдей жиынтық, белгілі бір тарихи қоғамда қалыптасады.

Бұл топтар белгілі бір маңызды белгінің егізінде: ұйымдасқандық немесе ұйымдаспағандық, саяси, мәдени-идеологиялық т.б негізінде классификацияланады.

Ғылыми-материалисттік социология әлеуметтік топтардың классификайиясына тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп түсіндіреді; екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар – таптар, қоғамдық өмірдің барлық салаларына , барлық басқа әлеуметтік топтардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп түсіндіреді. Бұл материалисттік принцип әлеуметтік топтың ғылыми талдауының негізін құрады.

Осы негізге сәйкес “Философиялық энциклопедиялық сөздікте” әлекметтік топтар ірі, орташа, және кіші деп үшке бөлінеді.

Ірі (глобалдық) әлекметтік топтарға жататындар: тұтас қоғам (ел) көлеміндегі адамдар жиынтығы (алғашқы адамдар тобыры, ру, тайпа, халықтық, ұлт сияқты этнографиялық топтар) әлеуметтік-экономикалық формациялар, кәсіптік топтар, жасына қарай тптасу т.б. Жеке адам өзінің ірі топқа қатыстығын саналы түрде білмеуі де мүмкін, өйткені ол сол топқа жататын басқа адамдармен қатыспауы да мүмкін. Ірі топтардың қалыптасып, дамуының екі негізгі сатысын айыруға болады: спонтанды түрде (өз бетінше) (мәселен “өзіндік тап”) және ұйымдасқан түрде ; бұл екінші сатысында көптеген адамдар өзінің сол топқа жататынын саналы түрде түсініп, сол топтың мақсатын іске асыру үшін топтасып ұйымдасады.

Сондай-ақ толып жатқан ұсақ топтар-отбасы, бастауыш өндірістік ұйымдар көршілердің ұйымы, мектеп кластары, курс, группалар т.б. бар. Ұсақ топтың өзіне тән ерекшелігі сол, оның мүшелері бір-бірімен тікелей байланыс жасыйды. Сыртқы ортаның әсеріне және топ мүшелерінің ішкі қарым-қатынасына сәйкес қалыптасатын әрбір ұсақ топтың өзіне тән белгілі бір құрылымы болады.

Түрлі әлеуметтік топтар өзара бір-біріне әсер етеді. Мәселен, таптық-антагонистік қоғамдар жағдайында барлық топтардың (этникалық, демографиялық, ұсақ топтардың т.б.) мінез –құлқы таптардың күресімен анықталады, сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі (әлеуметтік құрылым) конфликтілі сипатта болады.

Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда өндіріс тәсіліне сәйкес иоптармен қатар адамдардың басқа да тарихи топтары болады.

Рулық— алғашқы адам тектестер тобырынан кейінгі бірінші адамдық әлеуметтік топ, яғни тас дәуірінде өмір сүрген тобырдан кейінгі әлеуметтік топ. Ру табиғаттың стихиялы күштеріне және жабайы аңдарға қарсы бірлесе күресу мақсаты және шаруашылығы бір туысқан, қандас адамдардың тарихи тобы болып табылады.

Рудың экономикалық негізі- өндіріс құралдарына деген коллективтік меншік, оларды бірлесе пайдалану. Руды барлық ересек мүшелері қатысатын кеңес басқарады. Осы кеңесте басшылар-ақсақалдар мен әскер басшылары- сайланады немесе орнынан түсіріледі.

Халықтық— топтасу құл иеленушілік және феодалдық қоғамдық формацияларға тән тарихи-әлеуметтік жиынтық болып табылады. Бұл әлеуметтік топтасу бірнеше туысқан тайпалардың территория, тіл және мәдени өмір бірлігінің негізінде қалыптасты. Бұл топтастырудың шаруашылық негізі көбінесе егіншілік пен мал өсіруге негізделген натуралдық шаруашылық болды. Бұл кезде бір ел, бір мемлекет көлемінде берік экономикалық бірлік болмағандықтан, халықтық бірлік те айталықтай бкрік, тұрақты жиынтық бола алмады. Экономикалық және саяси жағынан батыраңқылық басым болды.

Ұлтқа тән мәнді белгілер: территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігі және феодализм тұсындағы батыраңқылықтың салдарынан болмай келген экономикалық өмір бірлігі. Демек, ұлттың құралуында экономикалық өмір бірлігі шешуші рөл атқарады.

Ұлтты нәсілдік топпен шатастырмау қажет. Нәсілдік айырмашылық түсіне, бет пішініне, т.б. сыртқы белгісіне қарай айырылатын топ-ақ, қара және сары нәсілдер бар.

Отбасы адамның өз өмірінің негізгі пройестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ болып табылады. Ондағы әрбір адамның өмірі отбасымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.

Отбасы қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.

Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан, оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Социология ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ- оның жалпы белгілері-бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатыынастар жүйесі, адамның әлеуметтік және жеке-дара адамгершілік салаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру. Отбасы еркек пен әйелдің жыныстық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштерінің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.энгельс өзінің “Отбасының, жек меншіктің және мемлекеттің шығуы ” деген еңбегінің кіріспесінде былай беп жазды:

“Қоғамның материалисттік ұғымына сәйкес тарихтағы шешүші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады. ”

Морганның зерттеулеріне негізделген жорамал бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқы кезеңінде адамдар арасында жыныстық қатынастарға ещқандай шек қойылмаған- үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берге. Бұл жабайы не жартылай жабайы кез болатын. Отбасылық қатынас басқа зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет    деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы- синдиасмикалық отбасы және моногамдық отбасы кезеңдерінен өткен.

Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальді туыс топ, патриархальді отбасы және жеке отбасы.

Патриархалді туыстар тобы өткен замандарда индоевропалық халықтардың бәрінде болған, алкейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні және апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болады.

Ұрпақтардың шығу тегіне қарай бұл отбасы матриархалды немесе патриархалды отбасы болады. Біріншісі- жанұясының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болуы жиі кезднседі. Мұндай отбасы көбінесе Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықтарда кездеседі.

Енді қорыта келгенде, отбасыға мынындай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбсы-ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл, қыз) да кіреді. Отбасының фугкциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа қажеттерін өтеу.

Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б. жіктелуі батыстық социологияда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік күйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді.

Маркстік социология теориясы бойынша әлеуметтік теңсіздіктің негізгі себебі меншіктік қатынастар.

М.Вебер экономикалық себептермен қатар әлуметтік мәртебеге, белгілі бір саяси топтарға қатысты нгіздер алады.

П.Сорокин үш стратификациялық құрылысты (экономикалық, кәсіптік және саяси) басшылыққа алады. Пікірлердің әртүрлілігіне қарамай, әлекметтік стратификацияға жалпы анықтама беруге болады:

Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздк олардың жоғарыдан төмен қарай болатын теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады.

“Теңсіздік” және “әділетсіздік” деген ұғымдарды бір-бірімен шатастырмау керек. “Теңсіздік”-әлеуметтік себебі бар қажеттілік, ал “әділетсіздік”-эгоисттік мүдделерінің салдарынан туатын құбылыс, сондықтан әділетсіздіктің қай-қайсысымен болмасын күресуі керек.

П.Сорокин өзінің жалпы адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бір өлшемді және көп өлшемді стратификациялау әдістерін ұштастырып қолданады. Сорокиннің пікірінше, дүниеде миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл сансыз көп әлеуметік топтарды, классификациялаудың мақсатына қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік топтарға мыналар жатады:

  1. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде:

а) Биоәлеуметтік топтар: 1) нәсілдік, 2)жыныстың, 3) жасына қарай

ә) Мәдени-әлеуметтік топтар: 4) рулық, 5) территориялық, көршілестік, 6)тіл, этностық және ұлттық топтар, 7) мемлекеттік, 8) кәсіптік, 9) экономикалық, 10) діни, 11) саяси, 12) идеологиялық топтар, 13) таңдаулылар тобы.

  1. Аса маңызды көп жақты топтар: 1) отбасы, 2) рулық топ, 3) тайпалық, 4) ұлттық, 5) әлеуметтік, 6) топ.

Сорокиннің бұл схемасына қарсы социолгтардың жақтың қасы, сондықтан оны стратификацияның дүниежүзілік теориялық моделі ретінде алуға болады.