Қаржылық жоспарлаудың мазмұны міндеттері, қағидаттары мен әдістер

қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеументтік –экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономикалық жоспарлау үйлесімді және тепе- теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге , қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістік материалдық- заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асылады.

Қаржының табыты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.

Қаржылық көрсеткіштерді , белгілентін қаржы оперцияларын негіздеп дәлелдеуге , көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро-және микродеңгейлерге қаржы ресуртарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс) Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер , өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

Қаржылық жоспарлау — бұл қаржы жоспарларын( тапсырмаларын ) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.

Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүгізуші объектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қортынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге  белгіленген  

кірістер мен шығыстар, қаржы және кридит жүйелерінің

буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы мінттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылын және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

Жоспарлау:

1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік -саяси және экономикалық құблыстардың кең шеңберін қамтиды);

2)қарқындылығымен ( кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);

3) тиімділігімен ( қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:

а) автоматтық ( өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффицинттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарпайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі  

кезінде айдаланылады;

ә) статистикалық ( өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);

б) нөлдік база тәсілдемесі ( барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).

Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық жэне әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарытық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды олар өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану жүзеге асырылады.

Демек , нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстын үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құ заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болтын болжаудың қажеттігі анықтайды.

Қаржылық болжау мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу. Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдам астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасу стадияаларынан бұрын болады,

қоғам дауының белгілі бір кезңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты-болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалунуды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мумкіндік береді.

Қаржлық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:

Орталықтандырылған және орталықтандырлмаған тәсілдемелердің үйлесуі . Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің –орталықтандырған қаржылық жоспарлаудың жергілікті бастаманы барыныншы дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орлықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктін жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және нәтижелілігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.

Биліктің жергілікті оргдары бюджеттерінің олардың аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді.

Қаржыны жоспарлау белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады , олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар 1) Экстраполяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:

мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепкеалмайды;

материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.

2) Нормативтік әдіске сейкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.

3) Баланстық әдіс шығындардың олардыжабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық  бөлімдерінің , сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің , бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарынының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.

5) Сараптық бағалау әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.