Қаржы нарығының экономикалық мәні мен ерекшелігі

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады.Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.

Сондықтан,қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизінің жүйесі.Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді.Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:

  • реттеушілік – оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
  • ақпараттық – қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
  • бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының айналымын экономиканың бір саласынан екіншісіне,нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне,бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ететін,қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
  • коммерциялық – қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
  • баға белгілеу – қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъекті ретіндегі үш тобы бар:

  • үй шаруашылығы
  • меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші сүбъектілер;
  • мемлекеттік басқару органдары.

Жоғарыда айтылғандарды түйендей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:

  • қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;
  • монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу қажет;
  • бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарын тұрақты өсуі.

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Әрбір елге мазмұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі.Сондықтан да оның ғалымдар ұынған кейбір түрлерін қарастырып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрылымы анықталады.

Қаржы нарығының құрылымы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын,дербес қызмет етуші нарықтардан тұрады.

1.Қолма-қол ақша айналысы мен қысқа мерзімді төлем құралдары функциясын орындайтын нарық.Белгілі болғандай, ақша нарығы инфляцияның ықпалында болады,егер соңғысы белгілі бір шектен аспаса,жағымды рөл ойнауы мүмкін.

2.Ссудалық капитал нарығы, яғни қысқа мерзімді арзан несие болған емес. Елде қызмет ететін коммерциялық банктер оны сенімді қамтамасыз ету әрі жоғары пайыз-шарттарымен ғана береді.Негізгі қорларды құруға және жаңғыртуға қажетті ұзақ мерзімді несиені тек өзгермелі пайыз мөлшермесі бойынша алуға болады.

3.Қазақстанда көптеген жылдар бойы бағалы қағаздар нарығы мүлдем болған жоқ.Және 90- жылдардың бас кезінде басталған оның дамуы белгілі бір уақытты талап етеді, өйткені ол меншік қатынастарын қайта құрумен және мемлекет қаржы саясатының барлық сипатының өзгеруімен тікелей байланысты.Бүгінгі таңда мемлекет бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін эмиссиялық ақшалай белгілерге емес,мемлекеттік бағалы қағаздарды, мәселен, мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелерді шығаруға жиі қадам жасайды.Бағалы қағаздар нарығын екі ұстаным тұрғысынан бағалауға болады:әр түрлі көздердегі ақша қаражаттарды тартудың көлемі тұрғысынан және бос ақша қаражаттарды қандай да бір нарыққа жұмсау.

Қ.Р. мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп берулерді ұсынудың белгіленген тәртібіне сәйкес қаржы нарығыың құрылымына: ақша нарығы, депозит нарығы, несие нарығы,валюта нарығы,бағалы қағаздар нарығы.

Ақша нарығы. Ақша қаражаттар қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады.Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.

Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен:тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне тартылады.Осылайша,ақшалай депозиттерде трансформацияланады,банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.

2006 ж. Банк жүйесіндегі депозиттік резиденттері бойынша депозиттің жалпы көлемі 7,1%-ға өсті, яғни 2154,1 млрд. тг.Заңды тұлғалардың депозиттері 8,2%-ға,яғни 1414,0 млрд тг. ал, жеке тұлғалардың депозиті- 5,2%-ға,яғни 740,0 млр. тг. дейін өсті.

Несие нарығы. Депозит түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді.Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарды шоғырландыру арқылы әр түрлі мақсаттары үшін заңды және жеке тұлғаларға несие беріледі.Осылайша,ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.

Банктің экономикаға қайтаратын нақты қарыздың көлемі 4,5%-ға, яғни 3116,2 млрд. құрайды.

 Валюта нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада,ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада тжүзеге асырылады.Осыған орай,қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады.Валюта айырбастау бойынша операцияның рөлі үлкен.

2006 ж. Шілдеде ішкі валюталық нарықта теңгенің тұрақтылығы алғашқы 2 он күндікте тұрақтылығы байқалды да, соңғы 10 күндікте керісінше әлсізденуі байқалды.Теңге валюталық курсының динамикасы 2 факторы бойынша айқындалады.

Біріншіден, 2006 жыдың 1 шілдесіне бастап, Ұлттық қорының қаражаттарын пайдалану мен  қалыптастыру механизмі өзгерді, тенденцияның өзгеруі «салық аптасынан» кейін болды,соның нәтижесіне теңгеге деген сұранысы жоғарылап кетті.Мүмкін, салықты төлегеннен кейін экономикалық субъектілер шетел валютасына сұранысын жоғарлатты.Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің № 67 қаулысында Қ.Р. Ұлттық қордың активтерін конвертация мен реконвертация туралы Ережелері құрылған болатын.Осы Ережелерге сай, Ұлттық Банк шетел валютасын сатуымен қатар, оны сатып алу мүмкіндігі бар. Тамызда Ұлттық Банк тарапынан шетел валютасын сатып алуына байланысты 3 операция жүргізілді. Барлығы 315,8 млн. долл. кетті.

Екіншіден, 12 шілдеден бастап, минималды резервтік талаптарға сай жаңа ережелер жарияланып шықты.Сойтіп, екінші деңгейлі банктер өзінің резервтік активтерін қалыптастырды.Ережелердің өзгерілуі минималды резервтік талаптардың көбеюіне әкелді, соның нәтижесінен сәйкесінше резервтік активтер де өсті.Бүгінгі күні доллардың бағамы-127 теңгені құрайды.

 Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жағымды әсерін тигізеді.Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады.Мысалы егер депозитке банк сертификаты рәсімделетін болса,ол одан ары айналысқа түседі. Айналым қаражатын толықтыру үшін несие алу міндетті емес.Оның үстіне,бұл несиені басқа тұлғаға жаңа келісім-шартты бекітіп барып қана бере аласын. Бұл арада борыштық міндеттемелердің біріне жататын әрі нарықта бос айналысқа түсіп, өз иесін айырбастай алатын облигацияларды шығарса жетіп жатыр.Қаржы тәуекелдіктерін сақтандыру үшін сатылатын немесе сатып алынатын бағалы қағаздардың бағасын уақыт оздырмай ескертуге мүмкіндік беретін бос бағалы қағаздар болады, ал оларды беру кейінірек жүзеге асырылады,яғни,базалық бағалы қағаздардың бағамы жоғарылағанда немесе құлдырағанда сақтандырылады. Осылайша,бағалы қағаз ақша ресурстарының еркін қайта бөлінуіне ықпал етеді.

ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Сақтандыру нарығы. Бүгінгі таңда сақтандыру компаниялары біздің еліміздегі нарықта өз қызметін жүзеге асыратын негізгі қаржы делдалдары болып табылады. Оларда қалыптасқан қатынастар жиынтығы олардың қаржыға қатысы жөніндегі күмәнді аз тудырады. Сақтандыру тәуекелділіктері батыстық қаржы делдалдары болып табылады. Оларда қалыптасқан қатынастар жиынтығы олардың қаржыға қатысы жөніндегі күмәнді аз тудырады. Сақтандыру тәуекелділіктері батыстық қаржы теориясында кез келген кәсіпорынның қаржылық сратегияларының негізгі құраушыларының бірі,бірақ мұнда теорияның негізінде мынадай түрлер болады: әрбір субъекті өзіне жоғалған материалдық қаражаттардың,ресурстардың орнын толтыратын және оларды болдырмаудың көздерін жасап, өз тәуекелділіктерін сақтандырады, яғни тәуекелден сақтанады. Сақтандыру – бұл қайта бөлісу қатынасы. Ол әдетте барлық субъектілерді, бүкіл ел аумағын немесе аймақтық аумағын толық қамтымаса да,бұлардың бір бөлігіне матениалдық немесе басқадай зиян шектіріп кететін кездейсоқ залалға қарсы тұру үшін туған амал. Бұл бір субъекті зиян шеге қалған жағдайда басқа сақтандырылған субъектілердің ынтымақтастығымен залалдың орнын толтыруға мүмкіндік береді.

2006 жылы 1 тамыз айы бойынша республиканың қаржылық нарығында Агенствоның берген лицензиясы бар 39 сақтандыру компаниялар жұмыс істейді,ал өмірді сақтандыру мүмкіндігі соның ішінен тек қана 4 ұйымда бар, ал транспортты 29 ұйым сақтандыруға құқылы.Сонымен бірге нарықта 11 сақтандыру брокері және 32 актуарий жұмысын атқарады.

Ағымдық жылдың 6 ай ішінде сақтандыру ұйымдардың жиынтық активтері 36,7% көбейді, 1 шілдеде 100,2 млрд. тг. құрды. Жиынтық меншікті капитал 26,2 %-ға өсті,және 57,1 млрд тг. құрады.

Сақтандыру резервінің сомасы 55,4 млрд. тг. құрады. Сақтандыру сыйлықақының көлемі 54,8 млрд. тг. немесе 75,6% құрады.

2005 жылмен салыстырғанда сақтандыру сыйлықақының көлемі 2006 ж. 6 айдың ішінде өмірді сақтандыру саласы 2,8 есе немесе 1,6 млрд. теңгеге өсті,ал өмірді сақтандырудың үлесі жиынтық сақтандыру сыйлықақысында 2,9%-ға өсті, ал 2005 жылы 1,8% болды.

2006 ж. Шілде айында 2 615 мың сақтандыру келісімдері бар, соның ішінде 58,4% міндетті сақтандыру келісімдерін құрайды.

Қазіргі кезде сақтандыру төлемдігіне кепілдік беру жүйесінде 31 сақтандыру ұйымдары жұмыс істейді.

2006 ж. 1 шілде бойынша мәжбүрлеме ликвидация процесінде соттың шешімімен 5 сақтандыру ұйымдары жұмысын тоқтап отыр.

Зейнетақы қызметтерінің нарығы. 1998 жылға дейін Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі «жұмыс істейтін буын жұмыс істемейтін ұрпақты қамтамасыз етеді, ал алдыңғы ұрпақ еңбекке жарамсыз болғанда оның орнын өз кезегінде жаңа ұрпақ алмастыруын басты назарда ұстайтын ұрпақтар ынтымақтастығы» қағидасына негізделген болатын. Әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесі азаматтардың дербес аударымдарына негізделген. Бұл арадағы төлем мөлшері тұлғаның салым ақшасының сомасына қарай болады.Зейнетақы қоры коптеген елдерде ақшаны өндіріске инвестициялаудың көздері болып табылады,яғни ақша ұдайы өндіріс процесіне белсенді түрде тартылады. Осылайша, зейнетақы қорлары арқылы шоғырландырылған халықтың қаражаты түпкі есебінде ұдайы өндіріс прцесіне тартылады. Сондықтан да зейнетақы нарықтары, бір жағынан, нақты қызметті сату-сатып алу нарығымен көзге түссе,екіншіден – ол толық негізде қаржы нарығының құрылымына кіруі қажет.

Барлық типтегі нарықтардың өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеушарнтын анықтап береді, яғни:

  • ретке келтірілген тауар нарығының болуы;
  • ақша айналысын реттеу,елдің ұлттық банк тарапынан қолма-қол ақша және қолма-қолсыз ақша айналыстары бойынша эмиссияны бақылау;
  • несие нарығын толық белсендіру және коммерциялау.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағиданың іс-әрекетіне негізделген жүйе мынадай қасиетпен сипатталады:

1) Зейнетақымен қамтамсыз етуді мемлекеттік деңгейде реттеу;

2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес жастар үшін ең аз белгіленген күнкөріс минимумын сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;

3) зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;

4) зейнетақы қорланымын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті барлық азаматтардың міндетті қатысуы;

5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыру үшін жеке жауапкершілігі;

6) инвестициялаудың тиімділігі және зейнетақы жинақ ақшасын қамтамасыз ету;

7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;

8) қосымша ерікті зейнетақымен қамтамасыздандыруға азаматтарға құқық беру;

9) зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау- оның дамуына жәрдемдеседі.

2006 жылы 1 тамыз айы бойынша республикада 14 зейнетақы қоры бар,региондарда оның 77 филиалы және 77 өкілдіктері бар.Зейнетақы активтерін жинақтаушы қорын инвестициялық басқаруды 11 ұйым жүзеге асырады, соның ішінде зейнетақы активтеріне 4-де дербес басқару лицензиясы бар. Олар: АО «Жинақтаушы зейнетақы қоры ГНПФ», АО «Қазақстан Халық Банктің жинақтаушы зейнетақы қоры», АО «БТА Қазақстан жинақтаушы зейнетақы қоры», АО «Капитал жинақтаушы зейнетақы қоры». 2006 ж. 1 тамызда зейнетақы салымшыларының міндетті зейнетақы жарнасы бойынша ашқан салымшылар мөлшері 8 117 341 болды.

Ерікті түрдегі зейнетақы жарналары бойынша ашқан салымшылардың мөлшері 2006 ж. 1 тамызда 33 024 болып, зейнетақы жинағының жалпы сомасы 553,1 млн. тг. болды.

Банктік сектор.

2006 ж. 1 тамызда республиканың банктік секторы34 санына жететін 2 деңгейлі банктерге көрсетілген, соның ішінде 14-сі шетелдік қатысуымен.

2003 ж. 1 тамызда банктік сектордың жиынтық есеп айырысу меншікті капиталы 809,6 млрд. тг. құрайды, жылдың басынан 224,4 млрд. тг. (37,9%), соның ішінде шілде айы бойынша 36,9 млрд. тг. (5,1%) өсті.

Банктің жиынтық активтері жылдың басынан 1 191 3 млрд. тг. (26,4%) соның ішінде шілде айы бойынша 198,3 млрд.теңгеден 5706,4 млрд. теңгеге дейін өсті.

Капиталдың баламалық корсеткіші К1-0,10; К2-0,16 құрайды.2006 ж. 1 тамызда банктің ссудалық портфелі 3941,5 млрд. тг. құрды, жылдың басынан 879,5 млрд. тг. (28,7 %) өсті.

Банктің несиелік портфельдің құрылымы бойынша 2006 ж. Стандарттық несиелер үлесі 58,3% құрады, күмәнді-39,3%, үмітсіз-2,4% құрады. Ал шілде айында стандарттық несиелер үлесі-58,5%, күмәнді-39,2%, үмітсіз-2,3% құраған.