Қаракерей Қабанбай

Қаракерей Қабанбай (1691—1769). Қабанбайдың әкесі Қожағұл өз заманында аты әйгілі батыр болады. Бірақ ертерек дүниеден қайтып, Қабанбай жеті жасында әкеден жетім қалады. Қабанбайдың шын есімі Ерасыл- Оның бітімі кесек, ер тұлғалы болғандықтан, жеңгелері «Нарбала» атапты. Бойының сұқғақтығы сонша, он үш жасар кезінде тайға мінгенде аяғы жерге тиіп жүреді екен.

Ерасылдың ерлігі он үш жасында басталады. Жайылымда жатқан жылқыларын қалмақтар қуыи кеткендіктен, ағасы Есенбай жылқының соңына түсіп қуады. Бірак, қалмақтар жалғыз келе жатқан қуғыншыны алыстан садақпен атып түсіреді. Әкесі де’ осылардың қолынан өлген еді. Қайнаған қанды кек оны қаршадайынан ерлікке, жау-гершілікке жетелейді, шайқас жолына ертерек түсуіне себепші болады. Ол көп ұзамай Өлжежырғы, Арсылан секілді қалмақ батырларын өлтіріп, әкесі мен ағасы үшін кек алады.

Түркістанға қауіп төне бастағанын естіген Қабанбай жол-жөнекей қазақ ба-тырларын өзімен бірге ерте сонау Аягөз маңынан Түркістанға келеді. Халық жасақтарын ұйымдастыра бастайды. Олар жоңғарлардын, Түркістаннан бетін қайтарады. Жаудың шапқыншылығы сәл саябырлағанын пайдаланып, Қабанбай барлық жасақтарды Қожа Ахмет Иассауи ғимаратынын, алдына жинап, жалынды сөз сөйлейді. Жұртты елдің тәуелсіздігін сақтап қалу жолын-дағы күреске шақырады. Бұл жасаққа Айшыбек батырды бас-шы етіп қалдырады да, өзі Кіші жүз қазақтарынан қалың қол жинап келуге аттанады.

Ел басына күн туған осынау аласапыран кезде Кіші жүз ханы Әбілқайыр отыз мың, Орта жүздің ханы Сәмеке жиырма мың әскер шығарады. Көпшіліктің қалауы бойынша Қабанбай батыр бас сардар болып сайланады. Енді ол басқыншыларға қарсы жер-жерде, бөлек-бөлек жүріп жатқан шайқастарды бір арнаға түсіріп, белгілі бір мақсатпен жүргізуді қолға алады. Жеке-жеке шайқасып жүрген кейбір жасақтар Қабанбайға ке-ле бастайды. Солардын, бірі Гауһар қыз бастаған топ еді. Ол асқан ерлік жасап, жау қоршауын бұзып шығады. Жаудық соғыс күші, дайындығы туралы жаңа мәліметтер әкеледі. Кейін Қабанбай мен Гауһар қосылады. Көптеген жорықтарға екеуі бірге қатысады. Жоғарыдағыдай әзірліктен кейін 1725 жылғы атақты Алакөл маңындағы шайқаста жоңғарлар қатты жеңіледі.

Қабанбай бұдан кейінгі 1728 жылғы Шүбартеңіз жағасындағы шайқасқа, Балқаш көлінің оңтүстік өңіріндегі қол жеткен жеңістерге» 80 күнге созылған Шорға соғысына, бір жарым жылға созылған Шаған шайқасына, 1730 жылы жоңғарды Іле өңіріне дейін қуған соғыстарға, одан 1750 жыл-дардың ақырындағы Жоңғар қақпасындағы шайқасқа дейінгі аралықтағы ірі-ірі ұрыстардың бәріне дерлік қолбасшылық етіп, бас сардар-лық міндет атқарған.

Қазақтың жоңғар шапқыншыла-рымен шайқасқан өңірі Балқаш, Көкшетау, Алатау, Жетісу, Сарыарқа, Іле өндрі, сонан Алтайға дейін, бір шеті Тарбағатайдан Бртісті қуалап, Сырда-рияға дейінгі ұлан-байтақ алқапты алып жатады. Осы өңірде болып өткен ірі шайқастарға қырық жылдай қатысып, ерекше қайраттылығымен, батылдығымен көзге түскен Қабанбай дарабоз атанады. Ақырғы ірі шайқас 1755—1757 жылдары қазақтардың

жеңісімев аяқталып, Қабанбайдың бастамасымен екі жақ бітімге келеді. Жоңғарлар бұдан былай шапқыншылық жаса-мауға уәде береді.

Көшпелі елдер салтында батыр атану үшін кемінде жаудың өзі теңдес бір батырын жекпе-жекте жеңу керек болған. Ал, қолбасы сардар атану үшін асқан ерлік жасаумен қатар оның сыртында, артында тіреп түрған елің, қолдаушы серіктерің бо-луы керек. Қабанбай осы шарттардың бәрін артығымен орын-даған. Атты жасақтар шайқасының тамаша білгірі, ат үстіндегі жекпе-жектің тевдесі жоқ шебері ол өз өмірінде жүзден астам шайқасқа қатысып, ондаған жекпе-жекте жеңіске жеткен. Сондықтан да оның батырлығы туралы әр ке-зеңде шыққан дастандар мен жырлар да баршылық.

Қабанбайдын, шын аты Ерасыл. Оның Қабанбай аталуы да қызық. Бірде жайлауға қарай көшіп келе жатқан қалын, көштін, алдында жатып алған жа-байы шошқалар жол бермей қояды. Әсіресе тістері ұртынав шыққан өгіздей-өгіздей екі қабан жалдарын күдірейтіп, әдейі кес-кестейді. Ңамалып тұрған квшке жастармен бірге ойын-сауык, құрьш жүргев Брасыл да келеді… Осы елдің әйгілі жүйрік атын мінеді де, еменнен жасалған к,ара шоқпарды қолына алып, кабандарға қарсы аттанады. Жүйрік атпев арлы-берлі ағызып етіп, екі қабаннық да бас сүйегін быт-шыт етіп ұрып шығады. Қалған шошқалар тым-тыракдй қашады. Осыдан бастап ол Қабанбай аталып, оның қарулылығы мен батылдығы туралы әр гүрлі әңгімелер ер арасына тарай бастайды.

Ол кезде Алтай елі де қалмақтармен жауласып тұрған. Бірде қалмақтар Алтайдағы қазакдардыд көп жылқысын қуып кетеді. Оғая қарсы аттанған адамдармен бірге Кдбанбай да барады. Осы айқаста ерекше көзге түседі. Жылқыны түгел қайтарып әкеледі.

Осыған ерегісіп жүрген қалмақтар біраз уақыт өткенвен кеШн елу-алпыс болып жиналып, атақты Долаңк,ара батырыя басшы етіп, қазак,тардың үш жүз жылқысын айдап кетеді. Осыларды қуған кырык, қазақ жігіттерінің ішінде Қабанбай да болады. Куғыншылар жеткеннен кейін екі жағы шайқасты жекпе-жекпен бастауға келіседі.

Қазак, жағынан вар құла атқа мінген, найза-щоқпарын сайлаған Қабанбай ортаға шығады. Қарсы жақтан ак, тарлан атқа мінген алпамсадай біреу келеді. Ол қалмак, батыры Долаңқара еді.

Шайкдс алдында Қабанбай жаудың бейбіт елге тиіскенін былайша мінейді:

Момын елміз мал баққав, Қоралап жиып жан баққав, Қанды ауызсың, касқырсын. Жазықсыз елді зарлатқан.

Сонда Доладкдра:

— Батыр болсақ кел деді, Сөзіме айтқан сен деді. Жібергем жоқ тірідей,

Тиіп алдың малымды, Батырсынып қарулы, Кеселденбе кердевдеп, Шашыратармын судай қанынды..

Қарсыласқан пендені. Еліңді шауып, жылқы алған, Долан батыр мен деді.

Екі батыр шоқпармен ұрысып, найзамея сайысып, қылыштасып, ұзак, шайқасады. Бұл туралы ел аузында мынандай жыр бар:

сапырылысқан жаудың ішіяе кіріп, зым-зия көзден ғайьш болады. Вұл топ-тағылар Қабанбай қшпып барып, сіңіп кеткен элгі топқа дүрсе к,оя береді. Жау вз ішінен бүлініп, екі ұдай болып таң атқанша соғысады. Қабавбай сытылып шығып, өз жағына аман-есен қайтып оралады. Таң атканда қазақтар атой салып барса, жау қирап, к,алғандары енді-енді есін жинап жатқан екен. Қазак, қолы бүлінген жауды талқандап, еліне жеаіснен оралған.

Енді екеуі жекпе-жек, Арыстандай айкдсты. Қатуланып қабақтар, Арпан-тұрпак шайқасты… Қылышпенен шабысып Күрзіменен қағысып. Кезек-кезек сілтейді.

Қарулары ауысып… Қабанбай сынды жас ұлан, Доланды жык,ты басынан. Жығылғаяын көрген соң, Дүрлікті қалмак, шошынған. ІНыдай алмай қалмақтар, Тым-тырақай қашады…

Қазактар жеңіске жетіп, жылк,ыларының бәрін кайтарып әкеледі.

Қабанбай жауға қарсы соғыстарда әр түрлі айла-тәсілдерді ойлап тауып, оларды шебер пайдаланған.

Жастау, қатардағы батыр кезінде өз қолбасына барып: «Мен осы жауды өзімен-езів соғыстырып келсем, рұқсат етесіздер ме?»— деп етініш айтады. Жасақ басшылары акылдасып, жас батырдын, талабын қайтармауды мақұл квреді.

…Тастай қараңғы түн. Жауласқан екі жак, шеп кұрып жатыр. Екі жак, та кешкі ас ішуге кіріскен. Әр тұста жанған отты қоралай отырған адамдар бейнесі көріяеді. Екі жак, шеп бойымен мықты қарауылдар қоады. Жұрт тамақтану қамымен болып жатады.

Қабанбай жалғыз езі жауға аттанады. Өзінің беталысын жауға байқатпау үшін оның ту сыртынан шығады. Содан киім-кешегін, сауыт-сайманыв жау жақтыкіндей етіп взгертеді де, жаудын, ішіне кіреді. Бір қостан бір қосқа өтіп, біртіндеп аралай келіп, өздері шеп к,ұрып жатқав жаққа қарай жақындайды. Жау әскерлері от жағып, ет кақтап жеп отырады. Қабанбай бір қосқа кіріп, онын. адамдарын, басқарушысын байкап алады. Одан кейін жаудық ішінев ұрыс шығару үшін жавып тұрған сексеуілдің шаласымен сол қостың бастығын бір ұрып, ұзыннан түсіреді де, жаудың ішкі жағына кдрай тұра қашады. У да шу, сапырылысқан жаудың ішіяе кіріп, зым-зия көзден ғайьш болады. Вұл топ-тағылар Қабанбай қшпып барып, сіңіп кеткен элгі топқа дүрсе к,оя береді. Жау вз ішінен бүлініп, екі ұдай болып таң атқанша соғысады. Қабавбай сытылып шығып, өз жағына аман-есен қайтып оралады. Таң атканда қазақтар атой салып барса, жау қирап, к,алғандары енді-енді есін жинап жатқан екен. Қазак, қолы бүлінген жауды талқандап, еліне жеаіснен оралған.

Сырым Датұлы қазақ халқынын. өте тапқыр, яғни көрнекті шешендерінің бірі болған. Совдықтан да ол айтқан тапқыр, ұгқыр создер осы уақытқа дейін халык, арасывда сақталған. Сырымның шешендік внері хальщты Ресей патшасы мен хан-сұлтандардың зорлығына және өктемдігіне қарсы күреске шақырғанда ерекше байқалады. Өзінің баск.а да ұтымды айтылған сездерімен ол халықты бұрынғы дау-шарларды ұмытуға шакырады. Ауызбірлікті болайық, өз бостандығымыз үшін бірлесіп күресейік дейді.

Күн кіші бесінге таянғанда олар Ақсуат бидіқ ауылыва келіп те кдлды. Ойпаңға тігілген ақ үйлер қаздың балапанындай қатар тұр. Ауыл үстіндегі кер-меге таянғанда атынық басын тартып бір жігіт:

— Бұл ауылдың ат байлар жері осы болар,— деп ескертіп еді, оны Сырым:

— Жауабын да, сауабын да мен беремін, тартыадар!— деп кесіп тастады.

1 Ақсуат би қашанда күз күзек, жаз жайлауда болсын «ауыл үстін шаң баса-ды» деп аттылы адамдарды ауылдан аулак, түсіретін.

Виік заңғардав құлаған кешкіндей болып, аттылар сау ете қалғанда, ак. отаудан Ақсуат би ақыра шықты.

— Тал түсте ауыл үстін шаңдатып жүрген бұл кімдер? Елмісін., жаумысын?

— Ел десен, елміз, жау десең жаумыз. Ауылыңа бел астынан жаяулап ке-летін біз — Байұлы, сенің күйеу балаң емеспіз,— деді Сырым.

— Әй, жігіттер, он екі ата Байұлы түгел атк,а мінген екен, іншалла, бұл бір жақсылық болар, аттарын үстап, қызмет қылыңдар,— деп қыска ғана әмір тас-тады би сойыл соғарларына.

Алты қанат ақ үйдің іші дүние-жиһазға лык, толы. Кездің жауын алады. Бояуы ашық, ою-өрнегі әсем киіздін, үстіне екі кабат төселген сарыала шай көрпелер. К,онак,тар жағалай жайғасты.

Тәртіп бойынша үй иесі свз бастауы керек еді. Бірак, Ақсуат кепке дейін отырып қалды. Онын, да себебі бар. Осыдан жеті жыл бурын Байұлының бір жігіті барымта үстінде осы ауылдын, жылқышыларынын, соққысынан қаза болған еді. Бидін. ойынша Сырымнын, мына жүрісі соған к,ұн сұрау.

— Би, жен сұраса отыралык,,— деп Сырым қозғау салды. Ол бұвы айтқанда «келгев бұйымтайымды сұрасаңшы» деген оймен айтып еді. Оны жазбай түсінсе де Ақсуат жалтара жауап берді.

— Не жөнімді сұрайсың?.. Руымды сұрасаң Әлім, жайлауымды сүрасаң Бүйырғын, атымды сұрасан, Ақсуат. Әлімыің қаққан қазығымын, айналамнав ел кетпейді, алдымнан дау кетпейді, менсіз дау бітпейді,— деді. Ақсуаттың қасақана шалқайғавын анғарған Сырым:

— Би, бұдан ілгеріректе кездескен болсаң: «Ақсуатпын деп мақтанба, ба-сыңнан токпак, кетпес. Бұйырғын деген біздің жерде шөп болады, жұғымы малға жоқ болады. Әлім болсаң әлінді біл, кісімсің құнын бер!— деп аулыңның үстінен ат ойнатып, тілекпен бермесең білекпен алар едім. Бірақ дәл бүгін онын, орны бар ма? Көпті көрген кәрі құлақсың ғой, айтшы езің, дәл қазіргі ат жалы, түйе қомывда түрған тар заманда, сіз бев біздіқ, қазасы жетіп қайтыс болған азаматтың басын саудалауымыз жөн бе? Біз неге ата дәстүрінен айнимыз, аруақ қайда? Ата-баба бір қарыс жер үшін қырқысқан қакдығысты бастарынан кешсе, біз неге сол құтты қоныстан ірге кетереміз? Өткеннің енбес ісін қозғағанша, осыны ойласак, кайтеді?

Сырымның сезі осы шаңырақтын, астында отырған әркімнің-ақ қабырғасын қайыстырып жібергендей. Қайран, ана толғатқан атамекенай, кеттің-ау қор болып жат жүртқа. Бұл осы арадағы жерінен айрылған ығай мен сығайларды, құрсақтарың тепкілеп жатқан сөз болатын.

Ақсуат ойланып отыр. «Сырым дұрыс айтады. Ағайын арасын алауыз қылып, ала көз ететін жайттарды қобырататын уақыт бүл емес. Ел ішінен жік-жапар, дау-дамай үзілмесе, патшаға да, ханға да сол пайдалы. Тіпті, ел ішін тас ошақтай қағыстыратындар да солар емес пе? Демек, жау жағадан, бәрі етектен алып тұрған бұл уақытта өз арамыз қырық пышак. болса, алпауыт патша мен аяр ханға жем болу деген сөз».

Сырым дұрыс айтады. Бір сүйем, бір к,арыс жер үшів ата-бабаның нелер қырғывды бастарывав кешкевдері де рас. Дүние — кезек! Онда құмда кұландай қаңғып, кырда бөкендей безген қазақты біріктіру керек. Сырымныд да тұспал-дап отырғавы осы ғой? Ақсуат ойын осылай тұжырымдады.

— Ей, Сырым. Бастауын, болса, қостаушыңмын. Қосылдым ниетіке.

Аксуат бәріне көрсетіп нан тістеді. Басқалар да осыны қайталады.

Бірде Сырым Нұралы ханнан:

— Жылқының торысы көп пе, тебелі көп пе?— деп сұрайды. «Торы» деп Сырым халықты, «төбел» деп хандар мен олардын, тұқымын айтқан екен. Нұралы хан Сырымға жауап бере алмай калыпты,

Тағы бір реті келгенде Сырым Нұралы ханға:

— Сен аз бен көпті, ақ пен қараны, әлсіз бен мықтыны теңгере алмадық. Біреуді біреу талап жатыр, сен халықты басқара алмадың,— депті.

Хан оған қарсылык, білдіріп:

— Батырым, тасып жүрсің-ау,— депті. Сонда Сырым іркілместен:

— Таксыр, тасып жүргевім жоқ, қайта қазақ баласының басын қоса алмай сасып жүрмін,— деп жауап қайтарыпты.