Қайта өрлеу философиясы

Қайта өрлеу  дәуірі жалпы антикалық мәдениетпен, антикалық философия бөліміне қызығушылықтың өсуімен негізделеді.  Ол өз бастауын тарихи кезеңнің аталуынан алды. Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ежелгі (ХІV-ХV ғғ.), орта (ХVІ ғ.), кейінгі (ХVІІ ғ.). Қайта өрлеу философиясы Италиядан басталды, таңқаларлықтай емес, өйткені осы территорияда қызығушылық тудырған антикалық философия гүлдене бастаған, содан кейін ғана солтүстікке, батысқа және шығысқа жылжый бастаған. Әрине осыған сәйкес италиалық, немістік, француздық Қайта өрлеу дәуірі туралы айтылған…

Қайта өрлеу дәуірі орта ғасырлық философия аяқталуы мен Жаңа заман философиясының басталуы кезеңінде пайда болды.   Сол себепті де ол өтпелі болып келеді, ал бұл өз кезегінде оның мазмұнына өз әсерін тигізді. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы өз кезегінде пайда болу кезеңіндегі философия тағдырын қайталады десекте болады. Мұнда философия мифологиялық ойдан арылып, философияны мәдениеттің жаңа саласы ретінде құрды, ендігі философия діни түсініктерден бөлек мәдениеттің жеке жаңа саласы болып келеді. Бірақ ойлау қайтадан философияға оралды (мұнда Қайта өрлеу сөзі тура айтылған – антикалық мәдениеттің, яғни антикалық философияның пайда болуы).

Қайта өрлеу дәуірінің философиясының мұндай екі мінезділігі, оның екі түрлі сапасымен түсіндіріледі: абсолюті шындықты анықтауға бағытталған бала сенімімен қатар, орта ғасырлық философия бағалауының скептицизмімен түсіндіріледі. Сократ философиялық әдісті ойлап тапты, Жаңа заман философиясы – ғылыми әдіс (негізін Аристотель құрған), және де ол жемістілігін көрсетті.

Қайта өрлеу дәуірі діни сенімдердің шынайылығына сенбеушіліктен басталды. Ежелгі Грецияда Сократ жақтаушыларының қарсы күресуші мектептері құқылықтылық негізіне қатысты келісімге келе алған жоқ, со себепті скептицизм пайда болды, сөйтіп орта ғасыр соңында діни сенім әлсіреп, скептицизм қайта пайда болды. Ол жаңа сенімге жер дайындады – адам санасына, оның күші мен қабілеттілігіне.

Скептицизм орта ғасыр философиясының қортындысын құрды. Оның спецификасы – діни сенім мен діни шындыққа сенімді әлсірету және де дінге адам санасын қарама-қарсы қою. Бір жағынан, сектицизм саналы діни сенімділік мүмкін емес деген шешімге келсе, екінші жағынан – сана дінен жоғары демек еді. Сонымен, Қайта өрлеу спектицизімі – схоластикаға қарсы күрес қаруы. Схоластика шіркеу жүйесі сана алдында өз анықтамасын табуына негізделетін философия ғылымын құруға бағытталған. Бұл ретте пайда болған қиыншылықтар скептицизм туындауына кері импульс әсерін тигізді. Философия және дін мәдениеттің әр түрлі саласы, және, ХІІІ ғасырдағы Фома Аквинский зерттеулерінде бір-біріне жақындаған мәдениет салалары қайта ажырай бастады, ал бұл скепсис пайда болуына әкелді. Қайта өрлеу философиясы схолостика қойнауында оның дамуының заңдылық өнімі ретінде пайда болды.

Скептизм шіркеу абыройына деген сенімді бұзды. «Намыс және жақсылық оқушылары, адам санасында, яғни оның сөзінде   бейнесін тауып, одан басқа жетекшіні білмесін», – деп ең қызық скептицизм жақтаушысы Мишель Монтень (1533-1592) айтқан. Сана қайтадан бастапқы пунктке оралуда және осыдан Жаңа заман философиясының басталуына тартылады. Монтень «өзіне және өзінің жеке жақсылығана өзінің барлық ойлары мен істерінің назарын аударуға» шақырғанда, ол сол арқылы Қайта өрлеудің негізгі идеясының бірін бейнелейді: адам өзінің ойымен, істерімен әлем орталығында орналасқан.  Адамға үндеу Монтеньеге, діни сенім символын жоққа шығару үшін қажет. Бұл жағдайда ол антикалық скептиктерге жақын және де орта ғасырлық философияны аяқтауда. Философия батыс жанынының ерекшелігін ескере отырып жаңа деңгейде антиканы қайталау үшін, өзінің дәстүрлі мәселелеріне антикалық мәдениет ренесансы арқылы оралды.

Монтень көбіне шіркеу сенімдеріне қарсы болған, ал Никколо Макиавелли (1469-1527)   қазіргі қоғамның абсолюті моральдігін жоққа шығарған. Макиавеллидің саяси құндылығы қарама-қайшы – қарапайымдылыққа бағытталған кинизмге негізделген. Бұл бағытта Макиавелли Диоген экстровагантігіне жетіп, тіпті одан да асып кетті.

Қайта өрлеу дәуіріндегі философияның позитивті бағыттары адамның идивидуалдық, еркіндік және творчествалық потенциял мәселелеріне негізделген. Қайта өрлеу дәуірі – әлемдік мәдениет титандарының творчествалық уақыты: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Шекспир және тағы басқалары. Бұлардың өмірге әкелкен әйгілі шығармалары адам мүмкіндігінің шексіздігіне сенбей пайда болмас еді. Әлем орталығында адам орналасқан, сол себепті де антропоцентризм атауын иеленді.

Қайта өрлеу дәуірі – бұл европалық өмірдің де қайта тууы, адамның да жаңа өмірге бейімделуі. Қайта өрлеу табынан жаңа мәдени адам пайда болды. Бұл адам жанының жаңаруы деген сөз. Шынымен Жаңа заман атауын ақтайтын, жаңа өмір басталды.

Қайта өрлеу дәуірінің философтарының көңілі Құдайдан адамға ауысуда және гуманизм түсінігі басты рольге ие болуда («homo» – адам). Философ-гуманистің жарық мысалы ретінде Эразм Роттердамскийді (1466/69-1536) көрсетсе болады. Дүниедегі барлық заттардағыдай гуманизмнің кері жағы да бар,  адамды пайда болу негізі, Әлемнің ең күшті жаны және қоршаған ортаны өзіне бағындырады деген шектен тыс жоғарлатуында. Сонымен қатар адамның жоғарғы этикалық бағытымен, жоғарғы құқылық деңгейге көтерілетіні, творчествалық, моральдік қасиетіне сәйкес құдайға ұқсас бола алатынымен тамақтанбаса антропоцентризм мәдениетте басты орынға ие бола алмайтын еді. «Гуманизм» түсінігі «антропос» түсінігіне қарағанда гумандылық анықтамасымен байланысты. Цицирон шығармалары қайта өрлеу дәуірінің философиялық қозғалысы үшін үлкен мәнге ие, осыдан Қайта өрлеу философтары гуманизм түсінігін алды.

Гуманизімнің қайта өрлеу тұжырымдамасы европа мәдениеті тарихындағы ең бірінші тұжырымдама, бірақ тарих бойынша одан да көне Конфуций гуманизімі, олардың айырмашылығы европалық мәдениеттің ғылыми бейімделуі табиғатқа бағыттағандығында және антропоцентризммен тығыз байланыста болмағанында. Дәл осы европа гуманизімінің құқылығы қазіргі философия сынауына алып келді, ол туралы төменде айтылады.

Қайта өрлеу дәуірінің индивидуализімі, адамға қарсы тұрған әлем объектілігіне емес, әлемнің ішкі психологиялық негізіне – әлем субъектілігіне, философиялық жоспарда қалыптасқан жеке мәселеге негізделуінде. Одан кейін Жаңа заман философиясында мұндай әдіс субъек және объект дилеммасына айналды және де Декартта екі субстанция түсінігі қалыптасты.

Қайта өрлеу дәуірінің гуманизімі әлеуметтік қатынастарда да таралды.   Егер де Макиавелли өзінің әлеуметтік-саяси қортындыларында скептик болса, онда Томас Мор (1478-1535) Платонның идеалды мемлекетінен бас тартып Қайта өрлеу дәуірінің жаңа әлеуметтік идеалын бейнеледі. Платонның идеалды мемлекетінде екі жоғарғы классқа өз жеке меншігіне иеленуіне тиым салынады. Т.Мордың «Утопия» аты шығармасы барлық азаматтарға материалдық байлықты теңдей бөлуге негізделеді. Мұндай жаңа  әлеуметтік идеалды нұсқау қоғам ойының дамуына үлкен әсерін тигізді.

Утопиялық әлеуметтік жобаларда  адам табиғатының жетіспеушілігі ескерілмейді, ол ескерілмегендіктен қоғам идеалды бола алмайды. Мор барлық утопия серияларының бастауын құрды – оның ең алғашқысы Томмазо Кампанелланың  (1568-1639) «Город Солнца» шығармасы,  одан кейін топтар құру арқылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, сонымен ХІХ ғасырда кең массалар саяси аренаға шыққанда, Маркстің коммунистік идеологиясына негізделді  және ХХ ғасырда СССР-де оны жүзеге асыруға бағытталды.

Философия орталығындағы құқықтың маңызды тәжірибиелік қадамы Гуго Гроциемнің (1583-1645) құқықты тарихи және табиғи деп бөлуі болып келеді, біріншісі қоғам құрылымына, екіншісі адам табиғаттылығына негізделеді. Мемлекеттік келісім шарт теориясындағы Гроция ойы бойынша адам қажеттілігі араласуға әкеледі, ол өз бастауын Жан-жак Руссоның қоғамның келісім шарты негізінде алынған мемлекеттік тұжырымдамасынан алған. Жеке индивиттерден келісім бойынша мемлекет туындайды демекші, Гроция ойы бойынша мемлекет арасындағы келісім күшіне халық қоғамдастықтары кіреді.

Қайта өрлеу дәуірінде дүние жүзілік саяхаттар және географиялық ашулар әсерінен горизонттар кеңейе түсті. Әлем әлеуметтік бірлестікке айнала бастады, адамзат жер шарының бірлескен жаны ретінде қалыптаса бастады. Марко Полоның Қытай және Үнді еліне саяхатты ұлы цивилизацияларды біріктірді, ал Васко да Гама мен Колумбтың сол жақа жол табуы Америка ашылуына әкелді. Одан кейін Коперник қазіргі ғылымның негізін қалап, өзінің әлем жүйесінің гелиоцентрімен Әлемді (Вселенная) «ашты». Қайта өрлеу дәуірі – табиғаттың эмперикалық тәжірибиесіне сүйенген теориялық жетістіктер негізінде құрылған қазіргі ғылым түсініне әкелді, ол оның ішкі және сыртқы табиғатына оралуы. Қайта өрлеу дәуірінің маңызды ерекшелігі – философиялық ойлаудың ғылым көмегіне бағдарлануы. Қайта өрлеу дәуірі Италиядан басталды, сол себепті де натурфилософия формасындағы философиялық позитивті қорытындылар Италиядан шыққандығы таңқаларлық емес. Оның маңызды өкілі Джордано Бруно (1548-1600) болды – ғылым бейнеті, өзінің ойы үшін инквизиция кезінде алау отына жанып өлген.

Антикалық кезеңде жоқ болған математика негіздері жаратылыстану дамуының басталуында түсінікті болды. Леонардо да Винчи (1456-1519) атақты суретші ғана емес, сонымен қатар қазіргі жаратылыстану негізін қалаушы. Ал одан кейін ғана Галилео Галилей (1564-1642) Табиғат Кітабы математика тілімен жазылған деп жазды.

Континентальді рационализм философиясы

Жаңа заман философиясында субъект және объект түсінігі қалыптасқан, ол туралы К.Фишер былай деп жазады: «Әлем және «мен» бір-біріне жалпы жекеге сияқты және бірін-бірі жоятын қарама-қарсылық сияқты қарамайды,  шартқа серт ретінде, объект субъектке қарау ретінде қарайды».

Мұндай философиялық түсінік негізінде субъект болып тек қана адам қаралмайды. Субъект деп барлық жан негізі ретінде түсіндірілетін, активтер және индивидуалдар атала бастады. Декарт субъект түсінігін бас айналдыратын дәрежеге жеткізді, ал Кант пен Гегель субъект түсінігіне негізделетін, Жаңа заманның екі атақты философиясын құрды. Субъект мөлшер ғана емес, барлық заттар негізіне айналды.

Объект деп адамға тәуелсіз заттар ғана емес, сонымен қатар субъектке активті бастау ретінде қарсы тұратын барлық пассивтер кіреді.

Антикалық философия үшін ең бастысы этика болды, ал орта ғасырлық үшін – теология, жаңа европалық үшін – тану теориясы. Өмірде қалай жүрем деген сұрақ емес, өмірді қалай танимын деген сұрақ жаңа философияның негізгі сұрағына айналды. «Адам деген не?» сұрағын басты орынға қойған Жаңа заманның көптеген философтары, соның ішінде И.Кантта адамға білуші, үйренуші жан ретінде қарады. Мұндай қызығушылықтың қозғалысына  Жаңа заман мәдениет саласының ғылымы әкелді, сондықтан философия ғылым туралы айтылған шешімдерге бейімделді.

Рене Декарт (1596-1650), Джон Локк (1632-1704), Готфрид Лейбниц (1646-1716), Давид Юм (1711-1776),  Иммануил Кант (1727-1804) өз бетінше Аристотель сұрағына жауап беріп, ғылымның философиялық негізделуімен айналысты: «…жалғыз заттардан басқа ешнәрсе болмайтын болса, – ал ондай заттар өте көп, – онда қалай барлық заттарды біліп шығамыз? Өйткені біз барлығын шамамыз келгенше ұқсастығы, жалпылығы болғандықтан танимыз».  Осындай жалпыламаның негізін жаңа философия ашпақшы болған.

Жаңа европалық философия өкілі Декарт, Сократ секілді, «дін туралы айтылған адам ойларынан» бас тартып, «қазіргі уақытқа дейін білген білімім, мен білмейтін затпен және білуге талпынатын заттармен  салыстырғанда ешнәрсе емес» деп жазады.

Философия дұрыс ойлауға қайта келуде. Сократ аспан және құдай жайлы ешнәрсе айтпайтын, өйткені ол туралы ешнәрсе белгілі емес, сол сияқты Декарт: «біздің ойлауымыздан жоғары жатқан шындықты біліп, мен оны өз ойыма айналдырмадым…, оны зерртеу үшін аспан көмегі қажет және адамнан жоғары болу керек дегенді шештім»,-дейді.

Сократ философияны мифология басымдылығынан босатқан секілді, Декарт философияны дін басымдылығынан босаты. Философия мәдениет бөлігі ретінде туындады. Философия абыройы кенет жоғарлады. «Жалғыз философия… бізді варварлар мен жабайылардан бөледі… әр бір халық ондағы философияға байланысты білімді және адамзатты».

Сократ пен Декарт ең бірінші өзінді таны дейді. Бірақ декарт адамы – субъект және барлығының негізі болып келеді. Декарт метафизикасының бірінші қағидасы – «Мен ойлаймын, яғни мен өмір сүрем». «Барлығы өтірік деп ойлар алдында, мен, ойлаушы ретінде бір нәрсе болуым қажет». Адам өзінің өмір сүріп жүргені туралы, ойлауы бойынша біледі.

Ой ғана емес, ойлаушы адамда жан негізіне айналады.

Декарт – Жаңа заманның рационализмінің негізін қалаушы, Сократ – жалпы тұрмысқа рационалды әдістің философиялық негізін қалаушы, және де Декарт үшін әдіс үлкен мәнге ие болғаны таңқаларлық емес.

Сократ софистар ойы мен қоғам топтарының пікіріне қарсы күрес жүргізді, Декартта қоғаммен қабылданған ойларды кері шығарып Сократ сияқты қарсы күрес жүргізді. Оның күдіктенуі – агностиканы дәлелдеуі емес, алғашқы қадамы. Сыртқы орта бар екені туралы күдіктенсе де болады, яғни мен ойлаймын, ол дегеніміз мен өмір сүрем деген сөз.

Декарт танудың тура  критерилері деп  нақтылық пен есептік идеясын түсінеді. Аристотель: «Барлық бастаудың ең нақтысы  – қателесу мүмкіндігі аздығы немесе әр бір бастау тәуелдіктен бос болуы қажет». Декарт нақтылығы мен есептігі, Аристотельдің мүмкіндігі.

Декарт мынадай тәртіпті қалыптастырады: «мен мүмкін деп танымағанды, нақты деп қабылдамаймын… және мен нақты есеппен түсінбегенді өз ойлауыма салмаймын». Сократ майовтикасына қарағында – Декарт қағидасы – ғылым тану әдісіне негізделеді. Талдау, жайдан күрделіге өту, зерттелудегі заттардың толықтығы барлығы осында. Мысал ретінде математика алынған. Декарт ойы бойынша математикалық білім дәл және қажетілігі мен жалпылығы бар ғылым. Декарт дедукция рольін ерекшелеп, нақты жағдайлар мен дәл логикалық қорытындылардан тұратын тізбекке негізделетін түсінік ретінде түсінеді. Аксиома нақтылығы толық дәлдік  пен есептілік арқылы, ой интуициясымен ғана қаралады. Интуициямен және дедукциямен қаруланған ой білімнің барлық облыстарында толық дәлдікке жете алады. Декарт әдісі математикада қолданылатын, барлық заттарды танып білуге негізделеді.

Білімнің күштілігі мен оның көлемі туындаған ойларды танып білу тәуелдігімен анықталады. Дене заттары туралы білім өте аз, оған қарағанда құдай және адам жаны туралы көп жазылған. Бірақ біз ғылым бойынша жоғарғы жетістікке жеткен сайын, сезім органдарын танып білу қажеттілігі күшейе түсуде.

Жаңа заман философиясы субстанция туралы мынадай түсінік қалыптастырды, кейбір заттардың өмір сүруіне өзінен басқа ешнәрсе қажет емес. Сократ заттар қарама-қарсылығын туындатқандай, Декарттың – ой атрибуты болып келетін, жан субстанциясы тартымдылық атрибуты болып келетін дене субстанциясына қарама-қарсы қойғаны ұқсас болып келеді.  Декарт субстанциясынан   материалдық  және идеалдық қатынастар туралы, және де не бірінші пайда болуы туралы айтыс жүруде. Декарт бойынша түсінік, қабылдау ой субстанциясына жатады, ал денеге көлем және де ұзындыққа, еніне, терендігіне созылуы, фигура, қозғалыс, бөлшектің бөлінуі мен орналасуы және басқа да қасиеттер денеге қарағанда көбіне формаға жақын болып келеді.

Осыдан кейін екі субстанция мәселесі туындады. Бенедикт Спиноза (1632-1677) бұл мәселені қарастыра отырып, ой мен тартымдылық бір субстанцияның екі атрибуты ретінде қарастырылатының айтты. Осыдан құдай табиғаттың барлық денелері мен кеңістіктің барлық нүктелерінде тіршілік етеді деген қортынды туындады. Мұндай түсінік пантеизм деп аталады («пан» – барлығы, «теос» – Құдай).  Спиноздың жалғыз мәңгі және аяқталмас субстанциясы – «өз өзінің себебі» және барлық әр алуан заттар – оның туындауы. Спиноздың әлемдік өз себептілігі үнділердің өз өзінің себептілігі деп түсінетін Брахманды еске түсіреді.

 Декарт ойы бойынша, жанның дене тәуелдігі адам құштарлығынан байқалады. Декарт «психофизикалық зерттеудің қарапайым заңдылығын» қалыптастырды, бұған сәйкес құштарлық жоғалмайды, күштісі әлсізін ығыстырып шығарады дейді.

Декартқа жақын Б.Спиноза жан қинаушысы аффект, адекватсыз танымдылықтан шығады деп болжамдады. Қажетті және анық ой қармағындағы жан жағдайын «Құдайға деген интеллектуалды махаббат» деп атады. Спиноз ойы бойынша біз ешнәрсеге талпынбаймыз өйткені ол жақсы, ал керсінше бір нәрсеге тартылу мен оны қажет ету оны мейірімді деп санағандықтан болады.  «Біз тағдырымыз туралы ешнәрсе білмей, қарама-қарсылықтағы жел қуған теңіз толқандары сияқты әр түрлі себептерге байланысты құштарланамыз және ойлаймыз». Басқа мағынада, бірақ ұқсас сөздермен франсуздың діни философы, жазушы, математик және физик Б.Паскаль (1623-1662) Әлем теңізіндегі оның әлсіздігін ескере отырып, адамды «ойлаушы бұта» деп атады.

Спиноз өзі үшін қажеттілік болып келетін ой еркіндігін жоққа шығарды. Сыртқы міндеттерден басану (Сенека) және ішкі қорқудан босану (Эпикур) еркіндік деп санаған және де орта ғасыр философтарының еркіндік Құдайдың адамға берген байлығы, оның қайтып өмір сүрем деген еркіндігі деп санаған ғалымдардан, Спиноздың еркіндік тұжырымдамасы түп тамырымен антикалық философтар пікірінен өзгешеленді. Спиноз көз қарасы бойынша адам өз бетінше тіршілік етуі емес, объективті заңға жүгіне отырып істеген тірлігі еркіндік.

Неміс философы  Г.Лейбниц (1646-1716) «Адам ойы туралы жаңа тәжірибиелерінде» Декарт пен Спиноздың субстанцияларын пассивтілігі үшін талқылауға салып, субстанцияны активтіліксіз түсіну мүмкін емес, активтілік субстанцияға бейім деген. Лейбниц әлем әр алуандығын түсіндіру үшін динамикалық бастауды іздеп табуға талпынды. Ол әр бір заттың өзіндік күші, үздіксіз қозғалатын ішкі мүмкіндіктері бар деп бекітті. Осы олардың субстанциясы.

Декартқа қарсы тұрып, Лейбниц дененің бір ғана геометриялық қасиетіне жүгіне отырып, оның физикалық мінезін анықтау мүмкін емес деді – қозғалыс, қарама-қарсы тұру, инерция және т.б. Декарттың «тартымдылығын» Лейбниц таза жан тіршілігіндегі қарапайым субстанциясы жасырылған деп, оны монад деп атады. Монадтар бір-біріне әсер етпейді, «оларда әлемге шығу терезелері жоқ», әрбір монад – «тығыздалған әлем». Олардың арасындағы келісім – Құдай қамтамасыз ететін, «берілген гормония» қорытындысы.

Лейбниц «жеткілікті негіз заңымен» Аристотельдің үш заңын толықтырды, ешбір құбылыс анық немесе нақты бола алмайды, көпшілік жағдайда бізге белгілі болмайтын, жеткілікті дәлелсіз – бекітулер нақты болмайды  деген тұжырымдамаға сәйкес қарастырамыз.

Декарт, Спиноза және Лейбниц континентальді рационолизм атына ие болған бағытқа бағытталған, өйткені барлық үш философтар европа континентінде өмір сүрген және рационалистар болған.

Ағылшын эмпиризмінің философиясы

Алғашқы сезім тәжірибиесінің мағынасын ерекшелейтін, шындықты іздеу және оның критерилері эмперизм кезінде де жүргізілді. Рационалим мен эмперизімнің бәсекелестік тізбектері Гераклит пен элеаттарға сәйкес дәстүрін жалғастыруда. Европа елдерінде рационализімге неміс философиясы, ал эмперизімге – ағылшын философиясы тартылды. Ағылшын философтарымен ұсынылған және континентальді рационализмге қарсы шыққан бағыт, ағылшын эмперизімі атына ие болды. Олардың өкілдерінің ішінен үш философтарды ерекшелесек болады.

Декарттың үлкен құрбысы Френсис Бэкон (1561-1626) ең жақсы дәлелдеу – тәжірибие, ал сезім – білім негізі деген. Бэкон өтірік ойды адасу себебі деп санады, және оларды идол немесе  елес (призрак) деп атады. Туудың  елесін   –  адамдардың барлығына жалпы және адам өз меншігін басқа зат табиғатына алмастырғандықтан, заттардың өтірік бейнесін бейнелейді деді. Үнгірлердің  елесі әр адамның жеке индивидуалдығынан пайда болады. Нарықтың  елесі – сөзді дұрыс пайдаланбағандықтан. Театр  елесі – салтанатты көріністермен аяқталатын, өтірік білім.

«Елесті» жеңу жолы – индукция көмегімен оны талдау және тәжірибиеге жүгіну. Индукция, «тәжірбиеден аксиоманың шығарылуы» – Бэкон ойынша, жеке факттарды қабылдап, қадам сайын жоғарлап, жалпы жоғарғы деңгейге жетіп, ғылыми әдістің негізін құрады.

Декарт сияқты Бэконда ғылыми әдістің маңыздылығын жоғары бағалады, ол цикульге ұқсас неше түрлі индивидуалды ерекшеліктерді жойып және әркімге дұрыс дөңгелек салу мүмкіндігін береді. Бірақ рационалды әдіске қарағанда ол эмперикалық әдісті қалады.

Көбінесе Бэкон эксперименттік және талдаудың ғылыми мағынасын өзгещеледі. «Табиғатты  бөлек кеткенше, оны бөліктерге бөлген жақсы». Ол табиғат құпияларын ашқазуға «мәжбүр» еткізетін, эксперимент көмегімен «табиғатты тексеруге» шақырды.

«Новая Атлантида» атты утопиялық шығармасында Бэкон идеалды мемлекет бейнесін көрсетті. Платон Атлантидасында басты өжеттік идеалды басқару қағидаларына берілсе, Бэконда, Жаңа замандағы ғылыми жетістіктер сеніміне жүгіне отырып, тұрғындардың жағдайы ғылыми-техникалық жетістіктерге тәуелденеді, бірақ та ақылды басшылар алдынала қандай құралды пайдаланады, қандайын пайдаланбайтының шешіп қойған. Атақты «Білім – күш» афоризімі Бэкон шығармашылығы.

Келесі ағылшын эмперизімінің өкілі – Джон Локк (1632-1704) бірінші рет Жаңа заман философиясынан тану теориясын арнайы тәртіп ретінде бөліп шығарды. Локка антикалық атомистиканы еске түсіретін, алғашқы және екінші сапа туралы білім қарайды. Алғашқы сапаға ол ажырамайтын «денеде нақты бар» заттарды жатқызады (көлем, тығыздық, форма, сан, орналасуы, қозғалысы). Екінші сапасы (түсі, иісі, дәмі, дыбысы) дененің өзінде болмайды,  бізге бірінші сапасның әсерін көрсетеді. Сонымен, бірінші сапа адамға тәуелсіз біздің денемізде өмір сүреді, екіншісі дененің сезім органдарымен өзара байланысы. Локк ойы бойынша барлық сезімдердің ішінен түйсік сезім ғана заттардың алғашқы сапасы туралы ақпарат береді, бірақ оған көру, есту, иіс сезу, дәм сезу жатпайды.

Локкқа «tabula rasa» («чистая доска») адам тууы анықтамасы жақын. Локк ойынша барлық түсініктер адам өмір тәжірибиесінен жинайды, және де Декартқа қарсы олар туа бітпейді дейді. Эмпиризм позициясы бойынша Локк ойлау субстанциясында талқылауға шығарды, осыдан кейінірек ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) материалды субстанцияның баршылығын талқылады.

Ағылшын эмпиризмінің қорытындысы Д.Юм (1711-1776) философиясы болды. Локктың алғашқы және екінші сапаларын талқылай отырып, Юм тартылыс пен көргіштік сапасы алғашқы сапа аталуына құқығы жоқ деп жазды. Тартылыс ойын біз көру мен есту арқылы жүзеге асырамыз, ал егер барлық сезімдер объектіде емес санада жиналатын болса, онда қорытынды екінші сапа мен сезім идеаларына тәуелді тартылас идеясына ауыстыруымыз қажет.

Сонымен, мысалы, тығыздықты бейнелеу тікелей адам мен қоршаған ортаның қатысты көлемдеріне байланысты. Егерде адам көлемі атом көлеміне жақын болса, онда қоршаған орта біз үшін тығыз болмайтын еді. Мысалы, егер атом ядросы көлемі бойынша бұршақ сияқты болса, онда олардың арасындағы арақашықтық 5 км болатын еді. Ал әлем керсінше адам денесінің мөлшеріне жақындап, біз үшін майдаланбаған болатын еді, үлкен қарақшы болса кіші жұлдыздар қосындысы емес, тығыз қосындыдан тұратын үлкен денеге айналатын еді.

Юмның жалпы қорытындысы мынадай: дененің барлық сапасы екінші деңгейлі және біз өз бетімізше сыртқы орта туралы ешнәрсе біле алмаймыз. Заттар туралы объективті білім алуды жоққа шығарған мұндай көз қарас агностицизм атына ие болды.

Үлкен көңілді Юм себептілікке бөлді, бірақ мұнда да агностицизмге жүгінді. Ол себептіліктің объективті бар екенің дәлелдегенде жоқ, жоққа шығарғанда жоқ, бірақ зерттеу оған ұқсас емес және себепке жатпайды, ол дәлелсіз деп тұжырымдады. Себептілік байланысы оның ойынша былай қалыптасады. Бірінші эмперикалық құрастырудың кеңістік қосылыстары Б одан кейін А уақыт тұрмысы, сонымен қатар А одан кейін Б тұрмысы жиі болып тұрады. Сөйтіп, себептілік түсінігі логикалық қате негізінде пайда болады. Қате әр бір А өзінен кейін Б-ға ауысатындай, тұрақты ассосация күтуіне, сенімге айналады. «Тәжірибие бізге бір құбылыс екіншіні тудыратының дәлелдеуде, бірақ олардың бір-бірімен байланысатын құпиясын ашпайды», – деп қорыты Юм. Сондықтан, күн күніге шығып кіргендіктен, «ертең күн шығады» деген бекітіліс шындық деуге болмайды. Ол біздің күнделікті тәжірибие бойынша, болуы мүмкін. Құбылыстар арасындағы  мүмкіндіктер негізі мен тану теориясының пәндерін құратын, ішкі байланысты ғылым ашады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!