Қазақстанның Ұлыбританиямен экономикалық байланысы

Аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орынды иеленген Қазақстан сияқты ірі еуразиялық мемлекет өзінің сыртқы саясатын қалай жолға қояды және кандай жетекші бағыттарға басымдық береді, сондай-ақ оның көршілес елдермен ғана емес, жалпы әлемдік қоғамдастықпен қарым- қатынастары қалайша қалыптасады-мұның бәрі тоқсаныншы жылдары көптеген мемлекеттер мен зерттеу орталықтарының мұқиат назарында болды.

Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери  – саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды. Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі және  мемлекет басшысы сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын тұжырымдап берді, олар:

Еліміздің әлемдік қоғамдастыққа кірігуі, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстанның экономикалық дамуына жәрдемдесу, шетелде жүрген ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, мүдделілік білдірген барлық елдермен өзара тиімді қарым- қатынасты дамыту.

 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық беретін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты. Жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп- қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрлымын қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуімен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер– мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселерде жаңа көзқарасты әзірлеуді және іске асыруды талап етеді. Алайда, сыртқы саясаттың негізгі алатын қағидаттары өзгеріссіз қалады.

1992 жылдары Қазақстан Ұлыбритания мемлекетімен экономикалық қарым- қатынастары қалыптаса бастады.

Ұлыбритания европаның солтүстік- батысындағы Ұлыбритания аралында Ирландия аралының солтүстік- шығыс бөлігінде Англиси, Уайт, Норланд, Оркней, Гебрид, Шетленд т.б. ұсақ аралдарда орналасқан. Солтүстік- батыс жағалауы Атлант мұхитымен шығыс және оңтүстік жағалаулары солтүстік теңізбен және Ла-Манш, Паде-Кале  бұғаздарымен шайылады. Жері 244,1 мың км2, халқы 55,96 млн. Астанасы Лондон қаласы.

Ұлыбритания төрт тарихи- географиялық аймақтан тұрады. Олар әкімшілік жағынан графтықтарға және графтық дәрежедегі қалаларға бөлінеді.

ТАБИҒАТЫ. Ұлыбритания Европаның қоңыржай белдеуінің атланттық бөлігінді орналасқан. Жағалауы қатты тілімденген. Ірі шығанақтары – Ферт–оф-Лорн, Ферт-оф- Клайд, Солей-Ферд, Кардиган, Бристоль, Лайм, Уош, Ферт-оф- Форт, Мари-Ферт. Ұсақ аралдар жағалауы фьордтық типке жатады.

Шотландия, Солт. Ирландия, Уэльс және Солт. Англия бөліктері өзен аңғарларымен тегістелген, биіктігі орташа таулармен қыраттардан тұрады.

Ұлыбританияның солтүүстігінде күшті тілімденген Шотландия орналасқан. Тау қыраттарының үстірт тәрізді бөліктеріне биіктігі 1343 метрге дейінгі альпілік типте шыңдар қалыптасқан. Шотландиядан оңтүстікке қарай Пеннин таулары, рельефтымұздық пішіндері кеңінен тараған Камберленд таулары созылып жатады. Уэльс түбегі Кембрий тауларынан тұрады. Корнуолл түбегінде биіктігі 500-600 метрлік қалдық қыраттар бар. Оңтүстік- шығыс Англияның борпылдақ жыныстардан түзілген тегіс жазықтары ақ тас және түзілген қырқалы куэсталық үстірітттермен және Мидленет, Фенн және Лондон алабындағы жазықтармен кезектесіп  отырады.

Британ аралдары өзінің геологиялық құрлысы мен құрлымы жөнінен түгелдей каледон қатпарлық зонасына жатады. Палеозойдың басында Ұлыбританияның қазіргі территориясы терең  теңіздік шұңғымалар және қырқалы жалдарға бөлінген каледон геосинклинальдық аймағынан тұрды. Шұңғымаларда қалың тұнбалар жиналып, силур кезеңінің аяғында бұл тұнба- шөгінділер қатпарлыққа жиырылып геосинклиналь өңірінен Шотландия мен Уэльс жоталары көтеріледі. Жоталар аралығындағы депрессияларда девонның тас көмірлік және пермдік континентік шөгінділері жинала бастады. Девон кезеңінен бастап Ұлыбритания жері платформалық сипат алды. Мезокайнозойда Лондон алабымайысуға ұшырады. Кайнозойда бүкіл арал көтеріліп, әсіресе Шотландияда көптеген жарылыстар пайда болды. Ұлыбританияның пайдалы қазыналары тас көмір және юра жүйесіне, Корнуолл қатпарлық масивтеріне байланысты таралған. Солтүстік теңіз жағалауынан табиғи газдың ірі кен орны ашылды.

Климаты мұхиттық қоңыржай; атмосфералық жауын-шашыны өте мол, ауа райы циклондық типке жатады, күшті желді. Январьдың  орташа температурасы Корнуолл түбегінде 7 С- тан Шығыс Англияда 3,5 С-қа дейін; шығысында кейде -18 С-қа дейін аяз байқалады. Июльдің орташа темпераиурасы Лондон ауданында 16-17 С, Шотландияда 11-13С. Жауын-шашыны жыл бойына біркелкі таралады.

Ұлыбританияның өзендері негізінен мол сулы және қысқа келеді. Ірілері: Северн, Темза, Уз, Тис, Тайн, Иден, Туид т.б. Өзендері күз және қыста тасиды, қатпайды. Көптеген өзендері кеме жүзетін каналдармен жалғастырған. Көлдері негізінен таулы аудандарда  орналасқан; бұлар шығу тегі жөнінен мұздық және тектоник.- мұздық типке жатады. Ірі көлдері: Лох-Ней, Лох-Ломонд, Лох-Нес.

Ұлыбританияның өсімдік жамылғысы негізінен табиғи зоналар заңдылығы бойынша таралады;  солтүстігіндегі тайгалық  және аралас орман белдеулерінде негізінен қарағай, емен және қайың,  оңтүстігінде жалпақ жапырақты емені орман, қайың орманы, әк тасты және борлы жарларда еменді- шамшатты орман өседі. Территориясының 6%-і орман. Орманның кең тараған өңірі әсіресе шығыс және оңтүстік аудандары. Таудың жоғарғы белдеуінде тау шалғыны жақсы өседі.

Жануарлар дүниесі сақталмаған; әсіресе орман фаунасы тым кедейленген. Түлкі, қоян, тиін, кірпі, ін қазатын сүт қоректілердің көптеген түрлері, құстардан жабайы кептер, Шотландияда тундра мен шотландия кекілігі, саңырау құр мекендейді; өзен –көлдері балыққа бай.

ХАЛҚЫ. Ұлыбританияның негізгі халқыағылшындар Англия, Уэльстің көп бөлігінде және Шотландияның оңтүстігінде, шотландиялықтар негізінен Шотландияда, ирландықтар Солтүстік Ирландия мен Англияның өнеркәсіптік аудандарында қоныстанған.Солтүстік Ирландияда сонымен қатар 1 млн-нан астам 16 ғасырларда қоныстанған ағылшын және шотланд ұрпақтары тұрады. Уэльс түбегінде уэльстер, немесе валийлер, Солтүстік Шотландия және Гибрид аралдарында гэлдер қоныстанған. Ірі қалаларда еврейлер, сонымен қатар Вест- Индиядан, Үндістаннан, Пакистаннан және Африка елдерінен келіп қоныс тепкендер бар. Европалық имигранттардан поляктар, немістер, француздар, итальяндар т.б. бар. Мемлекеттік тілі- ағылшын тілі; ирландтар, уэльстер және гелдердің біраз бөлігі кельт тілі тобына жататын өз тілдерінде сөйлейді. Діни нанымға сенушілердің көпшілігі –протестанттар. Ресми календары – григориандық. Ұлыбритания-халықтың табиғи өсу өте төмен елдердің бірі.

Ұлыбританияда басқа дамыған елдермен салыстырғанда урбанизация деңгейі өте жоғары: халықтың 82 %-ке жуығы қалада тұрады және қала халқы мөлшерінде тұрғандары 1млн-нан асатын ірі қалалар үлесі басым. Ірі қалалары: Лондон, Манчестер, Бирмингем, Глазго, Лидс, Ливерпул және Ньюкасл.

Ұлыбританиямен экономикалық байланысы. Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, «үлкен сегіздіктің»  мүшесі, ядролық державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап  Кеңестік бұрынғы кеңестікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды. Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің аумағы ретінде қарап, онда өзінің орнын нығайтуға күш салуы болып табылады. 1990 жылдардың басында елдің бұрынғы Премьиер-Министрі, көрнекті британ саясаткері М. Тэчердің Қазақстанға келуі осының дәлелі. Лондонның Орталық Азия мемлекеттері жөнінде маңызды міндеттеріне либералдық реформаларды қолдау, халықаралық құрлымдарда тиісті елдердің қызметін бақылау, діни радикализмнің таралуына жол бермеу жатады.

Қазақстанның Еуропадағы аса ірі сауда және инвестициялық серіктесі ретінде Ұлыбританияның айрықша орны екі жақты қатынастарда саяси проблемалардың жоқтығымен, бірінші кезекте мұнайға, газға және құбырға орай геостратеиялық және эканомикалық факторлармен байланысты.

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Королдігі арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 19 қаңтарда орнатылды.

Бұл орайда Қазақстан-Британ қатынастарының дамуына Президент Н.Назарбаев Біріккен королдікке 1991 жылғы қазанда жұмыс сапарының барысында-ақ тыныс берілген еді. Сол кезде Еуропа қайта құру және даму банкінің, қазір Қазақстанда белсене жұмыс істеп жатқан «Бритиш Газ», «Бритиш Петролеум» компанияларының және басқа да жетекші британ компанияларының басшылығымен маңызды байланыстар орнатылды.

Қазақстанға Король отбасының мүшелері мұрагер ханзада Чарльз 1996 жылғы қарашада, ханшайым Анна 1993 жылғы шілдеде және Королева II Елизаветтаның немере інісі Герцог Глостерский 2002 жылғы қыркүйекте келіп қайтты.

Екі жақты қатынастар эканомика мен мәдениет саласында, сондай-ақ НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберіндегі әскери ынтымақтастық серпінді дамуда.

Президент Н.Назарбаевтың 1994 жылғы наурызда Ұлыбританияға ресми сапары өзара іс-қимылды тереңдетуде жаңа кезеңді ашты. Қазақстан – Британ ынтымақтастығының шарттық –құқықтық негізін қалаған құжаттарға қол қойылды. Бұлар: Достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларатция; Білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтаытық туралы; Әуе қатынасы  туралы келісімдер; Екі елдің сыртқы істер министірліктері арасындағы  ынтымақтастық туралы декларатция; Қос салық салуды жою және табыс пен мүлік құнының өсіміне салықтар төлеуден жалтаруды болдырмау туралы конвенция.

1995 жылдың соңы мен 1996 жылдың басында екі жақты экономикалық қатынастарды реттейтін екі шешуші келісім: Қос салық салуды болдырмау туралы конвенция және Инвестицияларды қолдау мен өзара қорғау  туралы келісім күшіне енді. Бұл Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сауда-экономикалық инвестициялық қатынастардың дамуын айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті. Оның негізгі бағыттары энергетика, кен өндіру өнеркәсібі, сауда, әлеуметтік инфроқұрлым, денсаулық сақтау, көлік пен байланыс, қаржы мен жекешелендіру саласындағы  консалтингтік қызметтер,пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру болып отыр.

Ұлыбритания Еуропа Одағы елдері арасынан бірінші болып 1996 жылғы маусымда Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.

Кейінгі уақытта Қазақстан-Британ қатынастарын серпінді дамыту үрдісі айтарлықтай нығая түсті. Британ бағыты біздің саясатымыздың еуропалық бағыттағы маңызды құрамдас бөлігіне айналды. 1997 жылғы маусымда Қазақстан Президентінің Ұлыбританияға баруы елеулі оқиға деп саналды. Лондондағы келіссөздерден кейін саяси және сауда-экономикалық байланыстарға, ірі Британ компанияларымен ынтымақтастықты кеңейтуге серпін берілді.

1999 жылғы сәуірде НАТО-ның мерекелік салтанатында Н.Назарбаевтың Ұлыбританияның Премьиер-Министрі Т.Блэрмен кездесуі болды. Мемлекеттер басшылары өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету жөнінде бұдан былайғы іс-қимылды талқылап, белгіледі. Қазақстан Президентінің 2000жылғы қарашада Лондонға ресми сапары екі елдің өзара қатынастарындағы ірі оқиға еді. Сапар барысында Королева II Елизаветта Н.Назарбаевты Қазақстанда саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамассыз етуге, заңдылық пен демократияны орнатуға, сондай-ақ жәһандық ауқымда ядролық қаруды таратпау ісіне сіңірген еңбегі үшін Біріккен Корольдіктің жоғары  наградасы Қасиетті Михаил және Қасиетті Георгий орденімен марапаттады. Сапар кезінде әскери саладағы ынтымақтастық туралы құжаттарға, ҚР Өкметі мен «BAE Systems» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Британ кеңесі арасындағы Қазақстан-Британ университетін құру туралы меморандумға қол қойылды. Ұлыбритания Қазақстанмен сауда-саттыққа жетекші орын алатын әлемнің бес дамыған елдерінің қатарына жатады. 1998 және1999 жылдары сауда айналымы тиісінше 629 млн. және 422 млн. долларды құрады. 2000 жылы екі жақты сауда айналымы 450 млн. долларды, соның ішінде экспорт 231 млн. долларды, импорт 219 млн. долларды құрады. Және де 2000 жылы  Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі Ұлыбританияның жеке үлесі 3,2 пайызды  құрады.

Экспорт номенклатурасы минералдық өнімдерді, феррохромды, болатты, мысты, жүнді, былғары шикізатын, тыңайтқышты және жартылай қымбат металдарды қамтиды. Импорт құрылымында құрал-жабдықтар мен аппаратура, көлік құралдары, оптикалық приборлар, химиялық, алкоголь және темекі өнімдері, тоқыма өнеркәсібі өнімдері басым.

2000 жылдың нәтижелері бойынша Ұлыбритания біздің экономикамызға салынған тікелей инвестициялардың көлемі бойынша екінші орынға шықты, оның жалпы сомасы – 1,68 млрд. доллар. Қазақстанда 100-ге жуық бірлескен қазақстандық –британдық кәсіпорындар жұмыс істейді, бізде 32 британдық компания тіркелген. Олардың қатарында Каспий теңізінің қайраңын игеру жөніндегі халықаралық консорциумға қатысатын «Бритиш Газ» және «Шелл» сияқты бүкіл әлемге белгілі компаниялар бар.

Іскерлік қатынастарды жолға қою және кеңейту процесідне Қазақстан-Британияның мүдделі  топтары қатысатын түрлі халықаралық бизнес-семинарлар, сондай-ақ инвестициялық конференциялар маңызды рөл ойнайды.

1997 жылы Қазақстан Үкіметі «Қазақгаз» мемлекеттік холдингтік компаниямен «Газпром» Ресей акционерлік қоғамымен, «Аджип» (Италия) және «Бритиш Газ» фирмаларымен бірлесіп Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орнында . өнімдерді өндіруді бөлудің принциптері туралы келісімге қол қойды. Қарашығанақ жобасы бойынша қызмет басталғаннан бері шығыстардағы «Бритиш Газдың» үлесі 32,5 пайызды құрап, қазірдің өзінде 1млрд. доллардан асты. Қарашығанақ интеграцияланған ұйымның бюджеті бойынша инветициялардың жалпы көлемі 2000 жылы 974млн. долларды құрады, оның ішінде «Бритиш Газ» 316 млн.доллар инвестиция салды. Негізгі мердігер «БГ»-мен қатар Қарашығанақ жобасына қосалқы мердігерлер ретінде 150-ге жуық британдық компаниялар тартылған.

Ұлыбританияның ірі компанияларының бірі «Лонро» осы заманғы шахталық құрал-жабдықтарды өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынды құруды жоспарлауда. Кейбір британиялық компаниялар Қазақстан: электр желілерін оңалту жобасы шеңберінде «КЕОК» ААҚ-пен бірлесіп іс-қимыл жасауға мүдделілік танытып отыр.

Металургия өнеркәсібінде боллаттың әлемдік бағаларын қалпына келтіру

«Испат-Кармет» өндірісін елеулі түрде ұлғайтудың стимулы болды (1998жылы 2,7млн. тонна – 1999 жылы 4млн. тонна  ). 1995 жылдан бастап «Испат» кәсіпорынға 400 млн. астам доллар жұмсады және кәсіпорын да 56 мың жұмысшы еңбек ететін ірі жеке жұмыс беруші болып табылады.

Көлік саласындағы ынтымақтастық та белсендітүрде даму үстінде.Осы саладағы маңызды бағыттардың бірі авиация, машина жасау, жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі «BAE Systems» компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру болып табылады. Осы компаниямен бірге бірлескен кәсіпорын құрылды, оған ұлттық авиатасымалдаушы мәртебесі берілді.

Автожол секторында британдық «Бальфур Битти» Алматы-Астана жолының ұзақтығы 192-километрлік учаскесін (Гүлшат-Ақшатау секциясы) қалпына келтіруге қатысуда. Құрылыс секторында британдық «Фитцпатрик» компаниясы бүкіл кешеннің – Астанадағы аурухананың құрлысын аяқтау үстінде. Британдық компания «Посфорд Дювивьер» Ақтау теңіз айлағын қайта құру жобасының бірінші кезеңін аяқтады. Толқын қиратқыш пен кіре беріс қашыны қалпына келтіруді көздейтін жобаның екінші кезеңін «Мюхель» ағылшын фирмасы талдап жасауда және қазір аяқтау кезеңінде.

Кредит-қаржы саласындағы өзара іс-қимыл да кеңеюде. 1992 жылы Ұлыбританияда қазақстандық валютаның – теңгенің алғашқы банкноттары басылды. Қазақстанның Ұлттық Банкі және басқада жетекші банктері Англияның Орталық Банкімен, Ұлттық Вестминстерлік банкпен және басқалармен тікелей корреспанденттік қатынастарды ұстанып келеді. Қазақстан мемлекеттік кепілдіктермен 264 млн. жуық доллар сомасында Ұлыбританияның 6 мемлекеттік емес заемдарын тартты, оның ішінде 176 млн. жуық доллары немесе барлық көлемнің 67 пайызы тартылды.

Бірлескен Қазақстан – Британ сауда-өнеркәсіптік кеңесінің белсенді қызмет сауда –эканомикалық ынтымақтастықты ілгері жылжытудың тиімді тетігі болып табылады. Астанада мамырда және Лондонда желтоқсанда (2000жылы) сауда –эканомикалық байланыстарды үйлестіретін Кеңестік мәжілістері өткізілді.

Халықаралық –қаржылық орталық ретінде Лондон әлемнің іскер топтарының арасында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты таратуда сахна қызметін атқаруда. Осы қалада 1999 жылғы шілдеде және 2000 жылғы желтоқсанда Еуропадан, АҚШ-тан және Азия –Тынық мұхит аймағынан жүздеген кәсіпкерлер қатысқан инвестициялық конференциялар болды. 2001 жылы шілдеде Лондонда Қазақстан тәуелсіздігінің 10-жылдығына арналған «Қазақстанның мұнайы мен газы» атты халықаралық конференция өтті.

1993 жылдан бастап біздің елімізде тәуелсіз ұйым мәртебесі бар Британ Кеңесі (БК) белсенді жұмыс жүргізуде. Кеңестің негізгі қызметі ағылшын тілінен сабақ жүргізу саласына, сондай-ақ мәдениет, өнер, білім беру саласына шоғырланған. Британ Кеңесі (БК) мемлекеттік ұйымдар мен жеке компаниялар үшін тіл курстарын өткізеді. Кеңеспен бірге Қазақстандық жастарды Ұлыбританияда оқыту жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта ол жақта 100-ден астам қазақстандық студенттер оқуда. Британ Кеңесі (БК) Қазақстандағы жобаларын қаржыландырудың жалпы көлемі 2,5 млн. жуық долларды құрайды.

Британдық «НОУ-ХАУ» қоры экология, ауыл шаруашылығы, менеджмент, дипломаттық оқу, алғашқы медициналық көмек көрсетуді реформалау және басқа да салаларда Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асырды. Қазақстандағы  жобаларды іске асыруға осы қордан барлығы 8,6 млн. доллар бөлінген.

Ұлыбританияның Халықаралық даму министрлігінің желісі бойынша  Нұра-Есіл өзені алабының су ресурстарын басқаруды жетілдіру және бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағындағы жерді пайдалану стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі шараларды көздейтін екі ірі экологиялық жоба әзірленді. Жобалардың жалпы құны 2,3 млн. долларды құрайды.

Британ кеңесімен бірге 2000 жылғы наурызда Ұлыбритания дипломатиялық қызметінің басшысы Дж. Керрмен келіссөздер барысында Президент Н.Назарбаев бастамшы болған Қазақстан-Британ Университетін құру жөнінде жұмыстар жүргізілді.

«Біз Орталық Азияны көбіне біртұтас дүние ретінде қарастырамыз.

Алайда осы өңірдегі елдер арасынан Қазақстан неғрлым серпінді прогрес танытып отыр, бұл ел либералдық демократия белгілеріне ие болда.

Либералдық- демократиялық ахуал инветиция үшін, қолайлы климатқа ықпал ету үшін біз осы процестердің нығаюы мен дамуына жәрдемдесуге тиіспіз.»

Джон Манн

Ұлыбритания парламенті

қауымдар палатасының депутаты.

«Қазақстан тәрізді үлкен ел үшін полиэтника жағдайында тұрақтылықпен бірлікке қол жеткізу үлкен жетістік болып табылады.

Ол өзіне екі полюстің жахандық қарсы тұру дәуірінен мұра болып қалған ядролық қарудан бас тартты.

Ол тиімді ынтымақтастыққа дайын.»

Бароннесса Сайманс.

Ұлыбритания сауда министрі

«Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері айтарлықтай экономикалық прогреске қол жеткізілді. Қазір нарыққа бағдарланған мөлдір және ашық инвестициялық ахуалды дамыту маңызды болып отыр. Бұл қазақстан қол жеткізген табыстарды шоғырландыруға көмектеседі, сондай-ақ ол Орталық Азияның басқа елдері үшін тамаша үлгі болады.

Мен Британдық компаниялардың Қазақстандағы өз инвестицияларын бағалайтынын және  инвестицияүшін жаңа мүмкіндікттер іздейтінін білемін. »

Энтони Чарльз Блеэр

Премьер- министр

Жалпы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым қатынас жоғарыда айтылғандай, экономикалық жағынан басымдық береді. Тәуелсіздік алғаннан бері ағылшын ірі компаниялары Қазақстанның  мұнай қорларына, табиғи ресурстарына қызығушылық танытып, соларды игеруде алдыңғы қатарда келеді. Сонымен қатар сауда қатынастары да қарқынды дамып келеді. Қазақстанмен сауда-саттыққа жетекші орын алатын әлемнің бес дамыған елдерінің қатарына жатады. Қазақстанның сыртқы саудадағы үлесі 3,2 пайызын құрайды(2000). Металургияда, құрылыс саласында, жол, білім саласы  т.б. жағынан қолдау көрсетіп отыр.

Елбасымыздың биылғы сапарында, бірқатар істер атқарып қайтты. Атап айтсақ, «Қазақ мыс», «Қазақ алтын» компаниялары Ұлыбританияның таңдаулы 100 компаниясының қатарына қосылды. Бейбітшілікті сақтау барысында тероризмге қарсы бірқатар құжаттарға қол қойылды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!