Қазақстанның дене тәрбиесінің жүйесі

Дене тәрбиесінің жүйесі. Оның негізгі: дүниетанымалдығы, теориялық-әдістемелік, ұйымдастырудың нормативті бағдарламасы. Дене тәрбиесінің жүйесінің әлеуметтік педагогикалық жалпы қағидалары.

Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз-әлеуметтік экономикалық заңдылық пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мәселен үйлестіріп отырған әрі басшылық ететін ұыймдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жұйесінің басты мақсаты күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделді.

  1. Білім беру міндеттері-қимылдық ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
  2. Сауықтыру міндеттері-дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту.
  3. Тәрбиелік міндеттер-адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастырға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.

Қазақ елінің өз тәуелсіздік бағытындағы даму жағдайында дене тәрбиесінің жүйесін жан жақты жетілдірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жатқан қоғамның құрамды бөлігі бола отырып, дене тәрбиесінің жүйесі жалпы халықтық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін кемденіп отыр.Дене тәрбиесінің жүйесі әртүрлі әлеуметтік топтардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеретін өзара байланысты жекеленгендене тәрбиесі жүйесін құрып тұрады. Балабақша, орта мектеп жасындағы балалар, арнайы орта оқу орнындағы, әскери қызметтегі жоғары оқу орындарындағы жастар осы жүйдегі әлеуметтік ұйым болып табылады.

Жоғарыда аталып өткен жүйенің негізгі түсініктеріне тоқталатын болсақ, оларға біздер осы еңбектің соңғы тарауларында кеңінен талдау жасап өкенбіз. Дегенмен, «дене тәрбиесі», «спорт», «дене шынықтыру», т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын білу, ең әуелі, оның ғылыми теориялық анықтамасын білуді талап етеді.

Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері.

Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заңдылық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.

Дене тәрбиесі негізі 2-бөлімнен тұрады: бірінші спорт, бұл жеке бастың белгілі бір жаттығумен тұрақты түрде шұғылданып, оны кәсіпке айналдыруы.

Екіншісі-денешынықтыру. Бұл –жеке  бастың өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал «Дене тәрбиесі», «Дене шынықтыру»деген түсініктен туындайтынын анық, негізгі бөлімдерінң бірі болып есептелінеді. «дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.

«Дене шынықтыру мәдениеті» жекеден жалпыға қарай ұласатын «мәдениет» түсінікке жатады. Басқа сөзбен айтқанда, дене шынықтыру халық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру адам өзінің денесін дамытып өзгерту жолындаған қызметтің нәтижесі және оны осы жолдағы процесс деп ұғынған жәнеөн деп есептейміз.

Дене шынықтыру құрамдас басты бөлігі-спорт. «Спорт» ұғымының екінші бір жағына тоқталатын болсақ, ол адамдардың дене қызметі үшін қоғамымыздағы қалыптасқан материалдық және рухани байлықтарды өз игілігіне тарату деп есептелген жәнеөн. Сонымен қатар, жарыс арқылы жоғары мүмкіншілігін көрсету үшін арнайы шапшаң қарқын мен морфофункциональдық және психологиялық даярлықты айқындау.

Спорттық басқа да (функциялары) қызметтерді жеткілікті. Біріншіден-спорт өз алдында адамның тәрбиелік жағына дұрыс ықпалын тигізумен қатар, қоғам өмірінде дайындаушылық міндеттерді шеше отырып, қызмет етеді. Екіншіден, Спорт-өндірістік қызметке жатпайды, және материалдық игіліктерді тікелей өндіруге байланысты болмайды.

Спортқа тән барлық белгілер тұтастай балалар спортын да сақталады. Оны баланың, сабақтан тыс кездегі қызметініңалуан түрлі болып келуі арқылы анықтауға болады. «Балалар спорты» дегеніміз-арнайы дайындық негізінде, алдын-ала үйренген қозғалыс, қимыл мүмкіндіктерін толығынан пайдалану арқылы өз қатарлары арасында өткізілетін жарыстарда өнер көрсету.

«Жасөсперімдер спорты» деген түсінікке жолдау беретін болсақ, оның шекарасы тек бір жас тобымен, яғни жасөспірімдер тобыменен анықталады. Бұл түсінік шартты түрде алынып омыр, оның себебі спортқа қыз балалардың қатысуна байланысты.

«Мектептегі спорт» деген түсінік, қатысушылардың жастарына қарағанда «балалар спортынна» сәйкес. Бұл екі түсініктің айырмашылығы, «балалар спортын» мектептерде және мектептен тыс мекемелер ұйымдастырса, «мектеп спортын» тек мектеп қана ұйымдастырады.

Жоғарыда айтылған спорт белгілері белгеле бір мөлшерде спорттық ойындарда, гимнастикада,саяхатта ада болуы мүмкін. Мысал, маманданушылық кейбір ойындарға яғни спорттық гимнастикаға ене отырып, оларды спорттық жеке түріне айналдырады. Сонымен бірге спортта ойынның жеке белгілері бар және онда ойын әдісі кеңінен қолданылады. Сол себепті, спорт ойын қызметі деп қаралуға тиісті.

Әлеуметтік-экономикалық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамдық басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерінен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың обьективті негізі-дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі-адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.

Құқықтық негіздер. Еліміздегі дене тәрбиесі жүйесі өз жұмысын бағыттайтын құқықтық күші бар, көптеген нормативтик актілерге сүйенеді. Бұл құжаттардың әртүрлі заң күші бар (қаулылар, заңдар, жарлықтарр, нұсқаулар). Олардың ішінде ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген.

Жалпы дене тәрбиесі жүйесі ғылыми түрде баяндалады.

Дене тәрбиесі жүйесін қоғамдық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік-биологиялық ілімдер, гигиена, физиология, спорттық медицина т.б. зерттейді. Осылардың ішінде негізгі орынды дене тәрбиесі ілімі мен әдістеме приводәні алады.-Қазақстандағы

-Дене тәрбиесі жүйесіндегі президенттік сынамалардың маңызы өте зор.

«қазақстан Республикасындағы Халықтың дене тәрбиесі даярлағының жалпы деңгейін анықтайтын әр түрлі сынақ-жаттығулар жиынтығы.

Әдістемелік негіздер дене тәрбиесінің заңдылықтарын және оқыту мен тәрбиелеу қағидаларын жүзеге асыру жәнеөніндегі тиісті ұсыныстарды, сонымен қатар, тұрған халықтың әрбір әлеуметтік тобымен жаттығудың әдістері мен нысандарын ұйымдастыруды, құрал жабдықтарды пайдалану жәнеөніндегі ұсыныстарды қамтиды. Әдістемелік негіздерде дене тәрбиесі жүйесінде тән ғылым көріністерді байқауға болады. Бұл орайда бастапқы теориялық ережелер және оны іс жүзіне асыру ғылыми негіздеріне (философия, социология, педагогика, психология, биология,т.б.) арнаулы теориялық және спорттық-педагогикалық ғылымға сүйене отырып жасалады.

Бағдармаламалық-нормалық негіздер тұрған халықтың дене дамумен бірге білім деңгейіне қойылатын үш сатылы өзара байланысты талаптар жүйесінде көрсетіледі. Дене тәрбиесінің бірінғай мемлекеттік бағдарламасы балабақшалар мен яслилерде, жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында өткізілетін дене тәрбиесінің ең төменгі міндеттін көлемін анықтап, белгілейді. Бұл бағдарламаларында оқу орнының түрін, шұғылданушылардың жасын, жыныстық айырмашылықтарын есептей отырып, дене дамуымен бірге білім көрсеткішне қойылатын талаптар мен дене тәрбиесінің негізгі құралдары көрсетіледі.

Дене тәрбиесі мен спорт саласына Қатысты негіздердің бір мысалын келтірсек Қазақстан республикасы Үкімі 1996жылғы 24маусымдағы №774 қаулысын атауға болады. Осы қаулының 1-бабында еліміздегі халықтардың дене тәрбиесіне қатысты даярлағын президенттік сынамалар арқылы анықтау ережелері бекетіліп, ол 1996жылы 1-Қыркүйектен бастап күшіне енгізілсін делінген.

Ұйымдастыру негіздері.

Дене тәрбиесі жүйесінің ұйымдық негіздері мемлееттік, өзін-өзі туындаған қоғамдық және басқару органдарының біртұтас байланыстылығынан құралады. Бұл байланыс-дене тәрбиесі жүйесінң біріңғай мақсаты және оның міндеттеріне, қағидаларына, идеологиялық, әдістемелік және бағдармалық мөлшерлік негіздеріне, сонымен қатар, дене шынықтыру ісінің дамуын жүргізетін, бағыттап және бақылап отыратын еліміздегі қоғамдық,мемлекеттік мекемелердің іс жүзіндегі біріккен іс-қимылына сүйенеді.

Дене тәрбиесі поцесінде қоғам талабына сай қозғалыс дағдыларын, арнаулы білімді табиғи күштер мен гигиэналық факторларды, алдын-ала дайындалған жаттығулар кешендерін дене қабілетін арттыру үшін пайдаланса, онда педагогикалық жүйенің бар екендігін айқындаға болады. Яғни, дене тәрбиесі педагогикалық процесс есебінде адамдардың дене дамуын басқаруға және осы саладан сауаттандыруға арналған қызмет.

Дене тәрбиесінің мақсаты әрбір адамның дене шынықтырудың өзіне тиімді түрін игеруін қамтамасыз етеді. Нәтижеде, дене тәрбиесі арқылы адам баласы дене шынықтырудың жалпы жетістігін өз жетістігіне, табысқа айналдырады (денсаулық жақсарту, дене дамуы деңгейін арттыру т.б.). Сонымен бірге, дене тәрбиесінің әсерімен жеке адам тұлғасының өзгеруі денее шынықтыру үрдісінің мазмұнына өзгеріс енгізеді. Сөйтіп дене шынықтырудың басты көрсеткіштеріне әсер етеді. Әрине, бұл үрдіс жалпы тәрбиенің өзге жақтарынан тыс, бөлек жүрмейтіндігі анық.

Дене тәрбиесінің жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық жалпы қағидалары.

Дене тәрбиесі қағидаларын, әрбір дене шынықтыру мұғалім. Қандай шараны іске асырмасын басшылққа алуы шарт. Нақты сабақ үшін сауықтыру міндеттерін араластырмаса да болады, алайда оқушыларға артық жүктеме беріп, қағиданың бірін бұзу қате. Қағиданың толыққанды іске асуына мұғалімнің іскерлігінен көрінеді. Бар қағидалардың орындалуы барлық уақытты жаттығуларға, білім беру мен тәрбиенің нақты белгілерінен, міндеттерін басшылыққа алып, дене тәрбиесі жүйесін тірек ете іске асырған жәнеөн.

Сауықтыру мақсатындағы қағида мұғалімнің дене тәрбиесін жұмысын емдік және дамыту нақтарымен толықтырылып отыруға жүктемейді.

Бұл қағиданы орындаудағы басты талаптар:

  1. Дене тәрбиесінің негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек.
  2. Дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктенріне байланысты болуы керек.
  3. Дәрігерлік –педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу –тәрбие жұмысында болуы міндетті.
  4. Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолдануы қажет.

Жеке тұлғаның жан-жақты даму қағидасы қоғамдағы адамды тәрбиелеу жүйесінің мақсатын айқындайды. Дене тәрбиесінде бұл қағидалар екі негізгі талаптық орындалуын қарастырады:

  1. Дене тәрбиесінің міндеттерін шешу ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен тығыз байланыстажүргізілуі керек.
  2. Дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін жұмыстарды жоспарлағанда дене қабілетінің келісімді, үйлесімді дамуын, ол үшін қозғалыс біліктілігі мен дағдысын және арнаулы біліммен. Қарулануын қамтамасыз ететіндей етіп жоспарлау қажет.

Еңбек және қозғалыс практикасымен байланыс қағидасы тәрбиенің барлық жүйесінің қолданбалы бағытын білдіреді. Бұл қағиданың шешімін төмендегідей талаптарды орындау арқылы жүзеге асырылады:

  1. Дене тәрбиесінің мазмұны бәрінен бұрын өмірге қажетті жүру, жүгіру, секіру, жүзу т.б. кезіндегі біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру қажет. Дене тәрбиесінің бұл талаптары оқу бағдарламаларында жүзеге асырылады.
  2. Жан –жақты дене тәрбиесі арқылы адамның дене даярлығы кең көлемде жүргізілуге тиісті, өйткені оның қабілетінің әртүрлі еңбек және әскери істерді игеруге мүмкіншілігі болатындай дәрежеде болуы қажет.
  3. Еңбек және патриоттық тәрбие беру ісінде дене жаттығулармен айналысуды кең көлемде пайдалану қажет.
  4. Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары іс-тәжірибелерге өзінен-өзі енбейді. Оны жүзеге асыруға тиісті деңгейде экономикалық,материалдық, техникалық, әлеуметтік және мәдени негіз болатындай жағдай қажет. Аталған қағидалардың іс жүзіне асырылуы осы базаларға тәуелді. Бұлай болмаған жағдайда ұран сияқты қағидалар. Утопиялық шақыруға айналуы мүмкін. Мысалы, көпшілікті қамтитын дене шынықтыруды жалпы бұқаралық сипатқа айналдырамыз деген ұран қажетті материалдың база, спорттық құрал жабдықтар болмаған жағдайларда денешынықтыру саласындағы қызметкерлерді көзбояушылыққа итермелейді. Ал мұндай жұмыстан нәтиже күтү қиын.

Оқыту қағидалары.

Мазмұны жәнеөніндегі білім болашақ мұғалімдерге өз жұмысын билеген талаптарға сәйкес жүргізуге көмектесіп, дене жаттығуларын оқыту барысында біршеме заңдылықтарға жол ашады.

Біріншіден оқушыларды оқу метериалдарын саналы және белсенді түрде қатынас жасауға бағыттайды;

Екіншіден,оқытудың қорытынды көрсеткіштерін әділ бағалауға:

Үшіншіден оқушылардың ерекшелігіне сәйкес діріс беруге ықыласын арттырады;

Төртіншіден педагогикалық оқыту барысында қайталау, жүйелік, дәйектеніс және бір өзімдік жағынанерекшеленуге жетелейді.

Бұл қағидалар жұмыс мазмұнының ерркшелігіне ұйымдастыру түрлеріне және тәсілдеріне орай жүзеге асырмайды. Педагогикалық оқыту үрдісінде қағидалар екі түрге бөлінеді.

Біріншісі –қимыл қозғалысқа үйрету, екіншісі-дененің сапалық қасиеттеріне байланысты спорттыық жатығулар қағидасын. Дене тәрбиесі жүйесінде көптеген басқа да қағидалар кездеседі. Олар оқыту заңдылықтарын тек қана педагогикалық жағынан ғана айқындайды.

Дене тәрбиесі ішінде оларды «Дене тәрбиесі қағидалары» деп атайды. Олар саналық, белсенділік, беріктік, дербестік, көрнекілік, қайталау, жүйелік және т.б.

Саналық қағидасы-дене жаттығуларына оқытуда саналық қағидасын алғаш рет сөз атау П.Ф.Лесгафтың үлесіне тиеді. Яғни ғылым бірінші болып жаттығулардыорындауды саналық қағидасымен ұштастыруды талап еткен. Оның тұжырымы бойынша, мектеп баланың бойында күштілікті дамуымен қатар, басқа да қасиеттерді білуге, оларды өмірдегі қызмет барысында пайдалана білуге тәрбиелеуі тиіс,-деп қорытындылайды.

Тас саналы меңгеру ғана жаңа білімді ескі біліммен байланыстыруға оларды топтап, реттеуге, приводәндер ішіндегі және приводән аралық байланыстарды тұтас басқарып отыруға мүмкіншілік береді. Кез келген жаттығудың баларға түсіндірілуін орындайтын жаттығуы жәнеөніндегі өздерінң ойын үлгісін жасауын және жаттығуды орындау ісіне толық саналы түрде қарауын аталап етеді. Сондықтан оқушылардың іс-әрекеттері мен дене жаттығуларын орындауы мынадай жолдармен жүргізіледі.

  1. Оқыту барысында алдын-ала кез келген қимылқозғалысты ойланып барып орындату.
  2. Кез келген жаттығу әдістеріне тәрбиелеуге жаттығу тәсілдернің бөліктеріне назарын аударту. Мысал: биіктікке секіруде (тебіну) тақтайына аяқтың дәл келуі, тебінуден кейінгі жоғары көтерілу барысында қолдың қозғалысына көңіл аудару.
  3. Бұлшық ет сезімінің әсері арқылыы ойлау қабілетін қалыптастырып іс-әрекет істеу кезінде ішкі құрлыс жүйесінің хабарын дұрыс пайдалана отырып, жіберілген қателіктерді түзету, оқушыларды өз ісіне баға беріп отыруға үйрету.

Белсенділік қағидасы- оқушылардың белсенділігі оның оқу үрдісінде деген саналығы негізгі көрсеткіші болып табылады. Яғни, екі қағиданың байланысы саналы белсенділікті құрайды. Атап айтқанда, саналылық белсенділіксіз әлсіз іс-әрекетке, белсенділік саналылықсыз мақсатсыз қозғалысқа жетелейді. Тек саналы белсенділік арқылы белгіленген мақсатқа жетуге болады. Дене тәрбиесі ілімінде (педагогика іліміндегі сияқты) белсенділік екі бағытпен қаралады: бір жағынан жаңа туылған баланың өмірге деген талпынысына ұқсас болса, екінші жағынан сол баланың оқу барысындағы қызметінің мінездемесі сияқты. Белсенділік қағидасын қолдану жалпы талаптар белсенді тұлғаны тәрбиелеуде анықталады Белсенділік қағидасын қолдану барысында бір қатар ережедерге сүйену қажет:

  1. Оқушылардың мінез құлқын көрсетілген талапқа сай үйрету қажет. Егер оқушы сылтау іздеп оқу тапсырмасын орындағысы келмесе (қарапайым жүгіру), онда достық қарым-қатынас себеп жүйесін жоғары жәнеәрежеде дамыту қажет (жаңаша орындауға үйрету). Бұл үшін ойын және жарыс әдістері, оқушының орындаған сабағын бағалауы, оқушының орындаған тапсырмасын жолдастарының бағалауы және өзін-өзі бағалау қолданылады.
  2. Қойылған талаптың жеңілдігі де оқушының белсенділігін арттырады.
  3. Белсенділікке оқушының танымы арқылы да ынталандыруға болады, яғни оқушының танымын оқытылған сабақ пен тікелей байланыстыру керек. Берілген тапсырманы дер кезінде қабылдамаса, келесі жаттығуда үйрену қиынырақ жиеді.
  4. Белсенділікті ұстату және арттыру баланың дамуына қарқынды және тұрақты назар аударып отыру керек. Бұл үшін оқытудың белсенді әдісіне көшіп, баланың танымен ынталандырып механикалық оқытуды тыю қажет.
  5. Белсенділіктің әсер етіп пайда болуын тек қана оқу дағдысына емес сол сияқты әртүрліжағдайда да қолдана білуу керек.
  6. Оқу тәрбие жұмысын мынадай үлгіде құруды қажет етеді, яғни әрбір оқушыны ұжым блуға бағыттап,белсенділігін арттыру қажет.
  7. Бала белсенділігінің керісінше оқушыға ықпал болмауы қажет. Сондықтан барлық мұғалімдердің оқушыға әсері былай орындалуы қажет: әрбір оқушы өзінің белсенділігін өз шкаласы, өз талап тілегімен арттыру қажет, яғни мұғалімнің еркіне бағынып орындалуы тиіс.