Қазақстандағы туризм дамуының хронологиясы

Б.з.б. 3 мыңж. — Ұлы Жібек жолының дамуы.

Б.з.б. 1 мыңж. Ол туралы сипаттамалардың қағазға түсірілуі.

6-14ғғ. Ұлы Жібек Жолының солтүстік түркі трассасымен саудамен ғана емес, қажылық, емдік, ағартушылық мақсаттардағы да сапарлардың болғандығына толық негіз бар.

1399жж. Ақсақ Темір бұйрығымен Қожа Ахмет Йассауи мавзолейін салғызған.

19-20ғғ. А.Е:Қайназаровтың пікірінше , Қазақстандық өлкетану тұрғысында зерттелу басталды.

1886жж. А.Н.Краснов, ал 1891-1892жж. Н.Ф.Катановтың экспедициялары ұйымдастырылды.

1904жж. Орыс географиялық қоғамының қазақ мәдениеті мен тарихының алдындағы ерекше сіңірген еңбегі — «Орыс географиялық қоғамының жазбаларының» жеке томында Ш.Уәлихановтың этнографияға қатысты негізгі еңбектерін жариялады.

19-20ғ. Басында Торғай, Ақмола және Семей облыстық зерттеген статистиктер переселен ұйымының экспедициясы жинаған өлкетануға арналған материалдар жинағы.

19ғ 2-ші жартысы- 20ғ. Басы аралығында өлкемізді отарлау барысында қазақ халқының революцияға дейінгі мәдениеті, тұрмысы, әдет-ғұрпы және наным-сенімдері жайлы маңызды ғылыми материалдар жиналды.

1895-1917жж. Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі құрылды.

1888-1917жж. Орынбор мұрағаттық комиссиясы құрылды.

20ғ. Басы – 1927 Қазақстанда алғаш рет ресми түрде ашылған ұйымдасқан туристік ұйым Верный қаласында Ресей тау қоғамының бөлімшесі болды.

1929ж алғашқы ресми тіркелген жорық Верный қаласынан Іле Алатауына, Ыстықкөлге жасалды, оған 17 мұғалім қатысты.

1930ж Ф.Л.Савиннің жетекшілігімен Алматы қалалық пошта мен телеграф қызметкерлері құрамында 16 адамы бар, Алматы-Медеу-Көкжайлаау-Үлкен Алматы көліне күрделі емес маршрутпен жүрді.

1930ж. Ұймдасқан туризмінің кең таралуы. Сол жылы баспасөзде Г.Белоглазов, В.Горбунов, И.Мысловскийдің Кіші Алматы шыңын бағындырғаны туралы хабар шықты.

1931ж қаңтарында В.М.Зимин Алматы-Ұзынағаш-Қордай асуымен бірінші шаңғы маршрутын іске асырды. Туристерді ұлттық кавалерия полкінің 8 сарбазы «Еңбек пен қорғаныстың эстафетасы» деген ұранмен жүріп, эстафетаны Қордай асуында бауырлас Қырғызстан командасына табыс етті.

1931ж. Алматыдағы Жетісу губерниялық мұражайында тұңғыш рет 10 адамнан тұратын туризм мен экскурсия қоғамының тобы ұйымдасты.

1932ж. «Қазақстанның туристік маршрутының жолсерігі » басылып шықты.

1936ж. Горельник шатқалында Алматыдан оңтүстікке қарай 22 шақырым жерде 50 орындық «Горельник» туристік базасы салынды.

1938ж. Алғаш рет туристердің слеті Көкжайлауда өтіп, оған 200-дей адам жиналды.

1943ж. бастап Горельник турбазасының үйлеріне Кеңес әскерінің таулы жерде атқыштардың инструкторларын дайындайтын бүкілодақтық мектебі орналасты.

1952ж. Бүкілодақтық кәсіаподақ Қазақстанда туристік-экскурсиялық басқарма ашты.

1955ж. Есік көлінің жағасында «Есік» турбазасының құрылысы басталды.

1964ж. Туризм және экскурсия бойынша Қазақ республикалық кеңес және Алматы, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Орал, Шымкент облыстарында облыстық кеңестер мен экскурсиялық бюролар ашылды.

1968ж.18наурызда Алматы облысында балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы ресми түрде ашылды.

1981ж. Есік қаласында туризм техникас бойынша оқушылардың 6-шы республикалық жарысы өтті.

1985ж. мамырда Алматы жас туристер станциясы Кеңес халқының Ұлы отан соғысындағы жеңісінің 40-жылдығына арнап, алғашқы жалпы альпиниада өткізді.

1991ж.12 желтоқсанда ҚР оқу министрінің орынбасары Б.Сапарбаев жаңа «Ережені» бекітті.

1995ж. 2 тамыз ҚР Оқу министрлігінің оқушыларының «Халықаралық туризм орталығы» аталды.

1997ж. оқушылардың туризм орталығы жабылды.

2000ж. балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия бойынша Алматы облысының орталығы Қазақстан альпинизм ардагерлерінің кеңесімен тығыз байланысты жұмыс істеді.

2.Туризмнің 1997-2003жж. жағдайы мен даму проблемалары

Туризм дүниежүзілік экономикада басты рөлді атқарушы салалардың бірі. ДТҰ-ның ақпараты бойынша туризм дүниежүзіндегі әрбір 10-шы ұлттық өнімді, халықаралық инвестициялардың 11%-дан астамын, әлемдік өндірісте әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтиды.

     Қазіргі таңдағы туризм индустриясы ірі табыс әкелуші және динамикалық дамушы халықаралық сауда сегменттерінің бірі. 1999ж. халықаралық туризм әлемдік экспорт табысының 8%-ын және қызмет көрсету секторы экспортының 37%-ын қамтыды. Туризмнен түсетін табыс мұнай, мұнай өнімдері, атомобильден түсетін табыстан 3-ші орынды иеленеді.Мұндай даму тенденция келесі мыңжылдықтың басына дейін сақталады деген болжам бар. Туризмнің дамуы жаңа территориялардың пайда болуына байланысты болу керек. Осыған орай Қазақстан әлемдік туристік нарықта өз орнын иеленуге мүмкіншілігі бар.

Қазіргі туризм қалыптасуы жыл сайынғы төлемді демалыстардың салдарынан туындады. Ол өз кезегінде адамның демалуға және бос уақытын өткізуге деген құқығының негізі болды. Сонымен қатар жеке тұлғаның қалыптасуының, халықтар арасындағы түсінушіліктің пайда болуының факторы болып табылады. ДТҰ-ның зерттеу анализіне сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени, экономикалық өміріне әсер етуші сала.

Мамандардың есептеуі бойынша бір шетелдік турист әлемдік нарыққа 9т көмір, 15т мұнай, 2т жоғары сортты бидай шығарғандағы табысты береді.Өнімді сатқанда елдің энерготасымалы төмендесе, ал туристік индустрия қалпына келуші ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің санағы бойынша 100мың турист қалада 2сағ уақытын өткізе отырып 350мың доллар шығындайды немесе 1 адам 17,5 долларды 1 сағ ішінде шығындайды. Осыған орай өнімді сатудан гөрі туризмді дамыту — ұзақ әрі экономикалық жағынан тиімді перспектива.

Туризм мемлекет экономикасына 3 оң әсерін тигізеді:

  1. Елімізге шетелдік валюта ағымын қамтамасыз етеді және төлемдік баланс пен жиынтық экспорт секілді экономикалық көрсеткіштерге оң әсерін тигізеді.
  2. Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. ДТҰ мен Дұниежүзілік туристік және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туристік индустриясында 1 жұмыс орнының ашылуы, басқа салада жаңа 5-9 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Туризм экономиканың 32 саласының дамуына тікелей немесе жанама әсерін тигізеді.
  3. Елдің инфраструктурасының дамуына септігін тигізеді.

Елдің бүтін аудандарындағы экономикасының дамуына туризм белсенді түрде әсерін тигізеді. Туризм облысындағы шаруашылық субъектілерінің пайда болуы мен қызмет атқаруы жол транспортының дамуымен, сауда, коммуналды-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызметпен байланысты. Осылайша туризм басқа экономикалық салаларға қарағанда күшті әсерін тигізеді.

Туризмнің тез және тұрақты дамуын есепке ала отырып, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторы мен қоғамның әлеуетіне күшті әсерін Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризм саласын приоритетті деп анықтады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік іс-әрекетті реттеу мен тарихи-мәдени құндылықтардың қайта қалпына келуіне негіз болды. Бүгінгі таңда мемлекетіміздегі туризмнің дамуы ҚР-ң 1992ж 3-шілдесінде қабылданған «Туризм туралы» Заңының негізінде, ҚР Президентінің 1997ж 30-сәуір «Түркі тілдес мемлекеттердің Ташкент декларациясын іске асыру, ЮНЕСКО мен ДТҰ-ң ҚР-ғы Ұлы Жібек жолының туризм инфрақұрылымын дамыту» жарғысы мен 1998ж 27-ақпан қабылданған «Ұлы Жібек жолының тарихы орталықтарын қайта қалпына келтіру, түркі тілдес мемлекеттердің құндылықтарын дамыту мен сақтау, туризм инфрақұрылымын құру» ҚР-ң мемлекеттік бағдарламаларының қабылдануы Қазақстандағы туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді.

1993ж Қазақстан Республикасы ДТҰ құрамына кірді. Соның барысында шетелдік инвесторлар Қазақстанды бай туристік потенциалы бар әлеуетті серіктес ретінде қабылдады.

ҚР-ң Статистикалық Агенттігінің деректеріне сүйенсек елімізд 1999ж 425 туристік ұйым жұмыс істеді. Оның 6-ы мемлекеттік, 405 жеке меншіктегі кәсіпорын және 14 шетелдік туристік агенттіктер. Қазақстандағы туристік кәсіпорындар әлемнің 80 елімен келісімшартпен жұмыс істеді, 4 Алматылық, 13 облыстық турфирмалар әлемнің 8 мемлекетіне чартерлік авиарейстерге шықты.

Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Астана қалаларының туристік мекемелері аса дамыған. Олар жыл сайынғы келуші туристердің 88%-ына қызмет көрсетеді.

1999ж. 2410,5 млн. теңгеге, соның ішінде мемлекеттік туристік ұйымдар 57,3млн, жеке меншіктегі 2298,5млн теңге, ал шетелдік фимралар 54,7 млн теңгеге қызмет көрсетілді.

1998ж. Туризм іс-әрекетінен мемлекет қорына түскен салық мөлшері 0,1% құрады.1999ж. жалпы 228,3мың туристке қызмет көрсетілген болатын. Қазақстандық туристік фирмалар қызметін 55,9 мың шетелдік азамат қолданды.

1999ж. Шығу туризмі 45%, ішкі туризм 30%, кіру туризмі 24% және экскурсиялық қызмет көрсету 1 %-ды құрады.

Қазақстан азаматтарының көбіне баратын мемлекеттері:  Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Турция, БАӘ.

Біздің республикамызға көбіне келуші азаматтар: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Пакістан, Польша, Турция.

Еліміздегі турфирмалардың басым бөлігі Шығу туризмімен айналысқандықтан, мемлекет қаражаты шетелдерге кетіп жатыр. Мысалы, 1999ж өзінде 57,1млн АҚШ доллары Республика аумағынан тыс шығарылды. Еліміздің азаматтарының шетелден тауар алу және оны сауда нарығында іске асыру, шоп туризммен айналысуы басым болды. Бұл өз кезегінде экономикалық дағдарыс кезінде туристік қызметтерге сұраныс көбейді, сәйкесінше турфирмалардың көбеюіне де алып келді. Бірақ соған сәйкес тәжірибе мен мамандардың біліктілігінің жоқтығы тек делдалдық туристік іс-әрекетке әкелді. Ал шоп туризм мемлекет қорына теріс әсерін тигізді. Шоп туризмнің дамуы туритсік қызмет көрсету деңгейінің өсуіне еш әсерін тигізбеді.

Әр ел өзіне туристер ағымын қаратуды мақсаттайды. Қазақстанның туристік мекемелері кіру туризмінің деңгейін жоғарылатуы қажет. Ол транспорт жағдайының, орналастыру орындарының, кадрлармен қамтудың жағдайын жақсарту керек.

Қазіргі таңда Қазақстанның әуе жолдары Германия, Индия, БАӘ, Турция, Италия, Корей Республикас, Венгрия, Израиль, Қытай, Тайланд және т.б. елдерге ұшады. Әуе тасымалдарын ішкі және халықаралық нарықта қызмет көрсететін ұлттық Air Kazakhstan  және басқа да әуе компаниялары ұсынады. Туристердің көпшілігі қауіпсіздік пен жоғары сапалы қызмет көрсететін шетел әуе компанияларының қызметін қалайды. Өз кезегінде бұл отандық әуе компанияларының қызметін тежейді. Сонымен қатар қазақстандық әуе компанияларының билеттері қымбат болғандықтан отандық турлардың бағасы да сәйкесінше қымбаттайды. Сонымен қоса авиабилеттер бағасының жоғары болуы турөнімнің бағасын көтереді, ал ол халықаралық нарықта бәсекелестігін төмендетеді.Автомобиль транспорты дамыған мемлекеттерге экскурсиялық маршруттарда шоп туризм ұйымдастыруда қолданады. Бірақ оның дамуы жол тораптарының жағдайына және туристік транспорттық құралдарының техникалық қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Республикамыздың автобус паркі құлдырау үстінде болатын, қазіргі заманға сай комфортабелді автобустардың жоқтығы туристерге жоғарғы деңгейде қызмет көрсете алмайтын еді.

Негізгі республикалық темір жол арқылы тасымалдау мекемесі «Қазақстан темір жолы» 14 бағытта қызмет көрсетті. Қазақстанның темір жолы арқылы Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстан мен Түркіменстанның транзиттік жолаушылар тасымалдау пойыздары өтеді.

Болашақта экологиялық жағынан таза туристік транспортты дамытуға аса назар аудару қажет.

Туристік бизнесті тежеуші факторлардың бірі -орналастыру орындарының материалдық базасының төмен деңгейде болуы жатады. Республикамыздағы қонақ үйлер, турбазалар мен кемпингтердегі орналастыру 35%-ды құрады. Соған қоса 1997 жылмен салыстырғанда қонақ үйлер саны 40%-ға төмендеді. Соңғы 5 жылда 605 қонақ үй жабылды, 1999ж. Республикада 205 қонақ үй жұмыс жасады, номерлік қор 15%-ға толды. Шетел қонақтарына сапасыз туристік өнім берудегі ахуал қонақ үйлердің тиесілі класстарының болмауынан болды. Яғни, қонақ үйлік база 80%-ға ескірген еді. Жүргізілген зерттеулер бойынша 2-3 жұлдызды қонақ үйлер рентабелді болып табылады. Осы жағдайды өзгерту үшін мемлекет кіру және ішкі туризмнің дамуына оңтайлы жағдайлар жасауда. Осы бағыттарда жұмыс істеуші туроператорлар салықтан босатылған.

Ішкі туризммен айналысушы көптеген азаматтардың басты мақсаты болып – іскерлік, немесе туған-туыстары мен туысқандары на бару болып табылады. Алайда, демалыс орындарын таңдауда қазақстандықтардың көпшілігі өз мемлекетінен тыс жерлерде демалғанды қалайды. Егер отандастарымыз өз елінде қай жерде демалуды білмесе, онда кіру туризмін қалайша дамытпақпыз? Білсе де, сервистің төмендігінен жоғары сапалы сервис көрсететін шетелдерге шығады. Десек те, туризмнің бұл саласында оң тенденциялар байқалуда. ҚР-ның Статистикалық агенттігінің ақпараты бойынша 2003ж. Ішкі туризм бөлігі ұлғайтылды. Туристік компаниялар 89,3мың турист, ал 2005ж. 150мың туристке қызмет көрсетті. Жыл сайын турөнімді пайдаланушылар 5%-ға өсіп, 2005ж. 376млн. теңгеге жетті. Жыл сайын ішкі туризм 2,3%-ға өсуде, 2005ж. ол 432млн теңгені құрды.

Қазақстанда экологиялық туризм қарқынды даму үстінде. Қорғалатын аймақтарға туристердің қызығушылығы жыл сайын артуда. Сонымен қатар велосипед, ат, су туризм түрлері динамикалық даму үстінде.

Туристік қызмет экспортынан түсетін табыстың басым бөлігі бізге келуші шетелдік туристерден түседі. Сонымен қоса елімізде болған уақыттағы оларға көрсетілген қызметтер мен отандық транспорттарға сатылған билеттерден түседі.

2003ж Қазақстандық тур фирмалар 44.9 мың адамға қызмет көрсетті. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 1,5 есекелушілердің көп болғандығын көрсетеді. ТМД елдерінен басқа елдерден Қазақстанға 42.2 мың адам келді(2002ж 28.5мың адам). Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып келуші шетелдік туристер санының көбею динамикасы сақталғанын көреміз.

Туризм дамуының проблемасын шешудің бір жолы туристік мамандарды дайындау. Қазақстанда туризм менеджерлерін дайындайтын мемлекеттік, жек меншіктік және Ресей филиалдарының 28 жоғарғы оқу орындары бар.Мұндай кадрларды дайындау 1992ж басталды, бірақ қазірге дейін мамандарды дайындау дәрежесі көңілден шықпайды.

  1. 2000 жылдан бүгінгі күнге дейінгі туримнің даму динамикасы

Статистикалық деректерге сүйенсек елімізде туристік қызме көрсету көлемі жылына орта есеппен 28%-ға көбеюде. 2004ж шілдеде Қазақстанда бәсекелестікті жоғарылату және кластерлік даму бағдарламасын іске асыру қолға алынды. J. E. Austin Associates Inc.(JAA) консалтинг фирмасының вице-президенті Мартин Вебердің айтуынша «Қазақстанда, әсіресе туризмнің,экономика саласындағы табысты сектор болу мүмкіндігі жоғары».

Өткен жылдардағы динамиканы негізге ала отырып мынадай болжам жасауымызға болады:

2001 11-қыркүйектегі АҚШ-тағы жағдай мен 2004ж Оңтүстік Азияда болған цунамиден кейін дүние жүзінде туристік ағым күрт төмендеген болатын. Ал бұл графикті негізге алар болсақ, бұл жағдайлар біздің елімізге елеулі әсерін тигізе қоймады, себебі елімізде тұрақта саяси жағдай қалыптасқан.

2003ж ҚР-да туристердің жалпы көлемі 229мың адамды құрады. Туристік фирмалардың негізгі табыс көзі Шығу туризмі болып табылады, ол 2003ж 61,2% көрсетті. 2004ж туристік фирмалардың иелеріне жүргізілген анкеталар негізінде туристердің 77%-ы шетелге шыққанды қаласа,ал 9% ел арасында саяхаттағанды қалайды, ал 3% ТМД елдеріне барғанды жөн көреді.

Статистикалық деректер бойынша Қазақстанның туристік белсенділігі көтерілген, алайда қызмет көрсету көлемінің жоғарылауының себебі – Шығу туризмі болып табылады.

Қазіргі кезде елімізде әлемнің 80 елімен жұмыс жасайтын 750 туристік компаниялар қызмет етеді. Солардың 20% ғана туристерді шақырумен, яғни Ішкі туризммен айналысады. Ал қалған компаниялар тек Шығу туризмімен айналысады. Кіру туризмі осы нарықта 15% ғана құрайды.

2003ж Қазақстанға келген туристердің 50%-дан астамы Германиядан, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден 67,5% келді. Қазақстанға келуші туристердің географиясы соңғы кездері ұлғайды. Алайда олар бізге демалу үшін емес, іскерлік мақсатпен келеді. Қазіргі таңда Қазақстан шетелдіктер үшін демалу аймағы болып көрінбейді. Оның себебі біріншіден ақпараттың аздығы, яғни еліміздің көптеген көркем жерлері туралы ақпарат берілмейді. Ал екіншіден, елімізде демалыс индустриясы жақсы дамымаған.

ҚР статистикалық агенттігінің берген деректері бойынша 2003ж Қазақстанда 714 тіркеуге алынды, оның 392-сі Алматыда. Туристік компаниялардың негізін шағын кәсіпорындар 93%, ал орта кәсіпорындар 6% құрайды. Ірі туристік ұйымдар тек 8. Оларды атап өтсек: Kazakhstan Travel International, Central Asian Corporation, «Отрар Авиа», ТОО «Турагентство Шелковый путь» т.б. Эксперттік сауалнама қорытындысы бойынша статистикалық агенттігінің берген деректері толық емес, Алматының өзінде 1000-н туристік компаниялар бар.

2004ж-ң 2 жарты жылдығында басшылардың 71 %-ы өз ұйымының экономикалық жағдайын қанағаттандырарлық деп, 20% жақсы, 9% нашар деп бағалады. Ал ол 2004ж-ң 1 жарты жылдығында мынадай көрсеткіштерге ие болған: 71%, 22%,7%.

Көптеге туристік фирмалардың басшыларының айтуынша қызмет көрсету көлемінің шектеуші факторы нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі болып табылады. Сауалнама берушілердің 27% сатып алушылар сұранысың төмендігін көрсетеді, ал 18% қызмет көрсету көлемінің өсуіне шектеу жоқ деп санайды.

Туристік фирмалардың басшыларының 68%-ы бәсекелестікті күшейтуші негізгі факторы – нарыққа жаңа туристік ұйымдардың кіруі десе, 37% туристік агенттіктердің агрессивтік жарнамаларына байланысты дейді.

Әкімшілік дереккөздердің және туристік қызметке жүргізілген статистикалық зерттеулердің деректері және 2009 жылғы қорытындылар бойынша 2008 жылмен салыстырғанда тұтастай республика бойынша келушілер саны 3,9%-ға көбейді. Туризм түрлері бойынша туристік индустрияның түрлі бағыттағы даму үрдістері байқалады: келу туризмі 8,3%-ға азайды және 4 329,8 мың адамды құрады (келушілердің жалпы санынан 29,3%-ы), 2008 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда сыртқа шыққан туристер саны 22,3%-ға артты және 6 413,9 мың адамды (43,4%) құрады. Ішкі туризмдегі келушілер саны сондай-ақ 5,3%-ға азайды және 4 028,1 мың адамды (27,3%) құрады.

Дүниежүзілiк экономикалық дағдарыс туристiк саланың дамуына да кері ықпалын тигізгенін атап өту керек. Туристiк салада көрсетілген қызметтердiң жалпы көлемi 0,4%-ға азайып, 65 761,9 млн. теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 19 281, 6 млн. теңгені құрады (13,9%-ға артты).

Есепті кезеңде туристік қызметпен айналысатын 1203 туристік фирмалар және 73 дара кәсіпкерлер 369,1 мың келушілерге қызмет көрсетті, бұл 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 25,7% кеміді.

Республикада қонақ үй шаруашылығының 1232 кәсіпорындары 2 278,6 мың адамға қызмет көрсетті және 48 249,6 млн. теңгеге қызмет көрсетті. Орналастыру объектілерінде 30 831 нөмір бар, біржолғы сыйымдылығы 67 717 төсек-орынды құрады.

Жұмыс істеп тұрған туристік фирмалардың көбі Алматы қаласына (690), Астана қаласына (87), Қарағанды (76), Павлодар (56), Шығыс-Қазақстан (48) және Алматы (43) облыстарына келеді.

  1. 2007-2011 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасы жөнінде

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында туристер ағынының тұрақты өсімі: ішкі туризм бойынша 2007 жылғы 3,4 млн. туристен 2011 жылы 4,5 млн. туристке дейін; сырттан келушілер туризмі бойынша 2007 жылғы 4,5 млн. туристен 2011 жылы 9,5 млн. туристке дейін қамтамасыз етілмек.

Ресми БАҚ-тарда жарық көрген түсініктемеге сәйкес, 2007 жылдан 2011 жылды қоса алғандағы дейінгі кезеңде сырттан келушілер туризмінен бюджетке түсетін түсім 603250 млн. теңгені құрайды. Сырттан келушілер туризмі есебінен, сонымен қатар халықтың жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2011 жылы 550,0 мың адамға дейін қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 жылғы 31 нурыздағы №222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы №822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына сәйкес әзірленді.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

-туризм инфрақұрылмын дамыту,

— туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін жасау,

— елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру,

— туристік әлеуетті арттыру,

-рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.

Мемлекеттік бағдарланы іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі туристік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамытудан, қазақстандық туристік өнімінің маркетингінен және ілгеріленуінен, экологиялық туризм — тұрақты даму факторынан, балалар мен жасөспірімдер туризмі — ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы факторларының бірінен, кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінен және туризм саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуден, туризмді ақпараттық қамтамасыз етуден, туристер қауіпсіздігін қамтамасыз етуден, туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтан және халықаралық маңызы бар туризм саласындағы «белсенді» жобаларды іске асырудан тұрады.

Мемлекеттік бағдарлама 2 кезең бойынша іске асырылатын болады. Бірінші кезең: 2007-2009 жылдар, екінші кезең: 2010-2011 жылдар.

Жақын келешекте шешімін табуы керек негізгі міндеттеріміздің бірі — туристік кластерді әрі қарай дамыту.

Қапшағай су қоймасының жағалауы мен Шортанды-Бурабай курорттық аумағында инфрақұрылымы дамытылған туристік орталықтар мен ойын-сауық нысандары тұрғызылып, Каспийде жағажай және саяхат туризмі қолға алынады. Жібек жолымен де туризм дамытылады.

Қазақстан 1993 жылдан бері Бүкіләлемдік туристік ұйымның мүшесі. Шет мемлекеттердің үкіметтері Қазақстанды бай туристік әлеуетке ие келешегі зор серіктес деп таниды және туризм саласныдағы екіжақты және көпжақты келісімдер саны жыл сайын артып келеді.

Қазақстан бірегей табиғи қорықтарға, емдік су көздеріне, археологиялық және тарихи ескерткіштерге ие екені ешкімге құпия емес. Әсіресе, экологиялық, шипажай-сауықтыру, орнитологиялық және шытырман оқиғалы жорықтар ерекше сұранысқа ие. Танымал нысандар Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде, атап айтқанда атақты Қожа-Ахмет Иасауи кесенесі бар Түркістан төңірегінде орналасқан.

Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында еліміз халықаралық туристік биржалар мен көрмелерге қатысуда. Атап айтқанда, Берлинде өткен «ITB 2007» әлемдік көрмесіндегі қазақстандық экспозицияның табысын ерекше атап өтуге болады. Біздің брэнд Азия, Австралия және Мұхит елдері арасындағы үздік атанды. Қазақстан экспозициясы Шанхайда өткен «WTF 2007» жәрмеңкесінде де бірінші орын алды.

Шетелдік сарапшылардың көпшілігінің пікірінше, Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемнің 80-нен астам елінде шетелдік серіктестері бар 1000 астам туристік ұйым жұмыс істейді. Оған қоса, Қазақстан бүгінде әлемнің барлық жетекші туристік елдерімен әуе қатынасын орнатқан. Осы жайт та өз жемісін беруде.

Бір жылдың ішінде саланы дамытуда оң динамикаға қол жеткізу мүмкін болып отыр: келушілер туризмі 5,3 пайызға, сыртқы туризм – 19,8 пайызға, ал ішкі туризм — 3,6 пайызға өсіп отыр. Шетелдік туристердің саны 4,6 миллионнан астамды құрады. Оның үстіне, отандық кәсіпорындардың табысы 14,6 пайызға өсіп, 35 миллиард теңге деңгейіне жетті. Осының нәтижесінде қонақүйлер мен туристерді жайғастыратын басқа да орындардың өсіп отырғаны қуантады. Туризм халықаралық кәсіпкерліктің маңызды саласы және мемлекет экономикасының кірісті секторы атануда.

  1. 2010-2014жж туристік индустрияның перспективті бағыттарына арналған мастер-жоспар

Қазақстанның 5 аймағынан өтетін ( Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақөбе облыстары) «Батыс Европа – Батыс Қытай» транспорттық коридоры бойында ұлттық туристік кластер дамытуына үлкен мүмкіндіктер бар. Тұтынушылардың барлық мақсаттары мен бүкіл қажетті спектрлерін қанағаттандыру үшін автомагистраль бойында аялдама пунктері, демалыс зоналары мен ТЖО болу керек. Облыстарда эксперттердің ұсынысы бойынша 4 категория бойынша объекттер құрған жөн:

  1. Стандартты келу ұзақтығы 2-3 күнге созылатын «А» категориялы туристік кешен;
  2. Стандартты келу ұзақтығы 8-12 сағатқа созылатын «В» категориялы жол бойындағы туристік кешен;
  3. Стандартты келу ұзақтығы 20-30 мин созылатын «С» категориялы қысқа мерзімдік қызмет көрсету пункті.
  4. Келу ұзақтығы 5-10мин созылатын «D» категориялы ТЖО қызметі.

Сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін автомагистраль бойында 75 жол бойындағы инфрақұрылым объектілерін салу керек.

  • 600км сайын (А) категориялы 8 объект
  • 200км сайын (В) категориялы 8 объект
  • 80 км сайын (С) категориялы 24пункт
  • 40км сайын (Д) категориялы 35 объект

Бұл кластердің құрамына келесідей қайта құралып жатқан реконструкциядан өтетін туристік индустрия объектілері кіреді:

       Аймақ Проект аты Орындалу мерзімі
Ақтөбе обл «GREENLAND» демалыс базасы 2010-2015
  Керуен-сарай Ырғыз 2010-2015
Қызылорда обл «Байқоңыр» туристік орталығы 2011-2020
  Қамбаш көліндегі туристік орталық  2011-2018
  «Қорқыт – Ата» туристік орталық 2011-2020
  «Космическая гавань»сауда-ойын-сауық кешені 2010-2013
  Киіз үй типтес қонақ үй 2010-2013
Жамбыл обл «Көксай» шаңғы базасы 2009-2012
Оңтүстік Қазақстан обл «Ежелгі Түркістан» туристік орталық 2011-2014
  «Ежелгі Отырар» туристік орталық 2011-2014
  «Қасқасу» шаңғы базасы 2009-2017
Алматы обл «Жаңа Іле» туристік орталық 2009-2020