Қазақстанның көлік және жол қатнастары

Қазақстанның темір жол қатынасы.

Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор.Өйткені темір жол арқылы республиканың халқы тек біздің елімізде ғана емес,сонымен қатар бүкіл жер бетінің барлық аймақтарына ешқандай қиындықсыз бара алады және қажетті тауарларын жеткізе алады.Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігін  қалалар мен ауылдар және  басқада жерлерге жол жүретін  жолаушылардың тең жарымы тиеді.Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөніндегі  Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында алады. Тек 1991-2003 жылдар  аралығында Қазақстан темір жолы арқылы 220-миллион тонна мұнай өнімдері 1,1 миллиард тонна көмір 60 миллион тоннадан астам қара металл барлығы – 2,5 миллиард тонна әр түрлі халық шаруашылығы жүктері тасылған.

Қазақстан темір жол көлігіне  талаптар  жыл өткен сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан – 2030 стратегиялық Бағдарламасында көрініс тапқан.Олар темір жол қатынасының негізгі бағыттарын қазіргі кезеңнін талабына сай қайта құру сондай – ақ Трансазия магистралы  бойынша жүк тасуды жетілдіру. Шет елдермен байланыс жасауда аса маңызды Достық-Ақтоған станциялары арасындағы жол қатынасын  одан әрі дамытып тасылатын жүктін көлемін жылына 10 млн.тоннаға жеткізу. Жүк тасылатын басты аймақтарда  қазіргі кезеңнін талабына сай жүк  сақтайтын терминалдарды ұйымдастыру барлық көлік және комуникациялық  орындардың құрылымдарымен қайтадан қарап жетілдіру.

Бұл маңызды мәселелерді шешуде Қазақстан темір жол құрылымын одан ары жетілдіру ерекше орын алады. Республикада  1977 жылға дейін өз алдына  бөлек  бір-біріне бағынбайтын Тың темір жолы Алматы және Батыс Қазақстан  темір бөлімдері жұмыс істеді.Бірақ олардың іс жүзіндегі қызметі 1991 жылдан басталған нарықтық экономика талаптарына сай келмеді.

Сондықтан темір жол көлігінің жұмысын жақсарту олардың басқару құрылымдарын жетілдіру және темір жол бөлімдерін ірілендіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. 1997 жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы Тың  және Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп республиканың мемлекеттік Қазақстан темір жолы кәсіпорны құрылды.Ал 2001 жылы бұл мемлекттік кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы жабық акционерлік  қоғамына айналдырылды.

Қазақстанның территориясы үлкен болса да ол темір жолдың ұзындығы жағынан қазірде көптеген алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттерден  әлде қайда артта қалып отыр. Сондықтан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап республика өз жерінде жаңа темір жолдар салу және темір жол станциялары мен желілерді қайтадан жаңартуға  ерекше назар аударуда.

Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда Достық станциясы ерекше рөл атқарады.Өйткені ол Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда үлкен маңызыды орын алады.Бір айтатын жәйт ХХ ғасырдың 50-ші жылдары салынған Ақтоғай-Достық темір жолы көп уақытқа дейін пайдаланылмады. Бұл жол тек 1988 жылы КСРО мен ҚХР арасындағы жаңа келісімге  қол қойылғаннан кейін ғана қозғалысқа  еніп жұмыс істей бастады.

1991 жылы қыркүйекте Достық станциясы арқылы Қазақстан мен Қытай  арасында жүк тасу ал 1992 жылы маусымда  жолаушылар тасу жұзеге асырылды.1994 жылдан бастап Достық- Алашанькоу станциялары арқылы халықаралық жүк тасу жұргізіле бастады.Бұл жаңа жол бағыты жүк тасуды Еуропадан Азияға дейінгі су жролмен салыстырғанда 50 пайызға қысқартты және Қытайдың оңтүстік жағалауындағы теңіз порттарын қысқа жолмен Қазақстан Ресей Украина және Белоруссия  сауда – өнеркәсіп орталықтарымен байланыстырды.

Алдағы жылдары бұл екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан ары дамыту қарастырылған. Мәселен 2001 жылғы қаңтар айындағы екі ел арасындағы жасалған келісім бойынша жақын арада Достық- Алашанькоу станциялары арқылы жүк өткізуде 2-3есеге арттыру көзделген.

Қазақстан -2030 Бағдарламасының талаптарына са»й 1998 жылы мамыр айында алғаш рет егемен Қазақстанның  тарихында павлодар облысының Ақсу қаласы мен Шығыс Қазақстан  облысындағы Дегелен арасындағы темір жол құрылысы басталды.Жолдың жалпы ұзындығы -184 шақырым.

Егемен Қазақстан жеріндегі екінші маңызды темір жол  құрылысы-Қостанай облысындағы Алтынсарин  станциясымен Ақтөбе  облысының хромтау қаласын  байланыстыратын темір жол магистралы.

Әу баста бұл жолдың құрылысы 53 айдың шамасында салынып бітеді деп есептелінеді.Бірақ елбасы Н.Ә Назарбаевтың тікелей берген пәрменінің  негізінде жол құрылысы ереекше жоғары қарқынмен жүргізілді. Нәтижесінде 2003 жылдың қараша айында темір жол желісінің  табанын уақытта жол бойына сынақ жұмыстары толық аяқталды. Содан бергі уақытта жол бойына сынақ жұмыстары жұргізілді.13 темір жол станцияларының құрылысы аяқталып 11 көпір салынды. Темір  жол құрылысын салу барысында 229451 миллион теңге көлемде қаржы игерілді.

Қазақстанның темір жолы магистралын тиімді пайдалануда оның материалдық – техникалық базасын нығайту қазіргі кезеңнін жаңа техникасы және технологиясымен жарақтандырудың маңызы өте зор. Бұл бағытта соңғы жылдары едәуір ілгерілушілік орын алған. Темір жолды жаңа  техникамен  жарақтандыру ең әуелі локоматив шаруашылықтарын  қазіргі кезеңдегі талаптарға сай  жақсартумен сипатталады. Осыған орай  тек 2000 жылы Қазақстан темір  жол республикалық мемлекеттік  кәсіпорны бойынша 18 жөндеу 28 айналмалы локоматив депосы мен жөндеу кәсіптік кооперативтер 41 техникалық қызмет ету пункті 61 темір жолды керек – жарақтармен қамтамасыз ету пункті және 3 тепловоздарды жуып тазартатын пунктер ұйымдастырылды.

1998 жылға дейін жұмыс істеген темір жол деполардың орнына жаңа жөндеу заыттары құрылды. Олар Шу станциясында магистралдық тепловоздарды Атбасар станциясындағы  электровоздарды Алматыдағы жол техникаларының барлық түрлерін жөндеу зауыттары.

Қазірде Қазақста.н темір жолының вагон шаруашылығына 16 пайдалану вагон  депосы 12 жөндеу депосы мен4 вагон жөндеу ұжымы 90 вагондарды техникалық жағынан күту  \56 пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау пунктері және 188 пойыздарға тіркелген вагондардың бұзылуын бықылайтын бекеттер қарайды.

1992 жылдан бастап республикада жүк таситын вагондардың азайып        кетуімен байланысты олардың жалпы санын едәуір көбейтуге  айрықша назар аударылып отыр.

Қазақстан болашақта Маңғыстаудағы газ- мұнай орталықтарының бірі – Ералиев қаласы мен Түркменстанның Каспий жағалауындағы Түрікменбасы қаласы арасында Шар станциясымен Өскемен  қаласы Қызылорда мен жезқазған Сексеуіл мен Бейнеу станциялары жалғастыратын темір жолдар салуды жоспарлап отыр.

Республиканың темір жол қатынасын одан әрі дамытуда оның аса қажетті магистралдық телімдерін электр жүйесіне қосудың маңызы ерекше зор.

Темір жол торабын электр жүйесіне қосу алғаш рет 1964 жылдан басталды.

Қазақстан темір жолын электрлендіруге  үкімет республиканың үлкен энергетикалық қуаты мен ірі кәсіпорындарда  шоғырланған  Павлодар өңеріне  соның ішінде Екібастұз бен Павлодар қаласын байланыстыруға ерекше назар аударып отыр.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!