Қазақстандағы сирек кездесетін өсімдіктер

Мәртебесі: сирек кездесетін, жеке типті туыстың қалдық түрі. Угам жотасының тек үш сайында ғана (Мақбалсай, Алмалысай, Пияздысай) кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Солтүстік Ауғанстан мен Памир-Алайда (Тәжікстан) таралған. Солтүстік тасты тік беткейлерде бұталармен бірге немесе жекелеген арша ағаштарымен өседі. Өте әдемі, биік (1,5 м) көпжылдық өсімдік, піспек тәрізді жапырақтары мен шеңбері 12 см, ірі ақ және көгілдір гүлдері бар.

Жиі гүлдері жалғыз, бірақ көбіые бір сабақта 10-ға дейін болады. Бұл түрдің тамыры өте ерекше — жуан, ақ, цилиндр тәрізді, ұзындығы 60 см, шеңбері 8-10 см; көптеген жіңішке тамыршалары бар. Осы тамыршалары арқылы жаздың ыстық кезеңінде жер үсті бөлігін сумен қамтамасыз ететін ылғалды жинайды. Тамыры 20-35 см тереңдікте орналасады. Бұл өну бүршігін ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғайды. Сонымен қатар ересек дараларын басқа жерге отырғызу қиынға түседі. Қазақстан популяциясы 1000 дараға дейін жетеді. 1968 жылы тек Мақбал сайынан ғана 850 дара есептелген болатын. 30 жылдан кейін осы жерден көлемі 500 шаршы метр популяциясы сипатталып жазылған болатын, оның жоғарғы тығыздығы бір шаршы метрде 5-6 гүлдеп тұрған дара. Мұндай тартымды сәндік өсімдікті көгалдандыру жұмысында кеңінен қолдану керек. Мәдени түрде XIX ғасыр соңынан белгілі. Б.А.Федченко 1898 жылы Швейцарияда гүл өсіруші Марк Мишельден керемет көшеттерін көрді. Тұқымымен көбейеді, алғашқы көшеттері Ташкентте төртінші жылы, Алматыда бесінші-алтыншы жылдары гүлдейді. Табиғатта көшеттері 10 жылдан кейін, көбіне 16 жылдан кейІн гүлдейді. Қазақстан популяциясы Угам қорығында орналасқан. Оның жағдайына үнемі бақылау жасап, толық қорғауға алу керек.

ТАҢДАМАЛЫ ШОҚПАРБАС

(Шоқпарбастар тұқымдасы)

Мәртебесі: Қазақстанда өте сирек кездесетін түр. Тек Алтай, Жоңғар Алатауы тауларында және Қазақ шоқыларының бір жерінде (Бурабайда) кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Еуразияның орманды аймақтарында (Сахалинге дейін), Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда кең таралған, Ылғалды мүк басқан шатқалдарда, шөгінді тастар арасында, биік таулы тасты тундраларда, сирек орманды белдеудің жоғарғы бөлігінде өседі. Көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік, споралар арқылы және жоғарғы жапырақ қындарында орналасқан өскін бүршіктер арқылы көбейеді. Дәрілік өсімдік ретінде дайындалады, құрамында жансыздандыратын қасиеті бар улы селагин алкалоиды бар. Саны барлық жерде төмен, тіршілік ету жағдайының өзгеруіне байланысты азайып отыр. Мәдени өсіруте төзімсіз, тек Алтай ботаника бағында (Риддер қаласы) өсіріледі. Марқакөл және Батыс Алтай қорықтарында, сонымен қатар Бурабай ұлттық паркінде (Синюха тауы) қорғалады.

ДӘРМЕНЕ

(Күрделігүлділер тұқымдасы)

Мәртебесі: сирек кездесетін, таралу аймағы тарылып бара жатқан, құрып кету қаупі бар түр. Тек Оңтүстік Қазақстан облысында (Сырдария өзенінің оң жағалау аңғары мен Қаратау жотасының жазықгығында кездеседі. Қазақстаннан тыс Өзбекстан мен Тәжікстанда (Түркістан, Кураминнің оңтүстік сілемі және Зеравшан жотасы) таралған. Тау аралық аңғарлар мен жазықтықтардағы сортаңды сазды және бекітілген құмды топырақтарда, кейде төменгі тау белдеуіндегі тасты беткейлерде өседі. “Дәрмене дәні” деп аталатын дәрілік зат өндірісі үшін жаппай дайындау, түрдің таралу аймағы мен санының қысқаруына әсерін тигізді. Негізінде мұның ашылмаған гүл себетінде сантонин болады. Ол медицина мен мал дәрігерлік ісінде іштегі құртты айдап шығаратын дәрі ретінде кең қолданған. ХП ғасырда Италия көпестері Орта Азия мен Каспий маңы даласынан жиналған бұл шикізатты сатқан болатын. 1883 жылы Орынбор көпесі Савинков Шымкентте сантонин зауытын салған болатын, онда ол “дәрмене дәні” мен таза сантонинді өндірді. XX ғасырдың 40-жылдары “Дәрмене” арнайы совхозы құрылды. Мұнда дәрмене 30 мың гектар жерді алып жатты. Қазіргі кезде дәрмене өсірілмейді, бІрақ оның қоры мен таралу аймағы қалпына келмеді. Қалғанын сақтау үшін жалпы көлемі 24000 га Ақдала, Жамбыл, Темір және Задарьинск қорықтары (4 ботаника қорығы) ұйымдастырылды.

ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ

(Лалагүлдер тұқымдасы)

Мәртебесі: саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Солтүстік шөлден (Қызылорда қаласының маңынан) Батыс Тянь-Шань, Қаратау, Қырғыз жотасынан Шу-Іле тауларына және Іле Алатауының шығыс бөлігіне (Қордай асуына) дейін кездеседі. Қазақстан жерінен шамалы ғана шығады, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аудандарында ғана таралған. Тау етегі мен тау жазықтықтарында, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде өседі, субальпі белдеуінің төменгі шекарасына дейІн көтеріледі. Гүлінің түсінің керемет алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Талас Алатауы мен Қаратаудың жекелеген сайларында кездескен әр түрлі формаларын кейбір авторлар жеке түрлерге жатқызған. Тек тұқьш арқылы көбейеді. Табиғатта көшеті 10-12 жылдан кейін бірінші рет гүлдейді. Әсіресе елді мекен маңындағы гүлдеп тұрған өсімдіктерді жаппай жинау, осы маңдағы өсімдіктердін түгел жойылуына әкеліп соқты. Елдің бәрі біле бермейді, біздін Грейг қызғалдағының ғылымға тек 1868 жылы ғана белгілі болғанын, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сорт дипломын алды. Осы уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақгың 300-ге жуық мәдени сорты алынды. Қазіргі жүйелеу бойынша олар “Грейг қызғалдағы және оның будандары” атты ерекше класқа бөлінеді. Сондықтан Қазақстан халқының алдындағы ең жауапты міндет — тек табиғатта біздің ландшафтың әшекейін қорғап қана қоймай, табиғи сортты байытудың бағалы көзін қорғау болып табылады. Қорғалатын жерлерде (Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтары, Берікқара мен Қызыл тау қорықшалары) түр өзін жақсы сезінеді. Кейде оның тығыздығы 1 шаршы метр жерде 150 дараға дейін жетеді, оның алпысы гүлдейді. Осындай керемет көріністі қызықтау үшін Қазақстанға жыл сайын Англиядан, АҚШ-тан, Германиядан, Жапониядан және т.б. елдерден жүздеген адамдар келеді.

АҚҚАҢБАҚТҮСТІ АЛЛОХРУЗА

(Қалампырлар тұқымдасы)

Мәртебесі: саны қатты қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Батыс Тянъ-Шань мен Памир-Алай эндемигі. Біздің елімізде Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы таулар мен тау етектерінде кездеседі. Шөлді, шөлейтті және саванналы жерлерде тау етегі жазықтығынан орташа тау белдеуіне дейін өседі. Бұтақтанған, дерлік шар тарізді ұсақ ақ гүлдердің селдір жиынтығы өте әдемі. Түр тіршілігінің өте ұзақтығымен (200 жылға дейін) және салмағы 2-3 кг-ға жететін, негізгі жуан тамырымен ерекшеленеді. Құрамыңда салонин (25% шамасыңда) бар, ол кең түрде қолданылады. Азық-түлік өнеркәсібінде халуа дайындау, тоқыма өнеркәсібінде маталарды ағарту, аң терісі өнеркәсібінде өңсіздендіру жәңе теріні жарқырату үшін пайдаланады. Аллохрузаны Орта Азияда 1927 жылдан бері даярлайды. “Түркістан сабынды тамыры” деген атпен көп мөлшерде шетелге жіберідді. 1960 жылдардың басында Қазақстанда жылына 700-800 тамыр дайындалатын. Осының әсерінен азайып, кей жерлерде тіпті жойылып та кетті. Кейбір мамандардың айтуына қарағанда, соңғы 20 жылда Оңтүстік Қазақстан облысында аллохруза қоры қалпына келді және енді ішінара даярлауға болады деп есептейді. Дегенмен сабынды тамырды мәдени түрде өсіруді жаңғырту керек. 40 жыл бұрын оны Қазақстан мен Өзбекстанда өсіріп байқаған. Табиғаттан қазып алынғанға қарағанда, 4 жылдық мәдени өсіру арзан шикізат беретіні анықталды. Популяциясының біразы Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтарында қорғалады.

ТАЛАС БӘРПІСІ

(Сарғалдақгар тұқымдасы)

Мәртебесі: Қазақстанда сирек кездесетін, саны қысқарып бара жатқан түр. Тек Батыс Тянь-Шаньда (Талас және Угам жоталары, Қырғыз Алатауының батыс бөжгі) кездеседі. Өзен жағалауларында, аршалы ормандарда және шалғынды алаңқайларда, көбіне субальпі белдеуінде еседі. Үш-торт біріккен түйнек тізбегінен тұратын кішілеу тамырсабағы мен биік сабағындағы көптеген көгілдір гүлдерімен ерекшеленеді. Туыстың басқа өкілдері сияқты құрамында улы заттар — алколоидтар бар. Бірақ көпке танымал “ыстықкөл тамырына” қарағанда, олардың химиялық құрамы басқа және аконитпен уланғанда уға қарсы дәрі ретінде пайдаланады. Халық медицинасында қолданылады. Дәрілік шикізат ретінде тамырын көп жинау әсерінен саны азайып отыр. Ақсу-Жабағылы корығында қорғалады.

ҚАРШЫЛ ШҮЙГІНШӨП

(Шүйгіншөптер тұқымдасы)

Мәртебесі: түр түсініксіз (популяциясының саны мен жағдайы толық зерттелмеген). Қазақстан Қызыл кітабының екінші басылымына енгізу ұсынылған болатын. Анда-санда, бірақ Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда, Қаратау, Шу-Тле тауларында және Бетпақдала шөлінің оңтүстігінде кең таралған. Қазақстан жерінен тыс Тянь-Шань тауынан басқа, Памир-Алай тауларында кездеседі. Ерте гүлдейтін сәндік түр, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде жазықтықтан субальпі белдеуіне дейін өседі. Екі ұршық тәрізді қосалқы түйнекшелері бар жұмыртқа пішінді түйнегімен ерекшеленеді. Түйнегінің химиялық құрамы жағынан дәріханалық шүйгіншөл түйнегіне жақын және дәрілік шикізат ретінде пайдалануға болады. Оның ащы дәмі мен езіне тән иісі болады, олар құрғақ шикізатта өте ұзақ сақталады. Кейбір шүйгіншөп түрлерінде иісі 100 жыл гербарийде сақталғаннан кейін де болады. Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтарында қорғалады.

БАТПАҚ ЖЫЛАНТАМЫРЫ

(Сүйсіндер тұқымдасы)

Мәртебесі: сирек кездесетін, саны қысқарып бара жатқан түр. Қазақстанның солтүстігінде және шығыс пен оңтүстік тауларында — Алтайдан Батыс Тянь-Шаньға дейін кездеседі. Республика жерінен тыс Азия мен Еуропада кең таралған. Ылғал балшықты шалғыңдарда, қияқөлеңді саз балшықтарда, бұталар арасында және жағалаудағы жапырақты ормандарда өседі. Ұзын жатаған тамыр сабағымен және кәдімгідей биік сабағымен (70 см-ге дейін), көптеген сопақша жапырақтарымен ерекшеленеді. Ернінің қабыршақ тәрізді бөлігінен бөлінетін шырын, тозандандырғыш насекомдарға есірткілік әсер етеді. Оның ұйықтатын әсерінен (сондықтан “ұйықтатқыш” деп атайды) жабайы бал аралары мен аралар ұша алмай, тек гүлден гүдге жорғалап қозғалады. Осылай жаппай тозандандыруға жетеді, яғни 80% жеміс береді. Тұқымы жеңіл, ұсақ (әр жемісте 4500-ге дейін). Туыстың ең сонді өкілдерінің бірі, өте ертеден мәдени өсіріледі (III ғасырдан бері). Табиғаттағы саны батпақты жерлердің құрғауынан, өзеңдердің су тәртібінің бұзылуынан, малдың таптауынан және отаудан қысқарып отыр. Шағын популяциялары Ақсу-Жабағылы қорығы мен “Бурабай” ұлттық паркінде қорғалады.

КӘДІМГІ ЕМЕН

(Шамшаттар тұқымдасы)

Мәртебесі: Қазақстанда сирек кездесетін түр. Республиканың тек солтүстік-батысында Жайық пен Елек өзендері аңғарында кездеседі. Бұл еуропалық орман түрінің таралу аймағының шығыс шекарасы болып табылады. Өзен жайылмалары, жыралары мен сайларында шағын тоғайлар болып өседі. Емен ормандарының көлемі мен еменнің таралу аймағы Қазақстанда соңғы жүз жылдықта адамның шаруашылық әрекеттерінің әсерінен кәдімгідей қысқарып отыр. Қазіргі кезде Орал облысының солтүстігінде тек төрт жерден ғана, яғни Кирсаново, Беленькое, Аманкелді және Жайық маңы елді мекендерінен белгілі. Мәдени түрде, әсіресе Алматы қаласы мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда кең таралған. Тұқымы арқылы көбейеді, өздігінен тұқым шашып та өседі. Кирсанов ботаника қорықшасында қорғалады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!