Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар

Географиялық орны. Шығыс Еуропа жазығы – Жер шарындағы аса ірі жазықтардың бірі. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығыс бөлігі енеді. Жазықтың Қазақстандық бөлігі Мұғалжар және Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі. Республика аумағындағы Жалпы Сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды (Жем) үстірті осы аймақтың құрамына енеді.

Геологиялық құрылысы мен жер бедері. Бұл аймақ геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы жөнінен ежелгі Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік-шығыс бөлігі болып табылады. Платформа фундаменті архей мен протерозойда қалыптасып, кристалды қатты жыныстарынан қалыптасқан.    Оның бетін кейінгі эралардың (палеозой, мезозой, кайнозой) шөгінді жыныстары жапқан. Шығыс Еуропа платформасының Қазақстандық бөлігі ұзақ уақыт су астында жатып, біртіндеп көтерілу нәтижесінде қазіргі қалпына келген. Каспий маңындағы бөлігі майысуға көп ұшыраған. Сондықтан мұнда әр түрлі жастағы шөгінді жыныстардың өте қалың қабаты таралған. Ұзақ геологиялық даму кезеңінде әрбір табиғи ауданның өзіне тән жер бедері, топырағы және өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Жем үстірті жоғарғы бор дәуірінде, Жалпы Сырт палеогендік теңіздің тартылуынан кейін шегінуінен, ал Каспий маңы ойпаты антропогенде, соңғы мұз басу кезеңінен кейін ғана қазіргі жер бедері қалыптасқан. Бұл аймақтың географиялық орнының, жер бедерінің ерекшеліктері, ауа массаларының алмасуы жағдайының ұқсастықтары жалпы солтүстіктен оңтүстікке қарай ылғалдың азая беруі құрғақ континентті климаттың қалыптасуына себепші болған.

Жалпы Сырт – оңтүстік Орал мен Еділ өзенінің аралығында орналасқан  кең жазық қыраты. Қыраттың жер бедерін жайық өзеніне оң жақтан келіп құятын Деркөл, Шаған, Ертек, Ростошь және т.б. өзендердің арналарымен тілімделген. Қыраттың қазақстандық бөлігі негізінен бірімен бірі жалғасып жатқан жалдардан тұрады. Ол солтүстіктен (100-150 м) оңтүстікке қарай (60-70 м) еңіс тартып, аласара береді.

Жем орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Оның солтүстік шығыс бөлігі 400-450 м-ге дейін көтерілген. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлтырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады. Үстірт оңтүстік батысқа қарай аласарады.

Каспий маңы ойпаты Жалпы Сырт қыраты, Орал алды үстірті мен Каспий теңізінің аралығында орналасқан. Ойпаттың солтүстігі жағы теңіз деңгейінен жоғары. Ойпат – жекелеген жоңдармен өзен бойларында қақ, сорлар, құнды аудандары бар кең жазық дала. Ол палеогеннің аяғында басталған Каспий трансгрессияларының құм аралас сазды шөгінділерінен түзілген. Ойпаттың оңтүстік беті теңіз деңгейінен төмен жатқан жазық. Бірақ мұнда тұз күмбездері ұшырасады, солтүстік бөлігіне қарағанда тұзды сорлар, қақтар көбірек. Ойпат арқылы жайық өзені мен оған құятын шағын салалар ағып өтеді. Олардың біразы жазда тартылып, бөлек-бөлек көлшіктер мен қара суларға айналады. Сонымен бірге ойпатта Шалқар, Балықты, Аралсор, Бесоба сияқты көлдер де бар.

Пайдалы қазбалары. Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы — мұнай мен газ. Олар жер қабаттарындағы тұзды күмбездердің көтерілуіне байланысты пайда болған жарықшақтарға жиналған. Пермь, триас, юра, бор және полеоген қабаттарында сақталған. Қазір бұл ауданда теңіз, қарашығанақ, жаңа жол сияқты мұнай мен газ кен орындары жұмыс істейді. Пайдалы қазбалардан ас тұзы, бор, құрылыс материалдары өндіріледі.

Климаты. Шығыс Еуропа жазығының климаты, жоғарыда айтылғандай, құрғақ, континентті. Оған бұл ауданның мұхиттар мен теңіздерден алыс жатуы себеп болады. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде —15 градус, оңтүстігінде —8 градус. Сібір мен Арктикадан суық ауа енген кезде температура -40 градусқа дейін төмендейді. Көктемде, күзде үсік жүріп тұрады.     Жазы ыстық, қапырық, шілденің орташа температурасы +22 – +24 градус. Аңызақ желдер жиі соғады. Жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстікте 350 мм, оңтүстікте 140 мм.

Өзендері мен көлдері. Қазақстан аумағындағы Шығыс Еуропа жазығының ірі өзендері – Жайық, Ойыл, Жем.

Көлдердің ең үлкені – Каспий теңізі.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!